Жас м±ѓалімдер мектебініњ жоспары



бет4/11
Дата24.10.2023
өлшемі316 Kb.
#188125
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
000638ed-53f7714a

Жас мамандар отырысының
4 хаттамасы
Қатысқандар: 6 14 қаңтар 2012 ж
Қатыспағандар:
Күн тәртібінде:
Практикум. «Қазіргі заманғы сабақ» әдістемелік нұсқауы
Сабақ құрылымы, кезеңдері. Сабақ талдауына қойылатын талаптар.Сабақ түрлері мен типтері
Баяндама «Жаңа ақпараттық технологияның шығармашылық қабілет дамытудағы рөлі»


Тыңдалды. Оқу ісінің меңгерушісі Э.Базылбаева Қазіргі сабақ туралы әдістемелік нұсқау берілді.
Қазіргі кезде оқыту теориясы мен практикасында сабаққа дамып отыратын жүйе ретінде қарайтын көзқарас қалыптасқан.
Сабақ – сыртқы ортамен ақпараттық және басқа да арналар арқылы байланысатын жүйе. Осы сыртқы байланыстар мен ішкі қайшылықтар ықпалы арқылы сабақ дамып, жетіліп отырады. Сабақ – өзара тығыз байланысқан, өзара әрекеттесетін бөліктерден тұратын бүтін жүйе.
Сабақ оқыту үрдісін ұйымдастырудың негізгі формасы бола отырып, жекелеген бөліктерден – кезеңдерден тұрады. Сабақтың жүйе құраушы элементі мақсаттар болып табылады. Мақсаттар барлық білім беру міндеттерін, сол арқылы сабақтың негізгі кезеңдерін бүтін бір дүниеге – сабаққа біріктіреді.
Сабақ білім берудің нақты мақсаттарын жүзеге асыру формасы болып табылады. Ол әрдайым уақытпен шектеулі. Бұл жерде мақсат деп оқытудың жоспарланған нәтижелерін түсіну керек.
Сонымен, сабақ мақсаттары екі түрде беріледі:
- Мұғалім іс-әрекетінің мақсаттары.
- Оқушылар іс-әрекетінің мақсаттары.
Білім беру барысында мақсаттардың екі түрін бөліп көрсетеді: біріншісі – бала тұлғасын дамытуға бағытталған, екіншісі – пән мазмұнын игертуге бағытталған. Пән мазмұнын игертуге бағытталған мақсаттардың бала тұлғасын дамытуға бағытталған мақсаттарды жүзеге асыру құралы екенін ескеру керек.
Білім игеру үрдісінің логикасы
1.Қабылдау. 2.Пайымдау. 3.Есте сақтау. 4.Қолдану. 5.Жалпылау.
Сабақтардың негізгі типтері
(толық ақпарат хаттамаға қоса тігіледі)
Тыңдалды. Жас маман Г.Қыдырбаева «Жаңа ақпараттық технологияның шығармашылық қабілетін дамытудағы рөлі» баяндамасын оқыды.
(баяндама хаттамаға қоса тігіледі)
Шешімі:

  1. Сабақтарын жаңа технологияларды қолдана отырып өткізуді ұйымдастыру;

  2. Сабақта әр түрлі әдістерді пайдалану.

Төрайымы: Э.Базылбаева


Хатшы: С.Мурат


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет