Жас м±ѓалімдер мектебініњ жоспары



бет3/11
Дата24.10.2023
өлшемі316 Kb.
#188125
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
000638ed-53f7714a

Жас мамандар отырысының
5 хаттамасы
Қатысқандар: 5 16 наурыз 2012 ж
Қатыспағандар:1(Байжуманов Г)
Күн тәртібінде:
Практикум тақырыбы: «Сабақтың өзіндік талдауы-мұғалімнің кәсіптік шеберлігін қалыптастыру шарттарының бірі»


Тыңдалды. Оқу ісінің меңгерушісі Э.Базылбаева «Сабақтың өзіндік талдауы-мұғалімнің кәсіптік шеберлігін қалыптастыру шарттарының бірі» тақырыбының мақсаты мен жұмыс жоспарымен таныстырды.
Мақсаты:

  • Сабақты өзіндік талдаудың мұғалімнің педагогикалық шеберлігіне әсерін анықтау.

  • Сабаққа сапалы өзіндік талдау жасауға нұсқау беру.

  • Сабаққа дайындалуда өзіндік талдауды қолдану тәжірибесімен алмасу.

  • Қорытындысы бойынша нұсқаулар дайындау.



Өзін-өзі талдауға қойылатын талаптар:
I. Талдауға алынған сабақтың оқылатын тақырып бойынша сабақтар жүйесіндегі алатын орнын анықтау, сабақтың мақсаттарын және жоспарының орындалуын негіздеу.
II. Сыныпқа мінездеме беру, осы сабаққа іріктелген оқу материалын дәлелдеу, оқушылармен жүйелі түрде орындаған тапсырмаларды, жаттығуларды және білімдерін бағалау
III. Сабақтың әдістемелерін таңдауды дәлелдеу, осы әдістемелердің сабақтың мақсаттары мен мазмұнына және қойылған міндеттерді шешуіне сәйкестігін бағалау.
IV. Мұғалім сабаққа қанағаттанды ма немесе қанағаттанбады ма?
Сабақта қол жеткен нәтижелерді бағалау және негіздеу және белгіленген кемшіліктерді жою шараларын анықтау.
Мұғалімге сауалнама берілді.
«Мұғалім әрекетіндегі сабаққа өзіндік талдаудың рөлі»
Мен сабаққа талдау жасаймын:
Тек үлгерімі төмен сыныптарда;
Тек уақытым болғанда;
Тек ашық сабақтарда;
Тек әкімшіліктің талабымен;
Өзімнің әр сабағымда талдау жасаймын.

Әр жас маман өздерінің өткізген сабақтарына өзіндік талдау жасады.


Пікірталас өткізілді.
Шешімі:

  1. Өзін-өзі талдау талаптары орындалсын;

  2. Әр сабаққа талдау жүргізілсін;

Төрайымы: Э.Базылбаева
Хатшы: С.Мурат




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет