Жаратылыстану және география институты тҧңғышбаева З. Б. Цитология және гистология


Миелинді  (жұмсақ затты)   Миелинсіз



Pdf көрінісі
бет234/240
Дата08.02.2022
өлшемі6 Mb.
#122639
1   ...   230   231   232   233   234   235   236   237   ...   240
Байланысты:
Цитология және гистология оқу құралы 2017 - лаб. сабақ

Миелинді 
(жұмсақ затты)
 
Миелинсіз 
жүйке талшығы Шванн жасушаларымен қоршалған 
бірнеше (7—12) орталық цилиндрлерден тұрады. Жұмсақ затсыз 
қабықшаның құрамында миелин болмайды. Жұмсақ затсыз жүйке талшығы 
жұқа дәнекер ұлпалық базальдық мембранамен қапталған. Электрондық 
микроскоппен зерттегенде талшықтың орталық цилиндрі Шванн 
жасушасының цитоплазмасына батып тұрғандай, ал жүйке жасушаларының 
ӛсінділері Шванн жасушаларының плазмалеммасының қос қатпарына ілініп 
тұрғандай болып кӛрініс берген. Плазмалық мембранада кӛрініс берген қос 
қабатты 
мезаксон
дейді. Бұл терминді Гассер 1959 жылы ұсынған. 
Мезаксон мен глиялық жасушалар арасындағы шекара жарық 
микроскопымен кӛрінбейді. Аксон мен оны қоршаған Шванн жасушасы ӛз 
бетінше 
жеке 
құрылымдар. 
Олардың 
саңылаумен 
бӛлінген 
мембраналарының ені 10—15 нм құрайды.
 


172 
Жоғары сатыдағы омыртқалылардың Шванн жасушасы бір ядролы, 
оның цитоплазмасында жақсы жетілген түйіршікті эндоплазмалық тор
Гольджи аппараты және кӛптеген митохондриялардың болатынын 
электрондық микроскоп анықтаған. Бұл органоидтардың болуы осы 
жасушалардың белсенділігінің жоғары екенін кӛрсетеді.
 
Миелинді
жүйке талшықтары орталық және шеткі жүйке жүйесінде 
байқалады. Бұл талшықтар жүйке импульстерін ӛте тез және дәл ӛткізеді. 
Орталық цилиндрге тікелей жанасып, оны қаптап тұрады. Изоляторлық рӛл 
атқарады деп есептейді. Миелин жүйке талшығын толықтай қаптамайды, 
белгілі аралықта үзіледі. Үзілген жерін Ранвьенің үзілісі деп атайды (4 - 
суреттер). Бұл жерлер Шванн қабықшасымен қапталмайды. 
 
 
 
Жүйке талшықтарының ең соңғы терминальді бӛлігін - жүйке ұштары 
деп атайды. Олар сезгіш нейрондардағы дендриттердің тармақталған 
ұштарымен аяқталады. Функциялық ерекшелігіне қарай жүйке ұштарын
екіге бӛледі:
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   230   231   232   233   234   235   236   237   ...   240




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет