Көлденең кесінді әдісі. Бұл әдісті қолдану барысында әр түрлі жастағы топтар бір уақытты салыстырылады. Бұл әдіс арқылы жекелік дамуды анықтау мүмкін болмағанымен, лонгитюдті әдіске қарағанда бұл қысқа уақытты қамтиды. Көлденең кесінді әдісін қолдану кезінде зерттелушілерді таңдауға қатаң талап қойылады. Мұның себебі, алынған нәтижелер табиғатының бөтен болғандығынан емес, даму деңгейінің алуандылығымен байланыстылығын қамту.
Когортты-бірізді (комбинированный) әдіс. Қазіргі кезде бұл екі әдістің комбинациясын кеңінен пайдалану байқалады. Осылайша, зерттеуші 4-жасты, 8-жасты, 12-жасты жасөспірімдерді бір уақытты зерттей отырып, әр 8 жыл сайын әрбір кагортты 2 жылда бір рет зерртей алады. Осыдан кейін алынған нәтижелер лонгитюдті немесе көлденең кесінді әдістері арқылы салыстырылады.