174
4 тапсырма
: Ақпаратты блоктан оқып, нейроглияның
клеткалық құрамы
мен қызметі туралы мәліметті № 4 кестеге толтырыңдар.
№ 4 кесте
Нейроглияның
тҥрлері
Клеткалардың
тҥрі
Қызметтері
Микроглия
Макроглия
Микроскоппен ӛзіндік жҧмысты орындау.
1 Препарат
. Нейрондар мен нейроглиялар. Иттің жұлыны.
Бояуы: күміспен импрегнациялау.
Жұлынның кӛлденең кесіндісінің ортасында пішіні кӛбелек тәрізді сұр
зат орналасқан, олар нейрондар денешігінен тұрады. Сұр заттың алдыңғы
жағындағы мүйізшесінен үлкен ұлғайтқыш арқылы жүйке
жасушалары
денесі мен олардың ӛсіндісін тауып, қараңдар. Ядролары ірі ашық, оның
ішіндегі ядрошықтар ортасында орналасқан. Нейрон цитоплазмадағы
нейрофибрилдерден тұратын қалың торға кӛңіл аударыңдар.
Нейрондар
арасында әртүрлі жасушалар орналасқан – нейроглиялар. Жұлынның шеткі
жақтарында ақ заттар орналасқан. Ол жүйке жасушасының ӛсінділерінен
тұрады. Талшықтар ортасында – аксон қара нүкте тәрізді кӛрінеді.
Аксонның айналасындағы қабықшасы гиалинді жасушалардан тұрады.
Препараттан сұр және ақ заттардың фрагментін салыңдар және белгілеңдер.
2 Препарат
. Тигроидты субстанция (Нисля).
Бояу: толуидинді кӛк.
Жүйке жасушасының бұл арнайы құрылымдары негізгі бояумен
бояғанда базофильді түйіршіктер түрінде кӛрініс береді Сондықтан, боялған
жүйке жасушалары шұбар түстес болады. Онда кӛптеген рибосомалардың
эндоплазмалық торда орналасқаны кӛрінеді. Ол участкіде белоктың синтезі
қарқынды жүріп жатады. Түйіршіктердің
морфологиясы нейрондардың
функционалдық жағдайына байланысты. Цитоплазмадағы тигройдты
субстанциясы бар бірнеше нейрондарды қарап, суретін салу қажет.
3.Препарат
. Бақа құймышағындағы майлы жүйке
талшығы
(миелинді).
Бояуы: күміспен импрегнациялау.
Препараттан кіші ұлғайтқыш арқылы, содан кейін үлкен ұлғайтқышпен
миелинді талшықты ұқыпты қарау. Олар май тәрізді затпен қапталған –
миелинді қабықша. Ол қабықшаны глиальді Шван жасушалары түзіп,
175
аксонды орап тұрады. Шван жасушаларының арасында – аксонның бос
участкілері болады. Оларды Ранвье тосқауылы деп атайды. Препараттан
қарап талшықтың суретін салу қажет.
4. Препарат
. Ӛгіздің кӛк бауырындағы майсыз жүйке талшығы.
Майсыз талшықтардың (миелинсіз) майлы қабықшалары болмайды.
Бірақ, Шван жасушалары оларды қорғап тұрады.
Бұл жасушалардың
цитоплазмасына бірнеше талшықтар енгізілген сияқты кӛрініс береді.
Миелинсіз талшықтарды ұқыпты қарап, суретін салып, Шван
жасушаларының ядросын белгілеу қажет.
Достарыңызбен бөлісу: