Жаратылыстану және математика



бет5/6
Дата27.05.2017
өлшемі0,93 Mb.
#17053
1   2   3   4   5   6

Құрал – жабдықтар: амперметр, реостат, 2Ом кедергісі бар резистор, ток көзі, кілт, жалғағыш сымдар.

Бұл жұмысты оқушылар реостат құрылысымен және электр тізбегіндегі ток күшін реттеу үшін оның қолданылуымен алғаш рет танысады.



Реостатың белгіленуін анықтап, мұғалім оқушыларға алынған лабораториялық реостатты қарап шығуға ұсынады, оны изоляциялайтын және ток өткізетін бөліктеріне, сонымен қатар соңғы өзара қосылуларына көңіл аударады.

Реостат сымы бір-бірімен орамдарды изоляциялайтын оксид қабатымен қапталған, керамикалық түтікше тығыз оралған орамдардан тұрады.

Сонымен бірге оралған сымдарға өте жақын орналасқан реостат қозғалтқышы бұл қабатта жолды үйкелеп, осылайша сыммен мықты байланысады .
158-сурет. Электр тізбегінің сұлбасы.
Токтың мүмкін жолын байқай отырып, оқушылар ораманың басы мен реостаттың төменгі қысқышы қосылуын және стержень арқылы жоғарғы қысқыш қозғалтқышпен қкарастырады. Тақтадағы сызылған схема бойынша (158-сурет) оқушылар алдын ала реостаттың кедергісін ең үлкен мәнге жеткізіп электр тізбегін құрастырады. Тізбекті тұйықтай отырып, реостаттың қозғалтқышын жылжытқанда, амперметр көрсеткішін бақылайды. Ток күшінің реттелгенін байқап, оны дәптерлеріне түсіреді. Оқушыларға өте күшті токтан амперметрді қорғау үшін тізбекке қосылған өткізгішті резисторды қолданатынын түсіндіру қажет. Ол кедергісі бар қосымша резисторда реостаттағы толық шығарылған ток күші 2А-ден аспау керек.

5 зертханалық жұмыс. Газ заңдарын зерттеу



Жұмыстың мақсаты: Газ заңдарының (Бойль-Мариотт заңы, Гей-Люссак

заңы, Шарль заңы) дұрыстығын тексеру.



Керекті құралдар: поршені бар көлемі 150 мл пластмасса цифрленген

цилиндр (1), мөлдір ыдыс (2), 0-300 мм сын. бағ. өлшеу

шегі бар демонстрациялық манометр (3), манометр мен

ыдысты бір-бірімен жалғайтын қысқышы (6) бар түтік



(4), термометр және барометр-анероид.

Практикалық бөлім
1-жаттығу: Бойль-Мариотт заңы (изотермиялық процесс)

Жұмыстың орындалу барысы:

  1. Бойль-Мариотт заңын тексеру үшін қысқышты ашып, поршеньді 150 мл-ге орналастырыңдар.

  2. Манометрдің атмосферамен жалғастыратын қысқышын жабыңдар.

  3. Тұйық жүйедегі барометр-анероидтың және ауа көлемінің көрсеткішін жазып алыңдар.

  4. Содан соң поршеньді 10 мл сайын төмен тісіріп, приборлардың көрсеткіштерін төмендегі кестеге жазып отырыңдар.




V көлем, мл

p қысым, мм сын. бағ.

pV

150







140







130







120







110










  1. Алынған мәндер арқылы массасы өзгермеген газдың тұрақты температурадағы көлемінің қысымға көбейтіндісі тұрақты шама болатынына көз жеткізіңдер.

2-жаттығу: Гей-Люссак заңы (изобаралық процесс)

Жұмыстың орындалу барысы:

  1. Цилиндрді атмосферамен жалғап, поршеньнің қара жолағын 50 мл-ге орналастырыңдар.

  2. Ыдысқа салқын суды деңгейі қара жолақтан сәл асқанша құйыңдар.

  3. Қысқышты жауып, ыдыстағы судың температурасын термометрмен өлшеңдер.

  4. Салқын ауаның температурасының көрсеткішін және көлемін кестеге толтырыңдар.

  5. Ыдысқа аздап ыссы су құйған кезде цилиндрдегі ауаның қысымы артады және қара жолақ көтеріледі.

  6. Поршеньнің көмегімен бастапқы қысымды орнатып, термометрмен судың температурасын және көлемді анықтаңдар.

  7. Тағы да ыссы су құя отырып, өлшеулерді қайталаңдар. Көрсеткіштерді кестеге толтырыңдар.




Температура, К

T1

T2

T3

Көлем, мл

V1

V2

V3

V/T=const













  1. Координат басы ретінде жүйенің бастапқы көлемін және ондағы ауаның температурасын алып, кестедегі мәндер бойынша график тұрғызыңдар.

  2. Әрбір алынған мәндер үшін V/T=const болатынына көз жеткізіңдер.


3-жаттығу: Шарль заңы (изохоралық процесс)

Жұмыстың орындалу барысы:

  1. Бұл процесті зерттеу үшін цилиндрді атмосферамен жалғап, қара жолақты 120мл-ге қойып, сыммен бекітіңдер.

  2. Ыдысқа суды деңгейі қара жолаққа келгенше құйыңдар.

  3. Қысқышты жауып, ыдыстағы судың температурасын термометрмен анықтаңдар. Барометр анероидтың көрсеткішін жазып алыңдар.

  4. Тез салқын судың үштен екі бөлігін төгіп, ыдысқа ыссы суды құйыңдар.

  5. Аздаған уақыттан кейін температураны өлшеп, манометрдің көрсеткішін жазып алыңдар.

  6. Ыссы суды құя отырып, приборлардың көрсеткіштерін кестеге толтырыңдар.




Температура, К

Т1

Т2

Т3

Т4

Қысым, мм сын. бағ.

Р1(атмос)

Р2

Р3

Р4

p/T=const
















  1. Координат басы ретінде атмосфералық қысымды және салқын ауаның температурасын алып, кестедегі мәндер бойынша график тұрғызыңдар.

  2. Әрбір алынған мәндер үшін p/T=const болатынына көз жеткізіңдер.


Бақылау сұрақтары:

1. Идеал газ.

2. Газ заңдарын (Бойль-Мариотт заңы, Гей-Люссак заңы, Шарль заңы) түсіндіріңдер.

Әдебиеттер:

1) Фронтальный лаборатория по физике.

2) Телеснин. «Молекулярный физики»

3) Ж.Абдулаев. «Жалпы физика курсы»


6 зертханалық жұмыс. Механикалық жұмысты өлшеу

Құрал-жабдықтар: динамометр, өлшеуіш лента, үшбұрыш сызғыш, трибометр, 100г массалы екі қармақты жүктер.

Алдымен дененің орын ауыстырумен бағыттас тұрақты күштің жұмысын өлшеу керек.

  1. Осы мақсатпен трибометрдің сызғышына ағаш білеушені, ал білеушеге массалары 100г 2 жүкті орнатады.

  2. Білеушенің қармағына диномометр ілінеді және білеушені жүктермен бірге трибометр бойымен бірқалыпты орын ауыстыртады (1-сурет).

  3. Динамометр көрсетуін 0,1Н-ға дейін дәлдікпен жазып, білеушенің орын ауыстыруын үстелге қатысты 0,01м дәлдікпен өлшейді.

  4. Алынған мәндер арқылы үстелге қатысты білеушенің орын ауыстыруы бойынша тарту күшінің жұмысын есептейді:



  1. Өлшеу нәтижелері және есептеулер бойынша өлшеудің абсолют және салыстырмалы қатесін табу қажет:


Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет