«Жаратылыстану» пәнінен жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар 4-сынып Нұр-Сұлтан, 2019 Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 4-сынып білім алушыларына «Жаратылыстану»



бет1/16
Дата12.02.2020
өлшемі1,59 Mb.
#57870
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
БЖБ жаратылыстану

«Жаратылыстану» пәнінен
жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар
4-сынып

Нұр-Сұлтан, 2019

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 4-сынып білім алушыларына «Жаратылыстану» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар бастауыш білім беру деңгейінің 1-4-сыныптарына арналған «Жаратылыстану» пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған.
Бөлім/ ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Тапсырмалар мен рубрикалар ұсыныс түрінде берілген.
Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу үшін спецификацияда тапсырма үлгілері мен балл қою кестесі ұсынылған. Спецификация стандартталған және оны тоқсандық жиынтық бағалауды өткізуде басшылыққа алу міндеттелген.
Әдістемелік ұсыныстар бастауыш сынып мұғалімдеріне, мектеп әкімшілігіне, білім беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.

Әдістемелік ұсыныстарды дайындау барысында ресми интернет-сайттағы қолжетімді ресурстар (суреттер, фотосуреттер, мәтіндер, аудио және бейнематериалдар) қолданылды.


2


МАЗМҰНЫ
І ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 4
«Жанды табиғат. Өсімдіктер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 4
«Жанды табиғат. Жануарлар» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 7
І тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы 11
ІІ ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 17
«Жанды табиғат. Адам» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 17
«Заттар және олардың қасиеттері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 20
ІІ тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы 23
ІІІ ТОҚСАН БОЙЫНШ1А ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 29
«Табиғат физикасы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 29
«Заттар және олардың қасиеттері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 32
ІІІ тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы 35
IV ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 41
«Жер және ғарыш» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 41
«Табиғат физикасы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 44
IV тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы 47

3


І ТОҚСАН Жаратылыстану БЖБ1
«Жанды табиғат. Өсімдіктер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Орындау уақыты 20 минут
1-тапсырма

Суреттерге мұқият қара. Өсімдіктің тұқымы қандай жолдармен таралады? Жаз.



_______________________________ _______________________________



_______________________________ _______________________________




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет