ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
|
СМЖ 3 дәрежелі құжаты
|
№1 басылым 25.02.2015 ж.
|
Ф Р 042-1.02-2015-03
|
Білім алушылардың өздік жұмыстарын ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқаулар
|
Жаратылыстану-математика факультеті
Химия және география кафедрасы
|
5В011200 – «Химия» мамандығы бойынша оқитын студенттерге
«ЗАТ ҚҰРЫЛЫСЫ»
пәні бойынша өздік жұмыстарды ұйымдастыруға арналған
әдістемелік нұсқаулар
Семей
2016
Алғысөз
1 ӘЗІРЛЕГЕН
Құрастырушы
Сапакова А.К., б.ғ.к., доцент м.а. _____________« 01 » 09 2016 ж.
5В011200 – «Химия» мамандығы бойынша оқитын студенттерге «Зат құрылысы» пәні бойынша өздік жұмысты ұйымдастыруға арналған әдістемелік нұсқаулар
2 КЕЛІСІЛДІ
Әдістемелік нұсқаулар «Химия және география» кафедрасының отырысында қарастырылды
Хаттама «_01__» ____09____ 2016__ жыл, № 1
Кафедра меңгерушісі ______________Ибраева Л.С.
Әдістемелік нұсқаулар жаратылыстану-математика факультеттің оқу-әдістемелік бюросының отырысында оқу процесіне қолдануға ұсынылған
Хаттама «__07__» ___09_______ 2016___ жыл, № 1
Төраға __________________________Ерменова Б.О.
МАЗМҰНЫ
1.Кіріспе
|
4
|
2. Өздік жұмыстың тақырыбы
|
5
|
3. Өздік жұмысты орындау бойынша ұсыныстар және тапсыру мерзімі
|
7
|
4. Өздік жұмыстың нәтижелерін безендірілуге қойылатын талаптар
|
9
|
5.Әдебиет және интернет-ресурстар
|
9
|
КІРІСПЕ
Студенттердің өздік жұмысы (СӨЖ) – студенттердің өз білімдерін, өздерін дамыту жағдайларын қалыптастыруға қабілетін арттыратын, ойлау қабілетін кеңінен дамытатын басты іс-әрекеттерінің түрлері.
СӨЖ - ол дәріске алдын-ала дайындалуға, кітапхана жағдайында оқу материалын өздігінен оқуға, компьютерлік сыныпта, Ғаламтор арқылы зертханалық сабаққа, коллоквиумға дайындалуға, СӨЖ тақырыптары бойынша (сұрақтары СӨЖ жоспарында көрсетілген) өздіктерінен көшірме дайындау, зертханалық сабақ бойынша есеп бере білуге, химиядан берілген есептерді талдауға бағытталған аудиториядан тыс жұмыстар болып есептеледі.
Студенттердің өздік жұмыстарының мақсаты:
Зат құрылысы пәні бойынша фундаменталды білімдер, дағдылармен студенттерді қаруландыру;
Алған білімдерін бекіту және жүйелеу;
Біліктері мен дағдыларын меңгеру;
Шығармашылық және зерттеушілік дағдыларын дамыту.
«Зат құрылысы» пәні студенттерді дайындау барысында маңызды орын алады және 5В011200 - «Химия» мамандығында оқитын студенттер үшін кәсіптік пәндер блогының таңдаулы бөлігі болып табылады. «Зат құрылысы» пәні жалпы химиялық дайындықтың іргетасы, ғылыми дүние тануды қалыптастырады, болашақ маманның шығармашылық ойлауын дамытады. Ол студенттерді зат құрылысы туралы қазіргі түсініктері, химиялық процесстердің негізгі теорияларымен таныстырады, химиялық циклдің жеке ғылымдарын студенттердің әр қарай оқып біліуінің негізі болып саналады және басқа химиялық пәндерді терең түсінуіне себепкер болады.
Пәнді оқыту нәтижесінде студент білу керек:
химиялық құрылыстың қазіргі теориясының негіздерін, молекулардың квантты күйлерін, химиялық үрдістердің заңдылықтарын;
атомның құрылымының күрделігін;
кванттық механиканың негізгі қағидаларын;
атомның квантмеханикалық моделін;
элементтердің периодтық қасиеттерін;
тұрақты гибридизацияның жағдайларын;
комплексті қосылыстардың электрондық спектрлерін
комплексті қосылыстардың электрондық спектрлерін анықтаудың
2. ӨЗДІК ЖҰМЫСТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ
СӨЖ №1
1. Келесі сұрақтарға жазбаша түрде жауап беру:
Атомизм идеяларының пайда болуы.
Атомдық модельдар.
Фотоэффект құбылысы.
Сәулеленудің екі жақтық табиғаты.
«Атом құрылысы» тақырыбы бойынша тест сұрақтарын құрастыру (15 сұрақтан, 5 жауабы болу тиіс).
Жеке түрде тақырыптық есептерді шығару.
СӨЖ №2
Келесі сұрақтарға жазбаша түрде жауап беру:
Атомдағы электрондық тығыздықтың таралуын бейнелеу тәсілдері.
Атомдағы электрондардың энергетикалық күйлерінің диаграммасы.
Периодтық заң және периодтық жүйе атом құрылысының квантмеханикалық теориясының тұрғысынан.
«Атом құрылысының күрделігін дәлелдеген эксперименттер» және «Кванттық механикалық негізгі ұстанымдары» тақырыптары бойынша кластер құрастыру.
Жеке түрде тақырыптық есептерді шығару.
СӨЖ №3
Келесі сұрақтарға жазбаша түрде жауап беру:
Қалыпты күйдегі атомдардың электрондық құрылымы.
Атомның қозылған күйі.
Спектралды талдау.
«Атомдардың электрондық қабаттарының құрылысы» тақырыбы бойынша кроссворд құрастыру.
Жеке түрде тақырыптық есептерді шығару.
СӨЖ №4
Келесі сұрақтарға жазбаша түрде жауап беру:
Байланыстың түзілу механизмі.
Байланыс энергиясы.
Химиялық байланыстың түрлері.
Химиялық байланыстың қасиеттері.
Молекулааралық әрекеттесудің түрлері.
Молекулалардың полярлығы және полярленуі. Молекула түрлері.
«Химиялық байланыс» тақырыбы бойынша кластер құрастыру.
«Химиялық байланыс» тақырыбы бойынша тест сұрақтарын (15 сұрақтан, 5 жауабымен) құрастыру.
ӨЗДІК ЖҰМЫСТЫ ОРЫНДАУ БОЙЫНША ҰСЫНЫСТАР
ЖӘНЕ ТАПСЫРУ МЕРЗІМІ
Конспект жазу
Конспект - қандай-да бір жазба немесе аудио яки бейнелік ақпараттардың мазмұнды жинақтап берілуі. Конспект жазу оқыған -білген ақпаратты есте сақтауға және оған деген критикалық қарым-қатынасыңды оятады және түсінік айтуға біршама өз көмегін береді.
1. Сұрақтарға толық және түсінікті жауап жазу керек.
2. Конспекті жазған кезде тек қана жалпы қабылданған қысқартуларды қолдануға болады.
3. Атауларда және тектерде ешқандай қысқартулар болмау тиіс.
4. Реакция теңдеулері дұрыс жазылу керек және міндетті түрде теңдеулерде коэффициенттер қоюлу керек.
5. Материалдың көрнекілігін арттыру үшін конспекте диаграмма, кестелер, сызба нұсқаулар келтірілуі тиіс.
6. Конспектіні жазбаша өз қолымен жазу керек.
Тақырыптық тест құрастыру
Тест деп сапалық және сандық дара ерекшеліктеріне сай түрде негізделген стандартталған, қысқа, уақыт жағынан шектеулі сынақтарды атайды. ТЕСТ (англ. test) — сынау, тексеру, талдау. Тестің түрлері: толықтыру тесті, таңдамалы тесті, еске түсіру тесті, сәйкестендіру тесті, реттік тесті, аралас тесті, кәсіптік бағдар тесті, баламалы тесті.
1. Толықтыру тесті: оқушыларға тапсырма сөйлем түрінде беріледі де сөйлемдегі кей сөз орынына (цифр, формула, сөз т. б) үш нүкте беріледі. Мұндай тапсырмадағы жауап қысқа тұжырымды бір мәнді болуы шарт.
2. Таңдамалы тесті: оқушыларға берілген тапсырмамен қоса оның дұрыс және дұрыс емес жауаптары беріледі. Тапсырма карточка арқылы беріліп, оның жауабының саны төртеуден кем болмағаны жөн. Оқушы жауабы бағдарламаланған құрылым арқылы немесе перфокарта кілті болады.
3. Еске түсіру тесті: сұрақ нақты беріледі де, жауабы бір мәнді болуы шарт. Еске түсіру тестінің сұрақтарын түзегенде сұрақ нақты, анық қойылады, ал жауабын сөз, сан, формула т.б. түрде берілуі мүмкін.
4. Сәйкестендіру немесе салыстыру тесті: мағынасы бір – бірімен байланысты тапсырмалардың екі бағанға әр түрлі ретпен орналастырылуы. Мұндай тесті жасауда бірінші бағанда қысқа тұжырымды сөйлем болса, екінші бағанда сәйкес сөз, белгі, сызба болуы керек.
Сөйлем саны 5 тен 15 ке дейін болса, екінші бағандағы сөз, белгі, сызба, нұсқа т.б. саны екі – үшеуі артық болғаны.
5. Реттік тест (ранжирования) тесті: бақылау объектісі (құбылыс, шамалар, формула т. б) ретімен жазылуы (айтылуы) керек. Тесті тапсырма дайындағанда оның саны 10 шақты болғаны жөн.
6. Аралас тесті: оқушыға берілетін тапсырма әртүрлі тест түрінде (мысалы: толықтыру, таңдамалы т. б) беріледі.
7. Құрамалау тесті (комбинированный): құрамында бірнеше пәндердің бір бірімен үйлесуі.
8. Баламалы (альтернативный) тесті: тестің бұл түрін жасауда жауабын білуге ықпал ететін сөзден аулақ болған жөн. Сөйлем қысқа тұжырымды, мазмұнды, бір мәнді болғаны дұрыс. Тестің мұндай түрінің жауабы сөзбен (дұрыс, дұрыс емес) ия немесе жоқ немесе белгілер арқылы +, — т. б беріледі. Мұндай типтен тестік тапсырманы графикалық диктант үлгісінде пайдалануға болады.
Тест формасы:
1. Бір дұрыс жауапты таңдауды қажет ететін тапсырмалар
2. Бірнеше дұрыс жауапты таңдауды қажет ететін тапсырмалар
3. Сәйкестікті құру бойынша тапсырмалар
4. Жауапты тіркеуді талап ететін тапсырмалар (жауапты толықтырып жазу)
5. Логикалық және алгоритмдік реттілікті құру бойынша тапсырмалар
Тест 15 сұрақтан туру тиіс және әртүрлі жауап турлері болу керек.
Тест сұрақтары нақты тақырыпқа сай болу тиіс.
Тест сұрақтары нақты және мазмұнды болу тиіс.
Есептерді шығару.
Есептің берілгенің, шешу жолын жазу.
Есептің нақты алгоритмін келтіру.
Шешу жолы нақты және түсінікті есептелу керек.
Есепті шығарғанда есептеу жолының бірнеше тәсілін келтіру және ең тиімді жолын ұсыну.
Есептің жауабын жазу.
Кластер құрастыру
Кластер (ағылш. cluster) — белгілі өз сипаттары бар, дербес бірлік деп саналатын, бірнеше біртектес даналарды бір топқа бірлетіруі
Сөзжұмбақ (кроссворд) құрастыру.
Сөзжұмбақ ( ағлшын. Crossword — сөздердің қиылсуы) -әлемде кең тараған сөздерге қатысты ойын түрі, ол адамның ойлау қабілетін дамытуға, білім көкжиегін кеңейтуге көмектеседі.
Кроссвордты құрастырғанда сөзжұмбақты құрастыру ережелерін ескеру қажет.
Кроссвордтің сұрақтары тақырыпқа сай болу тиіс және 10 тапсырмадан кем болмау тиіс.
Кроссворд тапсырмалары тақырыпты жан-жағынан ашу тиіс.
Сұрақтар горизонтальді және тік бағытта орналасу тиіс.
СӨЖ ТАПСЫРУ МЕРЗІМІ:
СӨЖ №1 – 4 апта
СӨЖ №2 - 6 апта
СӨЖ №3 – 10 апта
СӨЖ №4 – 14 апта
ӨЗДІК ЖҰМЫСТЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІН ӨҢДЕУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
Өздік жұмысты арнайы дәптерде орындау керек.
Кіріспеде, алдымен әр бір өздік жұмыстың тақырыбы, мақсаты және тапсырмалары жазылуы тиіс.
Өздік жұмысты жазбаша орындау және жазуларын түсінікті болу керек.
Өздік жұмыстың әр бір тапсырмасын дәптердің бөлек беттерінде орындау керек.
Диаграммалар, суреттер, кестелер, сызбанұсқалар аккуратты және түсінікті орындалу тиіс.
ҰСЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
5.1 Негізгі әдебиет
5.1.1.Бейорганикалық химия. Т.1. /Шрайвер, Д. - 2012
5.1.2. Неорганическая химия. В 2-х т. Т.1. /Шрайвер, Д. – 2009
5.1.3. Неорганическая химия. В 2-х т. Т.2. /Шрайвер, Д. - 2009
5.1.4. Химия /Сейтембетов,Т.С. – 2010
5.1.5. Общая химия /Глинка, Н.Л. – 2012
5.1.6. Химия негіздері /Аханбаев,К. – 2009
5.1.7. Химия. Т.1. Жалпы және бейорганикалық химия /Утелбаева, А. – 2006
5.1.8. Общая и неорганическая химия в таблицах и схемах /Келина, Н.Ю. – 2008
5.1.9. Бейорганикалық химия /Омарова, Т.Т. – 2008
5.1.10. Жалпы химия /Бірімжанов, Б.А. – 2011
5.1.11. Кухтин Б.А., Лобко В.Н. Строение вещества: Учебное пособие, Владимирский государственный университет, Владимир, 2003. – 76 с.
Папулов Е.Г., Левин В.П., Виноградова М.Г. Строение вещества в естественнонаучной картине мира: Учебное пособие, 2 часть. – Тверь: Тверский государственный университет, 2006. – 84 с.
Краснов К.С. Физическая химия. Кн. 1. Строение вещества. Термодинамика: Учебник для ВУЗов. – М.: Высшая школа, 2001. – 512 с.
Зимон А.Д. Физическая химия /Зимон А.Д.-М.,2000.
Степанов Н.Ф. Квантовая механика и квантовая химия. – М.: Мир, 2001. – 519 с.
Карапетьянц М.Х., Дракин С.Н. Общая и неорганическая химия. – М.:Химия, 2000.
5.2 Қосымша әдебиет
5.2.1. Жалпы және бейорганикалық химия практикумы /Ділманов, Б.М. – 2009
5.2.2. Жалпы және бейорганикалық химия практикумы /Мырзалиева, С.К. – 2005
5.2.3. Неорганическая химия в реакциях: Справ. /Лидин, Р.А. – 2007
5.2.4. Общая и неорганическая химия /Угай, Я.А. – 2000
5.2.5. Задачи и упражнения по общей химии /Глинка, Н.Л. – 2008
5.2.6. Лабораторный практикум по общей и неорганической химии /Стась, Н.Ф. – 2008
5.2.7.Химия терминдерінің орысша-ағылшын-қазақша және ағылшын-орысша-қазақша сөздігі =Русско-англо-казахский и англо-русско-казахский словарь химических терминов /Ибраева, Л.С. – 2010
5.2.8. Любимова Н.Б. Вопросы и задачи по общей и неорганической химии. – М.:Высш.шк., 1990 – 351 с.
5.3.1.interneturok.ru › Химия › 9 класс
5.3.2.5terka.com/node/10380
5.3.3.https://sites.google.com/...sistema-elementov...mendeleeva.../plan-algoritm-harakteristi...
5.3.4. school-collection.edu.ru/catalog/rubr/d05469af-69bd-11db-bd13.../75739/
5.3.5. www.primefan.ru/stuff/chem/moodle/atom7.html
5.3.6.morozovasite.21307s04.edusite.ru/spravka8.html
Достарыңызбен бөлісу: |