Жас ерекшелік психологиясы және физиология


Ағзаның ішкі ортасына: қан, лимфа, жасуша аралық сұйықтық жатады



бет3/5
Дата07.02.2022
өлшемі29,01 Kb.
#88831
1   2   3   4   5
Байланысты:
ЖЕФ және психология
Тәрбиешінің қоғамдағы орны, Абай әлемі, Балалар әдебиеті
Ағзаның ішкі ортасына: қан, лимфа, жасуша аралық сұйықтық жатады.
Ішкі ортаның физика-химиялық қасиеттері мен химиялық құрамының тұрақтылығын сақтау қабілеттілігі гомеостаз деп аталады.
Осы тұрақтылықты сақтау үшін ағзада өзін-өзі реттеу процесі үздіксіз жүріп жатады.
Өзін-өзі реттеудің 2 түрі бар:
1)гуморальдық реттелу;
2) жүйке арқылы реттелу.
Өсу мен даму заңдылықтары
Балалар мен жасөспірімдердің организмдері үнемі өсіп дамуда болады.
Организмдердердегі клеткалардың саны мен салмағының ұлғаюына байланысты дене көрсеткіштерінің артуын өсу деп аталады.
Организмнің негізгі 3 дене көрсеткіші бар: 1) бойы; 2) салмағы; 3) кеуде шеңбері.
Өсумен қатар организмде даму жүріп жатады. Даму – сапалық көрсеткіш. Организмнің дамуы деп сандық көрсеткіштердің сапалық көрсеткіштерге айналып, ұлпалардың жекешеленіп, белгілі бір қызмет атқаруға бейімделуін, организм мен оның жеке мүшелерінің қызметінң артуын, баланың ақыл-ой өрістерінің молаюын айтады. Организмінің дамуы екі түрлі: 1) физикалық, 2) функциялық.
Дамудың негізінде 3 фактор жатыр:
1) өсу,
2) органдар мен ұлпалардың мамандануы немесе дифференциация, 3) форма түзілу.
Бұл үшеуі бір-бірімен тығыз байланысты.
Адамның өмірін 3 кезеңге бөлуге болады:
1) дамып жетілу, 2) кемелдену, 3) қартаю.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет