Миға шабуыл. Шығармашылық белсенділікті және жаңа идеяларды тез жасау іскерлігін дамытудың әдісі. Қолданылу уақыты: проблеманың шешімін табу үшін; жаңа тақырыпты ұсыну және оқушылардың іс-әрекетін өзектілеу, берілген проблемаға оқушылардың зейінін шоғырландыру үшін. Әдістің басты міндеті – танымдық іс-әрекетті белсендендіру және оқушыларды өнімді оқыту процесіне қатыстыру. Технологиясы: сипаты бойынша әртүрлі сұрақтарды пайдалана отырып берілген сұрақ немесе зерттелетін проблема бойынша көп идеялар жинақтау. Идеялар сыналмайды және комментарий берілмейді.
Миға шабуылды ұйымдастыру ережелері:
Миға шабуыл уақытында сыныптың барлық оқушылары қатысады.
Ұсынылған идеяларларға комментарий берілмейді және сынға алынбайды.
Идеяны нақтылау және дамыту мақсатында сұрақ қоюға болады.
Миға шабуыл барысында аралық бағалар қойылмайды.
Проблеманы талқылау деңгейінде ұсынылатын барлық идеялар қабылданады.
Ойлар нақты және қысқа болуы керек.
Ашық ойлар минутасы.Алдын ала проблема жарияланады. Оқушылар берліген мәселе бойынша өз дәйектерін құрады, өз көзқарасын білдіреді. Оқушылардың жауаптары қысқа, нұсқа, логикалық құрылған болуы тиіс. Зерттеу процесі, ақпаратты, фактілерді өз бетімен іздеу ынтымақтастықта өтуі тиіс.
Жобалау әдісі оны немесе проблмалар әдісі деп те атайды. Дж.Дьюидің гуманистік бағыттағы философия және білім беру саласында туындаған. Негізі – студенттердің танымдық дағдыларын дамыту, өз білімдерін өз бетімен құру және ақпарат кеңістігінде бағытталу іскерлігін, сыни ойлау іскерлігін дамыту. Жобалау әдісі – белгілі бір проблеманы бөлшектеп өңдеу арқылы дидактикалық мақсатқа жетудің тәсілі. Оның нәтижесі – шынайы, белгілі бір түрде рәсімделген практикалық нәтиже. Жобалау әдісінің негізі мына идея – ол «жоба» ұғымының мәнін құрайды, оның прагматикалық бағыты белгілі бір теориялық және практикалық мәнге ие проблеманы шешу барысында алынатын нәтижеге жетумен көрсетіледі. Оған қол жеткізу үшін студенттерді мынаған үйрету керек: өз бетімен ойлау, ғылымның түрлі салалары бойынша білімдерін пайдалана отырып, проблеманы табу және шешу, шешімдердің түрлеріне орай олардың мүмкін болатын нәтижелерін болжау қабілеті, себеп-салдарлы байланыстарды орнату іскерлігі. Жобалау әдісі әрдайым оқушылардың өз бетімен жұмыстануына бағытталған. Оны студенттер белгілі бір уақыт аралығында жеке, жұппен, топта орындауы мүмкін.
Жобалау әдісі педагогикалық технология ретінде – бұл мәні бойынша шығармашылық болып табылатын зерттеу, ізденіс, проблемді әдістердің жиынтығы.
Жобалау әдісін қолдануға қойылатын талаптар:
Зерттеушілік шығармашылық тұрғыдан мәнді проблеманың/міндеттің болуы (мысалы, бір проблема бойынша әр түрлі жерлерден репортаждар қатарын жасау)..
Мүмкін болатын нәтижелердің практикалық, теориялық, танымдық мәні (мысалы, газета, альмана шығару)
Студенттердің өз бетімен (жеке, жұпта, топта) жұмысы.
Жобаның мазмұндық бөлімін құру.
Зерттеу әдістерін қолдану.
Жобалау әдісінің нәтижесі материалдық рәсімделген болуы тиіс: видеофильм, альбом, бортжурнал, компьютерлік газета, альманах, доклад және т.б.)
Жобалаудың құрылымы: жобаның мақсаты, оның өзектілігі – ақпарат көздері және ақпаратты өңдеу – нәтиже – презентация
Жобалауды құру:
Жобаның тақырыбын таңдау, қатысушылардың құрамын белгілеу.
Топқа міндеттерді белгілеу, зерттеу әдістерін таңдау, ақпарат іздеу, шығармашылық шешімдер қабылдау.
Студенттердің өз бетімен жұмысы.
Әрдайым зерттеу нәтижелерін талқылау үшін жиналып отыру.
Жобаны қорғау, оппонент белгілеу.
Ұжымдық талқылау, экспертиза, сыртқы бағаны жариялау, қорытындылар.
жобаға қатысушылардың қарым-қатынас және өзара көмекке келу сипаты;
проблеманы зерттеудің тереңдігі және жан-жақтылығы;
шешімдердің дәлелділігі және дәйектілігі, қорытындылар;
орындалған жобаның нәтижесін рәсімдеу эстетикасы;
оппоненттердің сұрақтарына жауап беру іскерлігі, жауаптардың нақтылығы және дәйектілігі.
Жоба:
Пән:
Топ:
Жобаның сипаты:
Ғылымдар тараулары:
Жобаның типі:
Жобаның мақсаты:
Жобаның міндеттері:
Жоспарланған нәтиже:
Оқу мақсаты:
Материалдар:
Жұмыс уақыты:
Топ типі:
Рольдер:
Жобамен жұмыс:
Оқу-тәрбиелік міндеттер:
Өзара көмек:
Жеке жауапкершілік:
Жетістік көрсеткіші:
Күтілетін іс-әрекет:
Эвристикалық әңгіме Сократ заманынан келе жаткан әдіс.
Эвристика грек тілінде «таптым» деген мағынаны білдіреді. Бұл әдіс оқыту саласына ежелгі гректердің сократтық әңгіме үлгісінен енген. Эвристикалық әңгіменің психологиялық табигатына тоқталсақ, аталмыш әдіс мәселенің жауабын ұжымдық іздеу, талқыга кеп саяды. Сондықтан да бұл әдіс педагогикада проблемалық оқыту деп аталып жүр. Эвристикалық әңгіме тақырыптың 6ip элементін қазық етсе, проблемалық окыту әдісі тұтас 6ip проблемалық ситуацияларын жекелей арқау етеді. Бұл әрине айырықша айырмашылық емес. Психологиядағы эвристикалық әңгіме әдісі бойынша да ой өрбіту арқылы да тұтас 6ip ауқымды тақырып шегіне дейін баруға болады.
Дискуссия ішкі белсенділікті арттыру арқылы, оқыту әдістерінің 6ipi ретінде тек соңғы жылдары ғана қолданысқа енген еді
Дискуссия - әңгіме барысында туындаған әр алуан пікірлердің қаркынды таласын тудыратын тілдік әрекеттің диалогты сипаты. Дискуссия- пікірді жай баяндау емес, өз пікіріңді түрлі дәлелдермен, көрсеткіштермен дәлелдеу, қорғау. Л.С.Выготский көрсеткендей, дискуссия- пікірлер қақтығысы, 6ip мәселенің бірнеше дұрыс жауаптарын немесе керісінше, сұрыптайтын, саралайтын тиімді тәсіл.
Дөңгелек үстел әдісі педагогика ғылымында саяси және ғылыми саладан ауыскан. Дөңгелек үстел әр түрлі саяси немесе ғылыми бағыттарды сараптау үшін жіргізіледі. Дөңгелек үстел көп пікірлердің бip арнаға тоғысуын қамтамасыз етуүшін жүзеге асырылады.Дөңгелек үстел әдісі белгілі бір теориялық тақырыпты әр түрлі ғылыми тұрғыдан қарастыру жолымен меңгерту мақсатында әр түрлі мамандық иелерінің қатысуымен жүргізіледі.
Дөңгелек үстел әдісі өзге де сипатта қолданылады. Мысалы, студенттердің оку-ғылыми конференциясында студент-психолог, студент-педагог, студент- әлеуметтанушыларының кездесуі ретінде дөңгелек үстел ұйымдастыруға болады. Бастысы психологиямен қатар өзге ғылыми салаларда кеңінен талдауға болатын негізгі тақырыпты белгілеу. Дөңгелек үстелде әркім өзінің алдын-ала оқып дайындағанын баяндап қана қоймай, тақырыптың өзектілігін, қоғам қажеттілігін қамтуға керек, тандалған тақырыпты катысушылар өздерінің зерттеу тұрғысынан аса білулері қажет. Дөңгелек үстелде әркім өзін толғандырған тақырып бойынша өз білгендерін өзгелердің танымын толықтырып, бір көзқараста ымыраға келуі керек. Егер әр қатысушы өз тұжырымын ғана баяндаумен шектелсе, консенсус туындамайды. Яғни, тақырып мәні ашылып, пікірлер тоғыспайды. Дөңгелек үстелдің мақсаты сол жоғарыда айтқандай ақиқат топ болып іздеу. Егер дөңгелек үстел жанды пікір таластар арқылы бір көзқарасқа тоғыспаса, онда дөңгелек үстел мвқсатының жүзеге аспағаны. - Дөңгелек стол.Дәріс семинар сабағының материалына негізделген ашық әңгіме ұйымдастыру. Әңгімен барысында мәселені шешудің тиімді әдісін қарастыру.