Жас мамандар отырысының
№ 3 хаттамасы
Қатысқандар: 6 5 қараша 2011ж
Қатыспағандар:
Күн тәртібінде:
Семинар.
Тақырыбы «Мұғалім портфолиосы. Портфолио мазмұны.»
Тыңдалды. Математика пәнінің мұғалімі А.Ташенова мұғалім портфолиосы туралы, оның мазмұнымен таныстырды
Мұғалім портфолиосы – мұғалімнің барлық жұмыстарын бір жүйеге біріктіретін, оның кәсіби қызметінің әр түрлі салаларын байланыстыратын жұмыстарының жиынтығы. Мұғалім портфолиосы – мұғалімдік жұмыс папкасы ғана емес, алдын ала жоспарланған жетістіктерінің өзіндік іріктеулері.
Мұғалім портфолиосының артықшылықтары:
- Әр түрлі жұмыс бағыттарын қамтитындығы; - Портфолио жасақтаудың шығармашылық сипаты.
- Жүйелеу және толықтырулар енгізу мүмкіндігі; - Өзі және өзгелер үшін тиімділігі мен
пайдалылығы.
- Жекелеген және жүйелі өзгерістер енгізу жағдайы; - Жасақтаудағы дербестік пен белсенділіктің
жоғарылығы
- Өзара ақпарат және тәжірибе алмасу мүмкіндігі.
Портфолионы жасақтау қиындықтары
- Төмен мотивация, жұмысқа қызықпау. - Өз жұмысын жалпылап, жүйелей алмауы.
- Тәжірибенің аздығы, біліктіліктің төмендігі. - Рефлексиялық мәдениеттің төмен болуы.
Мұғалім портфолиосының негізгі функциялары
1.Жинақтаушы: мұғалім жұмыстарының жиынтығы.
2.Үлгілеуші: мұғалімдің жеке кәсіби өсу траекториясын қалыптастыру құралы.
3.Рефлексия-шығармашылық: түрлі педагогикалық технологиялар мен олардың тиімді әдістерін өзіндік талдау мен жобалау.
Мұғалім портфолиосының түрлері
1.Мақсаты бойынша: жекеменшік (өзі үшін), есеп (басшылық үшін), жоба (ұжым мен ұйым дамуы үшін).
2.Мазмұны бойынша: жетістіктер (белгілі бір бағыттардағы), рефлексия (мақсатқа жетуді талдау мен бағалау), проблемалық бағдар (жүйе құраушылары мен қажетті шешімдер), тақырыптық (негізгі қызмет салалары бойынша маңызды жұмыстар).
Мұғалім портфолиосының маңызды бөлімдері
“Автопортрет” бөлімі:
Менің әдістемелік жұмыс жүйем. Менің кәсіби өсу бағдарламам.
“Ақпараттық ресурстар” бөлімі:
Қажетті нормативтік-құқықтық құжаттар. Анықтамалар мен түсіндірме сөздіктер. Жалпы және педагогикалық заңдылықтар мен ережелер.
“Жұмыс материалдары” бөлімі:
Менің әдістемелік жобаларым мен дайындамаларым. Қызықты және құнды ақпараттар мен мәліметтер (интернеттен).
“Менің жетістіктерім” бөлімі:
Мен ашқан жаңалықтар мен заңдылықтар. Менің табыстарым мен ынталану жолдарым.
Достарыңызбен бөлісу: |