Жарық интерференциясы



бет2/5
Дата21.05.2020
өлшемі62,04 Kb.
#70178
1   2   3   4   5
Байланысты:
Жарықтың интерференциясы

Уақыттық когеренттілік - толқынның монохроматтық дәрежесімен анықталатын тербелістердің когеренттілігі. Осы тербелістер кеңістіктің белгілі бір нүктесінде орын алады. Уақыттық когеренттілік тек толқынның фазалық айырмасы берілген нүктеде π-ге тең болғанша жалғасады.

Когерентілік ұзындығы - когеренттілік уақыт аралығында толқынның жүріп өткен жолы.

Толқынның цугы таралу бағытына перпендикуляр жазықтықта екі нүктенің арасындағы фазалық айырымның кездейсоқ өзгерісі осы нүктелердің арақашықтығының өсуімен бірге өседі.



Кеңістіктік когеренттілік - тербелістердің бір уақыт мезетіндегі, бірақ осындай жазықтықтың әр түрлі нүктелеріндегі когеренттілік.Егер осы нүктелерде фазалардың айырмасы π -ге тең болса,кеңістіктік когеренттілік жоғалады.

Кеңістіктік когеренттіліктің ұзындығы (когеренттілік радиусы):

мұндағы λ - толқын ұзындығы, –фазалар айырмасы.

Жарық интерфренциясын бақылау үшін жарық көздері шығаратын толқындар кеңістіктік когерентті болу керек.

 

9. Жарық интерференциясы.

Екі немесе одан да көп когерентті жарық толқындарының кеңістікте қабаттасуынан пайда болатын құбылыс жарық интерференциясы деп аталады. Жарық толқындарының кеңістікте қабаттасуының нәтижесінде кеңістіктің әр түрлі нүктелерінде қорытқы толқынның амплитудасы күшейеді немесе әлсірейді.

Ищете освещение для дорог ?bm-light.kz Скрыть объявление
Айталық, берілген M нүктесінде циклдік жиілігі екі монохромат толқын екі тербеліс тудырсын және М нүктесіне дейін бір толқын сыну көрсеткіші n1 ортадан фазалық жылдамдықпен s1 жол жүрсін, ал екінші толқын n2 ортадан фазалық жылдамдықпен s2 жолын жүрсін:

 



 

Қорытқы тербелістің амплитудасы:



Қорытқы толқынның интенсивтілігі :



М нүктесінде пайда болған тербелістердің фазаларының айырмасы төмендегі өрнекпен анықталады:

 

(мұндағы ; - толқынның вакуумдағы ұзындығы).



Жарық толқынының берілген ортадағы s жолының геометриялық ұзындығының осы ортаның n сыну көрсеткішіне көбейтіндісі жолдың оптикалық ұзындығы деп аталады:

Толқындардың жүрген жолдарының оптикалық ұзындықтарының айырмасы жолдың оптикалық айырмасы деп аталады.



Интерференцияның максимум шарты.

Егер оптикалық жол айырмасы вакуумдағы толқын ұзындықтарының бүтін санына тең болса (жарты толқынның жұп санына):



Онда және М нүктесінде пайда болған тербелістер бірдей фазада таралады.



Интерференцияның минимум шарты.

Егер оптикалық жол айырмасы жарты толқынның тақ санына тең болса,



Онда және М нүктесінде пайда болған тербелістер бір-біріне қарама-қарсы фазада таралады.

 

10. Интерференцияны бақылау әдістері.

Лазерлер ойлап табылғанға дейін барлық құралдарда когерентті жарық шоғын толқындарды бөлу арқылы алатын. Ол толқындар бір жарық көзінен таралып екі бөлікке бөлініп, әр түрлі оптикалық жол жүргеннен кейін бір-бірімен қабаттасу нәтижесінде интерференциялық сурет бақыланатын.



 
1. Юнг әдісі. Жарық S саңылаудан шығып когерентті жарық көздерінің міндетін атқаратын екі S1 және S2 саңылауға түседі. ВС интерференциялық суреті Э экранда бақыланады

2. Френель айналары. S жарық көзінен шыққан жарық шашырайтын шоқ болып екі А1О және А2О жазық айнаға түседі. Бұл айналар аз φ бұрыш жасай орналасқан. S–тің жорамал бейнелері, S1 және S2, когерентті жарық көздерінің қызметін атқарады. Интерференциялық бейне экранда бақыланады. Ал Э экранға жарық тікелей түспеу үшін оның алдына Б бөгеті қойылған.

3. Френель бипризмасы. S жарық көзінен шыққан жарық призмадан сынып өткенде екі S1 және S2 жорамал когерентті жарық көзінен шыққандай таралады.

4. Ллойд айнасы. S нүктелік жарық көзі М жазық айнаның бетіне жақын орналасқан.S жарық көзі және оның S1 жорамал кескіні когерентті жарық көздерінің қызметін атқарады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет