Жаратылыстану-математика факультетінің деканы


ТҰҚЫМДЫ ПАПОРОТНИКТЕР КЛАСЫ –



бет8/15
Дата17.06.2018
өлшемі1,4 Mb.
#42451
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15

ТҰҚЫМДЫ ПАПОРОТНИКТЕР КЛАСЫ –

LIGNOPTERIDOPSIDA, PTERIDOSPERMAE
Тұқымды папоротниктер ең ертеде пайда болған және ең карапайым ашық тұқымдылардың бірі. Қазіргі кездерде олар толығымен жойылып кеткен. Бұл папоротник тәрізділер мен ашық тұқымдылардың арасын байланастырып тұрған топ (переходная группа). Папоротник тәрізділермен оларды жапырақтарының құрылысы, сыртқы түрі, микроспорофиллдері мен микроспорангилерінің құрылыстары жақындастырады. Ал ашық тұқымдылармен сабақтарының екінші рет жуандап өсуі, тұқым бүрлері мен дәндерінің болуы жақындастырады. Қазіргі кездерде тұқымды папоротниктердің жүздеген түрлері сипатталып жазылды. Олардың аса кең таралтан туыстарына мыналар жатады: калимматотека (Calymmatotheca), медуллоза (Medullosa), кейтония (Caytonia), глоссоптерис (Glossopteris).
САГОВНИКТЕР КЛАСЫ – CYCADOPSIDA
Саговниктердің жапырақтары үлкен, қауырсынды, сиректеу тұтас ланцет тәрізді болып келеді. Сабағы (діңі) жақсы жетілген, өзектен, қабықтан және онша үлкен болмайтын сүрек қабатынан тұрады. Тұкымбүрі жапырақ тәрізді немесе азды-көпті метаморфозаға ұшыраған мегаспорфилдерінде орналасады. Әдетте тұқымбүрлері жалғыздан орналасады немесе топтасып стробил (шишка) түзеді. Саговниктер эволюцияның үлкен жапырақты тармағы болып табылады. Саговниктер класы бір қатардан (Cycadales) тұрады, онда бір тұқымдас (Cycadaceae) бар.
Саговниктер қатары – Cycadales
Қатарға қазіргі кездерде кездесетін 100 дей түр жатады. Олар Шығыс Азияның, Австралияның, Африканың және Америками тропикалық жөне субтропикалық облыстарында кеңінен тараған Саговниктер жай өсетін ағаштар, биіктігі 20 метрге жетеді 1000 жылға дейін өмір сүреді. Сабағы бұтақгалл немесе нашар бұтақтанатын колонна тәрізді немесе түйнек төрід жуаңдаған, кейде топыракқа жартылай көмілген болып келі (геофилия). Өзегінде крахмал жиналады. Сабақгың жоғарғы І вегетативті бүршікпен аяқталады, оны мөнгіж жапырақтардың тобы қоршап тұрады. Бүршікте папоротниктер секілді ұлу тәрізді (улитка) бұралып үлкен жапырақтары кауырсынды, ұзындықтары 2м. дейін Саговниктердің ұрықтануы өліде сулы ортамен байланыс Архегонийлері эндоспермнің ойыстау жерінде- архегониаш камерада орналасқан. Тозаң өскен кезде сперма түзетін кле 2-4 немесе көптеген көпталшықты үлкен сперматозоидтар болады. Олар архегониальды камераның ішіндегі сұйыкқа ба түседі де, біраз уақыт жүзіп жүреді, содан соң барып олар біреуі жұмыртқа клеткасын ұрықтандырады. Саговник практикалық маңызы шамалы. Кейбір түрлерінің, өсіресе саговниктің (саговник поникающий - Cycas revoluta) өзегінен жармасын дайындайды. Саговниктер тамаша сәндік өсімтгіі оларды орашкерияларда және ашық грунтта өсіреді.
БЕННЕТТИТТЕР НЕМЕСЕ БЕННЕТГИТОПСИДТЕР - BENNETTITOPSIDA
Беннеттитер түгелімен жойылып кеткен өсімдіктер. Бір қызығы олардың жойылған уақты гүлді өсімдіктердің пайда болған және шарықтап өскен уактымен сөйкес келеді. Баска ашық тұкдмдылардан айырмашылыгы сол, олардың стробилдері (шишки) қос жынысты болады. Вегетативті оргавдарының қурьшысы жағынан саговниктерге ұқсас, бірақ олардың іпгінде шөптесін өсімдіктерде болған.

Беннеттиттер класы бір қатардан тұрады (Bennettitales), оған виннамсониялар (Willamsoniaceae) және беннеттиттер (Bennettitaceae) тұқымдастары жатады.

Вилламсониялар тұқымдасының аса кең таралған туыстарына вильламсония (Willamsonia) және вильямсониелла (Willamsoniella) өсімдіктері жатады. Ал беннеттиттер тұкымдасының кең таралған туысына цикодеойдея (Cycodeoidea) жатады.

Шамасы беннеттиттер тұкымды папоротниктерден шыққан болса керек.


ГИНКГОЛАР КЛАСЫ – GINKGOOPSIDA
Гинкголар класы бір қатардан (Ginkgoales) тұрады, онда қазіргі кездегі флорада кездесетін бір ғана монотипті тұқымдас бар (Ginkgoaceae). Тұқымдас екі қалақшалы гинкго (гинкго двулонастный - Ginkgo biloba) деген жалғыз түрмен белгілі. Шыққан жері Қытайдың оңтүстік-батысы. Ерте уақытган бері оны Жапонияда жөне Қытайдың барлық жерлерінде, діни тұрғыдан қасиетті ағаш ретінде, мәдени жағдайда арнайы өсіреді. Бұл биіктігі 40м. дейін баратын, бөрікбасы пирамида тәрізді болып қалың бұтақталған мәңгі жасыл ағаш. Екі түрлі өркені болады: төбелік ұзарған және бүйірлік қыскарған. Жапырақ тақтасы жалпақ веер тәрізді болып келеді және сағағы болады. Ұзарған өркендерінде олар екі қалақты, ортасы ойық болып келеді. Дихотомиялы жүйкеленеді.

Гинкго екі үйлі өсімдік. Аталық стробилдері (шишки) қысқарған, өркендеріндегі жапырақтардың қолтықтарында пайда болады. Микроспорофиллдері жоғарғы жағында сорилері (сорус) бар тірсектен тұрады. Ол көп жағдайда тек жарықшақтары арқылы қақырайтын, екі салбырап тұрған микроспорангиден тұрады. Аналық стробилдері де қысқарған өркендерінегі жапырақтардың колтығында орналасады. Әрбір стробилде (шишка) екіден тұкымбүрі болады, олар дихотомиялы бұтақтанған тірсектің жоғарғы жағында орналасады. Ұрықтану саговниктердегі секілді сперматозоидтардың көмегімен жүзеге асады. Гинкго сәндік өсімдік ретінде кеңінен қолданылады, жеуге келеді, ағашының құндылығы қарағайлармен бірдей.



ГНЕТАЛАР НЕМЕСЕ ГНЕТОПСИДТЕР КЛАСЫ - GNETOPSIDA
Гнетопсидтер класының аналық және аталық гаметофиттері редукцияға көп ұшыраған, жыныстық прцестері жабық түқымдылардың қосарланып ұрықтануына жақын. Тұқымбүрі біреу, ұрықтың екі тұқым жарнағы болады. Сүрегінде смола жолдары болмайды. Класты үш қатарға бөледі: қылшалар (Ephedrales), гнеталар (Gnetales), вельвичилар (Welwitsehiales). Олардың Қазақстанның флорасында кең таралғаны қылшалар қатары. Сондықтанда біздер осы қатарга толығырақ тоқталғанды жөн көрдік.
Қылшалар қатары — Ephedrales
Бұл қатарға бір тұқымдас және бір ғана қылша (Ерhedra) туысы жатады. Туыста 40-тай түр бар. Олар Жеррорта теңізі жағалауында, Алдынғы және Орта Азияда, Индияда, Қытайда, Солгүстік және Оңтүстік Америкада кең таралған өсімдіктер. Негізінен шөлді, жартылай шөлді аймақтарда және таудың тасты жоталарында өседі. Биіктігі 5-8 м. болатын кішігірім ағаштар, көбіне бұталар немесе лианалар. Жапырақтары майда, әдетте қабыршақ тәрізді, ерте түсіп қалады. Бұтақтары қырлы-қырлы, жасыл түсті, онда фотосинтез процесі жүреді. Екі үйлі өсімдік. Аталық бүршіктері (шишки) 3-4-тен және оданда көптен сабақтың буындарында топтасып орналасады. Аталық бүршік (стробил) бағанадан тұрады, оның ұшында екіден сегізге дейін 2-4 ұялы микроспорангилері болады. Аналық бүршіктердің екіден төртке дейін, сабақтың буынында орналасады. Аналық бүршік (шишки) қалың қабықшамен қоршалған бір ғана тұкымбүрінен тұрады. Тозаң желмен, кейде насекомдармен тұқымбүріне жеткізіледі. Дән пісіп жетілгенде аналық бүршіктің сыртқы қабықшалары көп жағдайда қатайып ағаштанады, ал қабыршақ тәрізді жабындық жапырақтары етженді түрге келіп, ашық түске боялады.

Бұрынғы одақтас республикардың флорасында 10 түрі, ал Қазақстанда 6 түрі өседі. Олардың ең маңыздысы екі масақты қылша (эфедра двухколосковая - E.distachya). Бұл түр бұрынғы одақтас республикардың европалық бөлігінің оңтүстік-шығысында, Сібірде, Орта Азияда кеңінен таралған. Биіктігі 40 см. болатын кішілеу бұта. Қылшаның практикалық маңызы, оның бұтақтарында эфидрин алколоидының болуымен есептелінеді. Эфидриннен аса құнды дәрі алынады.


Бақылау сұрақтары:

  1. Жалаңаш тұқымдылардың қандай жаңа ерекшеліктері пайда болды?

  2. Жалаңаш тұқымдылардың жіктелуі.

  3. Макрофильдің даму жолына сипаттама бер.

  4. Жалаңаш тұқымдылар қандай даму жолынан өтті.

  5. Жалаңаш тұқымдылардың дамуының микрофильді жолына сипаттама бер.

  6. Жалаңаш тұқымдылардың таралуы және практикалық маңызы қандай?

  7. Жалаңаш тұқымдылардың пайда болу уақыты мен жағдайы.

  8. Жалаңаш тұқымдылардың қандай жаңа ерекшеліктері пайда болды?

  9. Жалаңаш тұқымдылардың жіктелуі.

  10. Макрофильдің даму жолына сипаттама бер.

  11. Жалаңаш тұқымдылар қандай даму жолынан өтті.

  12. Жалаңаш тұқымдылардың дамуының микрофильді жолына сипаттама бер.

  13. Жалаңаш тұқымдылардың таралуы және практикалық маңызы қандай?

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Ә.Ә.Әметов «Ботаника» алматы, 2000 ж.

  2. П.М.Жуковский «Ботаника» М., «Высшая школа» 1964 г.

  3. Н.А.Комарницский «Ботаника» систематика растений М., «Просвещение» 1975 г.

  4. П.А.Генкель, Л.В.Кудряшов «Ботаника» М., «Просвещение» 1964

  5. Петренко А.З. «Систематика растений» электрондық нұсқасы Орал, 2004 жыл 5-7, 14-15 беттер.

  6. М.В.горленко «Курс низших растений» М., «Высшая школа» 1981 г.


Дәріс №14

Тақырыбы: Қылқан жапырақтылар
ҚЫЛҚАН ЖАПЫРАҚТЫЛАР НЕМЕСЕ ПИНОПСИДТЕР КЛАСЫ – PINOPSIDA

Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Анатомиялық құрылысы

  2. Көбеюі

  3. Практикалық және шаруашылық маңызы

  4. Кипаристер туысы

Дәріс мазмұны: Қылқан жапырақтылар қатары. Кордиаттар, қылқан жапырақтылар. Тұқымдастарға сипаттама беру: Тисалар, қарағайлар, араукариелар, таксодиелар, кипаристер, және олардың филогенетикалық байланысы.

Дәрістің мақсаты: Студенттерге қылқан жапырақтылардың түр санын, құрылысы мен көбеюін, шаруашылық маңызын және классификациясын түсіндіру.

Қазіргі кездегі флорада бұл класс ашық тұқымдылардың ішіндегі түрлерінің саны жағынан ең көбі (600 дей түрі бар). Негізінен солтүстік ендікте кең таралған, бұл жерлерде бір немесе бірнеше түрлерден тұратын туыстары: қарағай, шырша, май қарағай, бал қарағай үлкен қылқанжапырақты орман түзеді. Оңтүстік ендікте қылкан жапырақтылар қоңыржай климатты орман түзеді (Огненная Земля, Патагония, Жаңа Зеландия, Тасмания). Тропикалық облыстарда олар тек таулы жерлерде өседі.



Құрылысы. Қылкан жапырақтылар негізінен ағаштар, сирекгеу бұталар. Ағаштары кейде ересен үлкен болады жөне 4 мыднан астам жыл өмір сүреді. Көп жаідайда екі түрлі сабағы болады: ұзарған және қыскарган. Жапырақтары көп жағдайда жіңішке, ине тәрізді (хвоя), бірақ ертеректе пайда болған туыстарында (араукария, агатис) ланцетті және жалпақ ланцентті болып келеді. Кейбір қылкан жапырақтылардың жапырақтары қабыршакты болып келеді (кипарис, арша). Жапырақтары көп жағдайда отырмалы, кейде олардың үстінгі ұшы ойық (май қарағай), көлденең кесіндісі жалпақ, төртқырлы, жұмыр, ұзындығы 1-2 см.- ден 30-40 см.- ге дейін барады. Қылканда бір ғана жүйке болады, ал жалпақ жапырақтарында көптеген параллель жүйкелері болады. Қылкан жапырақтылардың бал қарағай, жалған бал карағай жене метасеквойя туыстарынан басқаларының барлығы мәңгі жасыл өсімдіктер. Сүрегінің 90-95% трахеидтен тұрады, сүзгілі түтіктерінде серіктік клеткалар болмайды. Көшпілігінің қабығында, сүрегінде және жапырақтарында схизонгендік смола жолдары болады, оларда эфир майы, смолалар, бальзамдар жиналады.

Көбеюі. Бір үйлі, сиректеу екі үйлі өсімдіктер. Бүршіктері (шишки) дара жынысты. Аталық бүршіктері көп жағдайда топтасып, жапырактардың қолтығында, сиректеу бүйірлік өркендердің ұштарында орналасады. Микроспорофилдері редукцияға көп ұшыраған, кабыршақ тәрізді немесе қалкан тәрізді (тисс туысы). Аналық бүршіігінің (стробил, шишки) құрылысы алуан түрлі болады. Микроспорофилдерінде бірден бірнешеге тұқымбүрлері орналасады. Интегументі көп жағдайда үш қабаттан тұрады: ортаңғысы катты, ал сырткы және ішкісі жұмсақ. Архегониясы екеу, бірақ көпте бола береді. Гаметофиттерінің пайда болуы, тозаңдануы, ұрықтануы және тұқымның (дәннің) пайда болуы жоғарыда сипатгап жазған қарағайдыкімен бірдей болады.

Шаруашылықтағы маңызы. Шыршалардың, карағайлардың, бал қарағайлардың, май қарағайлардың, аршалардың табиғатта және адам өмірінде маңызы орасан зор. Басқа жасыл өсімдіктермен бірге олар органикалық заттар түзеді, аудан көмір қышқыл газын сіңіріп, оттегін бөліп шығарады. Қарағайлар өз бойынан ерекше буланып ұшатын заттар бөліп шығарады. Олар орманда ғана емес, сонымен бірге орманға жақын жерлердегі көптеген зиянды бактериялардың дамуын тежейді. Қылқан жапырақты ормандар, жалпақ жапырақты ормандар секілді, қардың еруін кешеуілдетеді, сөйтіп осы жердің ылғалын арттырады.

Қылкан жапырақтылар поляр шеңберіне жақын жерлердегі үлкен кеңістіктерде және тауларда орман түзеді. Оны тайга деп атайды. Тайга көптеген өнеркәсіпке керекті аңдардың, құстардң және пайдалы насекомдардың мекендейтін жері. Қылқан жапырақты ағаштар кұрылысқа және әртүрлі ағаш бұйымдарын жасауға керекті материалдарды береді. Қарағайдың сүрегін химиялық жолмен өңдеу арқылы, одан жібек жіптерше ұқсас жасанды талшық алады. Ашық тұқымдылардың діңі, өндірістің көптеген саласына қажетті құнды шикізат. Олардан бальзамдар, смолалар, камфора, спирт, целлюлоза, жібек және басқада көптееген заттар алынады. Сонымен бірге қылқан жапырақтылар медициналық препараттар алуға да қажетті шикізат есептелінеді.

Сібір қарағайын, Сібірде кедр деп атайды. Нағыз ке Солтүстік Африканьщ таулы жерлерінде, Жерорта теңізі облысының шығысында және Гималаи тауында өседі. Бұрынғы Одақтас республикалардың территориясында, оларды Кавказдың Каратеңіз жалғауларында және Қырымда қолдан өсіреді. Сібір қарағайының дәнінен (жаңғағынан) тамаққа пайдаланатын жақсы "кедр" майын алады. Сонымен бірге қылкан жапырақтылардың көпшілігі, көшеге көрік беретін сәндік өсімдіктер, сондықтанда олардың бірқатарын қазіргі кезде мәдени жағдайға ендірген. Оларды ботаникалық бақтарда, дендропарктерде, демалыс парктерінде, скверлерде және көшенің бойларында сәндік өсімдіктер ретінде отырғызады.

Классификациясы. Қылкан жапырақтылар класы 7 қатардан тұрады. Олар мыналар: 1) вольцилар қатары (вольциевые - Voltziales); 2) подозамиттер қатары (подозамитовые Podozamitales); 3) араукариялар қатары (араукариевые - Araucariales ); 4) қарағайлар қатары (сосновые - Рinales ); 5) кипаристар қатары (кипарисовые - Cupressales); 6) подокарпустар қатары (подокарповые - Podocarpales); 7) тиссалар қатары (тиссовые -Taxales). Олардың ішінде бұрынғы одақтас республикалардың территориясында үшеуінің (қарағайлар, кипаристер және тиссалар қатарлары), ал Қазақстанда тек екеуінің ғана өкілдері (карағайлар және кипаристер қатарлары) кездеседі. Сондықтанда біздер осы Қазақстанда кездесетін қатарлармен шектелуді жөн көрдік.
Қарағайлар қатары – Finales
Қарағайлар қатары (сосновые - Finales) бір ғана қарағайлар (сосновые - Ріпасеае) тұқымдасынан тұрады. Бұл тұқымдаста 10 туыс, 250-дей түр бар. Аса кең тараған туыстарына мыналар жатады: май қарағай (пихта - Abies), шырша (ель - Рісеа), бал қарағай (лиственница - Larix), қарағай (сосна - Pinus).

Май қарағай туысы (пихта - Abies). Май қарағайдың дүние жүзі бойынша 40-тай түрі бар. Олар Солтүстік Америкада (15 түрі), Оңтүстік- Шығыс Азияда (7-8 түрі), Жерорта теңізі жағалауында, Орталық Европада, Кавказда және Гималай тауларында, Сібірде өседі. Май қарағайлар аса үлкен ағаштар, бұтақтары топтасып орналасады. Қылқаны жалпақ болып келеді және жалғыздан орналасады, оның төменгі жағында, көп жағдайда екі ақ түсті балауыздан тұратын жолағы болады. Аналық стробилі көп жағдайда тік орналасады, бір вегетациялық кезеңде пісіп жетіледі, содан соң шашылып түсіп қалып отырады.

Бұрынғы одақтас республикалардың флорасында май қарағайдың (пихта - Abies) 9 түрі, ал Қазақстанда 2 түрі кездеседі. Сібір май қарағайы (пихта сибирская - A.sibirica) бұрынғы одақтас республикалардың европалық бөлігінің, солтүстік шығысында, Батыс, Орталық және Шығыс Сібірде, Тува автономиялы облысында және Монголияда өседі. Үлкен алқапты қамтып орман түзеді. Тегістікте де, таулы жерлерде де өседі. Ағашы жұмсак, құрлыс материалы ретінде де, әртүрлі бұйымдар жасауға да пайдалынады. Сонымен бірге оны қағаз өндірісінде шикізат ретінде пайдаланады. Қылқанынан лак жасауға қажетгі эфир алынады. Жас бұтақтарында борнеол (камфара) болады. Май қарағай бальзамы жараны жазуға бірдер-бір қажетті дәрі. Ақ май қарағай (пихта белая – A.alba) бұрынғы одақтас республикалардың батыс аудандарында, Орта Азияның, Онтүстік және Батыс Европаның тауларында 2 мың метр биіктікке дейін түзеді. Кавказ май қарағайы (пихта кавказская – A. nordmanniana) букпен қосылып Кавказ тауының батыс бөлігінде, тауларында 2 мың метр биіктікке дейін орман түзеді. Өте сәндік ағаш. Украина мен Белоруссияда оны қолдан өсіреді.



Шырша туысы (ель - Рісеа). Бұл туысқа Солтүстік Европада, Орталық және Шыгыс Азияда, Солтүстік Америкада кеңінен таралған 45 түр жатады. Қабығы ақшылдау сұр түсті, бұтақтары топтасып орналасқан, биік ағаштар. Қылқаны төрт қырлы болып келеді, жалғыздан орналасады, оның әр жағында бір-бірден ақ түсті жолағы болады. Тамыр системасы, көпшілігінде терең кетпейді. Көлеңке сүйгіш өсімдіктер. Аналық стробилдері бір вегетациялық кезеңде пісіп жетіледі. Тұқымдары піскен кезде стробилдері төмен қарап салбырап тұрады, содан соң, түгелімен жерге үзіліп түседі.

Бұрынғы одақтас республикалардың флорасында 10 түрі, ал Қазақстан флорасында 2 түрі (Шренк шыршасы — ель Шренка - P.schrenkiana; сібір шыршасы - ель сибирская - P.obovata) кездеседі. Кәдімгі шырша (ель обыкновенная - P.abies). Батыс Европада және бұрынғы одақтас республикалардың европалық бөлігінде кеңінен таралған. Көптеген кеңістікті алқапта, таза шыршалы немесе қайыңмен және қарағаймен қосылып, аралас ормандар түзеді. Ағашын құрылыс материалдарына, әртүрлі бұйымдар жасауға, отынға және қағаз жасауға қажетті шикізат ретінде пайдаланады. Ағашынан айыру жұмыстарын жүргізу арқылы смола, канифоль, вар, скипидар алады. Қабығында тері илеуге қажетті заттар (дробильные вещества) болады. Сібір шыршасы (P.obovata) бұрынғы одақтас республикалардың солтүстік-шығысынын да және Батыс Сібірде өседі. Кәдімгі шыршаға өте жакын. Тек аналық стробилдерінің ұсақтығымен ажыратылады. Бұлақ шыршасы (ель ключевая- P.pungens) Солтүстік Американың тауларының жартастарында өседі, қылқандары күміс түсті, өте әдемі болып келеді. Оны сәндік ағаш ретінде бұрынғы одақтас республикалардың территориясында және Батыс Европада мәдени жағдайда өсіреді.



Бал қарагай туысы (лиственница- Larix). Азияда, Европада, Солтүстік Америкада кең таралған, 20 шақты түрлері бар. Шыршалы ормандардың құрамына кіреді. Үлкен ағаш, бұтақтары топтасып орналасады, жарықты жақсы кореді. Өсімдік жазда көктеп, қыста қылкандарын тастап отырады. Жапырақтары ұзарған сабақтарында біреуден, ал қысқарған сабақтарында топтасып (пучками) орналасады. Тозаңдарының ауа қуыстары болмайды. Аналық стробилдері бір вегетациялық кезеңде пісіп жетіледі, бірақ 2-3 жыл бойы, түспей ағаштың басында тұрады. Ағашы қызылдау, смолаға бай, аса берік, суда шірімей ұзақ уақыт сақталады. Сондықтанда оны шпалдар дайыңдауға, кемелер жасауға, шахтаның астына тіреу ретінде, отынға және қағаз алуға шикізат ретінде кеңінен пайдаланады.

Бұрынғы одақтас республикалардың флорасында 7 түрі, ал Қазақстан флорасында 1 түрі кездеседі. Батыс Европа бал қарағайы (лиственница заподно-европейская- L.decidua) Альпа және Карпат тауларында өседі. Сібір бал қарағайы (лиственница сибирская - L.sibirica) бұрынғы одақтас республикалардың (БОР) европалық бөлігінің шығыс аудандарында және Батыс Сібірде кең таралған. Дауыр бал қарағайы (лиственница даурская - L.dalurica) Шығыс Сібірдің және Қиыр Шығыстың қатал климатына тамаша бейімделген және Шығыс Сібір мен Якутияда діңі биік болып келетін жалғыз ағаш болып табылады.



Қарағай туысының (сосна - Pinus) 100-дей түрі бар. Олар негізінен солтүстік ендіктің қоңыржай климатты аймақтарында өседі, субтропикаларда тау ормандарын тузеді, бірнеше түрлері тропикалық облыстардың тауларында кездеседі. Бұлар үлкен немесе кішілеу ағаштар болып келеді, бұтақтары топтасып орналасады. Ұзарған сабақтары, жарғақ тәрізді қабыршақты жапырақтармен жабылған, олардың қолтықтарында қысқарған сабақтары жапырақтарымен орналасады. Әдетте мұндай жапырақтар 2-5-тен топтасып орналасады. Аналық стробилдері 2-3 жылда пісіп жетіледі.

БОР флорасында 15 түрі, ал Қазақстан флорасында 2 түрі кездеседі. Кәдімгі қарағай (сосна обыкновенная - Pinus sylvestris) БОР европалық бөлігінде кеңінен таралған, Сібірде Охот теңізіне дейін; Батыс Европада Скандинава жартылай түбегінен Пиреней мен Балқанға дейін жетеді. Құмды және жартылай құмды топырақтарда көп жағдайда орман түзеді. Сонымен бірге шыммтезек мүктері басқан батпақтарда (аласа формалары), ал оңтүстікте - известі және борлы жаталарда өседі. Ағашын құрлыс жұмыстарына және әртүрлі бұйымдар жасауға пайдаланады. Діңінен сағыз (живица) алады, одан айыру жұмыстарын жүргізу арқылы (при перегонке) корабль жасауға қажетті смола, канифоль, скипидар алады. Қылқанында көп мөошерде аскорбин кислотасы (витамин С) болады. Жас өркендерін дәрі жасауға пайдаланады, ал тозаңдарын медицинада плаунның спораларының орнына қолданалады. Сібір қарағайы (сосна сибирская, или сибирская кедровая сосна - Pinus sibirica) — діңі үлкен болып келетін, Сібірдің барлық жерінде және Монғолияда кеңінен таралған ағаш. БОР территориясында орман түзеді (кедрачи). Қылқандары бесеуден топтасып орналасады. Аналық стробилдері тік орналасады, тұқымдары (жаңғақшалары) ұрықтанғаннан кейін, екінші жылы күзде піседі. Жаңғақшалары пісіп жетілгенмен стробилдері ашылмайды. Дәнінің қанатшасы болмайды, спермодермасы қатты болып келеді. Күнделікті өмірде дәндерін кедр жаңғакшасы деп атайды, оларды тамаққа және май алуға пайдаланады. Діңінен құңды ағаш, смоласынан скипидар және канифоль алынады. Жатаған кедр (кедровый стланник - P. рumela) жерге төселіп өтетін бұта немесе кішілеу ағаш. Шығыс Сібірде, Куриль аралдарында, Жапонияда өседі. Үлкен кеңістікті алып жататын бұталы, қалың қопа (тоғай) түзеді. Оны терісі құнды аңдар: тиіндер және бұлғындар мекендейді. Дәні жеуге келеді. Паллас қарағайы (сосна паласса- P.pallasiana) Кырымда, Закавказьенің батысында, кіші Азияда және Балканда орман түзеді. Пицунд қарағайы (сосна писундская - P.pithynsa), БОР территориясында Пицунда мысында өседі, реликті түр болып табылады.


Кипаристер қатары — Cupressales
Бұл қатар мынадай екі тұкымдастан тұрады: таксодилер (таксодовие - Taxodiaceae) және кипаристер (кипарисовые Cupressaceae).
Кипаристер тұқымдасы (Cupressaceae).
Бұл тұқымдаска 20 туыс, 145-тей тұр жатады. Жер бетінің барлық құрлықтарында кездеседі. Ағаштар мен бүұалар болып келеді. Жапырақтары қабыршақ тәрізді (чешуевидные), сиректеу ине тәрізді. Ағашында смола жолдары болмайды. Смола арнайы маманданған клеткаларда жиналады. Аталық стробилдері жалғыздан болады, тозаңының ауа қуыстары болмайды. Аналық стробилінің қабыршақгары сүректенген, көн тәрізді немесе шырынды болып келеді.

Арша туысы (можжевельник- Juniperus). Солтүстік ендікте Арктикадан Субарктикаға дейін аршаның 70-тей түрі өседі. Бірнеше түрі тропикалық аймақтың тауларында кездеседі. Кішілеу ағаштар немесе бұталар. Жапырақтары ине тәрізді немесе қабыршақ тәрізді (чешуевидные) болып келеді. Аналық стробилінің қабыршақгары (чешуйки) етженді, шырынды бүршік (шишкоягода) түзеді. Мұндай шырынды бүршіктер екі жылда пісіп жетіледі. Ағашын әртүрлі мақсатта пайдаланады. Өркендерінде улы болып келетін эфир майы сабиноль алады. Ол медицинада қолданылады. БОР флорасында 21 түрі, ал Қазақстан флорасыңда 10 түрі кездеседі. Кәдімгі арша (можевельник обыкновенный – L. communis) Подольскеде шыршалы және қарағайлы ормандарда өседі Жапырақтары ине тәрізді, үшеуден топтасып орналасады. Ұзақ жылдар бойы сақталады, тіптен 2 мың жылға дейін өмір сүреді. Қызыл арша (можжевельник красный - J.oxycedras) мен биік арша (можжевельник высокий - J.excelsa) Кырымда өседі. Орта Азияның тауларында Заравшан аршасы (можжевельник заравшвнский - J.seravschanica), сауыр аршасы (можжевельник плоушаровидный - J.semiglobosa), Түркістан аршасы (можжевельник туркестанский - J. turkestanica) және басқалар орман түзеді.
Бақылау сұрақтары:

  1. Қылқан жапырақтылар мен гнеталардың көбеюі, даму процестері қалай өтеді?

  2. Қандай ұқсастықтары мен айырмашылықтары бар?

  3. Қылқан жапырақтылардың таралуы мен маңызы


Қолданылған әдебиеттер:

  1. Жуковский П.М. «Ботаника» М., 1964 жыл, 308-322 беттер.

  2. Петренко А.З. «Систематика растений» электрондық нұсқасы Орал, 2004 жыл

  3. Богданов «Практические занятия по систематике растений» С. 80, 41 сурет.

  4. Мейер «Практический курс морфологии и систематики высших растений»

  5. Тарасов А.О. «Введение в изучение систематики высших растений» Саратов., 1963 жыл


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет