Жаратылыстану пәнінің бастауыш мектепте оқу пәні ретінде даму тарихы Жаратылыстану пәні
1900- жылдары жаратылыстану гимназияның 1 - 2 сыныптарында ғана оқытылды.
Бұл тұста В. В. Половцев, А. П. Павлов, И. И. Полянекий, Б. Е. Райковтардың әдістемелік құралдары шығып, олардың бәрі дерлік жаратылыстануды оқытуда практикалық сабақтар мен топсаяхаттың тиімділігін уағыздады.
Революциға дейінгі кезеңде бастауыш сыныптардағы жаратылыстануды оқытудың жүйесі А. Я. Гердтің еңбегі негізінде жүзеге асты
Сөйтіп, бастауышта жаратылыстануды оқытудың әдістемесі бойынша азды-көпті тәжірибе жинақтала бастады
Дәрістің барысы: Жаратылыстану пәні Бұл бастауыш сыныпта табиғаттану пәнін оқытуды теориялық та, әдістемелік те жақтарынан байыта түсті. Бірак ескі діни пікір мен материалистік көзқарастың туындауы бұл екеуінің арасындағы қарама қайшылықтың туындауына әкелді.
Дегенмен, қоғамның дамуы, мәдениеттің өрлеуі және күнделікті ашылып отырған түрліше ғылыми жаңалықтар оқушыларға өздерін қоршаған ортадан материалистік түсінік беруді талап етті.
1900-жылы жаратылыстану мұғалімдерінің Бүкіл Россиялык І-съезі болды. Онда жаратылыстану пәндерін оқытуды мұнан былай мектеп қабырғасынан тыс қалдыруға болмайтындығын атап көрсетті. Міне осыған байланысты революцияға дейінгі кездің өзінде-ақ, бастауыш мектепте жаратылыстануды оқыту жөнге қойыла бастады. Революциядан кейін бүкіл халыктың сауатын ашу, әсіресе артта қалған халықтардың сана-сезімін көтеру еліміздің негізгі мақсаттарының бірі болды.
1918 жылы 28-тамызда халық ағарту қызметкерлерінің Бүкіл ресейлік І-съезі болды. Мұнда жалпыға бірдей білім беру мәселесі қойылды.
Міне осы тұста мектептерде берілетін білімді жаңа қоғам жетістіктерімен, табиғатпен байланысты жүргізу керектігі айтылды.
Халық ағарту комиссариатына білім жүйесін жөндеу, өз ана тілінде оқыту, мектептерде оқытылатын пәндердің ара салмағын анықтау мәселелері тапсырылды.
Қазақ мектептеріндегі жаратылыстану пәні
алғашқы күннен бастап Ресей халық ағарту орғандарының шығарған оқу бағдарламалары мен оқулықтарын пайдаланды
1921 жылы РСФСР Оқу халық комиссариатының бекіткен бағдарламасы Ленинградтық және Москвалык әдіскерлердің дайындауымен жарык көрді.
Бүл бағдарлама бойынша оқушыларға табиғаттан, қоршаған ортадан білім берудің керектігі көзделді
Бағдарламаны қазақ мектептері пайдаланған кезде өз жерлерінің ерекшелігіне қарай икемдеуге мүмкіндік берілді.
Бағдарламаны қазақ мектептері пайдаланған кезде өз жерлерінің ерекшелігіне қарай икемдеуге мүмкіндік берілді.
Бағдарламаны қазақ мектептері пайдаланған кезде өз жерлерінің ерекшелігіне қарай икемдеуге мүмкіндік берілді.
Бағдарламаны қазақ мектептері пайдаланған кезде өз жерлерінің ерекшелігіне қарай икемдеуге мүмкіндік берілді.
Бағдарламаны қазақ мектептері пайдаланған кезде өз жерлерінің ерекшелігіне қарай икемдеуге мүмкіндік берілді.
1922 жылдан бастап жеті жылдық білім беруге арналған оқу бағдарламасы жарық көрді. Бастауыш сыныптарда Отантану, география, дүниетану, жаратылыстану пәндері оқылатын болды.
1924 жылы Қазақстан ғылыми қызметкерлерінің І-съезі болды. Мұнда Мемлекеттік ғылыми совет (ГУС) жасаған жаңа бағдарлама жобасы талқыланды. Бұл бағдарламалар әрбір пәнге жеке-жеке берілді
Соның бірі -табиғаттану болды. Бұл бағдарламаның негізгі бағыты - адамның еңбек әрекеті, оның табиғатқа тигізетін әсері, қоғам мүддесі үшін табиғат күшін бағындыру мәселелерін оқып үйрету болды
Табиғат жайында берілетін материал үш бөлімнен (табиғат-еңбек-қоғам) тұрды. Мұнда көзделген мақсат: адамның кайта құрушылық әрекетін аша көрсетіп, оның коршаған дуниені өзгертудегі ақыл-ойының рөлін таныту.
Қазақстан Республикасы мектептерінің алға басып өркендеуінде орыс мектептерінің рөлі күшті болғанмен өмір талабы біртіндеп, әр елдің өз ана тілінде жазылған төл оқулықтарының жарық көруін және онда әр республика өз табиғатын оқытудың керектігін керек етті. 1968 оқу жылына дейін табиғаттану тек 4-сыныптарда ғана оқытылып, онда М. Н. Скаткиннің ғана оқулығы пайдаланылып келді. Ал, табиғаттан білім беруге арналған жеке тақырыптар 1-3 сыныптарда анатілі пәнінің мазмұнымен бірге қамтылды. 1968 жылға дейін табиғаттану
тек 4-сыныпта ғана оқытылып, 1-3 сыныптарда қоршаған дүние туралы материалдар әр пәннің әсіресе, ана тілінің құрамына еніп келді,
мәтін мазмұндарының табиғи және ғылыми жағынан гөрі әдеби көркемдік жағы басым болғандықтан, оларды оқыту барысында көбіне табиғат ерекшеліктеріне катысты ғылыми жағы ашылмай қалып отырды.
Мұндай жағдай табиғат заңдылықтарын, оның жеке заттарын оқушыларға ғылыми тұрғыдан түсіндіруге кедергі жасап келді Бастауыш сынып оқушыларының табиғат жайында ғылыми түсініктерінің төмен дәрежеде болуы жоғары сыныптарда оқытылатын химия, биология, физика пәндерін оқуда әсерін тигізбей қоймады
Сондықтан да ол кездерде табиғаттануды оқытуда басым орын алуға тиісті жаратылыстану пәндеріне лайыкты әдістерді (бақылау, тәжірибе, практикалық әдістер) сабақ барысында қолдану жағы әлі де болса, жаксартып жаңартуды керек ететіндей жағдайда қалып келді.
осы жағдайлардың бәрі ескеріліп бастауыш буынның 2-сыныбынан бастап, табиғаттану пәнін оқыту көзделіп, сол мәселе алдың ала эксперименттен өтіп, 1968 жылы Қазақстанда бірінші рет өз өлкесінің материалдарына негіздеп білім беруге бағытталған.
Василий Феодорович Зуев (1757-1794) дәріс берді
1786 жылы В.Ф.Зуев өз тегін көрсетпей 2 бөлімнен тұратын оқулОқулық “Орыс империясының халық училищелеріне арналған табиғат тарихының нұсқасы”-деген атпен жарық көрді.
ық жазды
Осы кезеңнен бастап жаратылыстану пәнін оқыту әдістемесінің тарихы басталды. Оқулықтың бінінші бетінде автор пәннің мақсаты мен міндеттерін алғаш рет ашып берді. Оқулықта В.Ф.Зуев жаратылысты, табиғатты оқытудың жүйесі мен оқыту тәртібін былай көрсетті: