Жаратылыстану-математика



бет14/24
Дата31.12.2019
өлшемі1,22 Mb.
#55050
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   24

Дәріс мазмұны:


  1. Табиғат ресурстары және олардың маңызы.

  2. Табиғат ресурстарының түрлері.

  3. Табиғи ресурстарды қорғау және ұтымды пайдалану.

Дәрістің мақсаты: Табиғаттарының түрлерін, оларды ұтымды пайдалану жолдары туралы мәлімет беру.

Негізгі сөздер: табиғат ресурстарының түрлері: сарқылатын, сарқылмайтын, алмастыруға болатын, алмастыруға болмайтын
1. Табиғат ресурстарына адам пайдаланатын және материалдық игіліктерді жасау үшін қолданылатын табиғат обьектілері жатады. Адамдар ерте заманнан табиғат ресурстарын өздерінің керегіне жаратып келеді. Кесілген ағаш орнына бірнеше жылдан соң басқа ағаш өсіп, ауланған балық орнын уылдырықтан өскен басқа балықтар толтырып, лайланған сулар өзен, көл, теңіз суларымен араласып тазарып жататын. Адамдардан келген залалды табиғат өз күшімен жойып, біртіндеп қалпына келетін. Қазір жағдай мүлдем өзгерді. Ғылым мен техника жетістіктерімен қаруланған адамдар үлкен күшке айналды. Оның үстіне адамдардың саны көбейіп, табиғат байлықтарын пайдалану да бірнеше есе өсті.
2. Табиғат ресурстарын бірнеше белгілері бойынша жіктейді. Олар атмосфералық, су, өсімдіктер, жануарлар, топырақ, қазба байлықтар, энергетикалық және т.б. болып бөлінеді. Ең жиі қолданылатын жіктелу ресурстардың сарқылу жылдамдығы немесе қалпына келуіне байланысты. Табиғат ресурстары 4 топқа бөлінеді:

  1. Сарқылатын:

А) қалпына келетін;

Ә) салыстырмалы қалпына келетін;

Б) қалпына келмейтін;


  1. Сарқылмайтын;

  2. Басқа ресурстармен алмастыруға болатын (мысалы, металдарды пластмассалармен);

  3. Алмастыруға болмайтын (мысалы, су, атмосфера).

Сарқылатын ресурстарға жақын кезеңде немесе болашақта қорының сарқылу қаупі төніп тұрған заттар жатады. Бұларға ең алдымен, қазба байлықтары мен тірі табиғат ресурстары жатады. Ресурстардың сарқылуы салыстырмалы.

Сарқылмайтын ресурстарға шексіз ұзақ уақыт пайдалануға болатын ресурстар жатады. Мысалы, күн энергиясы, жел, теңіздің толуы мен қайту энергиялары. Бұл жағдайда да сарқылмайтын ұғымы салыстармалы түрде айтылады. Себебі, әрбір ресурс үшін пайдаланудың шегі болады. Мысалы, белгілі бір мөлшерден артық күн энергиясын пайдалану жер маңындағы кеңістіктің температурасының артуына әкеліп, термодинамикалық дағдарысты туғызады. Ресурстардың ішінен судың орны ерекше. Су ластану нәтижесінде уақытша сарқылады, бірақ сандық жағынан сарқылмайтын ресурс. Жердегі судың қорының мөлшері өзгермейді. Сарқылмайтын ресурстарды пайдаланудың қоршаған ортаға тигізетін зиянды әсері айтарлықтай болмайды. Адам оларды толық пайдалануға мүмкіндік беретін жолдарын жасауы қажет. Екіншіден, қалпына келетін ресурстарды пайдаланудың болашағы бар. Мысалы, өсімдіктер, жануарлар.

Қазақстан минералдық ресурстарға өте бай. Қазақстан дүние жүзінің 186 елінің ішінде вольфрам, қорғасын, және барийдің қоры бойынша бірінші орында, хромит, күміс, және мырыш бойынша екінші, марганец және молибден - үшінші, мыс – төртінші, уран – бесінші, алтын – алтыншы, темір кені – жетінші, қалайы мен никель – сегізінші, көмір мен табиғи газ – тоғызыншы, мұнай бойынша он үшінші орында. Қазақстан жерінде хромиттің әлемдік қорының үштен бір, уран мен марганецтің төрттен бір бөлігі, темір кенінің оннан бір бөлігі орналасқан. Қазақстанда барланған тас көмір және қоңыр көмірдің қоры 200 млрд. тоннадан астам.


3. Табиғи ресурстарды қорғау және ұтымды пайдалану қоршаған ортаның ластануы типіне байланысты болып келеді. Ластану әртүрлі белгілері бойынша жіктеледі:

  • шығу тегі бойынша: табиғи және жасанды (антропогенді);

  • пайда болу көзіне байланысты: а) өндірістік, ауыл шаруашылық, транспортттық және т.б.; ә) нүктелік (өнеркәсіп орнынынң құбыры), обьектілі (өнеркәсіп орны), шашыраған (егістік танабы, бүкіл экожүйе), трансгрессивті (басқа аймақтар мен мемлекеттерден енетін);

  • әсер ететін ауқымына байланысты: ғаламдық, аймақтық, жергілікті;

  • қоршаған ортаның элементтері бойынша: атмосфера, топырақ, гидросфера және оның әр түрлі құрам бөліктері (әлемдік мұхит, тұщы су, жер асты сулары, өзен сулары және т.б.);

  • әсер ететін жеріне байланысты: қала ортасы, ауыл шаруашылық ортасы, өнеркәсіп орындарының ішінде, пәтер ішінде және т.б.;

  • әсер ету сипатына байланысты: химиялық (химиялық заттар, мен элементер), физикалық (радиоактивті, радиациялық жылулық, шу, электромагниттік), физико-химиялық (аэрозольдер), биологиялық (микробиологиялық және т.б.);

  • әсер етудің периодтылығына байланысты: бірінші ретті (өнеркәіп орындарының қалдықтары), екінші ретті (смогты құбылыстардың өнімдері);

  • тұрақтылық дәрежесі бойынша: өте тұрақты – 100 және 1000 жыл тұратын (азот, оттегі, аргон және басқа инертті газдар), тұрақты 5-25 жыл (көмірқышқыл газы, метан, фреондар), тұрақсыз ( су буы, көміртегі тотығы, күкіртті газ, күкіртсутек, азоттың қостотығы, озон қабатындағы фреон).

Кез-келген ластаушы затты үш параметрі бойынша бағалауға болады: қоршаған ортаға түсетін көлеміне, улылығына, және тұрақтылық дәрежесіне қарай.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1.Табиғат ресурстары және олардың маңызы.

2.Табиғат ресурстарының түрлері.

3.Табиғи ресурстарды қорғау және ұтымды пайдалану.



Әдебиет:

1. Валова В.Д. Основы экологии.Уч. пос.-М.: «Дашков и К»,2002189-194 б.

2. Трушина Т.П.Экологические основы природопользования.-Ростов н/Д «Феникс», 2001. 61 б.
Кредит сағат 10

Дәріс № 10

Тақырыбы: Атмосфералық ауаға антропогендік факторлардың әсері.

Дәріс мазмұны:


  1. Атмосфералық ауаның маңызы, газдық құрамы.

  2. Ауаны ластаушы көздер, олардың топтары.

  3. Ауаның ластануының адам денсаулығына әсері.

Дәрістің мақсаты: Атмосфералық ауаның құрамы, оны ластаушы көздері туралы түсінік беру.

Негізгі сөздер: атмосфера, ластаушы заттардың түрлері.
Адам баласы үшін орасан зор пайдалы ауа бассейні соңғы жылдары күрделі өзгерістерге ұщырап отыр. Ең бастысы ауаның ластануы. Атмосфера ауасының сапалық күйінің көрсеткіштері оның ластану дәрежесі болып саналады. Егер атмосфера ауасында ластағыш заттардың шекті мөлшерлі концентрациясы қалыпты құрамнан асып кетсе, онда ауаны ластанған деп санайды.

Ауаның негізгі ластағыштары: көмірсутектер, ұшқыш органикалық қосылыстар, азот және күкірт қышқылдары, күкірт оксидтері, азот оксидтері, озон, фотохимиялық заттар, қорғасын және басқа да ауыр металдар. Адам денсаулығына әсер етуші атмосфералық ауа құрамындағы газдар қоспасының концентрациясы мен құрамы күн сайын өзгеріп отырады. Ауа ластануының жоғары деңгейге көтерілуінің әсерінен бас ауыру, көз бен мұрын қуыстарының тітіркенуі, тәбет төмендеу, жалпы ағзаның нашарлауы байқалады. Қышқылдардың әсерінен астмалық приступтар, ал угар газының әсерінен ойлау қабілеті төмендеп, бас айналу және ауыру , ұйқы басу сияқты симптомдар байқалады.

Атмосфера ауасын ластайтын заттардың мөлшері дүние жүзі бойынша жылына 200 млн. тоннаға жетіп отыр. Ал, оның құрамы 20 химиялық элементтен тұрады. Соның ішінде қорғасын мен мырыштың ауада таралуы және онымен адамдардың улануы жиі байқалуда. Олардың мөлшері ауада 0,0003 мг/м3 аспауы керек. Оның негізгі көзі – автокөліктер мен оған қолданылатын қорғасын аккумуляторы. Жапония, Ирак т.б. елдерде осы заттрамен адамдардың улануы жиі болатындықтан, қазір көптеген елдерде балық аулауда, мылтық оқтарына қорғасынды пайдалануды шектеп отыр.

Ауаға зиянды заттардың шығарылуын реттеу, технологияны жетілдіру, өндіріске қалдықсыз және аз қалдықты технологияны енгізу мен шығарынды заттарды қайта өңдеп, пайдаға асыру бүгінгі күннің қатаң талабы болмақ.

Ауаның ластану көздеріне себеп боларлық химиялық қосылыстар: ыс, шаң, күкірт қостотығы, көміртегі тотығы, азот қостотығы, сульфаттар, көмірсутектер, күкіртсутектер, ауыр металдар. Атмосфералық ауаның ластану көздері:


  • топырақ эрозиясы нәтижесінде түзілетін шаң;

  • энергетикалық өндіріс кешендерінің қалдықтары;

  • транспорт;

  • өндіріс орындары;

  • химиялық өндіріс;

  • минералды тыңайтқыштар өндірісі;

  • шаң, ыс, тозаң, асбест;

  • өрттер нәтижесінде түзілетін газдар;

  • вулкандық табиғаты бар шаң-тозаңдар.

Бірінші дәрежелі қауіп-қатер: ауыр металдар, улы химикаттар өндірісі, қазба отындарды жағу, түсті металдарды балқыту. Ал бұлар өз кезегінде кадмий, мышьяк, мырыш, сынап, ванадий, қорғасын сынды ауыр металдарды бөледі.

Тұрмыстық мекемелердегі ауаның ластану көздері:



  • түрлі желімдер қолдану барысында ауаға бөлінетін формальдегид және басқа да органикалық қосылыстар;

  • пеш, камин жаққанда ауаға бөлінетін заттар;

  • газ жартылай жану өнімдері;

  • пестицидтер;

  • дезинфекциялаушы заттар;

  • тұрмыста қолданылатын желімдердің булануы;

  • түрлі аэрозольдар;

  • радон – радиоактивті газ, жер қабаттарында түзіледі де, төменгі этажадар арқылы таралады;

  • асбест- жылу сақтағыш материал, трубалардың сыртын қаптайды;

  • темекі тарту.


1. Атмосфера - бүкіл әлемнің тіршілік тынысы. Атмосфера ауасы дегеніміз – жер шарын қоршап тұрған шаң-тозаң, бу мен газдан құралған қоспа, ол күн сәулесін жер бетіне жеткенше ұсақ бөлшектерге бөліп, жан-жаққа шашыратып отырады. Егер атмосферада ауа болмаса аспан қараңғы болып, күн адамның көзін шағылыстыратын сәуле шашып, жер беті кеуіп, жарылып, одан әрі қыза түсер еді. Атмосфералық ауа бар кездің өзінде Батыс Сібірде қыста -600С, ал жазда +300С, жыл бойы 900С-қа өзгергенде өмір сүруге қолайсыз болып, көп қиыншылықтар кездеседі. Атмосфералық ауа иіссіз, түссіз, жеңіл, 1м3 –де 1300 грамм ауа болады. Соған қарамастан жер бетіне түсетін қысым әрбір 1 см2 1 кг-нан келеді. Атмосфераның әрбір қабатының өзіне тән атқаратын қызметі, газдық құрамы, тіршілік нышаны болады. Әсіресе, тропосфера мен озон қабатының тіршілік үшін маңызы ерекше.

Негізінен атмосфераның адам үшін атқаратын қызметі өте жоғары. Атмосфера – бүкіл әлемді таза ауамен қамтамассыз ете отырып, тіршілікке қажетті газ элементтерімен (оттегі, азот, көмірқышқыл газы, аргон т.б.) байытады және Жерді түрлі зиянды сәулелерден қорғайды, зат және энергия алмасуларын, ауа райының қызметін реттеп, жалпы жер шарындағы тұрақтылықты үйлестіріп отырады.

Жердің ең алғашқы ауасы сутектен, метаннан, аммиактан, су буларынан және инертті гелий, неон сияқты газдардан тұрған. Жер бетінде тіршілік пайда болған кезден бастап жердің алғашқы ауасына жер қойнауының және өсімдіктерден бөлінген күкіртті сутек пен көмір қышқыл газдары қосыла бастады. Алғашқы көзге көрінбейтін ұсақ организмдер ауадағы сутек, метан, аммиак, күкірті сутек газдарын біртіндеп азайта берді. Мысалы, сутек бактериялары жанартаулардан бөлінген күкіртті сутекті тотықтырып, ауаға оттек газын бөле бастады.

Ауа газдары құрамының өзгеруі, ауада оттектің көбеюі жер бетіндегі тіршіліктің - өсімдіктер және жануарлар болып екіге бөлінуіне себепші болды. Атмосфералық ауа құрамы мынадай газдардан тұрады (процент есебімен): азот (N) – 78,08, оттек (O) – 20,95, аргон (Ar) – 0,93, көмір қышқыл (CO2) – 0,003, неон (Ne), гелий (He), ксенон (Xe), родон (Rn), тағы басқалары – 0,01. Бұлардан басқа ауа құрамында қалқып жүрген шаң-тозаң мен су булары бар.

Адамдар ауасыз күн көре алмайды, қандай ауа болса да дем алуға мжбүр. Егер қорексіз 5 апта, сусыз 5 тәулік өмір сүруге болса, ауасыз 5 минутта тұра алмайды. Тәулігіне адамдар өкпесі арқылы 25 кг немесе 11 мың литр ауа өтсе, қойға – 20 мың, ал жылқыға – 86 мың литр ауа керек.
2. Ауа табиғи және жасанды (адамдардың іс-әрекетінен) жолмен ластанады. Табиғи жолмен ластану жанар таулардың атқылауынан, теңіз суы буға айналуынан, тау ұнтағы мен топырақтты жел мен дауыл ұшырғанда, орман мен далада өрт болғанда шаң-тозаң, күл т.б. аспанға көтеріліп ауамен араласу арқылы болады.

Адамдардың іс-әрекетінен болатын ластануға өнеркәсіп, көлік, ауыл шаруашылық, құрылыс кәсіпорындарының, коммуналды-тұрмыстық мекемелердің шаң-тозаңы мен қалдықтары жатады. Ауаның ластану көздеріне себеп боларлық химиялық қосылыстар: ыс, шаң, күкірт қостотығы, көміртегі тотығы, азот қостотығы, сульфаттар, көмірсутектер, күкіртсутектер, ауыр металдар. Атмосфералық ауаның ластану көздері:

1. Топырақ эрозиясы нәтижесінде түзілетін шаң,

2.Энергетикалық өндіріс кешендерінің қалдықтары,

3. Транспорт,

4. Өндіріс орындары,

5. Химиялық өндіріс,

6. Минералды тыңайтқыштар өндірісі,

7. Шаң, ыс, тозаң, асбест,

8. Өрттер нәтижесінде түзілетін газдар,

9. Вулкандық табиғаты бар шаң-тозаңдар.

Бірінші дәрежелі қауіп-қатер: ауыр металдар. Ауыр металдардың өндіріс көздері.



  1. улыхимикаттар өндірісі.

  2. қазба отындарды жағу.

  3. түсті металдарды балқыту.

Ал бұлар өз кезегінде кадмий, мышьяк, мырыш, сынап, ванадий, қорғасын сынды ауар металдарды бөледі.

Тұрмыстық мекемелердегі ауаның ластану көздері:

  1. түрлі желімдер қолдану барысында ауаға бөлінетін формальдегид және басқа да органикалық қосылыстар,

  2. пеш, камин жаққанда ауаға бөлінетін заттар

  3. газ жартылай жану өнімдері

  4. пестицидтер

  5. освежители воздуха, дезинфекциялаушы заттар

  6. тұрмыста қолданылатын желімдердің булануы

  7. түрлі аэрозольдар

  8. радон – радиоактивті газ, жер қабаттарында түзіледі де төменгі этаждар арқылы таралады.

  9. асбест- жылусақтағыш материал, тұрбалардың сыртын қаптайды.

  10. Темекі тарту


3. Адам баласы үшін орасан зор пайдалы ауа бассейні соңғы жылдары күрделі өзгерістерге ұщырап отыр. Ең бастысы ауаның ластануы. Атмосфера ауасының сапалық күйінің көрсеткіштері оның ластану дәрежесі болып саналады. Егер атмосфера ауасында ластағыш заттардың шекті мөлшерлі концентрациясы қалыпты құрамнан асып кетсе, онда ауаны ластанған деп санайды.

Ауаның негізгі ластағыштары: көмірсутектер, ұшқыш органикалық қосылыстар, азот және күкірт қышқылдары, күкірт оксидтері, азот оксидтері, озон, фотохимиялық заттар, қорғасын және басқа да ауыр металдар. Адам денсаулығына әсер етуші атмосфералық ауа құрамындағы газдар қоспасының концентрациясы мен құрамы күн сайын өзгеріп отырады. Ауа ластануының жоғары деңгейге көтерілуінің әсерінен бас ауыру, көз бен мұрын қуыстарының тітіркенуі, тыныс алу мүшелерінің зақымдануы, тәбет төмендеу, жалпы ағзаның нашарлауы байқалады. Қышқылдардың әсерінен астмалық приступтар, ал иіс газының әсерінен ойлау қабілеті төмендеп бас айналу және ауыру , ұйқы басу сияқты симптомдар байқалады.

Атмосфера ауасын ластайтын заттардың мөлшері дүние жүзі бойынша жылына 200 млн. тоннаға жетіп отыр. Ал, оның құрамы 20 химиялық элементтен тұрады. Соның ішінде қорғасын мен мырыштың ауада таралуы және онымен адамдардың улануы жиі байқалуда. Олардың мөлшері ауада 0,0003 мг/м3 аспауы керек. Оның негізгі көзі – автокөліктер мен оған қолданылатын қорғасын аккумуляторы. Жапония, Ирак т.б. елдерде осы заттармен адамдардың улануы жиі болатындықтан, қазір көптеген елдерде балық аулауда, мылтық оқтарына қорғасынды пайдалануды шектеп отыр.

Ауаға зиянды заттардың шығарылуын реттеу, технологияны жетілдіру, өндіріске қалдықсыз және аз қалдықты технологияны енгізу мен шығарынды заттарды қайта өңдеп пайдаға асыру бүгінгі күннің қатаң талабы болмақ. Ауаны ластаушы заттар негізінен жер бетінен санағанда 3 км биіктікте дейінгі аралықта жиналады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша дамыған елдердің 20 поцентке жуық халқы түрлі аллергиялық (тұмаудан бастап тыныстың демікпесі) ауырулармен сырқаттануы ауаның ластануымен байланысты.



Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Атмосфералық ауаның маңызы, құрамы.

2. Ауаны ластаушы көздер, олардың топтары.

3. Ауаның ластауының адам денсаулығына әсері.

4. Климат және адам.

5. Ауа арқылы таралатын жұқпалы аурулар.



Әдебиет:

1. Ж. Ақбасова, Г. Саинова. Экология: Оқу құралы.- Алматы: «Бастау».2003. 89-124 б.

2. Валова В.Д. Основы экологии.Уч. пос.-М.: «Дашков и К»,2002.157-167 б.

3. Трушина Т.П.Экологические основы природопользования.-Ростов н/Д «Феникс», 2001. 108-116 б.


Кредит сағат 11

Дәріс № 11

Тақырыбы: Гидросфераға антропогендік факторлардың әсері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет