Эгоның біртұтастығы мен торығы қандай жас кезеңінде көрініс береді?
Эффект заңы дегеніміз не?
Психологиялық секреция деген ұғымды қалай түсінесің?
Жақынаралық даму зонасы дегенге түсінік бер?
№ 4 дәріс. Тақырыбы: Адамның дамып, қалыптасуында тұқым қуалаушылық және ортаның әсері Дәріс мазмұны:
1. Адам дамуына әсер етуші тұқым қуалаушы факторлар.
2. Генетикалық және хромосомалық бұзылыстар
3. Генетикалық кеңес беру
4. Адам дамуына ортаның әсері
Мақсаты: адам дамуына әсер ететін қошаған орта, тұқымқуалаушылық, және генетикалық ауытқушылықтар туралы түсінік беру.
1.Адам ағзасында 200 түрлі жасуша бар . Жасуша мембранасы цитоплазмадан , митохондриядан тұрады . Жасуша митохондриясы жасуша энергиясының көзі болып табылады . Сонымен қатар жасушада оның өмір сүруіне қажетті ақуыздар болады . Жасуша ортасында ядро орналасқан . Ядрода ДНК болады . ДНК құрамына РНК кіреді . Адамда 23 жұп хромосом болады . 23-жұбы жыныстық хромосом болып табылады. Әйел жасушасы ХХ , ер адам хромосомасы ХҮ болады . Егер жасуша бөлінуге әзір болса , екі ұзын тізбек құрады . Қалыпты жағдайда митоз процесі жүріп , әрбір жасуша өзінің көшірмесін жасайды . Екі жасуша пайда болған соң мейоз процесі пайда болады . Бөлінген жасушалардың барлығы өміршең бола алмайды . Аз ғана бөлігі ғана тірі қалады . Хромосома арқылы аталық және аналық гендер беріледі . Ол доминантты және рецессивті болуы мүмкін . 23-ші хромосом жұбы тұқым қуалаушылық белгілерді беруге қызмет етеді .Митоз нәтижесінде екі ұқсас жасуша пайда болады . Ер адамдарда мейоз нәтижесінен төрт спермотозоид жасушасы пайда болады және олар генетикалық жағынан бір-бірінен өзгеше болады . Ал әйелдерде бір үлкен жасуша болады .
Адамның кейбір ерекшеліктері ана құрсағында жатқанда пайда болады . Оны тұқым қуалаушылық деп атайды . Яғни ата-анасынан балаға белгілі бір сапалары мен ерекшеліктерінің берілуі . Оның гендер тасымалдайды.
Ағзаға ата-аналарынан берілетін гендер жиынтығынан генотип құрылады . Генотип дегеніміз жүйке қызметінің тумысынан берілетін типі . Қазіргі ғылым ағзаның барлық қасиеттері гендік кодта сақталатындығын дәлелдеді . Генетика ғылымы адам дамуының тұқым қуалаушылық бағдарламасын тапты . Ол тұрақты және өзгермелі болып екіге бөлінеді