Пәні: Физика 10-сынып (жаратылыстану - математикалық бағыт) 3- тоқсан «Электростатика» бөлімі бойынша жиынтық бағалау Оқу мақсаттары 10.4.1.1 электр эарядының сақталу заңы мен Кулон заңын есептер шығаруда қолдану
10.4.1.2 суперпозиция принципін электр өрісінің қорытқы кернеулігін анықтау үшін пайдалану;
10.4.1.3 зарядталған жазықтықтың, шардың, сфераның және шексіз жіптің электр өрісінің кернеулігін анықтау үшін Гаусс теоремасын қолдану
10.4.1.8 конденсатор сыйымдылығының оның параметрлерінен тәуелділігін зерттеу;
10.4.1.10 электр өрісінің энергиясын есептеу
Ойлау дағдыларының деңгейлері Қолдану Орындау уақыты 25 минут
Тапсырмалар 1.а) Зарядтың сақталу заңы мен Кулон заңына тұжырымдама беріңіз [2]
b) Бір-бірінен 4см арақашықтықта орналасқан 10нКл және 13нКл нүктелік зарядтардың өзара әрекеттесу күшін анықтаңдар. [2]
с) Күш сызықтарын салып көрсетіңіз және зарядтардың таңбасын анықтаңыз
[1]
2. а) Гаусс теоремасына анықтама беріңіз. [1]
b) Радиусы 2 мм тең металл шардың центрінде орналасқан 4мкКл нүктелік заряд өрісінің кернеулігін тап. [2]
3. a) Электрсыйымдылығы ұғымына анықтама беріңіз. Конденсатордың қандай түрлері бар? [2]
b) Конденсаторлар қалай жалғанған?
[1]
с) Жазық конденсатордың әр пластинасының ауданы 520 см2. Конденсатордың сыйымдылығы 46 пФ болу үшін оның пластиналарын ауада бір - бірінен қандай қашықтыққа орналастыру керек? [2]
4. Сыйымдылығы 1200 мкФ конденсатордың астарлары арасындағы потенциалдар айырымы 50 В-тан 15 В-қа дейін өзгергенде конденсатордағы электр энергиясының өзгерісін есептеңіз. [2]