Жас ерекшелігі психологиясы


Өзін-өзі тексеру сұрақтары



бет52/83
Дата30.10.2022
өлшемі1,26 Mb.
#155643
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   83
Байланысты:
Жас ерекшелігі психологиясы

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1 .Т.В.Скинеревтің з бойынша 6 типті бағалық-уақыттық «Мен» құрылымын ата?
2. Осы кезеңні даму мүмкіндіктері туралы көп айналысқан теория өкілдері?
3. Стернберг үш компонентті махаббат теориясы ата?
4. Шешім қабылдау және жауапкершілік сатысының мәнін ата.

12 дәріс


Тақырыбы: Жастық шақ –жеке адамның қалыптасу кезеңі.
Дәріс мазмұны:
1. Өзіндік сана-сезімінің дамуы.»Мен» концепциялары.
2. Дүниетанымы,мақсат-мұраттары мен бағыт-бағдары,қызығуы қалыптасуы.

3. Кәсіби даму кезеңдері. Мамандық таңдау және кәсіби дайындық

4. Жастық шақтағы психологиялық ерекшеліктер.Студенттік кезең психологиясы.


5. Өмірлік жоспарлар.Мамандықты меңгеру.


Мақсаты: Жастық кезеңдегі оқу,еңбек іс-әрекеттері, эмоциялық-еріктік сферасымен өзіндік сана-сезімінің дамуы және дүниетанымы,
бағыт-бағдары дамуы ерекшеліктерімен таныстыру.
Жоғарғы сынып оқушысы (ерте жастық шаң кезеңі 14-15-тен 17 жасқа дейін) орта буыннан жоғары сыныпқа немесе жаңа оқу орындарына – гимназияларға, колледждерге, кәсіптік мектептерге өткен кезде дамудың жаңа әлеуметтік ситуациясын атайды. Бұл ситуацияны тек жаңа ұжымдар ғана емес, сондай-ақ ең бастысы болашаққа бағытталық. Таңдау жасауға өмірлік ситуация мәжбүр етеді, ата-аналар тарапынан ынталандырады және оқу орны бағыттайды . Осы кезеңде құндылық – бағдар белсенділігі негізгі мәнге ие болады. Бұл автономия, өзі болуға ұмтылумен байланыстырылады. И.С. Кон атап көрсеткендей , «қазіргі күнгі психология нақты, мінез-құлықтық автономияны (жасөспірімнің тек өзіне ғана қатысты мәселелерді өз бетінше шешу қажеттілігі мен құқығы), эмоционалдық автономияны (ата-аналарынан тәуелсіз болу қажеттілігі мен құқығы), мораль және құндылықтың автономияны (іс-жүзінде өз көзқарастарының болуы қажеттілігі мен құқығы), ажырата отырып, ержеткен балаларды автономиялау мәселесін қояды».
Осы кезеңде жоғары сынып оқушылары өмірлік жоспарлар құрып, мамандық таңдау жайлы саналы түрде ойлана бастайды. Бұл таңдау тек, адам өзін дәрігер, педагог, зерттеуші ретінде басқалар үшін пайдалы сезінетін іс-әрекет саласында бейімділікке өмірлік талаптарға бағдарланудан ғана емес, сондай-ақ берілген мамандықтың елдің қоғамдық дамуының нақты ситуациясындағы пайдасынан, практикалық құндылығынан туындайды.
Өзін-өзі анықтау қажеттілігі жоғары сынып оқушысының оқу іс-әрекетінің сипатына ғана әсер етіп қоймай, кейде оны анықтайды. Бұл ең алдымен, оқу орнын немесе тереңдете оқыту сыныптарын таңдауға (гуманитарлық, жаратылыстану т.б.) қатысты: пәндерді таңдау, оларды ұнату, ұнатпау т.б. Бір жағынан бұл тұлға бағытылығының көрінісі.
Мамандық таңдаудың аңықтығын және оның тұрақтылығын М.Р. Гинзбург «болашақтың анықтылығының» екі параметрі ретінде қарастырады, олар өз кезінде, жоғары сынып оқушысының мәндік болашағын сипаттаушы маңызды көрсеткіштердің бірі болып табылады. Екінші көрсеткіш – «валентілік» - эмоцияналдық құндылықтың болашаққа белсенділікпен байланыстылығын біріктіреді.
Жоғары сынып оқушысының оқу іс-әрекеті әлеуметтік ситуация ерекшілігіне қарай осы іс-әрекеттің саналық жаңа мазмұнымен синатталады. Біріншіден, тұлғалық мәнді құндылықтары бар оқу пәндеріндегі білімдерді игеруге деген ішкі танымдық мотивтермен қатар кең әлеуметтік және сыртқы және тұлғалық мотивтер де көрініс береді, олардың ішінде жетістікке жету мотиві бірінші орын алады. Оқу мотивациясы құрылымы бойынша сапалы өзгереді, себебі жоғары сынып оқушысы үшін оқу – іс-әрекетінің өзі, болашақтағы өмірлік жоспарларды жүзеге асыру құралы.
Жоғары сынып оқушысының оқу іс-әрекеті негізі даралық тәжірибені кеңейту, толықтыру, жаңа ақпаратты енгізу, олардың құрылымын жүйелеу, комплекстеу.
Өз бетінше шешім қабылдау, шығармашылық іскерлігін дамыту, барлық құбылысты талдай отырып олардың құрылымын ұғыну, тыңдай білу және т.б. қасиеттер жоғары сынып оқушысының оқу іс-әрекетінің мазмұнын құрайды.
Жоғары сынып оқушысында оқу іс-әрекетінің ерекше формасы қалыптасады. Ол сапалы түсінілген зерттеулер, кәсіби бағыттылықты талдау элементтері және тұлғалық қажеттіліктерді анықтау мақсатында оқу әрекеттері. Бұл кезеңдегі ең маңызды психологиялық жаңа құрылымы – оқушының өмірлік жоспарлар құруы, оларды жүзеге асыру жолдарын іздеу оның оқу іс-әрекетінің мазмұнымен байланыстылығы. Оқу іс- әрекетінің мазмұнының өзі жетекші іс-әрекет жаздайынан біртенден осы жоспарларды жүзеге асыру әдіс – тәсіліне айнасады.
Оқушының кәсіби және тұлғалық өзін-өзі анықтауға деген дайындығы бағдарлар жүйесін, айқын көрінетін кәсіби бағдарларды және кәсіби қызығушылықтарды, шағармашылық ойлау формаларын, ғылыми таным әдістерін игеруді, өзін-өзі тәрбиелеу іскерлігін қамтиды. Бұл кезеңде тұлғалық бағдарлық іс-әрекеті толық байқалады. Осы жаста оқушының автономияға ұмтылуы негізінде оның бойында өзіндік сана-сезімнің толықтай құрылымы қалыптасады, тұлғалық рефлексия дамиды, өмірлік жоспарлар, перспективалар саналы түсініледі, талап қою деңгейі қалыптасады.
Өтпелі кезеңде жоғары психикалық функциялардың дамуы жүйесі мен мінез-құлық дамуының процестерін анық және нақты сипаттайтын негізгі заңдылықтарды аңықтайды.
Жүйке жүйесі мен мінез-құлық дамуының негізгі заңдылықтарының бірі – жоғары орталықтар немесе жоғары құрылымдар дамыған сайын, төменгі орталықтар немесе төменгі құрылымдар өзінің маңызды қызметтерінің біраз бөлігін жоғары құрылымдарға алмастырып, осы функцияларды жоғарыға береді, дамудың неғұрлым төменгі сатыларында төменгі орталықтар немесе төменгі функциялармен жүзеге асырылатын бейімделу міндеттері жоғары сатыда жоғары функциялармен орындала бастайды.
Жүйке жүйесінің дамуында көрініс беретін осындай үш заңдылық, атап айтқанда:
Төменгі орталықтардың бөлек сатылар түрінде сақталуы;
Функциялардың жоғарыға өтуі;
Сырқат кезінде төменгі орталықтардың эмансипациясы – жоғары психикалық функцияларының даму тарихында да толық сәйкестікте болады. Жекелей алғанда, жасөспірім кезеңдегі барлық психикалық даму осы үш заңдылықтың нақты айқындалуының үлгісі болады.
Осы жас шамасындағы дамудың негізгі мазмұны жасөспірімнің жеке тұлғасының психологиялық құрылымының өзгеруін құрайды, бұл өзгеріс қарапайым және төменгі процестерден жоғарылардың жетілуіне өту болып табылады.
Кречмердің пікірі бойынша; қарапайым рефлекторлы процестерден ойлаудағы абстракциялардың қалыптауына дейін жүректін негізгі жүйкелі – биологиялық заң.
Жасөспірімдік кезеңдегі психикалық дамудың бүкіл тарихы осы функциялардың жоғары өту мен дербес жоғары синтездердің құрылуынан тұрады. Түрге функциялар, олар: ес, зейін, қабылдау, ойлау, қиял, ерік. Даму процесінде осы функциялардың барлығы – орталық немесе жетекщі функциясы – ойлаудың дамуы, ұғымдардың қалыптасуы болып табылатын күрделі жүйені құрайды. Барлық қалған функциялар осы жаңа құрылысымен бірге отырып, интеллектіленеді, ойлау негізінде ұғымдардың өзіде қайта құрылады
Қоғамда балалық шақтан жастық шаққа өту кезеңі тек қана оның тұлғалық жағынан пісіп — жетілуінің ғана белгісі емес, сонымен бірге мәдениетке ұмтылу, белгілі бір деңгейіндегі білім, нормалары мен дағлы жүйесін игеруі, сол арқылы тұлға еңбек етіп, қоғамдық қызметтер атқара алады және әлеуметтік жакуапкершілікті сезінеді. Балалықтан есейген шаққа өту сол қоғамның бала мен үлкенге қоятын нормалар мен талаптарының арасындағы айырмашылықтың болуына байланысты. Әлеуметтік және таптық жағдайы жеке тұлғаның өмірлік жолының тұлғалық жағынан қалыптасу кезңінен бастап, білім алу деңгейі мен дүниеге көзқарасы қалыптасуында зор мәнге ие болады.
Бұл кезең ақыл-ой қабілеттілігі дамуының маңызды кезеңі.
Олардың ойлау қызметі әлдеқайда белсенді және еркін. Олар мұғалімдерге сын көзбен қарайды. Пәннің қызғылықтығы туралы жастардың түсінігі жеткіншектерге қарағанда басқаша: егер алтыншы сыныпта оқитын пәннің сыртқы мәнін бағаласа, тоғызыншы сыныпта өзінше ойлануды талап ететін пәндер қызықтырады. Олар белгілі бір құбылысты қорыта айтуға, жеке деректердің негізінде жатқан жалпы қағидалар мен заңдылықтарды іздеуге бейім.
Жастық шақтағы маңызды психологиялық процесс-өзіндік ақыл-ойдың және өзіндік «Меннің» бейнесінің қалыптасуы болып табылады.
Жоғары сынып оқушыларымен жүргізілетін жұмыстағы жетекші педагогикалық идея: жеке тұлғаның өзіне тән қызығушылығына сәйкес оның негізгі мүмкіндіктерін жүзеге асыру үшін жағдай жасау, өз болашағының әлеуметтік-мәнділік жағын анықтап алу үшін көмектесу.
Оқушылардың өз өмірінің келешегі мен жоспарлары дүниетанымының негізі қалыптасады, өмірге деген өзіндік көзқарасы, өмірден өзінің орны айқындалады. Тәрбиешілер жүргізетін бұл кезеңдегі мақсатты тәрбие өзінің айқындаушылық қызметін атқаратын болса да, дәл осы кезде жеке тұлғаның өз белсенділігі, оның әртүрлі құбылыстарға баға беруі, әлеуметтік келеңсіздіктерге қарсы ықпал ете білуі айқын көрініс береді, тіршілік талап ететін және өзінің әлеуметтік байланыстары кеңеюіне орай міндетті түрде пайда болатын күрделі жағдайлардан шығудың дұрыс жолын таба біледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет