1. Қарттық кезеңдегі адамдарға тән негізгі психологиялық ерекшеліктер.
2. Қарттық кезеңдегі когнитивтік процестердің өзгерістері.
3. Бұл кезеңдегі мінез-құлқы мен эмоционалдық жағдайы.
4. Зейнеткерлікке шығу
5 Қартаю теориялары. Жеке тұлға және қартаю
. 6. Қарттық кезеңдегі аурулар түрлері.
Мақсаты: Қарттық кезеңнің ерекшелігімен және осы кезеңде пайда болатын аурулық мәселелерін түсіндіре отырып, қарттарымызды қадірлей білуге үйрету.
1. Батыс елдерде кәрі адамдарға қатысты көптеген стереотиптер бар.АҚШ –тың тұрғындарына қойылған сауалнама бойынша кәрі адамдардың жағымды да, жағымсыз бейнелері шығарылды.Бернис Найгартен кәрі адамдарға деген немқұрайлы қатынасты «эйджизм»термині көмегімен белгіледі.
Батыс елдерде, әсіресе АҚШ-та барлық жастағы адамдар кәрілерге теріс сапалар , ал жастарға – жағымды сапаларды беруге бейім.Теріс стереотиптер жас адамдарды кәріліктен қорқуды тудырып қана қоймайды, қарттардың өзін шектейді.Қоғамдық пікір сауалнамалары көрсеткендей, кәрі адамдардың көпшілігі өздерінің әлуметтік және экономикалық жағдайын қоғамға қарағанда айтарлықтай жоғары санайды. Батыс елдермен салыстырғанда біздің еліміз қарттарға құрметпен қарап, бала-келіндері қарт адамдарды бағып күтеді.
Әлеуметтік-мәдени перспективалар. Адамдар әрқашан кәріліктен қорықпайды. Әлемнің көптеген елдерінде кәрі адамдар ұлы даналықты иеленеді деп санайды. Мысалы, үндістер әркез кәрілерді дана, мәдениет дәстүрлі білім мен сенімді тасушы деп оларға бас иген. Қытайда, Жапонияда және басқа да Азия елдерінде үлкендерге құрмет көрсету ретінде белгілі дәстүр бар. Жапонияда , мысалы, кәрі адамдардың төрттен бірі өз балаларымен тұрады. Және оларға құрмет тұрмыстық өмірдің түрлі ұсақ-түйектерінен көрінеді.
Қартаюдың денелік аспектілері. Қартаюдың денелік аспектілері ересектіктің соңғы сатысымен бірге жүретін көптеген өзгерістер мен шектеулер анықтайды. Денелік қартаю универсалды. Кейбір адамдарға ерте келсе, кейбіреулеріне кеш келеді, бірақ кез келген жағдайда одан құтылуға болмайды.Тіпті жағымды генетикалық және сыртқы жағдайлардың өзінде ағзаның барлық жүйесі қартаяды, алайда оның қартаю темптері әр-түрлі болады. Қартаю процесі көпшілік мүшелер үшін ересектік шақтың басында немесе ортасында басталады.Көп жағдайда қартаю ересектік шақтың соңына дейін байқалмайды, өйткені ол біртіндеп жүреді.Қартаю ағзаның сенсорлы және өзге де жүйелер жұмысының тиімділігінің төмендеуімен жүреді.Алайда бұл қартаю белгілері барлық адамдарда бірдей байқалмайды.Зерттеулер көрсеткендей, жақсы денелік формадағы және белсенді өмір сүретін кәрі адамдар кейбір денелік әлсіздік сезінетін жас адамдарға қарағанда берілген тапсырманы дәл сондай жетістікпен орындайды. Сонымен қатар , ағза жүйесінің биологиялық өзгерісін – қартаюдың жалғыз себебі деп айтуға болмайды.Көп адамдар жастық немесе ересектік кездегі кейбір оқиғаларға байланысты: мысалы, қатты дыбысты музыканы жиі тыңдаса, қарттық шақта жекелей немесе толықтай естуден айырылады.Сол сияқты сенсорлық бұзылыстар мен ішкі мүшелер дефектілері өткен тәжірибедегі оқиғаларға байланысты.Сөйтіп, өмір суру тәсілі, бастан кешкен оқиғалары ағзаның жас ерекшелік өзгерістеріне әсер етеді. Кейбір жағдайда бұл факторлар қартаюдың патологиялық факторлары деп аталады.Кәрі адамдардың көпшілігі өздерінің денсаулығын жақсы , тіпті керемет деп жатады. Оларға артриттің баяу дамуына немесе дәрінің кері әсерлеріне бейімделуге тура келеді. Соңғы ересектік шақта пайда болатын денсаулық проблемаларын былайша үш категорияға бөлуге болады: хроникалық, тамақтану және дәрі препараттарын дұрыс қолданбау. Адам ауырғанда оның ауруы хроникалыққа айналуы мүмкін, яғни ұзаққа созылып, рецидивпен бірге жүреді. Кәрі адамдар әдетте хроникалық күйге шалдығады- одан толықтай жазылуға болмайды. Кәрі адамдардың шамалы күйі белгілі бір деңгейде дұрыс емес диетадан және тамақтанудан болады. Денелік белсенділіктің төмендеуіне және метаболизмнің баяулауына байланысты кәрі адамдарға жас кезіндегідей тамақ мөлшері талап етілмейді. 65-жасқа келгенде калорияға қажеттілік 20%-ке азаяды.Кәрі адамдардың организмінде көбіне темір, кальций, А және С дәрумендері аз мөлшерде болады.
Дәрі-дәрмектерді дұрыс қолданбау.Дәріні дұрыс қолданбау кәрі адамдар үшін салмақты мәселе емес. Алайда зерттеушілердің тұжырымдауынша, кәрі адамдардың үштен бірі передозировкамен, дәріні дұрыс қолданбаумен ауруханаға түседі. Дәрілік препараттардың әсері деменция (ақылаздық) симптомдарына ұқсас симптомдардың дамуына әкеледі. Ақыл аздықтың түрліше формалары когнитивті бұзылыстармен: еске сақтау, үйренуге қабілет төмендеумен,таныс адамдарды және объектілерді тану қабілетінің әлсіреуімен, сөйлеудің бұзылуымен бірге жүреді.
Қартаю теориясын екі категорияға бөлуге болады: стохастикалық, биологиялық сағат теориясы.