Жарық қысымы. Жарықтың химиялық әсері



Дата27.01.2022
өлшемі143,03 Kb.
#115133
Байланысты:
f609ae39c55c010


Жарық қысымы.Жарықтың химиялық әсері

Жарық қысымы — жарықтың шағылдыратын және жұтатын денелерге, бөлшектерге, сондай-ақ, жекеленген молекулалар мен атомдарға түсіретін қысымы. Күн маңынан ұшып өткен кезінде құйрықты жұлдыздың (кометаның) құйрығының қисаюына Жарық қысымының әсері болатындығын тұңғыш рет И.Кеплер болжаған (1619). 1873 жылы ағылшын физигі Дж.Максвелл (1831 — 1879) электрмагниттік теорияға сүйене отырып, Жарық қысымының шамасын анықтады. Ал орыс физигі П.Н. Лебедев (1866 — 1912) ең алғаш жарықтың қатты денелерге (1899), кейінірек газдарға (1907 — 1910) түсіретін қысымын өлшеді. Жарық қысымы — болымсыз аз шама. Оның үстіне өлшеу кезінде пайда болатын кейбір құбылыстар да (конвекциялық ағын, радиометриялық күштер) Жарық қысымын өлшеуді қиындатады. Лебедев аспабының негізгі бөлігі — әр түрлі металдар (платина, алюминий, никель) мен слюдадан жасалған диаметрі 5 мм жазық, жеңіл қанатшалар. Қанатшалар жіңішке шыны жіпке ілініп, ауасы сорылған шыны ыдыстың (G) ішіне орналастырылады. Қанатшаларға арнаулы оптикалық жүйенің көмегімен күшті жарық сәулесі түсіріледі. Лебедев пайдаланған аспап қосымша құбылыстардың әсерін мейлінше кемітуге мүмкіндік береді. Жарықтың газдарға түсіретін қысымы қатты денелерге түсіретін қысымынан жүздеген есе аз болғандықтан, бұл тәжірибе алғашқы тәжірибеден қиын болды.



Жарық қысымы – жарықтың шағылдыратын немесе жұтатын денеге түсіретін қысымы. Жарық сәулесі денелерге түскенде оларға қысым түсіреді. Жарықтың түсіретін қысымы келесі формуламен анықталады Жарық қысымы : мұндағы: -шағылу коэффициенті, -жарық түскен беттің ауданы, -жарық интенсивтілігі.



Заттың жарықты жұтуы жарықтың химиялық әсерімен қарбалас өтеді. Өсімдіктердің жасыл жапырақтарында және көптеген микроорганизмдерде ең маңызды химиялық реакциялар жарықтың әсерімен өтеді. Жарықтың химиялық әсері.



Фотосинтез мағынасы Жапырақтар атмосферадан көмірқышқыл газын жұтады да, ол болса көміртегі мен оттегіне ыдырайды. Терінің не көздің зақымданулары, фотоаллергия жатады.

Жарық қысымын жарықтың электрмагниттік теориясы бойынша да, жарықтың кванттық теориясы негізінде де түсіндіруге болады. Жарықтың электрмагниттік теориясы бойынша, қарастырылатын бетке перпендикуляр бағытта түскен Жарық қысымы — бет маңындағы электрмагниттік энергияның тығыздығына (u) тең. Бұл энергия тығыздығы (u) денеге түскен және денеден шағылған толқын энергияларының қосындысынан тұрады: u=Q (1+R)/c, мұндағы Q — дененің 1 см2 бетіне түсетін электрмагниттік толқын қуаты, R — электрмагниттік толқынның дене бетінен шағылу коэффициенті, c — жарық жылдамдығы. Лебедев тәжірибелері бұл формуланың дұрыстығын толық дәлелдеді, яғни: p=Q(1+R)/c (эрг/см3 немесе Дж/м3). Мысалы, Жерге келетін Күн сәулесінің қуаты: 1,4х106 эрг/см2*с немесе 1,4х103Bт/м2; олай болса абсолют жұтқыш бетке (R=0) түскен Күн сәулесінің қысымы: p=4,3х10–5дин/см= =4,3х10–6Н/м2. Күн сәулесінің Жерге түсіретін жалпы қысымы: 6х1013дин (6х108Н). Жарықтың бұл қысымы Күннің Жерді тарту күшінен 1013есе аз.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет