3 Дизайнерлік бағытының басталуы
1949 жылы ол Карнеги Технологиялық Институтының өнер бөлімінде бакалавр дәрежесін алып, Нью-Йоркке көшеді. Энди Уорхалдың алғашқы жұмыстары жарнамаға қатысы жоқ поп – арт стилінде жасалынды. Оның алғашқы тапқан табысы 50$ - ды құрады.
Сурет 4. Поп арт бағыты
4 Кәсіби деңгейі мен бағытының өзгеру кезеңі
60-жылдардың басында Уорхол долларлық банкноттарды бейнелейтін алғашқы қарындаш суреттерін жасады. 1962 жылы ол "Campbell’s" консервілері мен сорпалары бейнеленген суреттер сериясын жасады. Ол жібек кескіндеме (шелкография) техникасын (бірдей кескінді қайталау техникасын) және ашық түстерді қолдана бастады. Бұл оған үлкен табыстар әкелді, себебі тұтынушылар әдемі сыртқы қаптамасына қызығып арзан сорпаларды жаппай ала бастады. Банка 1500$ тұрды, ал суретші афтографы бар банкалар 6$ құрады.
1962 жылдан бастап поп арт стиліндегі жұмыстар түрлі газет -журналдарда жариялана бастайды. 1968 жылы ол «Поп арт шебері» деген атаққа ие болады. Оған басты табыс көзін әкелген еңбектері қарындашпен салынған долларлық блокноттар салынған суреттер болды. 50-60 жылдары оның айлық табысы 150 мың долларды құрады, қазіргі кезбен есептегендде жарты млн-ды құрайды. Ол халықтың сұранысына сай келетін, қызықты идеяларды іздейді.
Сурет 5.
70 жылдары Энди Уорхал жарнама саласында плакаттар салумен айналысады.
Сурет 6.
Суретшіге нағыз жетістік "И. Миллер" маркалы аяқ киім жарнамасын жасағаннан кейін келді. Энди аяқ киімді сиямен бояйды және тақтайшалармен безендірді. Қазіргі таңда оның «200долларлық купюр» атты картинасы $12млн – ды құраған.
Достарыңызбен бөлісу: |