Нұғыманұлы И. Химияны оқыту әдістемесі. Алматы, 1993, ІХ тарау, 108-116 беттер.
8- сынып оқулығы.
Қ. Әбсалықызы. т.б. «Химиядан өткізілетін сарамандық жұмыстар», Алматы, 1993, 20 -25 беттер.
СОӨЖ
Тақырыбы: «Отттегі, оксидтер, жану» тақырыбы есептер шығару.
Мақсаты: Термохимиялық теңдеу бойынша Авогадро заңына, газдардың салыстырмалы тығыздығына есептер шығарып үйрену.
Өткізу формасы: Есеп шығару, өздік жұмыс.
Төмендегі тапсырмаларды орында:
1. Термохимиялық теңдеу бойынша есептер шығару әдістемесімен танысу, үйрену. (8 класс, 64 бет).
а) Мына термохимиялық реакция теңдеуін ескере отырып,
СН4 + 2О2 → СО2 + 2Н2О + 802,3 кДж
Массасы 32 г. Метан жанғанда қанша жылу бөлінетінін есепте.
ә) Массасы 6 г Mg жанғанда 150,3 кДж жылу бөлінді? Осы деректерге
сүйене отырып, MgO түзілу реакциясының термохимиялық теңдеуін
құр.
б) Массасы 10 г СаСО3 айырылғанда 17,7 кДж жылу сіңірілді. СаСО3
айырылу реакциясының термохимиялық теңдеуін құр
Авогадро заңына, газдардың салыстырмалы тығыздығына, газдардың көлемдік қатынастарына сүйеніп шығарылатын есептерді орында. 8 класс. § 28-29. 76-81 беттер.
Достарыңызбен бөлісу: |