Жаратылыстану-математика факультеті деканы


Жұмыс мекен-жайы: Достық даңғылы,121



бет3/78
Дата05.02.2022
өлшемі1,14 Mb.
#12728
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   78

Жұмыс мекен-жайы: Достық даңғылы,121


Жұмыс телефоны:503549


Пән туралы мәлімет

Туризм және өлкетану негіздері семестр 15 оқу аптадан және 2 апта сессиядан тұрады.


Бір аптада 2 кредит сағат (оқу үрдісі кестесі және жұмыс оқу жоспарына сәйкес ауыстырылады), әр кредит-сағат бір байланыс сағаттан (дәріс немесе практика) және екі сағат оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысынан (ОЖСӨЖ), студенттің өзіндік жұмысынан (СӨЖ) тұрады.


Кредиттің атпаға бөліну кестесі



Сабақтар

Өткізу уақыты

Сабақтар

Өткізу уақыты

Байланыс сағаты 1
(1 дәріс)

50 мин.

ОЖСӨЖ, СӨЖ

50+50 мин.

Байланыс сағаты 3
(1 практика)

50 мин.

ОЖСӨЖ, СӨЖ

50+50 мин.

Кредит саны – 2


Өту орны: № 6 оқу ғимараты, сабақ кестесі бойынша
Оқу жоспарынан көшірме:



Курс

Семестр

Кредит саны

Дәрістер

практика

ОЖСӨЖ

СӨЖ

Барлығы

Бақылау
түрі

2

3

2

15

15

30

30

90

емтихан

Кіріспе
Пән бойынша мағлұмат: Туризмнің активті, белсенді түрлерін оқытуға ерекше көңіл бөлінеді. Өйткені , олар адам денсаулығына өте пайдалы, ең алдымен жаяу және шаңғы туризмінің орны үлкен, олар көп адамға ұнайды.
Курс мақсаты: жоғары оқу орнында, туризм саласында, өз қызметі үшін, қажетті квалификация алуды мақсат еткен студенттерге туризмді басқару, ұйымдастыру, оның құрлымын жетік білу, оның тарихын, дайындық кезеңін, саяхаттарды ұйымдастырып өткізуді оқып үйрену, туған өлкенің флорасы мен фаунасы туралы қажетті білімді алу, экологиялық білімді азамат болу қажет.
Курс міндеті: Оқыту барысында студенттер теориялық білімдер алады және туристік саяхаттар мен жорықтарда қажет болатын практикалық шеберлікке ие болады. Студенттер туристік маршрутты қалай дайындауды, жорыққа туристік құрал жабдықтардың қандай түрлерін алып жүруді, тамаққа қандай азық-түлік түрлерінің қажеттілігін, жергілікті жерде бағдарлау жағдайын жетік білуге, сонымен қатар жорық жағдайында жарақат және ауырып қалған серігіне алғашқы дәрігерлік жәрдем көмегін көрсетуге үйренуі тиіс.
Пререквизиттер:педагогикалық институттың география факультетінің студенттеріне туристік экскурсиялық жұмыстарды ұйымдастыру және өткізу әдістерімен танстыру үшін оқытылады. Cтуденттерге білім беру және дағды қалыптастыра отырып, балалар туристік станциясы және туристік мекемелерде инструктор немесе әдіскер қызметінде жұмыс істей білуге үйрету.
Постреквизиттер: Студенттер қоршаған ортаның табиғатын және оның бай тарихи мәдени мұра ескерткіштерін сақтауға байланысты мәселелерге қатысты білім жүйелігін де қалыптастырады.
Оқыту әдістемесі: : туризмнің кең тараған жаяу жүріс түрі техникасын терең меңгертуге, арнайы дайындық бөлімінде жаяу, тау, су және шаңғы туризмі бойынша да дайындық өтіледі. Әдебиеттерді пайдалана отырып, жергілікті жерді зерттеуге үйретуге, студенттерді өзіндік жұмыс жасауға және ізденуге үйретуге, мектеп ішілік туристік өлкетану жұмыстарын жоспарлау және ұйымдастыра білуге,
жас ерекшелігіне байланысты топқа арналған туристік өлкетану жұмыстарының бағдарламасын жасау, жорықтарды ұйымдастыру, өткізу, маршрутын жасай білуге
мектепте туристік кештер, слеттер, олимпиада, жарыстарды өткізуге үйретеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет