Жас ерекшелігі психологиясы


Өзін-өзі тексеру сұрақтары



бет36/129
Дата10.10.2020
өлшемі1,46 Mb.
#64287
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   129
Өзін-өзі тексеру сұрақтары

1 .Жас ерекшелігі психологиясының зерттейтін аймағы?

2. Жас ерекшелігі психологиясының зерттеу әдістері?

3.Сауалнама әдісін қандай мақсатта жүргізуге болады?

4 .Проективті әдіс дегеніміз не?

5. Экспериментәдісінің кезеңдерін ата?

6. Лонгитюдті әдістің ерекшелігі?

7. Когорт эффектісінің ерекшелігі?

8. Тұлғалық эксперимент қалай жүргізіледі ?
3 дәріс

.Тақырыбы: Жас ерекшелігі психологиясының даму тарихы.

Дәріс мазмұны:

1. Жас ерекшелігі психологиясының даму тарихына шолу.

2. Балалар психологиясындағы эволюциялық идеялар.

3. Қазақстанда жас ерекшелігі психологиясының даму барысы.

4. Даму мәселелері барысындағы психологиялық тұжырымдамалар мен теориялар.

(Ч.Дарвин, Геккель, Бихевиоризм, Пиаже,Гальперин және гуман.,когнитивт.бағыттар)


Мақсаты: Жас ерекшелігі психологиясының даму барысымен, жас кезеңдеріне қарай эволюциялық идеялар мен ,психологиялық еңбектермен таныстыру.
Х!Х ғасырдың ортасына дейін бала психологиясы жалпы психологиямен бірге дамыды Жас ерекшелігі психологиясының бөлініп, бөлек бір сала болу кезеңі Х!Х ғасырдың екінші жартысы және психология ғылымында генетикалық идеяның пайда болуы үлкен әсері болды. Жас ерекшелігінің бөлек ғылым болып қалыптасуына әсер еткен негізгі себептер мынандай болды:

1. Биологиядағы «даму» туралы идеялар мен жазбалардың пайда болуы.

2. Туылған күннен бастап балаларды зерттеу,талдау,күнделіктер жазу,осы мәліметтерге қарай психологиялық көзқарастар мен

зерттеулер, идеялардың пайда болуы;

3. Балалар психологиясын зерттеуде эксперимент әдістерінің кеңінен қолданылуы.

4. Ч. Дарвиннің эволюциялық идеялары мен балалар психологиясын салыстырмалы зерттеулері;

Ч. Дарвин өз заманында жануарлардың мінез-құлқын зерттеумен айналысып қана қоймай, өзіне қажет деген материалдармен қатар, жануарлардың баласы мен адам баласы арасындағы ұқсастық барма деген мәселені көтерген.Осыған орай Ч.Дарвин өз баласына күн-

делік жазды. ХХ ғасырдың басында психологтар арасында балаларға күнделік жазу өріс ала бастады. Сол кезеңде неміс психологы В.Штерн әйелімен бірлесіп өз баласына ұзақ уақыт күнделік толтырып, сол күнделік кейіннен дүние жүзі тілдеріне аударылды.Осы ғасырдың бас кезінде АҚШ психологтары Келлогтар баласымен қатар шимпанзе баласын асырап, бірге тәрбиелеп, үйретті. Төрт жыл

қатарынан күнделік толтырып, кейіннен осыған негіздеп «Адам және шимпанзе балалары» атты еңбек жазды.Бұл жүргізілген зерттеудің мақсаты – маймылдың адамға айналуына болатынын не болмайтынын анықтау болды және бала психикасынан жануар психикасының өзгешелігін анықтау еді. Күнделіктер арқылы табылған фактілерден бала психологиясы туралы мәліметтер дамып, соның нәтижесінде бала психологиясының өз алдына бөлек қалыптасуына ықпал етті.

Күнделік жүргізумен қатар ХІХ ғасырдың аяқ кезінде және ХХ ғасырдың бас кезінде бала психологиясын зерттеуде эксперимент әдісі кеңінен қолданылып,осы саланың жалпы психологиядан бөлінуіне себепші болды.Бала психологиясын эксперименттік әдіс қолданып зерттеуде еңбек еткен ғалым-психологтар: А.Бине, В.Штерн, К.Кофка, Ж.Пиаже т.б.Бұлар экспериментті әртүрлі жастағы балаларға қолданды. Ж.Пиаже 1916 жылдан бастап балалардың ой-өрісін зерттеуді бастады.Қазіргі кезеңде оның зерттеулерін дүние жүзінің ғалымдары басшылыққа алады. Ж.Пиаже Женева қаласында балалардың ой - өрісін зерттеуді жалғастырып, эпистемология ілімінің негізін қалады. Өз зерттеулерінде Ж.Пиаже бала ақыл – есінің қалыптасуына назар аудара отырып, ғылыми психологиядағы зерттеулер бала интеллектінің дамуын байқаудан басталып, сол арқылы ересектердегі интеллект табиғаты мен қызметін білуге болады деп пайымдады.

Щвейцария ғалымы Ж.Пиаженің генетикалық психология теориясы психология ғылымының кең өріс жайған бағыттарының бірі. Зерттеулерін негізге ала отырып,Ж. Пиаже генетикалық әдісті психологиялық болмысты тануда жетекші әдіснамалық принцип дәрежесіне көтерді.Пиаженің негізгі міндеті адам интеллектісінің құрылымын зерттеу. Осы құрылымды ол қарапайым органикалық тіршіліктің эволюциялық даму барысында жеткен нәтижесі деп білді, яғни интеллектік күрделі ақыл-естің жай психикалық элементтерден құралатынын дәлелдемекші болды.

Бала психикасының даму және оны оқыту процесін бақылау эмперикалық материалдарының жинақталуы және қорытылуымен қатар педагогикалық және балалар психологиясына эксперименттік зерттеулер енгізе бастады.Эксперименттік зерттеу балалар мен жеткіншектердің психикалық дамуына обьективті сипаттама беріп оқыту мен тәрбиелеуге ғылыми тұрғыдан келуді негіздей алатыны педагогтар мен психологтарға белгілі болды.Бірақ ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында психологиялық экспериментті педагогикада қолданудың арнайы жолдары әлі табыла қоймады.

ХХ ғасырдың басында педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы саласында балалардың психикалық дамуының факторларын түсіндіруші екі ағым айқындалды.Бір бағыт өкілдері балаға әлеуметтік әсердің болатынын, ал екінші бағыт өкілдері дамудың биологиялық алғы шарттары басым екендігін дәлелдеді.Бұл екі бағыт та 30 – жылдардың басында совет психологиясында сынға алынды. Баланың психикалық дамуын түсіндіруде биогенетикалық бағыт пікірінше, даму ,жеке адамның сапалық және сандық жақтары тұқым қуалаушылықпен анықталады,ал орта – бойында көптеген мүмкіндіктері бар икемді тұқым қуалаушылықпен өзара әсер ететін тек реттеуші, көрсетуші, қайсыбір өзгермейтін фактор ғана.

Психикалық дамуда биологияшыларға тән тұқым қуалаушылық факторларды артық бағалауы,олардың психологиядағы биогенетикалық деп аталатын заңға бағытталуы анықталды.Психологиядағы биогенетикалық заң дегеніміз ХІХ ғасырда Геккель тұжырымдаған белгілі эволюция заңын жас ерекшелігі психологиясы саласына ауыстыру әрекеті.Биологиялық күштердің әсерімен психологиялық даму кезеңдері мен бала мінез-құлқының формалары бірін-бірі заңды түрде ауыстырып отырады. Психологиядағы биогенетикалық заңның негізіне ішкі себептермен пайда болған, тәрбиеге тәуелсіз баланың психикалық дамуы жатады,ол сыртқы фактор ретінде кейбір табиғи тұқым қуалаушылыққа байланысты психикалық қасиеттердің көріну процестерін тежеуге немесе тездетуге ғана жарамды болады деген идея жатқызылды.

Социогенетикалық бағытты жақтаушылардың пікірі бойынша, бала дамуының орташа шешуші факторы ретінде көрінеді,сондықтан да адамды зерттеп білуі үшін оның ортасының құрылымын талдау жеткілікті:қоршаған орта қандай болса, адамның жеке басы, оның мінез-құлықтарының механизмі, даму жолдары сондай болады деген ұстанымда болған. Биогенетиктер де,социогенетиктер де баланың психикалық дамуының механизмдері жөнінде дұрыс түсінік бере алмады.

ХІХ ғасырдың аяқ кезінде және ХХ ғасырдың бас кезінде жас ерекшелік психологиясы педология ғылымымен тығыз байланыста дамыды. Педология – балалар туралы ғылым, негізін қалаған американ психологы Г.С.Холл. Педологияның мазмұнын бала дамуының психологиялық, физиологиялық, биологиялық концепцияларының жиынтығы құрастырды.Психологияға эволюциялық идеялардың енуіне байланысты ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында пайда болған (Батыста – С.Холл, Э.Мейман, В.Прейер, Россияда – В.И.Бехтерев, А.П.Нечаев, Г.И.Россолимо ) 20 жылдары және 30 жылдардың басындағы педология балалар туралы ғылымның жеке дара ролін атқаруға талаптана бастайды. Г.С. Холл 1983 жылы Балтимор университетінде алғаш рет эксперименттік лаборатория ұйымдастырды,бұнда балалар психологиясы,әсіресе жасөспірімдер психологиясын зерттеуді бастады, сонымен бірге Г.С.Холл психологиялық даму туралы алғаш рет журнал шығарды.Өз лабораториясында жас өспірімдер мен жеткіншектердің әр түрлі психикалық қасиеттерін зерттей бастады. Г.С.Холл балалар психологиясын зерттей отырып, мынандай қорытындыға келді: бала психикасының негізі Э.Геккель салған биогенетикалық заңда жатыр деп есептеген.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   129




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет