Жаратылыстану және математика


– дәріс тақырыбы: Электромагниттік индукция



бет14/18
Дата23.08.2017
өлшемі2,38 Mb.
#25248
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

12 – дәріс

тақырыбы: Электромагниттік индукция.



Дәрістің мазмұны:

1. Электромагниттік индукция заңы.

2. Индуктивтілік, өздік индукция, Фуко токтары, скин- эффект.

Мақсаты: Электромагнетизмнің маңызды заңы: электромагниттік индукция заңымен және оның қолданылу мысалдарымен таныстыру

Тірек сөздер: электр тогы, магнит өрісі, электр өрісі, магнит ағыны, электромагниттік индукция.

Негізгі мәселелер және мазмұны:

1. Электромагниттік индукция заңы.



Фарадейдің бір тәжірибесінде магнит өрісінің айнымалы ағынының маңында электр қозғаушы күш пайда болатындығы көрсетілген . Ленц осы өрістің бағытын анықтайтын ереже көрсеткен пайда болатын: ЭҚК өзінің магнит өрісімен сыртқы магнит өрісінің өзгерісін азайтуға бағытталған (Ленц ережесі)

Ф –S беті арқылы өтетін магнит индукциясының ағыны. Бұл Фарадейдің электрмагниттік индукция заңы. Оның интегралды түрі:





L – S бетін шектейтін контур. Дифференциалды түрі:

2. Индуктивтілік, өздік индукция, Фуко токтары, скин- эффект.



Өткізгіш арқылы өтетін магнит өрісі тек қозғалыстағы зарядтарға ғана әсер етеді, ал тыныштықта тұрған зарядтарына әсер етпейді. Бірақ бұл өріс айнымалы болса, оның маңында пайда болатын электр өрісі осы зарядтарды қозғалысқа келтіреді. Өткізгіште пайда болатын осы электр өрісі құйынды электр өрісі деп аталады. Бұл өрісті зарядтар емес айнымалы магнит өрісі туғызады. Күш сызықтары өзіне-өзі тұйықталған, тұйық контурмен істеген жұмыс нольге тең емес.

Өткізгіш контурдағы токтың маңында пайда болатын магнит өрісінің ағыны -индуктивтік деп аталады. Ток айнымалы болса, магнит өрісімен өзіне-өзі әсер етеді. Бұл құбылыс өздік индукция құбылысы деп аталады. Оның әсері инерция құбылысына ұқсайды.

Магнит өрісі ағыны айнымалы болған жағдайда тұтас өткізгіште құйынды Фуко токтарын туғызады. Бұл құбылыс нәтижесінде электр энергиясы жылу энергиясына айналады, өткізгіш қызады. Өзіндік магнит өрісімен осы өткізгіш сыртқы өріспен механикалық күшпен әсерлесіп, өткізгіштің қозғалысын тежейді.

Өткізгіш арқылы жоғары жиілікті айнымалы ток өткенде, бұл токтың тығыздығы өткізгіш ортасында нөлге тең, ал сыртқы қабығында максималды болады. Бұл құбылыс скин- эффект деп аталады. Ол метал бетін шынықтыру үшін қолданылады.

Өзін - өзі тексеру сұрақтары:


  • Фарадей тәжірибелері: электр тогын магнит өрісінің туғызуы

  • Ленц ережесі

  • Магниттік ағын

  • Индукция электр қозғаушы күші

  • Электромагниттік индукцияның әртүрлері

  • Магнит ағынының өзгеру жылдамдығының маңызы

  • Құйындық токтар. Фуко токтары, қолданылуы

  • Скин –эффект

  • Өздік және өзара индукция

  • Индуктивтік

  • Магнит өрісінің энергиясы және энергия тығыздығы

  1. Электромагниттік индукция. Фарадей заңы

  2. Өздік индукция және өзара индукция

  3. Магнит өрісінің энергиясы және энергия тығыздығы

Әдебиет: Силлабусты қара.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет