Жаратылыстану-математика факультетінің деканы


Сабақ мазмұны мен кестесі



бет2/15
Дата17.06.2018
өлшемі1,4 Mb.
#42451
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

2.4. Сабақ мазмұны мен кестесі


1 жұма:

Дәріс 1

Тақырыбы: Прокариоттар, микроағзалар, дробянкалар, нағыз бактериялар. Систематикаға кіріспе.

Дәріс мазмұны: Микробиология – микроскопиялық ағзалардың морфологиясын, физиологиясын, биохимиясын, өсуін, дамуын, өзгеруін және тұқымқуалауын зерттейді. Бактериальді ағзалардың пішіні мен көлемі, олардың жіктелуі. Миксобактериялар, сабақтәрізді бактериялар, риккетсии, вирустар, бактериофагтар.

СМЖӨЖ мазмұны:

Микробтардың табиғаттағы зат айналымындағы, адам өміріндегі, өндірістегі, жанғыш материалдардың дамуындағы ролі. Микроағзалардың жұқпалы ауру қоздырғышы ретінде кері әсері.



СӨЖ мазмұны:

Микроағзалардың даму тарихы, вирустардың ашылу тарихы. Микробиология мақсаты.

Әдебиеттер: Генкель П.А. «Микробиология с основами вирусологии» М., 1974, 4-28, 41-58 беттер.
Контакт сағат 2

Дәріс 2

Тақырыбы: Микроағзалардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы.

Дәріс мазмұны: Ауаның, судың, топырақтың, теңіздің және мухиттың микрофлорасы. Олардың табиғаты және адам өміріндегі маңызы. Вирустардың пішіні, антигендік құрылымы. Өсімдіктерде инфекциялық аурулар таралуы жолдары. Бактериофаг, олардың пішіні.

СМЖӨЖ мазмұны:

Берджи, Мишустин бойынша бактериялардың жіктелуі. Бактерофагтардың пішіні.



СӨЖ мазмұны:

Адамға жұғатын кейбір вирустар, олардың алдын алу жолдары.


Контакт сағат 2

Лабораториялық жұмыс 1

Тақырыбы: Бактериялардың ішкі қалыптасуы.

Лабораториялық жұмыстың мазмұны: Бактериальдық жасушаның қабықшасын, митохондриясын, бактерия талшықтарын, фибрииларды, ядросын, қор заттарын зерттеу.

СМЖӨЖ мазмұны:

Бактериялардың көбеюімен танысу және олардың ролі, споратүзуі.



СӨЖ мазмұны:

Пайдалы және зиянды микроағзалардың көбеюі мен дамуын зерттейтін ғылым ретінде микробиология баға беру. Пайдалы микроағзаларды пайдағы асыру жолдары және зиянды микроағзалармен күресу жолдары.

Әдебиеттер:


  1. Генкель П.А. «Микробиология с основами вирусологии» М., 1974, 126-133 беттер.

  2. Петренко А.З. «Систематика растений» электрондық нұсқасы Орал, 2004 жыл. Бактериялар типі.

Техникалық жабдықтау: компьютер, микроскоптар, таблицалар, микропрепараттар.
2 жұма:

Контакт сағат 4

Дәріс 3

Тақырыбы: Өсімдіктер әлемінің алуан түрлілігі. Балдырлар.

Дәріс мазмұны: Өсімдіктер әлемін жіктеудегі филогенетикалық әдіс. Бұрынғы ғасырдағы флористикалық құрамның қысқаша тарихы. Теофраст, П. Линней, К. Линней. Өсімдіктердің филогенетикалық байланысының қазіргі заманға сай көзқарас. Өсімдіктердің жіктелуі: төменгі сатылы – талломды өсімдіктер және жоғарғы сатылы – жапырақсабақты түрлер. Балдырлар және олардың жіктелуі. Алтын тәрізді, пирофиттер, эвгленді және диатомды балдырлар.

СМЖӨЖ мазмұны:

Осцилатория мен ностоктың көбеюімен және таралуымен танысу.



СӨЖ мазмұны:

Пинулярия мен мелозираның көбеюімен және таралуымен танысу.



Әдебиеттер:

  1. Жуковский П.М. «Ботаника» М., 1964 жыл, 236-238, 250-251 беттер.

  2. Петренко А.З. «Систематика растений» электрондық нұсқасы Орал, 2004 жыл 5-7, 14-15 беттер.

  3. Горбунов Н.П. «Малый практикум по низшим растениям» М.,

  4. Гордеева Т.Н. «Практический курс по систематике растений» М.,

  5. Ә.Ә.Әметов «Ботаника», Алматы 2000


Контакт сағат 5

Дәріс 4

Тақырыбы: Жасыл, қоңыр және қызыл балдырлар.

Дәріс мазмұны: Жасыл балдырлардың жынысты және жыныссыз көбеюі, олардың 3 топқа бөлінуі. Қоңыр балдырлар: теңталшықты, хара және сцепленок. Оларға қысқаша сипаттама. Изогенераттық класы – спорофиті және гаметофиті бірдей; цистосоралы класы – ұрпақ алмасуы байқалмайды. Гетерогенеаттық класы – спорофиті басым. Қызыл балдырлар.

СМЖӨЖ мазмұны: Хломидоманада, вольвокс, хлорококк, су торшасы және улотрикстің көбеюімен, таралуымен және маңызымен танысу.

СӨЖ мазмұны:

Балдырлардың филогенетикалық байланысын зерттеу.


Контакт сағат 6

Лабораториялық жұмыс 2
Тақырыбы: Көкжасыл, диатомды және жасыл балдырлар.

Лабораториялық жұмыстың мазмұны: Микроскоп арқылы осцилатория, носток, пинулярия, мелозира, хломидоманада, вольвокс, хлорококк, су торшасы және улотрикстің қарап, құрылысына сипаттама беру. Жұмысты СМЖӨЖ және СӨЖ ретінде жалғастыру.
Бақылау сұрақтары:

  1. Көк жасыл балдырлар қандай белгілерімен ерекшеленеді? Олардың құрылысы және жіктелуі.

  2. Носток және осцилаторияның құрылысында қандай ерекшеліктер бар? Таралу ерекшеліктері.

  3. Диатомды балдырлардың ерекшеліктері және жіктелуі.

  4. Вольвокс және хломидоманаданың құрылысы және таралуы.

  5. Хлорококк пен су торшасының маңызы мен таралуы.

  6. Улотрикстің таралуы, құрылысы және маңызы.


3 жұма:

Контакт сағат 7

Дәріс 5
Тақырыбы: Саңырауқұлақтар: Архимицеттер және фикомицеттер.

Дәріс мазмұны: Саңырауқұлақтар: хлорофилсіз, гетеротрофты, сапрофитті және паразитті формалар. 5 топқа бөлінеді. Архимицеттер класы – ең көп тараған мицелиінен айырылған. 2 класс астына бөлінеді. 1) оомицеттер. Оларға сапролегния, фитолегния. 2) зигомицеттер – зең саңырауқұлағы жатады. Фикомицеттер 2 класқа бөлінеді: оомицеттер: сапролегния, фитофтор; зигомицеттер: зең саңырауқұлақ қатары.

СМЖӨЖ мазмұны: Клас асты оомицеттер: оның өкілдері: сапролегния, фитофтормен танысу. Саңырауқұлақтардың қоректенуі мен күресу жолдарымен танысу.

СӨЖ мазмұны:

Зигомицеттер клас/астындағы зең саңырауқұлағымен танысу.



Әдебиеттер:

  1. Жуковский П.М. «Ботаника» М., 1964 жыл, 259-269 беттер.

  2. Петренко А.З. «Систематика растений» электрондық нұсқасы Орал, 2004 жыл 20-23 беттер.


Контакт сағат 8

Дәріс 6

Тақырыбы: Аскомицеттер немесе қалталы саңырауқұлақтар.
Дәріс мазмұны: Аскомицеттер қатары аско-қалталар түзеді және 2 класс астына бөлінеді. Ашытқы саңырауқұлақтар. Кл/асты жеміс қалталылар: оларға плектаскалар: пеницилл, аспергилл жатады. Пиромицеттер туысы – спорыня. Диксомицеттер туысы – склероций. Трюфельдер туысы – трюфель.

СМЖӨЖ мазмұны:

Аспергилл және пеницилл туысымен танысу, сонымен бірге спорынямен танысу.



СӨЖ мазмұны:

Диксомицеттер туысы – склероций. Трюфельдер туысы – трюфель.


Контакт сағат 9

Лабораториялық жұмыс 3

Тақырыбы: Зең саңырауқұлағы, алғашқы қалталылар, плектаскалар.

Лабораториялық жұмыстың мазмұны:

Зең саңырауқұлақтары. Алғашқы қалталылар. Плектаскалар. Микроскоппен қарап, суретін салып және құрылысына сипаттама беру. Зең саңырауқұлағы, ашытқы саңырауқұлағы, аспергилл және пеницилл. Жұмысты СМЖӨЖ және СӨЖ ретінде жалғастыру.



Бақылау сұрақтары:

  1. Зигомицеттер қандай белгілерімен ерекшеленеді?

  2. зең саңырауқұлақтарының құрылысы мен көбеюі.

  3. Аскомицеттердің жіктелуі және жалпы сипаттамасы.

  4. Аскомицеттерге қандай жеміс денелері тән?

  5. Ашытқы саңырауқұлақтарының клеткалары қандай құрылысқа ие? Олар қалай көбейеді

  6. Аспергилл мен пеницилдің айырмашылығы.

Әдебиеттер:

  1. Жуковский П.М. «Ботаника» М., 1964 жыл, 269-280 беттер.

  2. Петренко А.З. «Систематика растений» электрондық нұсқасы Орал, 2004 жыл 23-25 беттер.

  3. Горбунов Н.П. «Малый практикум по низшим растениям» М.,

  4. Гордеева Т.Н. «Практический курс по систематике растений» М.,


4 жұма:

Контакт сағат 10

Дәріс 7

Тақырыбы: Базидиомицеттер. Жалған саңырауқұлақтар.

Дәріс мазмұны: Базидиалды саңырауқұлақтар, спора түзуші – базидия. Кл/асты. Холобазидиальды саңырауқұлақтар: экзобазидиальды саңырауқұлақтар, гименомицеттер. Плектаскалар тұқымдасы: түлкіжем, рыжиктер, грузд, волнушкалар; трутовиктер: трутовик, ақ саңырауқұлақ, аққайың саңырауқұлағы. Гастромицеттер қатары.

СМЖӨЖ мазмұны:

Фрагмобазидиомицеттер класс/асты головнялар қатары: бидай головнясы, устиляго туысы.



СӨЖ мазмұны:

Жалған саңырауқұлақтар қатары. Олардың шаруашылықтағы маңызы.



Әдебиеттер:

  1. Жуковский П.М. «Ботаника» М., 1964 жыл, 280-294 беттер.

  2. Петренко А.З. «Систематика растений» электрондық нұсқасы Орал, 2004 жыл 25-29 беттер.


Контакт сағат 11

Дәріс 8

Тақырыбы: Қыналар.

Дәріс мазмұны:

Симбиозды тіршілік ететін саңырауқұлақ және балдыр бірігіп бір өсмдік – қынаны құрайды. Гомогенді қына – коллема; гетеромерлі қыналар – пармелия, кладония, цетрария. Олардың халық шаруашылығындағы маңызы.



СМЖӨЖ мазмұны:

Қыналардың анатомиялық құрылысы, қыналардың гомомерлі және гетерогемінің негізгі айырмашылықтары.



СӨЖ мазмұны:

Қыналардың жалпы экологиялық және шаруашылық маңызы.


Лабораториялық жұмыс 4

Тақырыбы: Базидиалды саңырауқұлақтар.

Лабораториялық жұмыстың мазмұны:

Базидиалды саңырауқұлақтар. Трубкалы және пластинкалы гименифорлары бар жеміс қалтасының құрылысын қарау. Жеуге жарамды және жарамсыз саңырауқұлақтардың ерекшеліктері. Біздің флораға тән базидиалды саңырауқұлақтар. Жұмысты СМЖӨЖ және СӨЖ ретінде жалғастыру.



Бақылау сұрақтары:

  1. Микориза, гифа, гимений, гименифор, жеміс қалтасы дегеніміз не?

  2. Жеуге жарамды және жарамсыз саңырауқұлақтардың ерекшеліктері.

  3. гомомерлі және гетеромерлі қыналардың құрылысының ерекшелері.

  4. Саңырауқұлақтардың және қынаның табиғаттағы маңызы.

Әдебиеттер:

  1. Жуковский П.М. «Ботаника» М., 1964 жыл, 292-297 беттер.

  2. Петренко А.З. «Систематика растений» электрондық нұсқасы Орал, 2004 жыл 25-30 беттер.

  3. Васильев Грибы.

Техникалық жабдықтау: Гербарий, таблицалар, муляждар.
5 жұма:

Контакт сағат 13

Дәріс 9

Тақырыбы: Жоғарғы сатылы өсімдіктер. Дамуының гаметофитті сызығы.

Дәріс мазмұны:

Жоғарғы сатылы өсімдіктердің анатомиялық және морфологиялық құрылысының ерекшеліктері. Жоғарғы сатылы өсімдіктердің дамуының филогенетикалық жолы: гаметофиттік және спорофиттік даму сызығы. Жоғарғы сатылы өсімдіктердің шығу тегі туралы гипотезалары. Мүк тәрізділердің құрылыс ерекшелігіндегі гаметофит басымдылығы.



СМЖӨЖ мазмұны:

Маршанцияның анатомиялық құрылысы мен даму циклі. Гаметофит басымдылығы мен спорофиттің редукцияға ұшырауы. Олардың вегетативтік көбеюі. Аналық және аталық подставкасының құрылысы мен спорофиті.



СӨЖ мазмұны:

Бауырмүгі класы, қатарларының ұқсастығы мен ерекшеліктері: маршанциялар және юнгерманиялар.



Әдебиеттер:

  1. Жуковский П.М. «Ботаника» М., 1964 жыл, 297-304 беттер.

  2. Петренко А.З. «Систематика растений» электрондық нұсқасы Орал, 2004 жыл 31-37 беттер.


Контакт сағат 14

Дәріс 10

Тақырыбы: Жапырақсабақты мүктер.

Дәріс мазмұны:

Жапырақсабақты мүктердің дамуымен құрылысының ерекшеліктері. Жапырағы мен сабағының болуы, олардың редукцияға ұшырауы және спорофиттік мамандануы. Сфагнум, көкек зығыры, андреев мүгі.



СМЖӨЖ мазмұны:

Сфагнум мүгінің анатомиялық және морфологиялық құрылысының ерекшелігі. Оның даму циклі.



СӨЖ мазмұны:

Мүктәрізділердің филогенетикалық байланысы. Олардың шаруашылықтағы маңызы.


Контакт сағат 15

Лабораториялық жұмыс 5

Тақырыбы: Жапырақсабақты мүктер.

Лабораториялық жұмыстың мазмұны:

Көкек зығырының даму цикліне сипаттама беріп, суретін салу. Антеридиі және архегониі, спорангиі және протонемасының құрылысының ерекшеліктері. Сфагнумның анатомо-морфологиялық ерекшелігі: жапырағының құрылысы, спорангия, протонемасы. Жұмысты СМЖӨЖ және СӨЖ ретінде жалғастыру.



Бақылау сұрақтары:

  1. Мүк тәрізділерге қандай белгі тән?

  2. Маршанцияның талломының құрылысы.

  3. Маршанцияның ұрпақ алмасу.

  4. Шилоспифустың талломының құрылысы.

  5. Жапырақсабақты мүктің айырмашылығы.

  6. Көкек зығырының ұрпақ алмасуы.

  7. Маршанция мен көкек зығырының спора таралуының айырмашылығы.

  8. Сфагнум мен көкек зығырының сыртқы құрылысы мен өсу ерекшеліктері.

  9. Мүктәрізділердің таралуы мен маңызы.

Әдебиеттер:

  1. Жуковский П.М. «Ботаника» М., 1964 жыл, 300-308 беттер.

  2. Петренко А.З. «Систематика растений» электрондық нұсқасы Орал, 2004 жыл 34-39 беттер.

  3. Богданов «Практические занятия по систематике растений» С. 77, 40 сурет.

  4. Мейер «Практический курс морфологии и систематики высших растений» 8 бет: 1-2; 7 суреттер, 15 бет: 11-12, 16-17, 13 суреттер; 18 бет: 15-16 суреттер; 36 бет: 36 сурет; 43 бет: 43 сурет; 46 бет: 47 сурет; 50 бет: 51 сурет; 63 бет: 59 сурет.

  5. Тарасов А.О. «Введение в изучение систематики высших растений» Саратов., 1963 жыл, 39 бет: 18 сурет; 41 бет: 19 сурет; 43 бет: 20 сурет; 46 бет: 23 сурет; 56 бет: 29 сурет; 8 бет: 3 сурет; 58 бет: 30 сурет; 59 бет: 31 сурет.

6 жұма:

Контакт сағат 16

Дәріс 11

Тақырыбы: Папоротниктәрізділер.

Дәріс мазмұны:

Дамуындағы спорофитті сызығы. Папоротниктәрізділердің морфологиялық және анатомиялық құрылысы. Спорофитінің дамуы және гаметофитінің редукцияға ұшырауы. Макрофильді және микрофильді даму сызығы. Псилофиттәрізді, псилоттәрізді, плаунтәрізділерге сипаттама беру. Дамуындағы ерекшеліктері.



СМЖӨЖ мазмұны:

Плаунның сыртқы түрі. Спора түзуші масағы мен плаун мен селагинелланың өскінінің құрылысының ерекшеліктері. Плаун мен селагинелланың даму циклі мен көбеюіне сипаттама беру.



СӨЖ мазмұны:

Қырықбуын мен оның споратүзуші масағының құрылысының морфологиялық ерекшелімен танысу. Оның даму циклі және өскініннің пайда болуы мен дамуы. өскіндерінің қоректену тәсілі, ерекшеліктері.



Әдебиеттер:

  1. Жуковский П.М. «Ботаника» М., 1964 жыл, 308-322 беттер.

  2. Петренко А.З. «Систематика растений» электрондық нұсқасы Орал, 2004 жыл 40-45 беттер.

  3. Богданов «Практические занятия по систематике растений» С. 80, 41 сурет.

  4. Мейер «Практический курс морфологии и систематики высших растений» 70 бет: 64; 75 бет: 75 сурет.

  5. Тарасов А.О. «Введение в изучение систематики высших растений» Саратов., 1963 жыл, 39 бет: 64 бет: 33 сурет, 69 бет: 36 сурет, 110 бет: 70 сурет. Таблицалар микроскоптар.


Контакт сағат 17

Дәріс 12

Тақырыбы: Клиножапырақтылар және папоротниктер.

Дәріс мазмұны: қырықбуын және клиножапырақ тәрізділердің өзіне тән құрылысы спорофилдің құрылысының ерекшелігі және даму циклі. Папоротник тәрізділердің гаметофитінің қарапайымдылығының жалғасуы. әртүрлі споралы папоротниктер: сальвиния және марсилия. Папоротник тәрізділердің филогенетикалық байланысы және олардың маңызы.

СМЖӨЖ мазмұны:

Сальвинияның морфологиялық құрылысы. Суда өсетін папоротниктердің даму циклінің ерекшеліктері. Аналық және аталық өскін, микроспора және аталық өскін, оның редукцияға ұшырауы.



СӨЖ мазмұны:

Тұқымды папоротниктер. Олардың филогенетикалық байланысы жөнінде әртүрлі көзқарастар. Олардың папоротниктәрізділермен ұқсастығы.


Контакт сағат 17

Лабораториялық жұмыс 6

Тақырыбы: Теңспоралы папоротниктер.

Лабораториялық жұмыстың мазмұны:

Нағыз папоротниктердің сыртқы құрылысымен танысу, жапырағындағы сорусын қарау, одан кесінді жасап, спорангиін қарау. Папоротниктің өскінін, антеридиін және архегониін қарап, суретін салу. Орляк тамырынан кесінді жасап, қарау. Жұмысты СМЖӨЖ және СӨЖ ретінде жалғастыру.



Бақылау сұрақтары:

  1. Папоротник тәрізділердің мүк тәрізділерден айырмашылығы. Папоротник тәрізділердің жіктелуі.

  2. Плаунның жыныссыз ұрпағының құрылыс ерекшеліктері.

  3. Плаунның спора түзуші масағының селагинеладан айырмашылығы.

  4. олардың даму циклінің айырмашылығы.

  5. қырықбуынның құрылысының ерекшеліктері.

  6. Плаун мен қырықбуынның спора түзуші масағының айырмашылығы.

  7. Плаун мен селагинеланың өскіндерінің айырмашылығы.

  8. Плаун мен қырықбуынның таралуы және практикалық маңызы.

Әдебиеттер:

  1. Жуковский П.М. «Ботаника» М., 1964 жыл, 308-332 беттер.

  2. Петренко А.З. «Систематика растений» электрондық нұсқасы Орал, 2004 жыл 41-48 беттер.

  3. Тарасов А.О. «Введение в изучение систематики высших растений» Саратов., 1963 жыл, 127 бет: 84 сурет; 128 бет: 85 сурет; 131 бет: 85 сурет; 133 бет: 88 – 89 сурет;


Техникалық жабдықтау: Гербарий, таблицалар, микропрепараттар.
7 жұма:

Контакт сағат 19

Дәріс 13

Тақырыбы: Жалаңаш тұқымдылар.

Дәріс мазмұны: Тұқымды өсімдіктер. Жалаңаш тұқымдылардың құрылысының ерекшеліктері және дамуы. Жаңа мүшенің пайда болуы – тұқым, гаметофиттің редукцияға ұшырауы, анатомиялық құрылысының күрделенуі. Жалаңаш тұқымдылардың көбею процесі. Мысалға кәдімгі қарағай. Аналық және аталық тұқым бүрінің ерекшеліктері. Кластарының даму циклінің ерекшеліктері: саговник, қылқанжапырақтылар және жабық тұқымды өкілдері.

СМЖӨЖ мазмұны:

Беннетит және Гингколар қатары. Беннетиттің қос жынысты тұқымбүрімен танысу, даму циклімен танысу. Гинкго жапырағының морфологиялық құрылыс ерекшеліктерімен танысу. Саговник пен гинкгоның тұқымбүрін және даму циклін салыстырып қарау.



СӨЖ мазмұны:

Қылқан жапырақтылар қатары. Қарағайдың морфологиясы. Аналық және аталық тұқымбүрдіңкескінін қарау. Қарағайдың тұқымбүрінің құрылысы. Олардың даму циклінің ерекшеліктерімен танысу.



Әдебиеттер:

  1. Жуковский П.М. «Ботаника» М., 1964 жыл, 332-343 беттер.

  2. Петренко А.З. «Систематика растений» электрондық нұсқасы Орал, 2004 жыл Бөлімдер: саговниктер, замиелар, бенннетиттер, кейтондар, гинкголар, кордиаттар, қылқан жапырақтылар.


Контакт сағат 20

Дәріс 14

Тақырыбы: Жалаңаш тұқымдылар. Шишкалылар.

Дәріс мазмұны: Қылқан жапырақтылар қатары. Кордиаттар, қылқан жапырақтылар. Тұқымдастарға сипаттама беру: Тисалар, қарағайлар, араукариелар, таксодиелар, кипаристер, және олардың филогенетикалық байланысы.

СМЖӨЖ мазмұны: Эфердралар және гнеталар қатары. Эфедраның сыртқы құрылысы. Микро және макроспорофилінің айырмашылығы. Гаметофитінің редукцияға ұшырауы. Гнеталар. Тұқым бүрінің құрылысының ерекшеліктері.

СӨЖ мазмұны:

Нарцистің тұқым бүрі.

Жалаңаш тұқымдылардың жабық тұқымдыларға өтуі. Нарцистің тұқым бүрінің айырмашылығы. Жабық тұқымды өсімдіктердің қосарланған ұрықтану. Жалаңаш тұқымдылар мен жабық тұқымдылардың ұқсастығы мен айырмашылығы. Тұқым бүрлері: саговник, қарағай және нарцисті салыстыру. Олардың эволюциясы. Саговник, беннетит, эфедра және гнета, магнолияның ұқсастығы және айырмашылығы, эволюциясы.

Әдебиеттер:


  1. Жуковский П.М. «Ботаника» М., 1964 жыл, 332-356 беттер.

  2. Петренко А.З. «Систематика растений» электрондық нұсқасы Орал, 2004 жыл 60-71 бет.

Контакт сағат 21

Лабораториялық жұмыс 7

Тақырыбы: Жалаңаш тұқымдылар. Саговниктер класы.

Лабораториялық жұмыстың мазмұны:

Саговниктердің морфологиялық құрылысына сипаттама беру және суретін салу. Спорангилі мегоспорофилл. Синангилі микроспорофилл. Саговниктің тұқым бүрінің кесіндісі және оның құрылысы. Ұрықтану процесі және өскіннің дамуы. Жұмысты СМЖӨЖ және СӨЖ ретінде жалғастыру.



Бақылау сұрақтары:

  1. Жалаңаш тұқымдылардың пайда болу уақыты мен жағдайы.

  2. Жалаңаш тұқымдылардың қандай жаңа ерекшеліктері пайда болды.

  3. Жалаңаш тұқымдылардың жіктелуі.

  4. Жалаңаш тұқымдылардың дамуы қандай жолдардан өтті.

  5. Беннетиттің ерекшеліктері

  6. Макрофилді дамуына сипаттама беру.

  7. Қылқан жапырақтылардың таралуы мен маңызы.


Әдебиеттер:

  1. Жуковский П.М. «Ботаника» М., 1964 жыл, 332-343 беттер.

  2. Петренко А.З. «Систематика растений» электрондық нұсқасы Орал, 2004 жыл

  3. Тарасов А.О. «Введение в изучение систематики высших растений» Саратов., 1963 жыл, 140, 141 бет: 97 сурет; 140-141 бет: 44 сурет. Таблицалар, гербарилар.

  4. Курсанов Л.И. и др., М., 1951 жыл. 163-185 бет.


8 жұма:

Контакт сағат 22

Дәріс 15

Тақырыбы: Жабық тұқымдылар.

Дәріс мазмұны: Жабық тұқымдылардың пайда болу теориясы: псевданация, эванция, гибридация қағидалары. Жаңа мүше – гүлдің пайда болуы. Дара және қосжарнақтылардың филогенетикалық байланысы. Тахтаджянның филогенетикалық кестесі. Магнолиялардың өкілдері: магнолия, анондар, лаврлар.

СМЖӨЖ мазмұны: Сарғалдақ, тұңғиық, хамел тұқымдастары жабық тұқымдылардың филогенетикалық бұтағының негізі болып табылады.

СӨЖ мазмұны:

Хамелия гүлділер қатарынан тарағандар.

Қалақайлар (крапива), казауриндар, шамшаттар (буковые), қайыңдар және жаңғақ гүлділердің хамел гүлділерден тараған филогенетикалық байланысы және ерекше белгілері. Осы тұқымдастардың кейбір өкілдері.

Әдебиеттер:


  1. Жуковский П.М. «Ботаника» М., 1964 жыл, 453-470 беттер.

  2. Петренко А.З. «Систематика растений» электрондық нұсқасы Орал, 2004 жыл 78-98 беттер.

Контакт сағат 23

Дәріс 16

Тақырыбы: Дилена тұқымдастарынан тараған қатарлар.

Дәріс мазмұны: Дилена тұқымдастарынан тараған қатарларға сипаттама:

Шай, тамарикалес, талдар (ивовые), құлқайырлар (мальвовые), вересковые, первоцветные. Жеке өкілдеріне сипаттама беру және олардың маңызымен танысу.



СМЖӨЖ мазмұны: Раушангүлдер, мальвалар және бұршақ тұқымдастарының өкілдерімен танысу.

СӨЖ мазмұны:

Қалампыр және таран тұқымдастарымен танысу.



Контакт сағат 24

Лабораториялық жұмыс 8

Тақырыбы: Өсімдіктерді анықтау әдісі.

Лабораториялық сабақтың мазмұны: В.В. Ивановтың өсімдіктерді анықтайтын кітапшасын, Флора СССР және Флора Казахстана алып, сарғалдақ және раушангүл тұқымдастарының өкілдерін алып анықтау. Әр студент өзі анықтауды үйренуі керек. Жұмысты СМЖӨЖ және СӨЖ ретінде жалғастыру.

Әдебиеттер:

  1. Жуковский П.М. «Ботаника» М., 1964 жыл, 452-510 беттер.

  2. Петренко А.З. «Систематика растений» электрондық нұсқасы Орал, 2004 жыл 77-113 беттер.

  3. Определители В.В.Иванова, Флора СССР и Флора Казахстана.


9 жұма:

Контакт сағат 25

Дәріс 17

Тақырыбы: Кунондар қатары, олардан пайда болғандар.

Дәріс мазмұны: Кунондар қатары, олардан пайда болған дилениегүлділер, басқа қатардың пайда болуына бастама берген. Рутогүлдер, сапиндовиелар, герангүлдер; дерендер және аралиелар; крушиногүлдер, горечавкалар, мареногүлдер; палимонигүлдер,

СМЖӨЖ мазмұны:

Цисталес қатарынымен танысу және олардың филогенетикалық. Тамарикалес, капаридалес, пассифлроалес және ивогүлдер.



СӨЖ мазмұны:

Мирталес пен бересклетгүлдердің өкілдерімен танысу.



Әдебиеттер:

  1. Жуковский П.М. «Ботаника» М., 1964 жыл, 477-486, 512-520 беттер.

  2. Петренко А.З. «Систематика растений» электрондық нұсқасы Орал, 2004 жыл 96-10, 102-104, 115-129 беттер.


Контакт сағат 26

Дәріс 18

Тақырыбы: Астрагүлдер қатары.

Дәріс мазмұны: Қосжарнақтылардың ішіндегі ең жас қатар болып табылады, 1000 туыс және 20000 түр жатады. Екі тұқымдас астына бөлінеді. Гүлдері гүлшоғырына жиналған және редукцияға ұшыраған. Сүтті шырынында каучук және смола болады.

СМӨЖ мазмұны: Шәй, Мальвогүлдер, Цисталес және Ефорбиелармен танысу.

СӨЖ мазмұны: Рутогүлдер, Сапиндалар және герангүлдермен танысу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет