Жарықтың табиғаты туралы ілімнің дамуы. Жарық жылдамдығы. Энергиялық бірліктер мен олардың арасындағы қатынастар



бет5/15
Дата07.02.2022
өлшемі259,28 Kb.
#82333
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
    Бұл бет үшін навигация:
  • Лупа.
Визуаль оптикалық құралдар
Негізгі бөлімнің бірі оптикалық система болып келген приборлар оптикалық приборлар деп аталады. Кейбір оптикалық приборлар (мысалы: фотоаппарат, проекциялық аппарат т.т.) нәрсенің арнап орнатылған экран бетіне түсіреді. Ал кейбіреулері (мысалы: лупа, микроскоп, телескоп дүбірі т.б.) көзбен қосылып бір тұтас оптикалық система түзеді, осындай күрделі система беретін нәрсенің кескіні көздің тор қабықшасына түседі. Мұндай приборлар көзге ұсталатын приборлар немесе визуаль приборлар деп аталады.
1. Лупа. Ұсақ нәрсені үлкейтіп көру үшін қолданатын жинағыш линза лупа деп аталады. Бақыланатын нәрсе линза мен оның фокус жазықтығы аралығына қойылады. Сонда нәрсенің кескіні жорамал, үлкен және тура болады. Лупаның γ бұрыштық ұлғайтуы шамамен анық көру аралығының, линзаның алдыңғы фокус аралығы f–қа қатынасына тең болады:
γ = (4.1)
2. Микроскоп. Жақындағы ұсақ нәрселерді өте үлкейтіп көру үшін түрліше микроскоптар қолданылады. Әрбір микроскоптың оптикалық системасы объектив және окуляр делінетін екі бөліктен құралады. Қарапайым микроскоптардың бұл бөліктері жеке линзалардан жасалады, ал осы күнгі микроскоптардың объективтерімен окулярлары центрленген күрделі оптикалық системалар болып келеді. Микроскоптың ұлғайтуы (Г) оның объективінің сызықтық ұлғайтуы (β) мен окулярының бұрыштық ұлғайтуы (γ) көбейтіндісіне тең болады:
Г = β · γ (4.2) мұндағы β =
мұндағы а-нәрсенің, а1-оның кескінінің объективтен қашықтықтары.
Окуляр лупа қызметін атқаратын болғандықтан оның бұрыштық ұлғайтуы (4.1) формула бойынша былай өрнектеледі: γ =
мұндағы f2–окулярдың алдыңғы фокус аралығы ендеше микроскоптардың ұлғайтуын = β · γ = (4.3) деп жазуға болады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет