Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектептің Информатика пәні мұғалімі



Дата15.06.2022
өлшемі18,43 Kb.
#146562
түріСабақ
Байланысты:
Ақмарал


Сәкен Сейфуллин атындағы орта
мектептің Информатика пәні мұғалімі
Шадыбаева Ақмарал 2021-2022 оқу
жылы бойынша мәтіндік есебі

Оқу жылы барысында жүктеме саны-24сағат.


2021-2022 оқу жылында «Математика және информатика» бірлестігінің ашық сабақтар шеруі ақпан айында болды.( Айлығымызда 15 ақпанда 5 «А» сыныппен «Робототехниканың тарихы және перспективалары» атты ашық сабақ онлайн өткіздім. Сабақ әлеуметтік желі «Youtube» каналына жарияланды.
2022 жылдың 14 наурыз бен 30 сәуір аралығында «Python бағдарламалау тілі» тақырыбындағы курсын 36 сағат көлемінде қашықтықтан оқыдым.
Алға қойылған міндеттер:
1. Білім беру:

  • Информатикадан оқушы білімін мемлекеттік білім стандарттары және одан жоғары дәрежеге жеткізу;

  • Жаңа ақапараттық технологиялар туралы түсінік қалыптастыру;

  • Ақпараттық технологиялар мен олардың құралдарын күнделікті қолдана білу.

2. Дамыту:

  • Оқушының ойлау қабілетін және іс-тәжірибесінен туындайтын, оқу, тану әрекетін дамыту.

  • Оқушының белсенділігін өз бетінше әрекет ісін, білімге деген құштарлығын қалыптастыру және өздігінен жұмыс істеуге баулу.

  • Сыныптан тыс білім бере отырып, оқушының интеллектуалдық деңгейін көтеру.

  • Теориялық білім мен біліктілікті жетілдіру және қолдану.

  • Тиімді әдіс-тәсілдерді жүйелі пайдалана отыра терең мазмұнды білім беру.

3. Тәрбие:
Оқушыларды, Қазақстан заңдарын, мемлекетін, рәміздері мен Қазақ тілін, Қазақ халқы мен отандастарының мәдениеті және салт-дәстүрін құрметтейтін, жеке пікірі бар, ақиқаттың бұрмалануына төзбейтін, тұлға ретінде тәрбиелеу.
Бұл тақырыпты алуымның мақсаты оқушылардың оқу материалдарын толық меңгеруі үшін оқу материалдарының практикалық жағынан тиімді ұсынылуы, ақпараттық –коммуникациялық технологияларды меңгеруі және оқушыларды болашақ кәсіптік қызметке даярлау, информатика пәнінің сапасын арттыру болды. Қазіргі білім беру ісінің басты шарттарының бірі болып оқушының өзіне керекті мәліметті өзі іздеп табуы және олардың өз оқу траекторияларын өзінің таңдай білуі болып есептеледі.
«Білім мен тәрбие егіз» демекші, Оқу – тәрбие арқылы жүзеге асады. Ендеше, тәрбиелі де білімді ұрпақ тәрбиелеу біздің міндетіміз. Әр атаулы күндерге байланысты мен уақытша сынып жетекші болған кезде, сынып сағаттары мен тәрбие сағаттарын өткізіп, оқушыларды шығармашылыққа, іздемпаздыққа, елін, жерін сүйе білуге, қорғауға тәрбиеледім яғни білім мен тәрбиені ұштастыру менің басты мақсатым.
Әр тоқсан сайын сыныптардың оқу сапсы сараланып, мониторинг ретінде шығып тұрды. Биылғы оқу жылының жылдық көрсеткіші мынандай:
9«А» сынып -54% ,  7«Г» сынып  - 70%
9«Ә» сынып -77% , 8«Г» сынып  - 72% , 10«ә» сынып – 61 % 
9«б» сынып -73% , 8«В» сынып  - 73% , 10«Б» сынып – 82 % 
9«В» сынып -72% , 8«Б» сынып  - 82% , 11«Б» сынып – 80 % 
Қорыта келе, қазіргі кездегі барлық білім берудің жаңа әдіс-тәсілдерінің алдына қоятын басты мақсаты – білім алушының жеке басының дара және дербес ерекшеліктерін ескеріп, олардың өз бетінше ізденуін арттырып, шығармашылығын қалыптастыру болып табылады. Жалпы осы аталған бағдарламаның: оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану, талантты және дарынды балаларды оқыту, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу, оқытуды басқару және көшбасшылық модульдерін болашақта да барлық өзімнің сабақтарымда қолданып, белгілі бір нәтижеге қол жеткізуге тырысамын. Бұл стратегиялардың сабақтарда тигізетін пайдалары өте көп.
Сабақтарымыз үнемі мазмұнды, нәтижелі, мағыналы, жан-жақты, оқушыларға қызықты болсын деп тілеймін.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет