Жаратылыстану курсын оқытудың мақсаты



бет1/3
Дата04.09.2023
өлшемі44,68 Kb.
#180140
  1   2   3
Байланысты:
КҮНТІЗБЕЛІК ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАР
5 класс



Түсінік хат
Оқыту қазақ тілінде жүргізілетін негізгі орта білім беру деңгейінің 5,6-сыныптарында жаратылыстану пәніне арналған ұзақ мерзімді жоспары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 13 мамырдағы №292 қаулысымен бекітілген Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты,«Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 7 шілдедегі №432 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы 2017 жылғы 18 тамыздағы №422 бұйрығы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 23 қарашадағы №668 бұйрығымен бекітілген жалпы білім беретін пәндердің үлгілік оқу бағдарламалары, «2018-2019 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хатына сай құрылған.
«Жаратылыстану» оқу пәнінің мазмұны табиғатты ғылыми тұрғыдан танудың әдістерін ашады;
Жаратылыстану курсын оқытудың мақсаты оқушылардың бойында ғылыми-жаратылыстану білімдерін, түсініктерін және саналы қоғамдастығы бар бірегей ғаламшар ретіндегі Жер туралы біртұтас көзқарастарын, табиғат пен қоғамның өзара жүйелі байланысын, жүйелі-кешенді ойлау мен функционалдық сауаттылықтарын дамытуды қалыптастыру болып табылады.
Оқытудың міндеттері: 

  • курс бастауыш мектепте алған білім, біліктілік және дағдынының сабақтастығын әрі қарай жалғастырады, сонымен қатар Отанын, туған табиғатын сүюге деген жоғары рухани ізгілікті, көптілділік және жеке тұлғаның жалпы мәдениеттілігін тәрбиелеуді жалғастырумен ұштастырылады;

  • экологиялық білімді, денсаулыққа зиянсыз іс-әрекетті, табиғат құбылыстарын жоғары деңгейде түсіндіре білу және өз іс-әрекетінің қорытындыларын алдын-ала болжауды жүзеге асыру дағдыларын қалыптастыру;

  • табиғат ресурстарын қалпына келтіру, өзгерту, зерттеу барысында қолданылатын жаратылыстану ғылымдары әдістерімен оқушыларды таныстыру жалғастырылады;

  • қоршаған ортаны танудың ғылыми жаратылыстану тәсілдерін пайдалану дағдылары (бақылау, өлшеулер, тәжірибелер, зерттеу жұмыстарының жоспарын жасау, нәтижелерді талдау және қорытындыларды тұжырымдау) дамытылады.

Бақылаулар және практикалық жұмыстар мектептің оқу-тәжірибелік үлескісінде өткізіледі. Бағдарламада берілген барлық практикалық іс-әрекеттер дамытушы және қалыптастырушы болып табылады.
«Жаратылыстану» пәні бойынша 5-сыныпта сағат саны аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағатты құрайды.

КҮНТІЗБЕЛІК ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАР


Сынып:7
Пәні: «Биология»
Барлық сағат саны:68
Аптасына сағат саны:2




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет