Зейнетке шығу : статустың мәнді өзгерісі. Кәрі жастың маңызды міндеттернің бірі зейнетке шығуға бейімделуден тұрады.Тарихи бұл мәселе әйел адамдарға қарағанда ер адамдарды күштірек қозғады, себебі жұмыс күшінің көп бөлігі олардың мойнында болды.Алайда соңғы 30 жылда бұл сферадағы гендерлік айырмашылықтар өзгерді. Адамның зейнетке шыққаннан кейінгі өзін - өзі сезінуі көбіне оның шынымен –ақ жұмысын тоқтатқысы келгеніне әлде жағдайдың қысымымен кету керек болғандығына байланысты.Зейнетке шығу – қарттық кезеңдегі мәнді статус өзгерісі. Жұмыс өмірді ұйымдастырады, күнделікті жұмыс ретін анықтайды. Жұмыс – бұл қызметкерлер және өзге де адамдар, тұрақты қарым – қатынас көзі.
Адамның жаңа рольге жеңіл бейімделуі бірнеше қатар факторларға байланысты. Егер адам жұмыстан кездейсоқ шықса немесе еңбек ролімен тығыз байланысты болса зейнеттегі өмірге өту ол үшін өте қиынға соғады.
2. Қарттық шақта ақыл-ой және денелік іс - әрекеттің жылдамдығының төмендеуі тән. Көптеген зерттеулер көрсеткендей, кәрі жаста интеллектуалды функциялар әлсірейді. Кәрі адамдарда перцептивті ақпаратты өңдеу реакция уақыты жылдам, жалпы когнитивті процестер баяулайды.Белгілі бір деңгейде танымдық іс - әрекеттің баяулауы қартаюмен тікелей байланысты.
Кәрі жасқа бейімделу – бұл бұрын қалыптасқан тұлға стилі жетекшілік ететін мінез – құлық. Эриксон эго тұтастығын ұзақ даму процесінің нәтижесі ретінде қарастырған. Пек кәрі жасты трансцендентті эго ( сана өлімнен жоғары тұратын күй) және уайымдағы эго ( адамда өлім туралы ойлар басым болса)арасындағы конфликтіні шешу терминдерімен бейнелеген.
Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, қарттық шақта өмірлік өзгерістерді жеңу қабілеті нашарлайды. Алайда кейбір ғалымдардың айтуынша, уақыт өте келе өмірлік мәселелерді жеңу қабілеті жетіле түседі. Естің қалыпты жұмыс істеуі және ақыл-ойының дамуына қарамастан, кейбір қарт адамдарда когнетивті іс-әрекеттің едәуір нашарлауы көрінеді. Бұл уақытша болуы мүмкін. Кейбір жағдайда когнитивтік іс -әрекетің бұзылуы ұзақ болмайды. Когнитивті бұзылудың негізгі себептері бар. Бірінші себепке Альцгеймер ауруы және инсульт(мидың қан айналымының бұзылуы) жатады. Көптеген жағдайда когнитивтік іс-әрекеттің бұзылуы қартаю процесінің салдарынан емес, ол басқа факторлармен байланыста болады: денсаулықтың нашарлауы, білімнің төмендеуі, кедейлілік және мотивацияның төмендеуі. Екінші себептер бірінші себептен болуы қиын. Бұған “деменция” ауруы жатады.Деменция (нашар ойлаудың қалыптасуы) - үнемі шатысып қалушылық , ұмытшақтықпен сипатталады. Көбінесе бұл жағдай қартайған кезде болады. Деменция ауруына Альцгеймер ауруы себепші болады. Альцгеймер ауруымен байланысты ол 65 жастан жоғарғы адамдар арасында 2-4% көрсетеді, ал оның басқа типтері сирек кездеседі.
Деменция ауруымен ауыратын адамдарда заттарды тез қабылдау мүмкіндігі нашарлайды. Оларда ойлау қабілетінің темеңдеуі байқалады. Олар әрқашан бір айтқан сөзді қайталай береді, дені сау адамдарға қарағанда аз ойланады және айналасындағы адамдармен қарым-қатынасқа түсе алмайды. Олар әңгімелесу кезінде сөйлемнің ортасында үзілістер жасайды. Жақын арада болған оқиғаларды тез арада ұмытып қалады. Деменция ауруынан зардап шеккен адам өзінің балалық шағында болған оқиғаларды оңай елестете алады, бірақ 1 сағат бұрын болған жағдайды есіңе түсіре алмайды.Когнитивтік дамудың нашарлауының бірінші себебі;деменция ауруының басты себебі және когнетивті іс- әрекеттің бұзылуына әсер ететін-Альцгеймер ауруы болып табылады Альцеймер ауруы 65 жас және оған жоғарғы жастағы адамдар өліміне себепші болатын аурулардың ішінде 8-ші орында тұрады.Альцеймер ауруы бұл бас миының ішкі қыртысында басталатын ми жасушасының зақымдалуы. Осы ауру бойынша өлген адамда зерттегенде ми қыртысының аз ғана бөлігі өрілген жіп тәрізді болады. Осы ауру кезінде адам еске сақтау қабілетін жоғалтады.Бұл аурудың алғашқы симптомы кезінде ұмытшақтық пайда болады және тіл кемістігі пайда болады. Басында ұсақ-түйек нәрселерді ұмытады, содан кейін ауру күшейе түсе, ол өзіне таныс адамдардың атарын, күнделікті істеп жүрген, өзінің таныс орындарын ұмыта бастайды, ең соңында жаңа ғана болған оқиғаны да ұмытады. Ауру адамға қарапайым нәрселерді орындауға және жоспарлауға қиын болады мысалы, ішіп, жейтін тағамды табу қиынға соғады және ол тоңазытқышты іздеп таба алмайды. Бұндай жағдайда ауру адамды жалғыз үйде қалдыруға болмайды. Ауру адам қарапайым нәрселерді орындай алмайды, ол өзі киіне алмайды, тамақ іше алмайды. Өзіне жақын адамдарды және өзінің жолдасын, өзіне көп жылдан бері көмек көрсететін адамды танымайды оны таныс емес адам ретінде қабылдайды. Туысқандары ауру адамды қиын жағдайда қарттар үйіне апаруға мәжбүр болады.
Когнитивтік іс- әрекеттің нашарлауының екінші себебі; психологиялық күтім, рухани денсаулық және басқа факторлар когнитивті іс- әрекетіне әсер етеді. Кейбір қарт адамдарда жаспен бірге оның есі нашарлайтынын және олар қалыпты жұмыс істей алмайтынын айтады. Адамның рухани денсаулығы оның когнетивті іс- әрекеттегі тапсырмаларды орындауына әсер етеді. Депрессия—қарттық жастағы қарапайым психологиялық реакция. Ол сүйікті адамын және досын жоғалтып алуымен байланысты болады. Депрессия зейіннің шоғырлануының және когнитивті іс- әректтің төмеңдеуіне әкелетін дұрыс тамақтанбау, анемияға әкелетін витаминнің және хориннің жетіспеуі ойлау қабілетнің нашарлауына әкеледі. Алкогольдік ішімдіктерді көп қолдану қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді жұмысының бұзылуна әкеледі.
3.Стохастикалық теория. Қартаюдың стохастикалық теориясына сәйкес,ағза кездейсоқ зиянды нәрселердің нәтижесінде қартаяды. Бұл теорияның авторлары адамның денесін жасушалық деңгейде жиналған зиянды нәрселердің нәтижесінде істен шыққан машинамен теңейді.Тек жасушалық құрылым емес, ұлпалар, мүшелер тозады.
Биологиялық сағат теориясында басты назарды қартаюды генетикалық анықталғандығына бағытталады. Бұл теория бойынша, қартаю тұқым қуалау гендерінің алдын ала белгіленген әсерінен болады. Индивидуумның өмірінің орташа ұзақтығын шамамен 200 ген анықтайтынын болжайды. Бағдарламаланған қартаю биологиялық сағат ұғымымен байланысты.Бұл идеяның мәні бойынша, ағзада белгілі бір өлім уақытына қойылған жеке сағаты болады.Сағаттар ағзаның әр жасушасында немесе мида орналасуы мүмкін