Жаратылыстану-математика бағыты Аптасына 4 сағат Оқу жылында 136 сағат



Дата12.10.2019
өлшемі59,23 Kb.
#49749
Байланысты:
14.КТЖ Алгебра және анализ бастамалары 10 сынып ЖМБ
14.КТЖ Алгебра және анализ бастамалары 10 сынып ЖМБ, шаңғы 223


«Алгебра және анализ бастамалары» пәні бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар

10-сынып


Жаратылыстану-математика бағыты

Аптасына 4 сағат

Оқу жылында 136 сағат

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімдері

Тақырыптар/Ұзақ мерзімді жоспар

бөлімінің мазмұны

Оқу мақсаттары

Сағат саны

1-тоқсан (32 сағ)




7-9-сыныптардағы алгебра курсын қайталау

2

10.1А Функция, оның қасиеттері және графигі

Функция және оның берілу тәсілдері. Функциялардың графиктерін түрлендіру

10.4.1.1 - функция анықтамасын және берілу тәсілдерін білу;

10.4.1.2 - функция графигіне түрлендірулер орындай алу (параллель көшіру, сығу және созу);.



3

Функцияның қасиеттері

10.2.1.3 - функция қасиеттерін анықтай алу;

10.4.1.4 - функцияның берілген графигі бойынша оның қасиеттерін:

1) функцияның анықталу облысы;

2) функцияның мәндер жиыны;

3) функцияның нөлдері;

4) функцияның периодтылығы;

5) функцияның бірсарындылық аралықтары;

6) функцияның таңбатұрақтылық аралықтары;

7) функцияның ең үлкен және ең кіші мәндері;

8) функцияның жұптылығы,тақтылығы;

9) функцияның шектелгендігі;

10) функция үзіліссіздігі;



11) функцияның экстремумдары сипаттай алу;

3

Бөлшек-сызықты функция

10.4.1.5 - , бөлшек-сызықты функциясының қасиеттерін анықтау және оның графигін салу

3

Күрделі және кері функция ұғымдары

10.4.1.6 - кері функцияның анықтамасын білу және берілген функцияға кері функцияны табу және өзара кері функциялар графиктерінің орналасу қасиетін білу;

10.4.1.7 - f(g(x)) күрделі функциясын ажырата білу және функциялар композициясын құру



3

10.1В Тригонометриялық функциялар

Тригонометриялық функциялар, олардың қасиеттері мен графиктері

10.2.3.1 - тригонометриялық функциялар анықтамаларын, қасиеттерін білу және олардың графиктерін сала білу

4

Тригонометриялық функциялардың графиктерін түрлендірулер көмегімен салу

10.2.3.2 - тригонометриялық функциялардың графиктерін түрлендірулер көмегімен сала білу


5

10.1С Кері тригонометриялық функциялар

Арксинус, арккосинус, арктангенс және арккотангенс

10.2.3.3 - арксинус, арккосинус, арктангенс, арккотангенс анықтамаларын білу және олардың мәндерін таба білу;

2

Кері тригонометриялық функциялар, олардың қасиеттері мен графиктері

10.2.3.4 - кері тригонометриялық функциялардың анықтамалары мен қасиеттерін білу;

10.2.3.5 - кері тригонометриялық функциялардың графиктерін салу;

10.2.3.6 - кері тригонометриялық функциялары бар өрнектерді түрлендірулер орындау


3

Кері тригонометриялық функциялары бар қарапайым теңдеулер

10.2.3.7 - кері тригонометриялық функциялары бар қарапайым теңдеулерді шеше алу

3

Тоқсан бойынша жиынтық бағалау

1

2-тоқсан (32 сағ)




10.2А Тригонометриялық теңдеулер

Қарапайым тригонометриялық теңдеулер

10.2.3.8 - қарапайым тригонометриялық теңдеулерді шеше алу;

10.2.3.9 - тригонометриялық теңдеулерді көбейткіштерге жіктеу арқылы шешу;



4

Тригонометриялық теңдеулер және олардың жүйелерін шешу әдістері

10.2.3.10 - квадрат теңдеуге келтірілетін тригонометриялық теңдеулерді шеше алу;

10.2.3.11 - тригонометриялық теңдеулерді тригонометриялық өрнектерді түрлендіру формулаларын қолдану арқылы шеше алу;

10.2.3.12 - біртекті тригонометриялық теңдеулерді шеше алу;

10.2.3.13 - тригонометриялық теңдеулерді тригонометриялық функциялардың дәрежесін төмендету формулалары арқылы шеше алу;

10.2.3.14 - тригонометриялық теңдеулерді қосымша аргумент енгізу әдісі арқылы шеше алу;

10.2.3.15 - тригонометриялық теңдеулерді универсал алмастыру арқылы шеше алу;

10.2.3.16 - тригонометриялық теңдеулер жүйелерін шеше алу


6

10.2В Тригонометриялық теңсіздіктер

Тригонометриялық теңсіздіктерді шешу

10.2.3.17 - қарапайым тригонометриялық теңсіздіктерді шеше алу;

10.2.3.18 - тригонометриялық теңсіздіктерді шеше алу;



6

10.1 С Ықтималдық

Комбинаторика элементтері және оларды оқиғалардың ықтималдықтарын табуда қолданылуы. Жуықтап есептеулер үшін Ньютон биномы

10.3.1.1 - қайталанбайтын және қайталанбалы «алмастырулар», «орналастырулар», «терулер» ұғымдарын ажырата білу;

10.3.1.2 - қайталанбайтын алмастырулар, орналастырулар және терулерді есептеу үшін формулаларды қолдану;

10.3.1.3 - қайталанбалы алмастырулар, орналастырулар және терулерді есептеу үшін формулаларды қолдану;

10.3.1.4 - комбинаторика формулаларын қолданып, ықтималдықтарды табуға есептер шығару;

10.3.1.5 - жуықтап есептеулер үшін Ньютон биномын (натурал көрсеткішпен) қолдану


3

Оқиға ықтималдығы және оның қасиеттері

10.3.2.1 - кездейсоқ оқиға ұғымын, кездейсоқ оқиға түрлерін білу және оларға мысалдар келтіру;

10.3.2.2 - ықтималдықтар қасиеттерін қолданып, кездейсоқ оқиғалардың ықтималдығын есептеу



3

Шартты ықтималдық. Ықтималдықтарды қосу және көбейту ережелері

10.3.2.3 - ықтималдықтарды қосу ережелерін түсіну және қолдану

* P(A + B) = P(A) + P(B)

* P(A +B) = P(A) + P(B) – P(A ∙ B);

10.3.2.4 - ықтималдықтарды көбейту ережелерін түсіну және қолдану

* P(A ∙ B) = P(A) ∙ P(B)

*P(A ∙ B) = P(A) ∙ PA(B)= P(B)PB(A);



3

Толық ықтималдық формуласы және Байес формуласы

10.3.2.5 - толық ықтималдық формуласын білу және оны есептер шығаруда қолдану;

10.3.2.6 - Байес формуласын білу және оны есептер шығаруда қолдану



2

Бернулли формуласы және оның салдарлары

10.3.2.7 - Бернулли схемасын қолдану шартын және Бернулли формуласын білу;

10.3.2.8 - Бернулли формуласы мен оның салдарларын есептер шығаруда қолдану



2

Нақты құбылыстар мен процестердің ықтималдық моделдері

10.4.2.3 - нақты құбылыстар мен процестердің ықтималдық модельдерін құру

2

Тоқсан бойынша жиынтық бағалау

1

3-тоқсан (40 сағ)




10.3А Көпмүшелер

Бірнеше айнымалысы бар көпмүшелер және олардың стандарт түрі

10.2.1.1 - бірнеше айнымалысы бар көпмүшенінің анықтамасын білу және оны стандарт түрге келтіру, стандарт түрдегі көпмүшенің дәрежесін анықтау

1

Біртекті және симметриялы көпмүшелер

10.2.1.2 - симметриялы және біртекті көпмүшелерді танып білу

1

Бір айнымалысы бар көпмүшенің жалпы түрі

10.2.1.3 - бір айнымалысы бар көпмүшелерді ажырата және оны стандарт түрге келтіре алу;

10.2.1.4 - бір айнымалысы бар көпмүшенің бас коэффициентін, дәрежесін және бос мүшесін табу



1

Көбейткіштерге жіктеу әдісі арқылы бір айнымалысы бар көпмүше түбірлерін табу

10.2.1.5 - көбейткіштерге жіктеу әдісі арқылы бір айнымалысы бар көпмүшенің түбірлерін табу;

10.2.1.6 - көпмүшелерді көбейткіштерге жіктеу үшін  формулаларын қолдану

1

Көпмүшені көпмүшеге «бұрыштап» бөлу

10.2.1.7 - көпмүшені көпмүшеге «бұрыштап» бөлуді орындау

1

Безу теоремасы, Горнер схемасы

10.2.1.8 - Безу теоремасын және оның салдарларын есеп шығаруда қолдану;

10.2.1.9 - симметриялы және біртекті көпмүшелер түбірлерін табудың түрлі тәсілдерін қолдану;

10.2.1.10 - көпмүше түбірлерін табу үшін Горнер схемасын қолдану


1

Анықталмаған коэффициенттер әдісі

10.2.1.13 - анықталмаған коэффициенттер әдісін білу және оны көпмүшені көбейткіштерге жіктеуде қолдану.

2

Бүтін коэффициетті көпмүшенің рационал түбірлері туралы теорема

10.2.1.11 - бір айнымалысы бар бүтін коэффициетті көпмүшенің рационал түбірі туралы теореманы оның түбірлерін табуда қолдану

2

Квадрат теңдеу түріне келтірілетін жоғары дәрежелі теңдеулер

10.2.2.1 - жоғары дәрежелі теңдеулерді шешуде көбейткіштерге жіктеу әдісін қолдану;

10.2.2.2 - жоғары дәрежелі теңдеулерді шешуде жаңа айнымалы енгізу әдісін қолдану



2

Үшінші дәрежелі көпмүше үшін жалпыланған Виет теоремасы

10.2.1.12 - жалпыланған Виет теоремасын білу және оны үшінші ретті көпмүшелерге қолдану


2

10.3В Функцияның шегі және үзіліссіздігі

Функцияның нүктедегі және шексіздіктегі шегі

10.4.1.8 - функцияның нүктедегі шегінің анықтамасын білу және оны есептеу;

10.4.1.9 - функцияның шексіздіктегі шегінің анықтамасын білу және оны есептеу



2

Функция графигінің асимптоталары

10.4.1.10 - функция графигіне жүргізілген асимптотаның анықтамасын білу және асимптоталардың теңдеулерін құра білу

2

Сан тізбегінің шегі

10.4.1.11 - функцияның шексіздіктегі шегінің қасиеттерін қолданып сан тізбектерінің шектерін табу;

2

Функцияның нүктедегі және жиындағы үзіліссіздігі

10.4.1.12 - функцияның нүктедегі үзіліссіздігінің және функцияның жиындағы үзіліссіздігінің анықтамаларын білу;

10.4.1.13 - үзіліссіз функциялардың қасиеттерін білу және оларды функция үзіліссіздігін дәлелдеуде қолдану;



2

Шектерді табу. Бірінші тамаша шек

10.4.1.14 - шектерді есептеуде және  түріндегі анықталмағандықтарды ашу әдістерін қолдану;

10.4.1.15 - бірінші тамаша шекті қолданып шектерді есептеу;



2

10.3С Туынды

Туындының анықтамасы

10.4.1.16 - аргумент өсімшесі мен функция өсімшесінің анықтамаларын білу;

10.4.1.17 - функция туындысының анықтамасын білу және анықтама бойынша функцияның туындысын табу;

10.4.1.18 - тұрақты функцияның және дәрежелік функцияның туындыларын табу;


2

Функция дифференциалы ұғымы

10.4.1.19 - функция дифференциалы анықтамасын және дифференциалдың геометриялық мағынасын білу;

10.4.1.20 - функция дифференциалын табу



2

Туынды табу ережелері

10.4.1.21 - дифференциалдаудың ережелерін білу және қолдану

1

Күрделі функция туындысы

10.4.1.22 - күрделі функцияның туындысын табу

2

Тригонометриялық функциялардың туындылары

10.4.1.23 - тригонометриялық функциялардың туындыларын табу;

2

Кері тригонометриялық функциялардың туындылары

10.4.1.24 - кері тригонометриялық функциялардың туындыларын табу

2

Туындының физикалық және геометриялық мағынасы

10.4.2.1 - туындының геометриялық мағынасын білу;

10.4.2.2 - туындының физикалық мағынасын білу;

10.4.3.1 - туындының физикалық мағынасына сүйене отырып, қолданбалы есептер шығару;

10.4.3.2 - туындының геометриялық мағынасын қолданып есептер шығару



2

Функция графигіне жүргізілген жанаманың теңдеуі

10.4.1.25 - берілген нүктеде функция графигіне жүргізілген жанама теңдеуін құру

2

Тоқсан бойынша жиынтық бағалау

1

4-тоқсан (32 сағ)




10.4А Туындының қолданылуы

Функцияның өсу және кему белгілері

10.4.1.26 - функцияның аралықта өсуінің (кемуінің) қажетті және жеткілікті шартын білу;

10.4.1.27 - функцияның өсу (кему) аралықтарын табу



3

Функцияның кризистік нүктелері мен экстремум нүктелері

10.4.1.28 - функцияның кризистік нүктелерінің және экстремум нүктелерінің анықтамаларын, функция экстремумының бар болу шартын білу;

10.4.1.29 - функцияның кризистік нүктелері мен экстремум нүктелерін табу



3

Функция графигінің иілу нүктелері, функция графигінің дөңестігі. Функцияны дөңестікке зерттеу

10.4.1.30 - функцияның екінші ретті туындысын табу;

10.4.1.31 - функция графигінің иілу нүктесінің анықтамасын және функция графигінің аралықтағы дөңестігінің (ойыстығының) қажетті және жеткілікті шартын білу,

10.4.1.32 - функция графигінің дөңес (ойыс) аралықтарын таба білу


3

Туындының көмегімен функцияны зерттеу және графигін салу.

10.4.1.33 - туындының көмегімен функцияның қасиеттерін зерттеу және оның графигін салу

3

Функцияның кесіндідегі ең үлкен және ең кіші мәндері

10.4.1.34 - функцияның кесіндідегі ең үлкен және ең кіші мәндерін табу; 10.4.3.3 - функцияның ең үлкен (ең кіші) мәндерін табуға байланысты қолданбалы есептер шығару

4

10.4В Кездейсоқ шамалар және олардың сандық сипаттамалары

Кездейсоқ шамалар

10.3.2.9 - кездейсоқ шаманың не екенін түсіну және кездейсоқ шамаларға мысалдар келтіру

1

Дискретті кездейсоқ шамалар

10.3.2.10 - дискретті және үзіліссіз кездейсоқ шамалардың анықтамаларын білу және оларды ажырата алу;

10.3.2.11 - кейбір дискретті кездейсоқ шамалардың үлестірім заңы кестесін құру



2

Үзіліссіз кездейсоқ шама ұғымы

10.3.2.12 - дискретті кездейсоқ шаманың математикалық күтімі ұғымын және оның қасиеттерін білу

3

Дискретті кездейсоқ шамалардың сандық сипаттамалары

10.3.2.13 - дискретті кездейсоқ шаманың математикалық күтімін есептеу;

10.3.2.14 - дискретті кездейсоқ шаманың дисперсиясы мен орташа квадраттық (стандартты) ауытқуын есептеу;

10.3.2.15 - дискретті кездейсоқ шамалардың сандық сипаттамаларын


3

Дискретті кездейсоқ шамалардың үлестірім түрлері. Үлкен сандар заңы

10.3.2.16 - дискретті кездейсоқ шамалардың үлестірім түрлерін ажырата білу: биномдық үлестірім, геометриялық үлестірім, гипергеометриялық үлестірім;

10.3.2.17 - үлкен сандар заңының тұжырымдамасын білу



3

Тоқсан бойынша жиынтық бағалау

1

10-сыныптағы алгебра және анализ бастамалары курсын қайталау

3




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет