“Жарқын елдің шамшырағы-жас маман” эссе



Дата15.03.2023
өлшемі74,53 Kb.
#172557
Байланысты:
Жарқын елдің шамшырағы-жас маман

“Жарқын елдің шамшырағы-жас маман” эссе

«Жарқын елдің шамшырағы – Жас маман!»

  • «Жарқын елдің шамшырағы – Жас маман!»
  • «Ұлтымыздың болашағы – жастардың қолында» деген бір сөзінде Елбасымыз . Қазіргі заман қарқынды дамыған, бір-бірімен жүйріктей жарысқан білімді жастардың заманы. Елімізде биылғы жыл – «Жастар Жылы» деп жарияланды. Яғни, көшбасшымыз Н.Ә.Назарбаев халық назарын болашақ ұрпаққа аударуда. Мемлекетімізде оқып-білуге, терең білім алып, жетістікке жетуге, оқу-білімнің күшін пайдаланып, өзге елдің жастарымен тайталасуға мүмкіндік зор деп ойлаймын.
  • Қайрат-күшің тасып тұрғанда неге оны өз ұлтыңа, халқыңа сәл де болсын пайдаңды тигізіп, бір кірпіш боп қалануға тырыспасқа? Мен де сол жалындаған жастардың бірімін. Әрбір баланы әлеммен таныстырып, қолынан ұстап, болашаққа бағдар беретін, білім нәрін сусындататын «Ұстаз» деген ұлы мамандықтың иесімін. Оқуымды жақсы тәмамдап, жас маман болсам да өз мамандығымды құрмет тұтуға лайықты деп есептеймін. Ұлтымыздың білім мен даналыққа толы бұлақ көзі – Абай атамыз айтқандай:
  • «Ақырын жүріп, анық бас,
  • Еңбегің кетпес далаға.
  • Ұстаздық еткен жалықпас
  • Үйретуден балаға. Иә, әрине, ұстаздық – зор еңбек пен ықыласты талап ететін, ізденіс пен жаңашылдықты басты негіз санайтын төгілген тер мен еңбектің нәтижесі болатын , сабырлық, жомарттылық пен мейірімділікті ілгері қоятын асыл мамандық.

Әрбір адам өмірінде анамен бірдей, тәлім-тәрбие бере алатын теңдесіз жандар емес пе ұлағатты ұстаздар ? Өзім де өмір жолында талай ұстаздан білім алдым, қазір бұл мамандық иесі атануымның негізгі себепкері деп те сол кісілерді айтсам болады.

Әрбір адам өмірінде анамен бірдей, тәлім-тәрбие бере алатын теңдесіз жандар емес пе ұлағатты ұстаздар ? Өзім де өмір жолында талай ұстаздан білім алдым, қазір бұл мамандық иесі атануымның негізгі себепкері деп те сол кісілерді айтсам болады.

Мемлекетіміз білім мен ғылымның дамуына зор үлесін қосып, жыл сайын бұл салада түрлі өзгерістер орын алуда. Жаңартылған оқу жүйесі, жаңа талаптар, үш тілдік білім алу, яғни, заман ағысына сай технологиялар мен түрлі жаңаша әдістер арқылы әрбір баланы ілім-ғылымға шақыру, оқыту, қызықтыру деп ойлаймын бұл жердегі жалпы мақсат. Себебі, әрбір жас – еліміздің болашақтағы үкілі үміті, мемлекет бейнесі. Барлық жаңашылдықтар мен міндет-талаптарға сай сапалы да саналы білім беру – менің көздеген мақсатым. Болашақта өзім пір тұтып, бойынан өнегелік көрген, тәлім мен тәрбиенің қайнар көзі болған, ұстаздарымның жанынан өзімді де көргім келеді.Бұл жұмыста тек тәжірибе мен табыс емес, болашақ ұрпаққа қандай да пайдамды тигізіп, мақсатымды іске асыру болып табылады көздеген ойым. Орыс ғұламаларының бірі – К.Д.Ушинский былай айтқан екен: «Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанымен – тарихтағы ең ұлы істің бірі».

Әлі әріп те танымаған бүлдіршінді болашаққа қадам бастырған, өзіндік айқын мақсаты, ой пікірі бар жеке тұлға қылып шығаратын адам ол – ұстаз. Мен секілді әрбір жас маман өз мамандығының қыр-сырын ұсынып, өз елі алдындағы борышының бағасын білсе, еліміздің болашағы жарқын болады деп үміттенемін. Қатып қалған қағидалар мен қайталана беретін бірсарынды білім беруді түбімен өзгерту керек деген ойдамын және еліміздің бұл бағыттағы атқарып жатқан іс-шараларын қолдағым да келеді.

  • Әлі әріп те танымаған бүлдіршінді болашаққа қадам бастырған, өзіндік айқын мақсаты, ой пікірі бар жеке тұлға қылып шығаратын адам ол – ұстаз. Мен секілді әрбір жас маман өз мамандығының қыр-сырын ұсынып, өз елі алдындағы борышының бағасын білсе, еліміздің болашағы жарқын болады деп үміттенемін. Қатып қалған қағидалар мен қайталана беретін бірсарынды білім беруді түбімен өзгерту керек деген ойдамын және еліміздің бұл бағыттағы атқарып жатқан іс-шараларын қолдағым да келеді.
  • Таза білім, саналы ой, жарқын болашаққа кәміл сенім-жас мамандардың, кез келген жастың сенімді тірегіне айналса, болашақтың сапасы әлдеқайда жоғарылайды деп үміттенемін. Әрине, еңбек жолымда әлі талай білімге сусындап, өз қажыр-қайратымды, жүрегімдегі асыл ниеттерімді оқушыларыма, жас ұрпаққа жеткізе білсем, үздік болуға менің де құқым бар. Барлық жастарды сонау замандағы оқу-білімге шақырған Ыбырай Алтынсарин атамыздан үлгі алуға шақырамын. «Ұстаз - ұлық емес, ұлы қызмет» дейді Б.Момышұлы. Осы қызметімде төккен тердің нәтижесін көріп, әлі де үйренері мол жас маманнан оқушылары қадір тұтқан ұстазға айналсам, еліміздің жарқын болашағының бір бөлігі болсам, шексіз ризамын.Әрбір оқушы - жарық жұлдыз, жарқырауына жәрдем етейік, құрметті әріптестерім!



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет