«Жас биолог» танымдық сайысы Мақсаты



Дата28.01.2018
өлшемі32,77 Kb.
#34689
«Жас биолог»

танымдық сайысы

Мақсаты: Оқушылардың білімдерін жан-жақты жетілдіру. Сайыс арқылы түрлі деңгейдегі тапсырмаларды беу арқылы оқушылардың білімдерін тексеру.

Оқушылардың оқу қабілетін дамыту. Оқушыларды жылдам әрі ұтымды жауап беруге тәрбиелеу.



Әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап

Түрі: сайыс

Көрнекілігі: интерактивті тақта,суреттер.

Бұл сайыстың мақсаты оқушылардың білімдерін жан-жақты тексеруге, ойлау қабілеттерін арттыруға, кез-келген уақытта ұтымды жауап беруге негізделеді.



Мұғалім: Сайыстың шарттарымен таныстыру.

І кезең. Сұрақ жауап (Тез жауап берілуі керек. Әр дұрыс жауапқа 3 ұпай беріледі.)

ІІ кезең. «Кім білгір»(Берілген сандарды сөйлету.)

ІІІ кезең. «Полиглот»(Орысша сөздіктер беріледі қазақша атауын табу.)

ІҮ кезең. «Ғажайып биология»(Биологиялық диктант)

І кезең.Сұрақ жауап

1.Дара жарнақтыларға қандай өсімдіктер жатады?

(бидай,сұлы,арпа,тары,жүгері)

2.Көкөністік дақылдарға қандай өсімдіктер жатады?

(сәбіз,қияр,картоп,қызанақ,пияз)

3.Көкөністік дақылдар құрамында қандай класқа жатады?

(витаминдер,минералды тұздар)

4.Картоп қандай тұқымдасқа,қандай класқа жатады?

(алқа,қосжарнақты)

5.Қай өсімдіктер өздігінен тозаңданады?

(бидай)

6.Жануарларды зерттейтін ғылым?



(зоология)

7.Жарық әсерінен не түзеді?

(хлорофилл)

8.Мүктерді знрттейтін ғылым?

(бриология)

9.Амебаның қозғалу мүшесі?

(жалғанаяқтары)

10.Өсімдіктің су буландыру мүшесі?

(жапырақ)

11.Құстарда қандай без болады?

(құйымшақ)

12.Сиыр цепенінің аралық иесі?

(балық)

13. Картоптың жемісі қалай аталады?



(жидек)

14.Өсімдіктерді зерттейтін ғылым?

(ботаника)

15.Күн гүлі деп қай өсімдікті айтады?

(күнбағыс)

16.Қазақстанның қызыл кітабы қашан шықты?

(1981 жыл)

17.Балықтардың миы қанша бөліктен тұрады?

(бесеу)

18.Шаяндар қалай көбейеді?



(жұмыртқалау)

19.Жауын құртының қанының түсі қандай?



(қызыл)

20.Өсімдікке жасыл түс беретін пигмент?



(хлорофилл)

ІІ кезең. Сандар сөйлейді

  1. 1996 жыл (Қызыл кітаптың ІІІ басылымы шықты.)

  2. 1665 жыл(жасуша ашылды)

  3. 9( тоғыз қорық )

  4. 150-300 есе (микроскоптың көру еселігі)

  5. 1978 жыл («Қызыл кітап» тұңғыш рет шықты)

  6. 1665 жыл(Роберт Гук өсімдік қабығының жұқа кесіндісін микрокоппен қараған)

  7. 90-160 күн,өсу(күріштің өсу мерзімі)

  8. 1843 жыл (К.А.Тимирязев фотосинтездегі хлорофилдің рөлін сипаттаған)

  9. 1665жыл(жасуша ашылды)

  10. 1892жыл(вирустар ашылды)

ІІІ кезең. Орысша сөздіктер (қазақша атауын табу)

  1. Витамин-дәрумен

  2. Энтодерма-терінің сыртқы қабаты

  3. Клетка-жасуша

  4. Пипетка-тамызғыш

  5. Одноклеточные-біржасушалы

  6. Зоповедник-қорық

  7. Обьектив-зат

  8. Лупа-ұлғайтқыш қол әйнегі

  9. Корень-тамыр

  10. Листья-жапырақ

ІҮ кезең.Сызықтық диктант «Ғажайып биолигия»

  1. Жасуша қабықшасы жасушаның сыртын қаптайды.

  2. Хлоропластар гүл күлтелеріне күзгі жапырақтарға, піскен жемістерге түс береді.

  3. Өсімдік мүшелеріне-тамыр,сабақ,жапырақ кіреді.

  4. Тынысалу дегеніміз органикалық қосылыстардың тотығуы.

  5. Өрмекшілердің 3 жұп аяғы бар.

Қорытынды төрт кезең бойынша ұпай сандарын есептеп,жоғары ұпай жинаған оқушыларды марапаттау.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет