Сабақтың тақырыбы: Сынақ шешімі
Сабақтың мақсаты: оқушылармен тimss тапсырмаларын орындай отырып алған білімдерін, мысалдарды шешу арқылы орындату. Дұрыс жауаптарын белгілей алуға жетелеу.
Сабақтың көрнекілігі:
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру бөлімі: Шаттық шеңбері. — Балалар, шаттық шеңберіне жиналайық! Шеңберге тұрайық, достарымызбен қол ұстасайық! Барлығымыз жақсы көңіл-күйде бір-бірімізге қарап күлкімізді сыйлайық!
Слайдта (күн, алақан, жүрекше, смайл) көрсетілген суреттерге қарап, бір-бірімізбен амандасайық.
Жүрекшелер шыққан сәтте- бір-біріңізбен құшақтасып амандасасыздар.
Алақан шыққан сәтте – бір-бірімізбен қол ұстасып амандасамыз.
Күннің бейнесі көрінсе – бәріміз қолдарымызды жоғары көтереміз.
Смайликтер шыққанда – бір-бірімізге күлкімізді сыйлаймыз.
Көңіл-күйді көтеру үлкен өнер. Иә, балалар.
— Қанекей балалар көңіл-күйлерің қалай? Керемет! (қолдарын көтереді)
— Сабаққа дайындықтарын қалай? Тамаша! (алақандарын шапалақтайды)
— Ендеше сабағымызды бастайық. О-О-О (бас бармақтарын көрсетеді)
Бүгінгі тренинг сабағымыздың аты Көңіл-күй жаттығулары.
«ТҰЖЫРЫМДАУ» ТМ1. Футболдан жарыста команданың алатыны:
Жеңіс үшін 3 ұпай
Тең ойын үшін 1 ұпай
Жеңіліске 0 ұпай
Зедландия командасына 11 ұпай. Ең аз дегенде Зедландия командасы қанша ойын ойнауы мүмкін еді?
Жауабы: ________________
ТМ2. Спорттық үлестірмелерді айырбастау Армат 15 спорттық үлестірмелерді аюы бар үлестірмелерге айырбастағысы келеді. Ол неше аюы бар үлестірме алады?
Жауабы: ________________ аюы бар үлестірме.
ТМ3. Бет бейнесі бар үлестірмелерді айырбастау Қанат бет бейнесі бар 8 үлестірмелерді спорттық үлестірмелерге айырбастағысы келеді. Ол неше спорттық үлестірме алады?
Жауабы: ________________ спорттық үлестірме.
ТМ4. Баскетбол матсының үш мың билеті 1-ден 3000-ға дейін нөмірленген. Нөмірі 112-мен аяқталатын билеті бар көрермендер жүлде алады Барлық жүлделі билеттердің нөмірін жаз.