Жаратылыстану-математика



бет17/24
Дата31.12.2019
өлшемі1,22 Mb.
#55050
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   24

Дәріс мазмұны:


  1. Ерекше қорғалатын табиғи территориялар қызметі, маңызы, анықтамасы.

  2. Қорықтар мен қорықшалар. ҚР-ның қорықтары.

  3. Табиғат ескерткіштері, ұлттық парктер, олардың экологиялық тепе-теңдікті сақтаудағы маңызы.

  4. ҚР-ның ЕҚТТ-ы. БҚО-ның қорықшалары.




  1. Ерекше қорғауға алынған аймақтар, олардың маңызы және түрлері.

  2. Қазақстандағы қорықтарға сипаттама.

Дәрістің мақсаты: Ерекше қорғауға алынған аймақтардың түрлері мен маңызына тоқталу.

Негізгі сөздер: қорықтар, табиғат ескерткіштері, ұлттық парктер.
1. Техносфераның биосфераға жасайтын қысымының маңызды көрінісі – табиғи экожйелердің кедейленуі, яғни, биоалуантүрлілігінің кемуі болып табылады.

Биоалуантүрлілік тек маңызды шаруашылық ресурсы ғана емес, ол биосфераның тіршілік етуінің шарты болып табылады.

1992 ж. Рио де Жанейрода өткен БҰҰ конференциясында қабылданған үш арнайы Мәлімдемелер мен Конвенциялардың екеуі биологиялық ресурстар мен биологиялық алуантүрлілікті сақтаусыз тұрақты даму мүмкін емес екенін көрсетті. Қазір адамның азық-түлігі ретінде қолдануға бірнеше мың түрлер белгңлң. Бірақ іс жүзінде өсімдіктер мен жануарлардың 200-250ден аспайтын түрлері пайдаланады. Ауылшаруашылық өнімдерінің басым көпшілігі 12-15 өсімдік береді. Биоалуантүрлілілік – адамзатты шексіз ұзақ уақыт бойы энергетикалық, техникалық және басқа ресурстармен қамтамассыз етудің жалғыз көзі. Қарапайым жүйелердің тіршілігін сақтау үшін көп энергия жұмсау қажет. Мысалы, қышқылдық жаңбырлардың әсерінен тіршілігі жойылған су қоймасы сырттан табиғи күйге келтіретін энергия жұмсалмаса қалдықтардың қоймасына айналады. Жердің геологиялық тарихында бір түрлер жойылып, басқалар олардың орнын басып отырған. Биосфераның жасы ұлғайған сайын түрлердің саны да артып отырады. Адамның геологиялық күшке айналуынан бастап жеке түрлердің жойылу жылдамдығы эволюциялық табиғи құбылыспен салыстыруға келмейтін жылдамдықпен жүре бастады.

Халық санының өсуіне байланысты барлық негізгі табиғи бірлестіктердің бөліктерін бастапқы түрінде сақтап қалудың маңызы артып отыр. Табиғатты қорғаудың маңызды формаларының бірі – ерекше қорғауға алынған территориялар. Осындай территориялардың түрлері көп: қорықтар, қорғалымдар, табиғат ескерткіштері, ұлттық және табиғат саябақтары, ботаникалық бақтар, биосфералық резерваттар. Қорықтар – табиғатты қорғаудың бір түрі. Қазіргі кезде қорықтық территориялар Жер шарының шамамен 1,6-2,0% -ын құрайды. Дүние жүзіндегі ең ірі ұлттық саябақ Гренландияда. Оның ауданы 7 млн. га.

Қорықтар – толық қорғаудың жетілдірілген түрі, себебі, оған табиғи комплекс кіреді де, табиғат ресурстарын пайдалануға рұқсат берілмейді. Қазіргі заманда «қорық - өзгермеген табиғаттың эталоны» деген принцип бұзылып отыр. Атмосфераның өндірістік улы қосылыстармен, радиациялық ластану, олардың тасымалдануы – біздің планетамыздың кез келген бөлігіне міндетті түрде әсер етеді.

Белгілі бір шаруашылық жұмыстарын жүргізе отырып, табиғаттың ерекше обьектілерін қорғауға алынған жүйені ұйымдастыру түрі – қорғалымдар болып табылады.

Табиғи тіршілік ортасын қорғайтын категориялардың біріне табиғи (ұлттық) саябақтар жатады. Олардың негізгі міндеті - халықты рекреациялық қамтамассыз ету.
Қазақстандағы қорықтар мен ұлттық табиғат саябақтарының тізімі




ЕҚА аттары.

Қорықтар:



Көлемі (мың га.)

Қорғайтын нысаны

Орналасу аймағы

Құрылған мерзімі

1.

Ақсу -Жабағылы

85,4

Талас Алатауы ландшафттары. Өсімдіктері – 1400, сүтқоректілері – 43, құстар – 240, бауырымен жорғалушылыр – 9, балықтар – 4түрі.

Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас, Сайрам аудандары

1926

2.

Алакөл

12,5

Су экожүйесі. Өсімдіктері – 107, сүтқоректілері –21, құстар – 98, бауырымен жорғалушылыр – 4, қосмекенділер -2.

Алматы облысының Алакөл ауданы.

1998

3.

Алматы

73,3

Іле Алатауы. Өсімдіктері – 930, сүтқоректілері – 38, құстар – 200, бауырымен жорғалушылыр – 4, қосмекенділер -3, энтомофауна- 800 түр.

Алматы облысының Талғар ауданы

1934

4.

Барса-келмес

30,0

Барсакелмес аралы. Жейран, сайғақ және құланды қайта қалпына келтіру үшін құрылған. Өсімдіктері-165, сүтқоректілер-12, құстар–202.

Қызылорда облысы, Барсакелмес аралы.

1939

5.

Батыс-Алтай

56,1

Батыс Алтай таулы ландшафтары. Өсімдіктері – 145, сүтқоректілері – 28, құстар – 108.

Шығыс Қазақстан облысының Лениногорск ауданы.

1992

6.

Қорғалжын

258,9

Көл экожүйесі. Өсімдіктері – 331, сүтқоректілері –37, құстар – 294, бауырымен жорғалушылыр –3, балықтар – 11түрі, қосмекенділердің -2, энтомофауна-288.

Ақмола облысының Қорғалжын ауданы.

1968

7.

Марқакөл

75,0

Оңтүстік алтай таулы ландшафттары. Марқакөл көлі. Өсімдіктері –2000, сүтқоректілері –59, құстар – 250, бауырымен жорғалушылыр –4, қосмекенділер-3, балықтар – 4түрі.

Шығыс Қазақстан облысы, Марқакөл ауданы.

1976

8.

Науырызым

87,7

Қарағайлы борлар, дала мен көлдер. Өсімдіктері –687, сүтқоректілері –30, құстар –230, бауырымен жорғалушылыр –3, қосмекенділер-3, балықтар –6түрі.

Қостанай облысының Науырызым ауданы.

1959

9.

Үстірт

223,3

Дала ландшафты. Өсімдіктері – 300, сүтқоректілері –27, құстар –111, бауырымен жорғалушылыр –30.

Маңғыстау облысының Ералы ауданы.

1984







Ұлттық табиғат саябақтары:













1.

Алтын-емел

212,1

Алтынемел, Қалқан тау жоталары. Құлан, жейран кездеседі. Туризм, рекреация және лицензиялық аңшылық рұқсат етілген.

Алматы облысы, Кербұлақ ауданы.

1996

2.

Іле-Алатау

164,4

Су экожүйелері, шыршалы ормандар, жануарлар әлемі, табиғат ескеркіштері, кең көлемді рекреация, туризм, спорт, лицензиялық аңшылық.

Қарасай, Талғар ауданы.

1996

3.

Баянауыл

50,7

Қарағайлы-қайыңды аудандар. Флора және фауна, рекреация, туризм.

Павлодар облысы, Баянауыл ауданы.

1985

4.

Көкшетау

205,8

Қарағайлы-қайыңды аудандар. Флора және фауна, рекреация, туризм .

Солтүстік Қазақстан облысының Арықбалық, Зеренді аудандары.

1996

5.

Қарқаралы

83,8

Қарқаралы ормандары. Флора және фауна, рекреация, туризм.

Қарқаралы ауданы, Қарағанды облысы.

1998


3. Мемлекеттік табиғат ескеркіштеріне айрақша немесе белгілі бір жерге тән, ғылыми, мәдени-танымдық және денсаулық сақтау тұрғысынан бағалы табиғат обьектілері кіреді. Оларға: ормандар, көлдер, жазықтар мен жағалаулардың бөліктері, тау, сарқырамалар, сирек геологиялық жыныстар, үңгірлер, әсем жартастар және т.б. жатады. Табиғат ескеркіштеріне, сонымен қатар жасанды шығу тегі бар табиғат обьектілері – ертеден келе жатқан аллеялар мен саябақтарды және т.б. жатқызуға болады.

Тірі табиғат ескерткіштеріне жекеленген ұзақ өмір сүріп келе жатқан ағаштар да жатады. Бұл ағаштардың жылдық сақиналарын зерттей отырып, климатологтар бірнеше ғасырлар барысындағы ауа райының өзгерулерін, астрофизиктер – жаңа жұлдыздардың пайда болу уақытын, физиктер – жердің магнит өрісінің өзгерістерін анықтайды. Алып ағаштар да табиғат ескерткіштеріне жатады. Африкада биіктігі 189 м, диаметрі 44 м болатын баобаб табылған. Оңтүстік Қазақстан облысының территориясында 39 табиғат ескерткіштері орналасқан. Палеолит пен неолиттің материалдық және рухани мәдениетінің ескерткіштері – үңгірлер. Оларда адамдар орта ғасырларға дейін тұрып келген. Дәубаба шатқалындағы үңгірлердің біріне Қазақстандағы ең бірінші жер асты мешіті орналасқан. Соынмен, қатар «Қараүңгір», «Көкбұлақ», «Жылауықата» және т.б. үңгірлерді атауға болады.

Мемлекеттік қорғалымдар. Мемлекеттік қорғалымдар табиғаттың жекеленген немесе бірнеше компоненттерін сақтау, қалпына келтіру, көбейту және жалпы экологиялық балансты ұстап тұру мақстаныдағы құрылады. Қорғалымдар ландшафттық, биолгиялық, гидрологиялық, геологиялық, палеонтологиялық болуы мүмкін.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1.Ерекше қорғауға алынған аймақтар, олардың маңызы және түрлері.

2. Қазақстандағы қорықтарға сипаттама.

3. ҚР-ның мемлекеттік табиғи парктері.

4. ҚР-ның мемлекеттік ұлттық парктері.

5. ҚР-ның мемлекеттік табиғи ескерткіштері.

6. Қазақстандағы қорық ұйымдастыру ісінің болашағы.

7. БҚО-ның қорықтары.



Әдебиет:

1. Каженбаев С., Махмудов С, Табиғат қорғау, Алматы, «Ана тілі», 1992.

2. Мамбетказиев Е., Сыбанбеков Қ. Табиғат қорғау. Оқу құралы, Алматы, Қайнар, 1990.
Апта 14

Кредит сағат 14

Дәріс № 14

Тақырыбы: Қызыл Кітап.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет