490.Жүректің митральды ақауы түзілуімен болған жедел ревматикалық қызбамен ауырған пациентке екіншілік профилактиканың ұзақтығы:
A) 3 жыл
B) 5 жыл
C) 7 жыл
D) 10 жыл
E) өмір бойы+
491. Жас жігіт, 17 жаста, оң жақ тізе буындағы ауру сезіміне және ісінуіне, дене қызуының 37,6 градусқа көтерілуіне, денедегі бөртпелердің пайда болуына шағымдармен дәрігерге қаралды. Анамнезінен: 3 апта бұрын баспамен ауырды, баспадан кейін 2 аптадан соң жоғары айтылған шағымдар пайда болды. Қарап тексергенде: оң жақ тізе буынның артриті, кеуденің терісінде, алақанында қызыл түсті сақина тәрізді бөртпелер.
Қандай болжама диагноз болуы МҮМКІН?:
A.Ревматоидты артрит.
B. Жедел ревматикалық қызба.+
C. Дерматит.
D. Реактивті артрит
E. Түйінді периартериит
492. Қызбала, 16 жаста, тізе буындарының ауру сезіміне, ісінуіне, терідегі бөртпелерге, қызбаға, тамақтың жыбырлауына шағымданды. Қарап тексергенде: денеде – сақина тәрізді эритема, тізе буындарының ісінуі. Жүрек тондары тұйықталған, жүрек ұшында систолалық шуыл, тахикардия. Артериалды қан қысымы 110/70 мм с.б.б.
ЕҢ ЛАЙЫҚТЫ қосымша зерттеу қандай?
A. Ревматоидты фактор
B. Нативті ДНК антиденелер
C.Антистрептолизин «О»+
D. Райт-Хеддельсон реакциясы
E. С- реактивті белок
493. Қыз бала, 18 жаста, жүрек тұсындағы жайсыздыққа және тұйық ауру сезіміне, тізе буындардағы ісіну мен ауру сезіміне, дене қызуының субфебрилді көтерілуіне шағымданады. 20 күн бұрын іріңді баспамен ауырған. Қарап тексергенде: жүректің салыстырмалы тұйықталу шекаралары солға қарай 1,5 см ығысқан. Жүрек тондары тұйықталған, ритмі дұрыс, ұшында систолалық шуыл. Жалпы қан анализінде: ЭТЖ – 34 мм/сағ, лейкоциттер – 15,0×109/л, фибриноген – 6,8 г/л, антистрептолизин «О» 1:625 б. Электрокардиограммада - ритмі синусті, жүрек жиырылу жиілігі– минутына 60 рет, атрио-вентрикулярлы блокада I дәрежесі.
Қандай болжама диагноз болуы МҮМКІН?:
A. Ревматоидты артрит
B. Қайталмалы ревматикалық қызба, митралды қақпақшаның жетіспеушілігі, Қанайналым Жетіспеушілігі (ҚЖ) IIА
C. Ревматикалық емес миокардит, жеделдеу ағымы. ҚЖ І
D. Жедел ревматикалық қызба, кардит, полиартрит, ҚЖІ+
E. Жүйелі қызыл жегі, полиартрит, кардит, ҚЖІ
494. Ер адам, 47 жаста, тізе буындардағы ауру сезіміне, жүрек тұсындағы қысып ауруына, жүрек қағуына, тұншығу ұстамасына, әлсіздікке деген шағымдармен ауруханаға келді. Анамнезінде – созылмалы тонзиллит. Қарап тексергенде: тері жамылғылары бозғылт. Сирақтарда– ісіктер. Буындар өзгермеген. Жүректің салыстырмалы тұйықталу шекаралары: оң жақ – төстің оң жақ қырынан 2 см сыртқа қарай, жоғарғы – ІІ қабырға, сол жақ – ортаңғы бұғана сызығынан 2 см сыртқа қарай. Жүрек ұшында І тон күшейтілген, систолалық және пресистолалық шуыл, өкпе артериядағы ІІ тонның акценті. Пульс – минутына 92 рет. Бауыр қабырға доғасынан 4см төмен.
Қандай болжама диагноз болуы МҮМКІН?:
A. Тонзилогенді миокардиодистофия, Қанайналым жетіспеушілігі (ҚЖ) ІIА
B. Жедел ревматикалық қызба, кардит, ҚЖ ІIА
C. Жүректің созылмалы ревматикалық ауруы, қосарланған митралды ақау, ҚЖ IIБ+
D. Висцералды көріністермен ревматоидты артрит, кардит, ҚЖ ІIА
E. Ревматикалық емес миокардит, өршейтін ағымы, ҚЖ IIБ
495. Ер адам, 40 жаста, аздаған физикалық жүктемеден кейін пайда болатын ентігуге, аяқтағы ісіктеріне, беттің қызаруына шағымданады. Жүректің салыстырмалы тұйықталуы солға қарай, жоғары қарай ығысқан, ұшында диастолалық діріл. Аускультацияда: жүрек ұшында І тон күшейген, диастолалық шуыл, дұрыс ритмді. Бауыр қабырға доғасынан 3 см төмен ұлғайған, сирақтарда ісіктер байқалады.
Жоғарыда аталған аускультативті белгілер қандай ақауға ЕҢ ТӘН?
A. Митралды қакпақшаның жеткіліксіздігі
B. Митралды қақпақшаның стенозы+
C. Аорта қақпақшаның жеткіліксіздігі
D. Үшжармалы қақпақшаның жеткіліксіздігі
E. Өкпе артериясының стенозы
496. Ер адам, 45 жаста, ревматологта диспансерлік есепте тұрады. 18 жастан бастап жүрек ақауы анықталды. 42 жастан бастап бауыры ұлғайған, аяқтары кезеңді ісінеді, асцит. Үнемі верошпиронды қабылдайды. Қарағанда: акроцианоз. Жүректі тындағанда І тон күшейген, митралды қақпақшаның ашылу тоны, жүрек ұшында диастолалық шуыл, семсер тәрізді өсінді тұсындағы систолалық шуыл. ЭКГ – мерцалды аритмия, жүректің электрлік осі вертикалды, оң жақ қарыншаның гипертрофиясы. ЭТЖ – 6 мм/сағ., С- реактивті белок теріс.
Ең ықтимал диагноз қандай?
A. Қайталмалы ревматикалық қызба, митралді стеноз. Қанайналым жетіспеушілігі (ҚЖ) ІІА
B. Қарыншааралық перденің кемістігі, ҚЖ ІІІ
C.Жүректің созылмалы ревматикалық ауруы, митралді стеноз. Үшжармалы қақпақашаның салыстырмалы жеткіліксіздігі. ҚЖ ІІБ +
D. Қайталмалы Ревматикалық қызба, митралді қақапақшаның жеткіліксіздігі, ҚЖ ІІІ
E. Қайталмалы Ревматикалық қызба, митралді қақапақшаның жеткіліксіздігі. Үшжармалы қақпақашаның салыстырмалы жеткіліксіздігі. ҚЖ ІІІ
497. Ер адам, 56 жаста, дәрігерге ентігуіне, аяқтардың ісінуіне шағымданып келді. Қарағанда жүректің салыстырмалы тұйықталуы төстің оң жақ қырынан 2,5 см сыртқа қарай ұлғайған, эпигастралды пульсациясы, ІV тындау нүктесінде І тонның бәсеңдеуі және систолалық шуыл.
Ең ықтимал жүрек ақауы қандай?
A. аорталді жеткіліксіздігі
B. митралді жеткіліксіздігі
C. Лютамбаше синдромы
D. Үшжармалы жеткіліксіздігі+
E. Қарыншааралық перденің кемістігі
498. Ер адам, 32 жаста, ұзақ уақыт бойы жүректің созылмалы ревматикалық ауруымен ауырады. Қарағанда: жүректің салыстырмалы тұйықталудың сол жақ шекарасы ортаңғы бұғана сызығынан 1 см сыртқа қарай ұлғайған. Аускультацияда: жүрек ұшында І тон бәсеңдеген және систолалық шуыл, өкпе артериясында ІІ тонның акценті. Жүректің жиырылу жиілігі – минутына 92 рет. Артериалды қан қысымы – 110/70 мм.с.б.
Жоғарыда айтылған аускультациялық белгілер қандай ақауға ЕҢ ТӘН?
A. аорталді жеткіліксіздігі
B. өкпе артерияның стенозы
C. митралді жеткіліксіздігі+
D. аорталды стеноз
E. митралді стеноз
499. Ер адам, 27 жаста, жүрек тұсындағы шаншып ауыратын ауру сезіміне, есінен танған күйге шағымданады. Бала кезінен жүрек ақауы бар. Қарағанда: тері жамылғылары боз, мойын артериялардың пульсациясы, бастың ритмді шайқауы. Жүрек ұшы түрткісі VІ қабырғааралықта, төс аймағындағы «мысық пырылы», жүрек түрткісі жайылмалы, биік. Аускультацияда: эпицентрі ІV қабырғааралықтағы диастолалық шуыл, төстің сол жақ қырындағы І тон бәсендеген. Пульсі жоғары, жиі, минутына 88 рет. Сан артериясында екі еселенген Траубе тоны, Виноградов-Дюрозье естіледі. Артериалды қан қысымы– 140/60 мм.с.б. Бауыр ұлғаймаған.
Қандай ақауға ЕҢ ТӘН?
A. аорталды стеноз
B. аорталді жеткіліксіздік+
C. митралді жеткіліксіздік
D. қосарланған аорталды ақау
E. митралді стеноз
500. Әйел адам, 23 жаста, жүректі тындағанда: ұшында шапалақтаушы І тон, митралды қақпақшаның ашылу шертпегі, өкпе артерияда ІІ тонның акценті, ұшында диастолалық шуыл. Рентгенологиялық зерттеуде ІІ және ІІІ доғалардың сол жақ контуры бойынша томпаюы.
Ең ықтимал ақау қандай?
A. аорта саңылауының стенозы
B. митралді стеноз+
C. митралді қақпақшаның жеткіліксіздігі
D. аорталды қақпақшаның жеткіліксіздігі
E. үшжармалы қақпақшаның жеткіліксіздігі
501. Әйел адам, 26 жаста, 2 жыл бұрын диагноз қойылды: жүректің созылмалы ревматикалық ауруы, митралді стеноз. Профилактикалық қарауда ешқандай шағымдар болған жоқ, физикалық жүктемелерді қанағаттанарлық түрде көтерді, жүрек декомпенсация белгілері жоқ.
Науқасты Ең мақсатты жүргізу тактикасы қандай?
A. жылбойындағы экстенциллинді-профилактика +
B. хирургиялық емге жолдау
C. тек қана стероидты емес қабынуға қарсы препараттармен профилактикалық емдеу
D. диспансерлік есептен шығаруға болады
E. ауруханада емдеу
502. Әйел адам, 65 жаста, жыпылықтаушы аритмиямен, көп жылдар бойы ЖИА, ритмінің бұзылуы, артериалды гипертензия бойынша емделді. Жас шақтардан бері ентігу мазалайды, баспалармен жиі ауырды. Сол жақ бүйірінде, дем шығарғаннан кейін тыныс алуын ұстап жүректі тыңдағанда, ұшында І шапалақтаушы тон, митралды қақпақшаның ашылу тоны, протодиастолалық шуыл. Өкпенің төмен бөліктерінде дауыссыз сырылдар. Артериалды қан қысымы 135/85 мм.с.б.б.
Ең ықтимал диагноз қандай?
A. ЖИА, кардиосклероз жыпылықтаушы аритмия түріндегі ритмінің бұзылуымен өтетін
B. Артериалді гипертензиясы II дәрежесі
C. Созылмалы обструктивті бронхит
D. Ауруханадан тыс пневмония
E. Жүректің созылмалы ревматикалық ауруы, митралді стеноз +
503. . Әйел адам, 24 жаста, түскендегі шағымдар: жүректің қағуы, субфебрилді деңгейге дейін дене қызымының жоғарлауы, тершендік, артралгиялар. Жасөспірім кезінде жиі баспамен ауыратын. Кезеңді баспадан кейін жағдайы нашарлады. Қарағанда: жүректің салыстырмалы тұйықталу шекаралары жоғары қарай және оңға қарай ұлғайған. Аускультацияда: жүрекшелердің фибрилляциясы, бөдене ритмі, ұшында диастолалық шуыл.
Ең ықтимал диагноз қандай?
A. Қайталамалы ревматикалық қызба, митралді стеноз+
B. Жедел ревматикалық қызба, митралды қақпақшаның жеткіліксіздігі
C. Диффузды уытты жемсау (зоб), тиреотоксикоз
D. Ревматикалық емес миокардит
E. Нейроциркуляторлы дистония
504. Ер адамда, 38 жастағы, митралды ақауы бар. Баспадан кейін жиі жүрекшелік экстрасистолалар пайда болды.
Осы науқаста қандай асқыну дамуы мүмкін?
A. Өкпе артериясының тромбоэмболиясы +
В. Жедел миокард инфарктісі
С. Қанайналымның жеткіліксіздігі
D.Өкпе ісінуі
E. Жүрекшенің фибрилляциясы
505. Ер адам, 20 жаста, жүректің митралды ақауы деген болжамалы диагнозбен зерттеулерге жіберілді. Қарағанда жүрек ұшында систолалық шуыл анықталды. Диагнозды дәлелдеу үшін немесе жоқтау үшін қандай зерттеу әдісі ЕҢ ақпаратты?
A. Коронарография
В. ЭКГ
С. Эхокардиография +
D. Кеуде торының рентгенографиясы
E. Компьютерлік томографиясы
506. Әскерге шақырылған 18 жастағы ұл бала военкоматпен зерттеулерге жіберілді. Қалыпты дамыды. Жүрек негізінде дөрекі систолалық шуыл естіледі, оның эпицентрі төстің оң жақ қырында екінші қабырғааралықта, ұйқы артерияларға беріледі. Аортадағы ІІ тон бәсеңдеген. Пульс – минутына 64 рет, ритмді. Иық артериясындағы қан қысымы - 90/70 мм с.б.б., сан артерияда қан қысымы -110/90 мм с.б.б.
Ең ықтимал диагноз қандай?
A. аорта саңылауының стенозы
B. аорта коарктациясы
C. қарыншааралық перденің кемістігі
D. жүрекшеаралық перденің кемістігі
Е. жүректің қосарланған ақауы
507. Ер адам, 37 жаста, 3 жыл бұрын қайталамалы ревматикалық шабуылы болды. Қазіргі кезде диспансерлік қараудан өтіп жатыр, шағымдары жоқ. Физикалды зерттеулерде жүрек ұшында систолалық шуыл, І тонның бәсеңдеуі. Бауыр ұлғаймаған, ісінулер жоқ. Қан анализі: Hb - 150 г/л, лейкоциттер 4, 6х109/л, ЭТЖ - 9 мм/сағ, С-реактивті белок - теріс, АСЛ-О титрлері - 1:25.
Қандай емдеу тактикасы ЕҢ мақсатты?
A. экстенциллин жылдар бойы, кардиометаболиттер
B. бензилпенициллин 10 күн, қабынуға қарсы препараттар
C. экстенциллин жылдар бойы, кортикостероидтар
D. қабынуға қарсы препараттар, кардиометаболиттер
E. экстенциллин жылдар бойы, жүрек гликозидтері
508. Ревматоидты артрит буындардың қай ауруларына жатады?
A) қабынулы ++
B) дегенеративті
C) метаболикалық
D) реактивті
E) спондилоартритпен бірге үйлескен
509.Буындардағы ауыру сезімінің қабынулы сипатын көрсететін дұрыс комбинациясын көрсетіңіз:
A) буындардағы деформация және сықыр
B) буындардағы сықыр және ісіну
C)буындардың ісінуі және буындар терісінің гипертермиясы
D) буындар терісінің гипертермиясы және ауыру сезім буынға механикалық күш түскенде
пайда болады
E) буындарға механикалық күш түскенде сықыр және ауыру сезімі пайда болады
510.Қандай буындар ЖИІ ревматоидты артрите зақымданады?
A)дистальды саусақаралық буындар
B)проксимальды саусақаралық буындар++
C)бірінші алақан-саусақаралық буын
D)омыртқаның мойын бөлігінің буындары
E) омыртқаның бел бөлігінің буындары
511.Ревматоидты артриттің ерте диагностикасы үшін қай клиникалық симтомдар КӨБІРЕК тән?
A) қол басы буындарының латеральды девиациясы және ахилл сіңірін пальпациялағанда ауырсыну
B) ахилл сіңірін пальпациялағанда ауырсыну және 60 минуттан аз емес таңертеңгілік құрысу
C) 60 минуттан аз емес таңертеңгілік құрысу және тері асты түйіндер
D) қол басы буындарының латеральды девиациясы және 60 минуттан аз емес таңертеңгілік құрысу
E) 60 минуттан аз емес таңертеңгілік құрысу және 6 апта бойы проксимальды саусақ аралық буындардың ісінуі++
512. Ревматоидты артритпен науқастардың буындарын қарапт тексергенде ЖИІ анықталады:
A) буындар аймағының қызаруы және Бушар түйіндері
B) Бушар түйіндері және саусақтары «аққу мойындары» тәрізді
C) саусақтары «аққу мойындары» тәрізді және қол басының ульнарлы девиациясы;+
D) буындар аймағының қызаруы және саусақтары «аққу мойындары» тәрізді
E) саусақтары «аққу мойындары» тәрізді және буындарда сықыр
513.Ревматоидты артриттің белсенділігін дәлелдейді:
A)ЭТЖ жылдамдануы+
B) лейкоцитоз болуы
C) АЛТ және АСТ жоғарылауы
D) ЛДГ жоғарылауы
E) АСЛ-О титрі жоғары
514. Ревматоидты фактордың дұрыс атауын көрсетіңіз:
A) Стилл ауруының диагностикалық критериіне жатады
B) жоғары титрлері ревматоидты артриттің ауыр ағымымен ассоциирленеді
C) ревматоидты артритпен ауыратын барлық науқастарда анықталады
D)ревматоидты артриттің клиникалық көріністері дамығанша пайда болуы мүмкін
E) ревматоидты фактордың болмауы «ревматоидты артрит» диагнозын жоққа шығарады
515.Ерте ревматоидты артрит диагностикасында қандай лабораторлық маркер КӨБІРЕК
маңызды болып табылады?
A)ревматоидты фактор
B) циклдік цитруллинирленген пептидке антидененлер+
C)нейтрофильді лейкоцитоз
D)анемия
E)тромбоцитопения
516. Ревматоидты артриттің рентгенологиялық белгілері болып табылады:
A) буынайналасындағы остеопороз, буын саңылауының тарылуы және эпифиздер эрозиялары +
B) буынайналасындағы остеофитоз, буын саңылауының тарылуы және эпифиздер эрозиялары
C) буынайналасындағы остеофитоз, буын саңылауының тарылуы және омыртқа аралық оссификаттар
D) буынайналасындағы остеопороз и остеофитоз, буын саңылауының тарылуы
E) буынайналасындағы остеофитоз, буын саңылауының тарылуы және бір жақты сакроилеит
517.Ревматоидты артритпен ауыратын 36 жастағы әйелде рентгенологиялық тексергенде буын айналасындағы остеопороз, буын саңылауының тарылуы, бірлі-жарым узуралар анықталды.
Осы өзгерістер қай рентгенологиялық сатысына жатады?
A)0 сатысы
B) I сатысы
C) II сатысы+
D) III сатысы
E) IV сатысы
518. Ревматоиды артрттің қай жүйелік көрінісі глюкокортикоидты терапияға қарсы көрсеткіш болып табылады?
A) интерстициальды нефрит
B) плеврит
C)амилоидоз+
D) өкпенің интерстициальды фиброз
E)васкулит
519. Ревматоидты артриттің базисті терапиясына жатады:
A)мелоксикам
B)метотрексат +
C)аспирин
D)преднизолон
E)ибупрофен
520. 28 жастағы әйелдің шағымдары: қол басының, кәрі жілік-білек буындарында ауыру сезімдері, 90 минутқа созылатын таңертеңгілік құрысу. Қол басы буындарында ауыру сезімдері және ісіну босанғаннан 2 ай өткен соң пайда болады, әрі қарай кәрі жілік-білек буындарында ауыру сезімдері. Науқас қол басын бүге алмайды, қол басына күш төмендеген,бүйірлік қысу тесті оң. Қол басы рентгенографиясында –буын айналасындағы остеопороз.
Қандай диагноз КӨБІРЕК мүмкін?
A)ревматикалық артрит
B)ревматоидты артрит
C) реактивті артрит
D) остеартроз
E) подагра
521. 32 жастағы әйелде қол басының ұсақ буындарындағы қозғалыс шектелуімен ауыру сезімдері мазалайды. Ревматоидты артритпен жүйелі қызыл жегі арасында дифференциальды диагностика жүргізгенде қай көрсеткіш диагноз үшін шешуші болып табылады:
A) ЭТЖ жоғарылауы
B) буын айналасындағы тіндердер деструкциясының рентгенологиялық белгілері+
C) қан сарысуында ревматоидты фактордың артуы
D) қанда LЕ-клеткалардың артуы
E) Ig G, М, А және СРБ артуы
522. Ревматоидты артритпен науқастың кәрі жілік-білек буындарында тұрақты контрактура, иық және тізе буындарында қозғадыс шектелген, өзін –өзі күтуі қиындаған, кәсіби қажеттілігі жойылған. Осы науқаста функциональды бұзылыстардың қай дәрежесі?
A) 1
B) 2
C) 3+
D) 4
E) 5
523.Ревматоидты артритпен науқаста еңбекке жарамдылық көбінесе немен байланысты:
A) буындар функциясының бұзылыстар дәрежесі +
B) қабыну үрдісінің белсенділігі
C) лейкопения, лимфоаденопатия және гиперспленомегалияның болуы
D) ішкі ағзалардың зақымдануы
E) серопозитивті түрінің болуы
524.Әйел К. 50 жаста, шағымдры; тізе буындарында ауыру сезімі, оң жағынан көбірек, жүргенде күшейеді, жарты сағатқа созылатын таңертеңгілік құрысу. Соңғы екі жыл ішінде буындарда шамалы ауыру сезімдері мазалаған. Об-ті: тізе буындарында дефигурацияланған, периартикулярлы тінде тығыздану,оң жағынан гипертермия белгісі. Тексергенде: тексерушінің қол астындам крепитация, буындардағы қозғалыс көлемі сақталған. Дистальды саусақаралық буындарында тығыз түйіндео және саусақтарының шыққаны байқалады. ЖҚА: эр-4,2 млн., л-5,6 мың ЭТЖ-15мм/сағ. СРБ – теріс, реакция Ваалер-Розе 1:8. Сіздің диагноз?
A) ревматоидты артрит
B) псориаздық артрит
C) остеоартроз+
D) реактивті артрит
E) подагралық артрит
525.Остеоартроз диагнозы МҮМКІН:
A)синовиальды қуысты айқын қабыну сарысуы болғанда
B)буындар рентгенгенограммада остеофиттер болуы+
C) ұзаққа созылған таңертеңгілік құрысу
D)жас пациент
E) ревматоидты түйіндер
526.Төменде аталған препараттардың қайсысы шемрішек метаболизміне теріс әсер ететіндіктен остеоартроз емінде қолданылмайды:
A) вольтарен
B) целебрекс
C) ксефокам
D) индометацин+
E) олфен
527.Остеоартроз емінде қолданылатын базисті препаратқа жатады:
A) хондроитин сульфат+
B) метотрексат
C) сульфасалазин
D) циклоспорин
E) альфлутоп
528. Науқас С. 60 жаста, шынтақ буындарында ауырсынулар мазалайды. Жүрек ауруына байланысты диуретиктер және гепарин қабылдаған. Об-ті: гиперемия,шынтақ буындары аумағында ісінулер, қозғалысы шектелген, бұршақ мөлшеріндей тығыз түйіндері бар. Жүрек тондары тұйқтлған, жыпылықтаушы аритмия. ЖСС – минутына 100 рет. ЖҚА: эритроциттер -4,2 млн. Нв-150 г/л, лейкоциттер -10 мың. ЭТЖ -2мм/сағ. ЖЗА: меншікті салмағы-1020, лейкоциттер -4-5 к/а., эритроциттер – 6-8 к/а. Ураттар. Қандай тексеру диагнозды дәлелдейді?
A) қабынудың жедел фазалық көрсеткіштерін анықтау
B) зәр қышқылының дәрежесін анықтау+
C) Ваалер-Розе реакциясы
D) креатинин деңгейін анықтау
E) синовиальды сұйықтықты бактериологиялық тексеру
529. 55 жастағы ер адам – оң аяғының 1 саусағының табан башпайы буынында артрит, тізе буындарында ауыру сезімдері, ішімдік ішумен әуестенеді, көбіне сыра ішеді. Қандай ауру болуы мүмкін?
A) бруцеллез
B) қантты диабет
C) подагра+
D) вирусты гепатит
E) Рейтер ауруы
530.Подагралық артрит терапиясында зәр қышқылын төмендету үшін қолданылады:
A) ксефокам
B) ацеклоран
C) аллопуринол+
D) нимесил
E) диклофенак
531.Жедел подагралық артриттің классификациялық критериіне жатпайды:
A) таңертеңгілік құрысу+
B) буының қабынуы бірінші күні максимумына жетеді
C) кристалдық ураттары бар тофустардың болуы
D) гиперурикемия
E) синовиальды сұйықтықты сепкенде теріс нәтижелер
532.Жедел подагралық ұстамада қолданылмайды:
A) буын ішіне глюкокортикоидтар енгізу
B) аллопуринол+
C) диклофенак
D) нимесил
E) колхицин
533. Төменде аталған рентгенологиялық белгілердің қайсысы подаградағы буындық өзгерістерге КӨБІРЕК тән?
A) буын саңылауының тарылуы
B)узуралар
C) эпифизарлы кисталар +
D) остеосклероз
E)буындық мышь
534.Төменде аталған қай препарат подаграның жедел ұстамасында қолданылады?
A)ибупрофен
B)пироксикам
C) колхицин+
D) реопирин
E) напроксен
535.Подагралық тофустар дегеніміз қандай құрылым:
A) дәнекер тіннің өсуі.
B) сүйек тінінің өсуі.
C) зәр қышқылды тұздардың шөгуі.+
D) шығу тегі иммунды қабынулы гранулема.
E) әк тұздарының шөгуі.
536. 65 жастағы пациент, 30 жылдан артық темекі тартады, тізе, балтыр-табан және жамбас-сан буындарында ұзаққа созылған қарқынды артралгияларға шағымданады. Буындар кейде ісінеді, қозғалыстары шектеледі, бірақ бұл өзгерістер ұзаққа созылмайды.Соңғы үш айында 8 кгға арықтаған, тәбеті төмендеген, әлсіздік, көңіл-күйі төмен, ұйқысы нашар. Қан анализінде — анемия. Дәрігерге үш жыл бойы қаралмаған.
Сіщдің диагностикалық тәсіліңіз:
A) Тек бақылау
B) Буындардың арнайы патологияны анықту мақсатында тексеру
C) Ісіктік үрдісті анықтау үшін тексеріледі+
DТуберкулезді анықтау үшін тексеріледі
E) Қан ауруларын анықтау үшін тексеріледі
537.Остеопороз үшін дұрыс емес жағдай:
A) остеопороз – бұл қаңқаның метаболиттік ауруы
B) остеопороз сүйек тінінің массасының төмендеуімен сипатталады
C) остеопорозда сүйектің микроархитектоникасы бұзылады
D) остеопорозда қаңқаның гиперостоздың дамуы байқалады+
E) остеопорозда сынықтар қаупі артады
538.Біріншілік остеопорозға жатпайды:
A) ятрогенді,+
B) постменопаузальды,
C) сенильді,
D) идиопатиялық,
E) ювенильді
539.Остеопороз диагностикасындағы ақпаратты инструментальды әдіс болып табылады:
A) қосэнергетикалық рентгендік абсорбциометрия,+
B) ультрадыбыстық денситометрия,
C) сүйектер рентгенографиясы,
D)буындардың ультрадыбыстық тексеруі,
E) моноэнергетикалық рентгендік абсорбциометия
540. 62 жастағы әйел. Постменопауза 13 жас. Рентгендік денситометр жасағанда келесі мәліметтер алынды: омыртқа аймағында Т критерий –3,1 SD, сан мойнының аймағында – 2,0 SD. Қандай диагноз КӨБІРЕК мүмкін?
A) остеопения
B) остеопороз+
C) остеопетроз
D) рахит
E) остеоартроз
541.49 жастағы әйел, бойы 168 см, салмағы 54 кг. Жалпы дәрігерлік дәрігерде депрессия диагнозымен қаралады. Анамнезінде - он екі елі ішектің ойық жара ауруы және созылмалы панкреатит. Бір жыл бұрын оральды контрацептивтерді қабылдауды тоқтатқан (үзілістермен 10 жыл бойы қабылдаған).
Осы пациенттте остеопороздың МҮМКІН қауіп-қатер факторын анықтаңыз:
A) дене салмағы артық
B) созылмалы панкреатит
C) дене салмағы төмен+
D) депрессия жағдайы
E) оральды контрацептивтерді қабылдау
542. 43 жастағы ер адам, зиянды әдеттері жоқ. Осы уақытқа дейін өзін сау деп есептеген. Суық күні құлап қалып, балтыр сүйегі сынып, стационарлық ем қабылдағаннан соң жалпы тәжірибелік дәрігерде бақыланады.Зақымданған аяғына рентген жасағанда остеопороз анықталды.Осы пациентті қалай жүргізген жөн?
A миакальцик тағайындау
B) фосамакс тағайындау
C) кальций және Д витаминінің препараттарын тағайындау
D)балтыр сүйектерінің рентгенографиясына қайталап жіберу
E)денситометрияға жіберу+
543. 68 жастағы әйел, суға толы шелекті көтергенде арқасындағы қарқынды ауыру сезімдері пайда болуына байланысты қаралды (омыртқаның кеуде бөлімі). Ауыру сезімдері белдемелік сипатта, шамалы қозғалғанда, дене қалпын қозғалтқанда күшейеді. Болжамалы диагноз: остеопороз.
Бірінші кезекте қандай аурулармен дифференциальды диагноз жүргізу керек?
A) Шойерманн-Мау ауруы
B)остеохондроз
C) омыртқадағы метастаздар
D)спондилез
E)Осгуд-Шлаттер ауруы
544. 68 жастағы әйел, суға толы шелекті көтергенде арқасындағы қарқынды ауыру сезімдері пайда болуына байланысты қаралды (омыртқаның кеуде бөлімі). Ауыру сезімдері белдемелік сипатта, шамалы қозғалғанда, дене қалпын қозғалтқанда күшейеді. Қай зерттеуден диагностикалық ізденістен бастау керек?
A)омыртқаның денситометриясы
B)омыртқаның кеуде бөлігінің рентгенографиясы
C)омыртқаның компьютерлік томографиясы
D)қан сарысуындағы кальцийді тексеру
E) остеокальцин дәрежесін тексеру
545.68 жастағы әйел, суға толы шелекті көтергенде арқасындағы қарқынды ауыру сезімдері пайда болуына байланысты қаралды (омыртқаның кеуде бөлімі). Ауыру сезімдері белдемелік сипатта, шамалы қозғалғанда, дене қалпын қозғалтқанда күшейеді. Болжамалы диагноз: остеопороз.
Емнің қай схемасы ДҰРЫС?
A) кальций және Д витаминінің препараттары
B)кальций препараттары алендронат
C) кальций және Д витаминінің препараттары альфакальцидол
D) кальций және Д витаминінің препараттары алендронат
E) кальций және Д витаминінің препараттары кальцитонин
546. 43жастағы әйел 15 жыл бойы ревматоидты артритпен ауырады. Метотрексатпен базисті терапияда. Соңғы 2 жалда бойы 5 см-ге қысқарған. Науқастың бойының қысқаруы немен байланысты:
A)омыртқадағы ревматоидты түйіндерімен
B)омыртқа денелерінің компрессиялық сынықтарымен
C)шынай омыртқа аралық буындардың ревматоидты зақымдануымен
D)остеохондрозбен
E)байламдық аппараттың ревматоидты зақымдануы
547. Дені сау адамдардың максимальді гликемия деңгейі қандай?
A) 5.5 ммоль/л
B) 6.1 ммоль/л
C) 7.8 ммоль/л+
D) 8.5 ммоль/л
E) 9.9 ммоль/л
548.Қантты диабет диагностикалау үшін ашқарындық гликемияға қандай минимальді көрсеткіш тән?
A)≥ 5.5 ммоль/л
B) ≤5.8 ммоль/л
C) ≥6.1 ммоль/л+
D) ≥6.7 ммоль/л
E) ≤7.8 ммоль/л
549.Дені сау адамның ашқарындық гликемия көрсеткіші?
А) 3,3-4,0 ммоль/л
В) 3-4,1 ммоль/л
С) 3-6,7 ммоль/л+
D) 3,3-4,3 ммоль/л
Е) 3,4-7,8 ммоль/л
550.Балаларда және жасөспірімдерде жиі кездесетін диабет түрі?
A) МОДY-диабеті
В) Қантты диабеттің 1 түрі+
С) Қантты диабеттің 1 және қантты диабеттің 2 түрі
D) Қантты диабеттің 2 түрі
Е) Гестационды диабет
Достарыңызбен бөлісу: |