интернет олимпиада ұйымдастырылып, 80 оқушы өз білімдерін сынады.
Рухани жаңғыру бағдарламасын іске асыру, және өзін-өзі тану пәні кабинеттін безендіру мақсатында Гүлнара Әлімқанқызының ұйымдастыруымен «Өзін-өзі тану- өмірді тану», «Туған жерге туыңды тік», «Жалын атқан жүрекпен» атты тақырыпта сурет көрмесін
ұйымдастырып, қатысқан 40оқушыға мақтау қағазы табыс етілсе, үздік суреттерді таңдап өзін-өзі тану кабинетіне ілінді де, 10оқушыға шағын сыйлықтар табыс етті.
Өзін-өзі тану пәні мұғалімі Омарова Гульнара Алимканқызы 6«Б» сыныбында «Денің сау болсын десең» атты ашық сабақ ұйымдастырды. Мақсаты: салауатты өмір салтын ұстану, денсаулық- зор байлық екенін оқушыларға түсіндіру.
7«А» сыныбында Оразанова Шынар Нүсіпханқызының ұйымдастыруымен «Адами-қарым қатынас ерекшеліктері» атты ашық сабақ өтті. Мақсаты: оқушыларға достықты, жолдастықты, сыныптағы қарым-қатынасты нығайтуды үйрету.
9«А»сыныбында Есімбекова Бисұлу Шаяхметқызының ұйымдастыруымен «Ұжымдағы адами қарым-қатынас» атты ашық сабақ өтті. Мақсаты оқушыларға қарым -қатынас, татулық бірлі туралы қасиеттерді бойларына сіңіру.
Омарова Гүлнара Әлімқанқызының ұйымдастыруымен кітапханада Сара Алпысқызына арналған «Поэзия минуты» атты іс-шара өтті. Оқушылар ақпан айында дүниеге келген белгілі адамдар туралы мағлұматттар алып, Мұқағали ата мен Сара апаларына арнап өлеңдер арнады. Өздерінің шығарған өлеңдерін оқыды.
12 ақпан күні 1сабақ 9«Ә» және 7«А» сыныптарында Гүлнара Әлімқанқызы мен Шынар Нүсіпқанқызының ұйымдастыруымен «Мейірімділік- асыл қасиет», «Сізге деген сүйіспеншілікпен» атты ашық сабақтар өтті. Оқушылар сабақта роликтер тамашалап, оларды талқылады, Сара Алпысқызына арналған қабырға газеттерді қорғап, слайд, буклет жасады, шығармашылық жұмыспен айналысты. Сабақтың соңын әнмен аяқтап, көңіл- күйлерін көтерді.
11 сыныпта «Біз еліміздің болашағымыз» атты тренинг сабақты мектеп психологы Балжан Байдолданова ұйымдастырды. Мақсаты: 11 сынып оқушыларының болашаққа деген сенімдерін арттыру. Тестке деген ынта-жігерлерін ұлғайту.
Мектеп тәлімгері Динара Сапарғалиқызының ұйымдастыруымен «Жан жылуы» атты оқушылар арасында қайырымдылық акциясы ұйымдастырылып, одан түскен 3500теңге қаражатты отбасы жағдайы төмен оқушыларға дәптер қалам алуға жұмсады.
Гүлнара Әлімқанқызы 4-7 сыныптар арасында «Бөбектің анасы» атты концерттік бағдарлама ұйымдастырып, оқушылар Сара Алпысқызына хат, әндерін, билерін, тәрбиелік мәні бар көріністерін арнады. Онкүндікке белсене қатысқан оқушыларға марапаттар табыс етті.
Өзін-өзі тану пәні мұғалімі Омарова Г.А.
Достарыңызбен бөлісу: |