Жаратылыстану


Әдебиеттер: 1. 170-176 б.б., 7. 370-380 б.б. № 12 дәріс



бет34/64
Дата05.02.2022
өлшемі0,89 Mb.
#15729
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   64
Әдебиеттер: 1. 170-176 б.б., 7. 370-380 б.б.

12 дәріс.


Тақырыбы: Жер туралы ғылымдар.
Мақсаты:Осы кезге дейін алған білімдері негізінде география ғылымының мәні мен міндеттерін терең ұғындыру. Осы негізде жер қабаттары туралы айтып олардың өзара байланыстарын түсіндіру.
Дәрістің мазмұны:
1. География – географияның мәні мен міндеттері.
2. Жер ғаламшары. Жер қабаттары.
1. География – гректің ge – жер, grapho – жазамын деген сөздерінен шыққан. Біздің заманымыздан бұрынғы III ғасырда өмір сүрген грек ғалымы Эратосфен жерді сипаттауға арналған еңбегін «География» деп атаған. География адамзат ойының қалыптаса бастаған кезінде пайда болған. Алғашқы географияляқ көзқарастар ежелгі мәдениеті дамыған Египет, Месопатамия, Үнді және Қытай халықтарында біздің эрамызға дейінгі көптеген 100 жылдар бұрын айтылған.
Географиялық білімдерді алғаш рет жүйелеу антика заманында (VII-I ғасыр б.э.д.) кезде басталған. Осы кезде-ақ Жердің планета ретінде негізгі қасиеттері, формасы, мөлшері оның әлем кеңістігіндегі орны туралы белгілі болған. Байқағанымыздай географияның терең тамыры бар. Бірақ оның дамуының кезеңдерінде мазмұны әр түрлі болды. Міне сондықтан да географияны ежелгі де, бір уақытта жас ғылым деп те атаймыз. Қазір география өткен кезеңдердегіден мүлдем басқа мәселелерді де шешеді. Көптеген уақыттар бойы ол танымдық – сипаттамалық ғылым болып, оның міндеті тек қана бұрыннан белгісіз елдер мен жерлерді ашып, оларды сипаттап жазу ғана болды. Географияның бұл бағытының нағыз шарқтаған кезі XV-ғасырдың ортасынан XVII-ғасырдың ортасына дейінгі кезең болды. Бұл кезең – ұлы географиялық ашулар кезеңі деген атқа ие болды. Міне осы кезде адам біздің планетамыздың беткі құрылысы, ондағы материктер мен мұхиттар, олардың бір-бірімен салыстырғандағы орналасуы туралы білді. Алынған мәліметтер бойынша карталар жасалды.
Нағыз географиялық ғылыми зерттеу жүргізу XVII-ғасырдың екінші жартысынан басталды. Міне осы кезде материктердің ішкі бөлігі зерттелді, Антарктида ашылды, дүние жүзін айналып шыққан саяхаттар жасалды. Жекелеген елдер мен аймақтардың елтану бағытындағы сипаттамалар жасалды, ғылыми географиялық қоғамдар ұйымдастырылды.
Әсіресе XIX-ғасырдың екінші жартысында практикалық мақсаттар үшін зерттеулер жүйелі түрде көп жүргізілді. Географияның осы даму кезеңінде ол енді тек жеке мәліметтер мен құбылыстарды ғана сипаттап жазып қойған жоқ, оларға ғылыми түсінік те берді. Жер планетасы туралы білімдердің молайғаны соншалық бұл ғылымның өз алдына жеке ғылыми салалары климотология, океаналогия, геоботаника т.б. бөлінді. Қазіргі география – бұл үлкен ғылымдар жүйесі. Онда екі басты сала: физикалық география және экономикалық география бөлінеді. Физикалық географияның зерттеу объектісі – біртұтас географиялық қабық. Географиялық қабық деген түсінікті А.А.Григорьев ұсынған, физис грекше – табиғат, экономия грекше – шаруашылықты басқару. Физикалық география жалпы және аймақтық салалардан тұрады. Жалпы физикалық география жер беті табиғатының бүкіл Жер шарына тән жалпы заңдылықтарын зерттеумен айналысады. Ал аймақтық физикалық география жер беті табиғатын жеке бөліктерге (материктерге, материк бөліктеріне, елдерге) бөліп қарастырады.
Географиялық қабық күрделі материалдық жүйе. Ол атмосфераның төменгі қабатын, бүкіл гидросфераны және литосфераның жоғарғы қабатын немесе биосферамен бірге олардың арасындағы зат пен энергия айналымынан пайда болған қабық. Географиялық қабық барлық жерде бірдей емес, ол әр түрлі дәрежедегі табиғат кешендерінен тұрады. Мұны географиялық қабықтың синонимі сияқты алынған ландшафтылық қабық деп те атайды. Географиялық қабықтың басқа қабықтардан бөлек өз бетінше өмір сүруі мен сапалық ерекшелігін С.В.Калесник мыналардан көрсетеді: 1) тек қана географиялық қабықта күн энергиясы түгел шоғырланады; 2) тек географиялық қабықта эндогендік және экзогендік күштердің өзара күресі үздіксіз жүріп жатады; 3) тек географиялық қабықта ғана заттың 3 күйін түгел кездестіруге болады; 4) тек географиялық қабықта ғана топырақ жамылғысы түзіледі; 5) тек географиялық қабықта ғана табиғат компоненттерінің зоналылық заңдылығы көрінеді; 6) тек географиялық қабықта ғана тіршілік шоғырланған.
Географиялық қабықты зерттегенде ертеден келе жатқан картографиялық, салыстыпмалы географиялық, тарихи әдістермен қатар жаңа математикалық, модельдеу, аэро әдіс, геофизика, геохимия, космостық әдістер қолданылады. Қазіргі географияның міндеті табиғат пен адам қоғамының арасындағы байланысты терең зерттеп, табиғатты қорғап және оны тиімді пайдалану шараларын жүзеге асыру міндеті тұр.
2. Жер Күннен қашықтығы жөнінен Меркурий мен Шолпаннан кейінгі үшінші планета.
Жер қабаттары: биосфера, гидросфера, криосфера, литосфера, атмосфера. Бұл қабаттар өзара байланыста болады. Бұларда алуан түрлі физикалық, химиялық, биологиялық процестер өтеді.
Жер бұдан 4,6 млрд жыл бұрын пайда болған. Жердің ақиқат формасының шартты атауы – геоид, бұл атауды 1873 жылы неміс ғалымы И.Листинг ұсынған, геоид аударғанда жер тәрізді деген мағына береді. Геоид беті тыныш тұрған мұхит бетімен сәйкес келеді. Жердің формасы мен мөлшерінің географиялық маңызы өте зор. Жердің шар тәрізді формасы – Жер бетіне түсетін Күн сәулесінің бұрышын экватордан полюске қарай азаюына соқтырады. Жер радиусы 6,3 мың шақырым. Массасы 6 * 21 тонна, тығыздығы 5,5 гр см3. Жердің беткі ауданы 510 млн шаршы шақырым, оның 361 млн ш.ш. дүние жүзілік мұхит, ал 149 млн ш.ш. құрлық немесе 29%.Жердің мөлшері мен тығыздығы байланысты. Ол жер планетасының массасын анықтап береді. Жердің мөлшерінің зор болуы планетаның өз маңында жеткілікті түрде қалың және тығыз атмосфера ұстап тұруға мүмкіндік береді. Жер атмосферасында азот 78%, оттегі 21%. Атмосфера тропосферадан – 9-17 шақырым (орташа 11 шақырым) бұл ауа райының «фабрикасы», стратосферадан – 55 шаықырымға дейін ауа райының «қоймасынан» және 80 шақырым биіктіктен жоғары ионосфера – ауа сирек азот пен оттегі иондар күйінде электрмен зарядталған болады. 800-1000 шақырым биіктікте шашырап тару зонасы орналасқан.

Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет