Жаратылыстану-математика


Экологиялық қуыс дегеніміз? 5. Сукцессия дегеніміз не? Әдебиет



бет11/24
Дата31.12.2019
өлшемі1,22 Mb.
#55050
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   24

4. Экологиялық қуыс дегеніміз?


5. Сукцессия дегеніміз не?

Әдебиет:

1. Оспанова Г.С, Бозшатаева Г.Т. Экология.- А., Экономика, 2002.

2. Бейсенова А.С., Шілдебаев Ж.Б., Саутбаева Г.З. Экология, Алматы, Ғылым, 2001; 72 б.



Кредит сағат 6

Дәріс № 6

Тақырыбы: Экожүйе

Дәріс мазмұны:


  1. Экожүйе, оның түрлері.

  2. Экожүйенің құрылымы. Биотоп, биоценоз.

  3. Экожүйедегі энергия ағыны. Экологиялық пирамида.

Дәрістің мақсаты: Экожүйе, оның түрлері туралы түсінікті қалыптастыру. Экожүйедегі энергия ағыны мен экологиялық пирамиданың құрылуы туралы мәлімет беру.


Негізгі сөздер: биогеоценоз, экожүйе, құрлық, тұщысу және теңіз экожүйелері, продуценттер, консументтер, редуценттер, қоректік тізбек, трофикалық деңгей, экологиялық пирамида.
1. Тірі ағзалар өзара және өзін қоршаған ортаның абиотикалық факторларымен белгілі бір қарым қатынасқа түсе отырып экожүйені құрайды. Кез келген биоценоз биотоппен бірігіп, одан да жоғары деңгейдегі биологиялық жүйе – биогеоценозды түзеді. «Биогеоценоз» ұғымы шет елдерде кеңінен таралған, 1935 жылы А.Тенсли ұсынған «Экожүйе» ұғымына жақын. Экожүйе дегеніміз – зат, энергия және ақпараттар алмасу нәтижесінде біртұтас ретінде тіршілік ететін кез келген өзара әрекеттесуші тірі ағзалар мен қоршаған орта жағдайларынының жиынтығы. Экожүйе – ағзалар мен абиотикалық ортадан, олардың әрқайсысы бір-біріне әсер ететін тірі табиғаттың негізгі функциональдық бірлігі.

Кең қолданылып жүрген құрылымдық жіктелу бойынша ғаламшарды төмендегі экожүйелерге бөледі:

1. Құрлық экожүйелері – тундра, тайга, орманды дала, дала, шөлейіт, шөл, тропиктер, тау.

2. Тұщы су экожүйелері – ағынсыз су (көл, тоған) және ағынды су (өзен, бұлық, жылға), батпақтар мен батпақты ормандар экожүйелері.

3. Теңіз экожүйелері – теңіздер мен ашық мұхит.

Сонымен қатар экожүйелерді келесі топтарға бөлеміз:



  1. Микроэкожүйе (аквариум, тірі мүйіс және т.б.)

  2. Мезоэкожүйе ( өзен, теңіз, дала, тропик, саванна, мұхит және т.б.)

  3. Макроэкожүйе - ең ірі макроэкожүйе биосфера.


2. Трофикалық құрылым тұрғысынан қарастыратын болсақ, экожүйені Ю.Одум бойынша екі ярусқа бөлуге болады:

1. Жоғарғы автотрофты ярус – немесе жасыл белдік, бұл өсімдіктерден немесе хлорофилі бар өсімдік бөліктері, бұлар жарық энергиясын фиксациялау нәтижесінде қарапайым бейорганикалық заттардан күрделі органикалық қосылыстардығң жинақталуы.

2. Төменгі гетеротрофты ярус немесе топырақ пен жауын-шашыннан, қарашірінділерден, тамырлардан тұратын қоңыр ярус, мұнда ыдырау, трансформация және күрделі қосылыстардың бөлінуі сияқты процестер жүріп жатады.

Биологиялық тұрғыдан экожүйе құрамынан келесі компоненттерді бөліп көрсетуге болады:

1.Зат айналымға қатысатын бейорганикалық заттар (СО2, Н2О, N2, O2, минералды тұздар, т.б.);

2.Биотикалық және абиотикалық бөліктерді бір-бірімен байла-ныстыратын органикалық заттар (ақуыздар, көмірсулар, липидтер, гумус заттары және т.б.);

3.Абиотикалық факторлардан тұратын әуе, су және субстратты орталар;

4.Продуценттер немесе бірінші ретті өндірушілер – автотрофты ағзалар – планетаның бүкіл тірі дүниесін органикалық затпен қамтамассыз ететін жасыл өсімдіктердің жиынтығы.

5.Консументтер (латын тілінен аударғанда консумо – пайдалану) – гетеротрофты ағзалар, өндірушілер түзген органикалық заттармен қоректенеді.

6.Редуценттер (латын тілінен аударғанда редусеус – қалпына келтіруші)

органикалық затарды ыдыратушы және оларды бейорганикалық

заттарға айналдырушы ағзалар. Редуцентерге бактериялар,

саңырауқұлақтар, сапрофиттер.

7.Фотосинтез немесе хемосинтез жолдарымен бейорганикалық заттардан органикалық заттар жасауға қабілетті автотрофты ағзалар - продуценттер (өсімдіктер мен автотрфты бактериялар);

8.Продуценттердің немесе басқа консументтердің органикалық заттарын пайдаланатын гетеротрофты ағзалар – консументтер. Олар бірінші ретті консументтер (фитофагтар, сапрофагтар), екінші реттік консументтер (зоофагтар, некрофагтар) және т.б. болып бөлінеді;

9.Органикалық қалдықтармен қоректеніп, оларды минералды заттарға дейін ыдырататын гетеротрофты ағзалар (сапрофитті бактериялар мен саңырауқұлақтар) - редуценттер (микроконсументтер, деструкторлар, сапротрофтар, осмотрофтар).

Экожүйе құрылымы биоценозбен биотоптан тұрады. Биоценоз – белгілі бір территорияда мекендейтін түрлі популяциялардың жиынтығы. Биотоп – абиотикалық факторлардан тұратын территория, ол климатоп (климаттық факторлар) пен эдафотоптан (топырақ факторлары) тұрады. Белгілі бір дәрежеде біртекті жағдайлармен сипатталатын, ағзаларадың белгілі бір бірлестігімен (биоценоз) қоныстандырылған кеңістік биотоп деп аталады. Егер биотопты биоценоз өмір сүретін орын ретінде сипаттасақ, онда биоценозды белгілі бір нақты биотопқа тән, тарихи қалыптасқан ағзалар комплексі деп қарастыруға болады.
3. Биоценоздағы организмдер арасында тұрақты қоректік тізбектер қалыптасқан. Қоректік тізбек дегеніміз – бастапқы көзінен қорек құрамындағы энергия берілетін ағзалардың реті.

Тізбектің әр звеносы трофикалық деңгей деп аталады. Бірінші трофикалық деңгей – продуценттер (автотрофты ағзалар, негізінен жасыл өсімдіктер). Екінші трофикалық деңгей – бірінші ретті консументтер (шөпқоректі жануарлар). Үшінші трофикалық деңгей – екінші ретті консументтер (шөпқоректі жануарлармен қоректенетін жыртқыштар). Төртінші трофикалық деңгей – үшінші ретті консументтер (етпен қоректенетін жануарлармен қоректенетін жыртқыштар). Соңғы немесе бесінші трофикалық деңгей – редуценттер (сапрофитті бактериялар мен саңырауқұлақтар). Қоректік тізбекте 4-5 трофикалық деңгейден көп кездеспейді.

Қоректік тізбек типтері:


  1. Тірі фотосинтезге қабілетті ағзалардан басталатын қоректік тізбектер – қоректену тізбектері. Мысалы, фитопланктон, зоопланктон, микрофаг-балықтар, макрофаг-балықтар, ихтиофаг-құстар;

  2. Өсімдіктердің қалдықтарынан, жануарлардың өлекселері мен экскременттерінен басталатын қоректік тізбектер - ыдырату тізбектері (детритті). Мысалы, детритофагтар, жыртқыш микрофагтар, жыртқыш макрофагтар.

Қоректену тізбектері көбіне су экожүйелеріне, ал ыдырату тізбектері құрлық экожүйелеріне тән.

Бір трофикалық деңгейден екіншісіне энергия тасымалданғанда энергияның көп бөлігі жылу түрінде жұмсалады, қоректік тізбек бойынша бастапқы мөлшерден тек шамамен 10% ғана беріледі. Нәтижесінде қоректік тізбектерді экологиялық пирамидалар түрінде бейнелеуге болады. Бұл құбылысты зертттеген Ч.Элтон (1927ж) экологиялық пирамиданың үш негізгі типін бөліп көрсетеді.

Экологиялық пирамиданың үш негізгі типі:


  1. Сандар пирамидасы продуценттерден консументтерге қарай даралар санының кемуін көрсетеді. Орманның жайылымдық қоректік тізбегінде, продуцент – ағаш, ал бірінші ретті консумент – бунақденелілер болғанда, бірінші реттік консументердің деңгейі саны жағынан өндірушілер деңгейімен салыстырғанда төмен. Бұл кезде сандар пирамидасы кері болады;

  2. Биомассалар пирамидасы әр келесі деңгейдегі биомассаның өзгерісін көрсетеді: құрлық экожүйелері үшін биомассалар пирамидасы жоғарыға қарай тарылады, ал мұхит экожүйесі үшін консументтердің фитопланктонды тез пайдалануына байланысты – кері;

  3. Энергия пирамидасы әмбебап және өнім құрамындағы энергия мөлшерінің әрбір келесі трофикалық деңгейде азаюын сипаттайды.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Экожүйе дегеніміз не? Оның түрлері.

2. Экожүйенің құрылымы. Биотоп.Биоценоз.

3. Экожүйедегі энергия ағыны. Экологиялық пирамида.

4. Экожүйе динамикасы.

5. Экожүйедегі биологиялық өнімділік.(1-ші реттік,2-ші реттік)



Әдебиет:

1. Степановских А.С. Экология: Учебник для вузов.- М.: ЮНИТИ - ДАНА,2003.- 703с. (с.322-371).



Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет