Жарық жылдамдығы, с — кез келген электрмагниттік толқынның (оның ішінде жарықтың да) бос кеңістіктегі (вакуумдағы) таралу жылдамдығы; іргелі физика тұрақтылардың бірі. Ол кез келген физика әсердің шектік таралу жылдамдығы әрі бір санақ жүйесінен екінші санақ жүйесіне көшкенде [инвариант|инвариантты болады. Жарық жылдамдығының шамасы материалдық дененің массасы мен толық энергиясын байланыстырып тұрады. Санақ жүйесі өзгерген кезде координатты, жылдамдықты және уақытты түрлендіру Жарық жылдамдығы арқылы өрнектеледі және ол көптеген қатыстардың құрамына енеді. Белгілі бір ортадағы Жарық жылдамдығы (с) сәуленің түрліше жиіліктері () үшін түрліше мән қабылдайтын ортаның сыну көрсеткішіне (n) тәуелді болады: с()=c/n(). Бұл тәуелділік белгілі бір ортадағы монохромат емес жарықтың топтық жылдамдығы сол жарықтың фазалық жылдамдығынан өзгеше болуына әкеледі (вакуумдағы Жарық жылдамдығы үшін бұл екі жылдамдықтың шамасы бірдей). Тәжірибеде белгілі бір ортадағы Жарық жылдамдығын (с) анықтаған кезде әрдайым (арнаулы кейбір жағдайда болмаса) топтық жылдамдықты (немесе сигнал жылдамдығы не энергия жеткізу жылдамдығы деп аталатын) өлшейді. Жарық жылдамдығын тұңғыш рет 1676 жылы, Юпитер серіктерінің тұтылулары арасындағы уақыт аралығының өзгеруі бойынша дат астрономы О.К. Ремер өлшеді (бақылау нәтижесінде с=215000 км/с болды). Оны 1728 жылы жұлдыздардың жарық аберрациясын бақылау кезінде ағылшын астрономы Дж.Брадлей растады. Кейін Жарық жылдамдығы жер жағдайында да тәжірибе жасалып өлшене бастады (мыс., француз физигі А.И.Л. Физо 1849 жылы с= =313300 км/с, француз физигі Ж.Б.Л. Фуко 1862 жылы с=298000500 км/с, американ физигі А.Майкельсон 1926 жылы с=2997964 км/с екендігін анықтады). Жарық көзі ретінде лазерлерді пайдаланып жүргізілген өлшеулер нәтижесінде Жарық жылдамдығын өлшеу дәлдігі жоғары көтерілді: с=299792,50,15 км/с. Қазіргі кезде Жарық жылдамдығының вакуумдағы мәні үшін ресми түрде с=2997924581,2 м/с мәні қабылданған