Жас мамандар отырысының
№ 1 хаттамасы
Қатысқандар: 6 5 қыркүйек 2011ж
Қатыспағандар:
Күн тәртібінде:
Сабақ жоспарларын құрастыру бойынша практикум.
Күнтізбелік жоспарларды құрастыру ережесі
Сабақ жоспарын дайындауға әдістемелік көмек.
Сабақтың үш бірдей дидактикалық мақсаттылығы
Тыңдалды. Оқу ісінің меңгерушісі Э.Базылбаева практикумның тақырыбымен таныстырды.
Күнтізбелік жоспар тек бағдарлама негізінде жасалады. Оны жазбас бұрын мұғалім мемлекеттік білім стандартын, ҚР білім министрлігі тарапынан шығарылатын әдістемелік нұсқау хатты толық зерделей отырып, бағдарлама мен оқулықтарды анықтайды. Соның негізінде түсініктеме хат жазылады.
Күнтізбелік жоспар төмендегідей бөлімдерден тұрады.
Р/с
|
Тақырыбы
|
Сағат саны
|
өтілу мерзімі
|
Стандарт бойынша меңгерілетін терминдер мен ұғымдар.
|
Мүмкіндік деңгейді дамытатын жұмыстар.
|
Оқушылардың білім-білік, дағдыларына қойылатын талаптар.
|
|
|
|
|
|
|
|
Тақырып бағдарлама бойынша анықталады. 1 тақырып бойынша 1 ғана сағат көрсетіледі.2-3 немесе одан көп сағат жазуға болмайды.Мысалы : бағдарлама бойынша “Мәтін”тақырыбына 3 сағат бөлінсе, күнтізбелік жоспарда оның 3 түрі ашылып көрсетілуі тиіс.
(ережесі хаттамаға қоса тігіледі)
Сабақ жоспарын дайындауға әдістемелік көмек.
Мұғалімге сабақтың жоспарында мыналарды ескерген жөн: күні, тақырыбы, мақсаты, сабақтың түрі, оқыту құралы, шамамен орындалу уақыты көрсетілген сабақ құрылымы(жоспары).
(толық ақпарат хаттамаға қоса тігіледі)
Сабатың үш бірдей дидактикалық мақсаттылығына тоқталды.
(ақпарат хаттамаға қоса тігіледі)
Сөйледі. Мурат Серикгүл
Күнтізбелік жоспарға қосымша білімдерді қосуға бола ма?
Күнтізбеліктегі сабақтардың өтілу мерзімі қалай қойылады?
Сөйледі. Оқу ісінің меңгерушісі Э.Базылбаева
Күнтізбелік жоспар қатып қалған дүние емес, жоғарыда аталған бөлімдер міндетті түрде болу керек, ал басқа бөлімдерді қосуға әр пән мұғалімнің өз еркі. Мысалы мен қазақ әдебеиті пәнінен жаттау, қосымша оқу деген бөлімдері қосылды.
Күнтізбелік жоспарда мерзімдер қаламсаппен қойылады. І жартыжылдық сабақ кестесі бойынша белгіленген күндерге жылдың соңына дейін қойылады.
Достарыңызбен бөлісу: |