Жасампаздық қиырында



бет23/43
Дата06.02.2022
өлшемі406,43 Kb.
#48042
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   43
ЖЕРДІ САҒЫНҒАНД А
Ғарышкерлер ғаламшар төңірегіндегі айналымжолға ел басшысы ұсынған күрделі ғарыш кемесімен аттанды. Ол әзірше өздеріне үлкен болып көрінеді. Егер сығылу аймағынан босап шықса, онда жағдай басқаша болар еді. Әзірге осы жерде әрекет жасаудың қажеті жоқ. Ғалым- ғарышкерлер кемені әуелі жақыннан барламақ болды. Алты алыпқа тапсырманы осы күрделі деген кеме ішінен беріп отырды. Алып темip адамдарға бұйрықты дәл беріп отырмаса, онда алапат кемеге де, өздеріне де күтпеген қатердің төнуі әбден мүмкін. Сондықтан да олардын артық қозғалыс жасамауын мейлінше мұқият қадағалаулары да керек. Өйткені ендігі әрбір әрекет сығылу аймағынан босап шығуға деген әрекеттердің бастамасы болмақ.
Тәкен бастаған ғарышкерлер тобы алапат кемеге жеткенде оның ішіне еніп үлгерген алты алып темір адам өздерін күтуде еді. Олар ғаламшар бетінен арнайы көтеру лифтімен жеткен болатын алапат кемеге. Одан алапат кеменің жанында айналып ұшып жүрген үлкен құрылғы арқылы кеме ішіне енген. Ал кейін ұшып жеткен қоңыздай ғана кемелер алапат кеменің төңірегінде тынымсыз ұшып жүрді. Содан соң ашық есік арқылы алапат кеменің ұзын дәлізінің біріне қонып жатты. Сол кемелердің бірінен шыққан Тәкен алты алыпты өзіне шақырды.
Олар келген соң Тәкеннің басқаруымен кеменің басқару пульті бар бөліміне барып, ондағы панельдегі қажетті деген түймелерді үлкен темір саусақтарының ұшымен нұқи бастады. Соның артынша-ақ кеме ішіндегі түрлі күрделі жүйелер қайта тіріле бастағандай болды. Одан кейінгі бұйрықты астрофизик Сәрсенбі Сапарұлы берген. Бәрінің мақсаттары Жер ғаламшарын тезірек экраннан көріп, сағыныштарын басу. Қаншама жағадай жасалып, қаншама құрмет көрсетіліп, жеке-дара үй салып беріп жатса да, бәрібір, туған Жерді ұмыта алар емес ешқайсысы да. Ғалым-ғарышкерлер осындай сағынышқа жетті. Ғаламшар төңірегіндегі үлкеп кеме ішіндегі күрделі жүйелерді алып темір адамдарға мұқият тексерткен соң олардың басшысы, Тәкеннің ұқсасы саналатын Темірбекке бұдан әрі қарай не істеу керек болатыны түсіндірілді. Түсіндірілгенде, Тәкенге өткенін есіне түсіру ғана жеткілікті. Ал Темірбек болса, оның ойлаған ойын бұлжытпай орындайды. Бұл жолғы билік Сәрсенбі Сапарұлының ұқсасы Сәттібекке берілді. Ол Сәрсенбінің ой-жүйесіндегіні бұлжытпай орындай бастады. Алып темір адамдар өздерін алақандарына салып, жұлдызды әлемді бақылайтын расытхана бөліміне әкелген. Бірақ, енді ондағы алапат көрінетін бақылау-зерттеу құралдарының шыны көзіне үңілу де, ол арқылы жұлдызды әлемнен бірдемені байқау да оңай емес. Ол арқылы жұлдызды әлемге көз тікпек түгілі, сол шыны көздің үстінде өздері емін-еркін жүре береді. Ал алып темір адамдар болса, өздерінің үлкен көздері арқылы бәрін көргені сияқты емін-еркін үңіле алады. Бәрін де жақсы көре алады.
Темір адамдар шыны көз арқылы жұлдызды әлемге қадала қарағанымен, одан небір ғажайып нәрселерді көре алғандарымен тап адамның өзіндей әсерді ешқашан да ала алмайды. Сондықтан да олардың көргені ғарышкерлердің көргені емес. Егер осы құбылыс, осы әрекет керісінше болса, онда мәселе де басқаша бөлек сипатқа ие болмақ. Егер темір адамның көргендері мен білгендері адам баласының ой-жүйесіне, миына тікелей әсер ететін болса, онда оларға шыны кез арқылы жұлдызды әлемді, ондағы Жер ғаламшарын қарауға рұқсат берілген де болар еді. Ал қазіргі жағдай мүлдем бөлек. Темір адамдар қарауын қарайды, олардың көргендерінің бәрі де арнайы телебайланыс жүйелеріне жазылады. Бірақ сонда да ол қарабайыр бір ғылыми мәлімет қана болып қалады. Сығылу аймағына тап болмай тұрған кездерінде осы экрандардың бәрі де шап-шағын болатын. Ондағы үлкейтілген Жер бейнесі де аса көңіл орнықтырмайтын еді.
Енді темір адамдардың көз жүйелері арқылы қараған кезде Жер ғаламшарының соншалықты алыста екеніне қарамастан бір ғаламат болып көрініп тұрды. Fалым-ғарышкерлер оны енді сыңардүрбінің шыны көзінен емес, сол үлкен болып қалған экраннан бақылап отырды. Алыста жүргенде Жерді көзбен көрмек түгілі, ол жайлы бір сөз айтыла қалса, елең ете түсетін ғалым-ғарышкерлерге мына көрініс ерекше бөлек әсер етті. Кішіреюдің де бір ләззатының болғанына енді ғана көз жеткізгендей болды бәрі де. Қай қайсысы да Жерге тапжылмай қарап отыр. Сәрсенбі ғана негізгі жауапкершілік өзінде болғандықтан ойын бұзбауға тырысып, бар есіл-дертін Жер ғаламшарына аударған. Қалғандар да көз алмай қарауда. Адам баласы өткенді есіне алғанда, көрген қиындықтарын көз алдына әкелгенде ерекше толқиды әрі жігерлене түседі. Бұл жолы да ғарышкерлердің бойына ерекше бір күш-жігер дарығандай болды. Жерді көрмей тұрғанда, онымен байланыс жоқ кезде, расында да біртүрлі болып, жігерлері кәдімгідей жасып та қалған еді. Енді көз алдарындағы ер ғаламшары, онда қазір қандай ұрпақтар тіршілік етіп жатса да, көңілдеріне үлкен демеу бола бастағандай. Әрқайсысы өздері таныған аймақтарды сұқ саусақтарымен көрсетіп қояды. Естеріне алып жеңіл күрсініп те алады. Сөйтіп, осы бір сәтте бәрі де өздерінің балалық шақтарының ең ыстық, ең қызықты сәттерін де естеріне алып үлгерді.
Сәрсенбі қуатты құралдың барлық мүмкіндігін пайдалануға тырысты. Оның ойындағысын темір адам Сәттібек те бұлжытпай қайталаумен болды. Сөйтіп Жерге бірер сағат бойы бақылау жүргізген бәрі де. Жердің өзгерген келбеті кей сәтте ғалым-ғарышкерлердің көңілдеріне титтей де болса да қаяу түсірмей қалған жоқ. Онда тозған аймақтар көбейе бастапты. Теңіз-мұхиттарында да көптеген өзгерістер байқалады. Жердің өзінде жүрген кезде байқалмаған кейбір өзгерістер де енді кезге қатты дараланып байқалады. Олар кей сәтте ғалым-ғарышкерлердің көңіл-күйлерін де сәл де болса да бәсендете түскендей болады. Ғалым-ғарышкерлер Жерден қандай әсер алса да, сырларын іштерінде сақтап тіл қатпайды. Өйткені, бұл жерде енді өздері ғана емес, жандарында жұлдызаралық жолда кезіккен ұлудай адам мен оның достары бар. Ұлудай адам өздерінен бір елі де қалған емес. Ол енді өз ғаламшарындағы тұрғындардан гөрі осы ғалым-ғарышкерлерге қатты бауыр басып кеткен. Жерліктердің арқа тұтатыны да жалғыз сол. Ұлудай адам жұлдызаралық жолда өзін өлімнен құтқарған адамдарға жақсылық жасаудан әсте бас тартқан емес. Егер жұлдызаралық жолда осы ұлудай адам кез болмағанда, мына ғаламшардың тұрғындары ғарышкерлерге мұншалықты құрмет көрсетпес пе еді. Мұндай еркіндік те берілмек емес. Ғалым-ғарышкерлер де ол жағын жақсы түсінген. Қандай түсініксіз жағдай кездесе қалса да сол ұлудай адаммен ақылдасып келеді. Дүние кезек деген де осы. Осының алдында ғана ұлудай адам алақандарында жүрген еді. Оны езіп өлтіре салу еш қиын емес-ті. Оны мерт етуге екі саусақтың ғана күші жететін. Енді жағдай күрт өзгеріп, енді өздері де тап бекер кетпейді. Өмір болған соң реті келгенде ол жақсылык қайтады. Енді ғалым-ғарышкерлердің ғаламшар тұрғындарына қарыздар болып қалғаны да белгілі. Ал егер мына сығылу аймағынан құтылып шығудың күні туып жатса, онда бұлардың өмірінің жақсаруына қолдарынан келгендерін аямақ емес.
Жер ғаламшарын ұзақ уақыт бақылап, іштей рахат-ләззат алып, бойларына жігер жинаған соң ғалым-ғарышкерлер шамалы тынығуды дұрыс көрді. Темір адамдарға ондай демалыстың қажеті шамалы. Олар денелері саусақ тигізбейтіндей болып аса қызып тұрса да өз істерінен жаңылмайды. Өздерінің әміршілерінің ойындағысын да, бұйрығын да бұлжытпай орындайды. Бірақ, соған қарамастан Тәкен ол темір адамдардың да біршама уақытқа дамылдағанын қалады. Тәкеннің бұл шешіміне ешкім дс қарсы болған жоқ. Темір адамдардың адамнан басты айырмашылықтары да кез келген уақытта мөлиіп, жансызданғандай кілт тұра қалады. Сондықтан да оларға демалыс жасау күрделі іс емес. Ал адам баласы болса да ұйқымен демалады. Ол кезде жүрегі баяулау соғады, тыныс сирек алынады, дене де аз қозғалып, жүйке жүйелері дамылдайды. Ал темір адамдардың ішкі күрделі деген кейбір жүйелері ғана сол қалпында жұмыс жасап тұрады. Жұмысын уақытша тоқтатқан кейбір детальдары ғана суынады. Бірақ олар адам сияқты кенеттен оянып кете алмайды, түс дегенді мүлдем көрмейді. Сырттан оқыс естілген дыбысты, адам ұйықтап жатса да сырттан естілгсн дыбысты естіп ояна алады, денесіне тиген қандай да бір нәрсені жақсы сезеді. Ал темір адамда ол қабілет жоқ. Адам баласыныц органикалық жүйесі аса күрделі болып та келеді. Адам баласы бұл жарық дүниеде бір ғана рет ғұмыр кешетіндіктен тынымсыз тіршілік етеді. Адамның өмірі, тіршілігі сағаттың бір бұрауымен тең. Адам темір адам сияқты тоқты қажет етпейді. Тіпті, есінен танып қалған жағдайда да оның жүйке тамырлары жұмыс жасап жатады.
Тәкен темір адамдардың қозғалыссыз, тып-тыныш қалатын сәтін қалады. Кеме ішін оларсыз шарлауды, ондағы өзгерістерді өз көзімен көруді жоспарлады. Көп уақыт өтпей ол жоспарын жүзеге асырды. Бұл кезде алып темір адамдар орын орындарында қаңқиып-қанқиып тұрып қалған да еді. Ғалым-ғарышкерлер Жер жайлы алған жаңа мәліметтерді көкейлеріне түйді. Ғаламшардан әкелген өздерінс тән қағаз бен есте сақтау кұралдарын реттеді. Темір адамдардың басқаруымен Жерден алынған бейнемәліметтер енді қабырғаға үлкейтіліп түсірілген Тек енді өздері ұлудай адам күйіне түскен сон ол экрандағы аса ірі болып көрінетін жазуларды оқудың өзі де қиын еді. Жер ғаламшарындағы тегіс далаға салынған алапат сызық-суреттерді жаяу жүрген адам қалай көре алмаса, мұндағы ақ қағазға жазылған жазулар да тап сондай ірі сызықтарға айналып, оқуға мүмкіндік бермеген. Енді ұлудай болған ғарышкерлер ол жазуларды оқымақ түгілі, даладай көрінетін ақ қағаздың бетінде емін-еркін жүре де алады. Тәкен бастаған топ қағаздағы жазуларды оқуға талпыныс жасаған жоқ. Ол жазуларды оқып шығатын автомат жүйелерді іске қосып олардың дыбысын мұқият тыңдап, алдарындағы кішкентай экрандардан Жер келбетін көріп отырды. Енді қалай десе де, кемедегі барлық жүйелерді тек темір адамдардың күшімен, осындай автомат жүйелердің көмегімен басқаруларына тура келеді. Тәкеннің ендігі ойы да осы алапат кемені бұдан әрі қарай қалай басқару жөніндегі мәселеге көшкен еді.
Бірақ қалай дегенде де жұлдызаралық кеңістікте талай ғұмырлары мен уақыттарын өткізген бұл алапат кеме ыстық еді. Оның даладай-даладай көрінетін дәліздері мен алаңдай-алаңдай бөлмелері бүгінде бос тұр. Егер бұл оқиғаны көрмеген біреу Жерден келе қалса, мұнда не болып өткенін ә дегеннен түсіне қоймас та еді. Бұларды танымайды да. Екі арада бір түсінбеушілік те орын алмақ. Жерден келген алты ғалым-ғарышкер алып темір адамдар тыныш тұрған кезде кеменің барлық бөлімдері мен жүйелерін барлап шықты. Кеменің жүйелерінде пәлендей кілтипан жоқ екен. Тәкен бастаған топ ол жағына да назар аударған. Қанша кіші болып тұрса да, кеме ішін түгел аралап, онан іштей ләззат алып, бір жасап та қалғандай болды. Ендігі Жер ғаламшарын еске түсіретін де осы жалғыз алапат кеме. Сондықтан да мұны көздің қарашығындай сақтаулары керек. Осы кемеге қайта келгелі бері де өздерін Жер ғаламшарына қайта оралғандай сезінген. Кеме енді өздеріне бұрынғыдан да алапат, басқаруға еш мүмкін емес болса да, осы ғаламшар тұрғындарының ғарыш кемелерінен әлдеқайда жақсы, ыстық көрінеді. Ыстық болатын себебі, мұндағы басқару пульті бар басқы бөлім де, өзге бөлімдер де жақсы таныс. Адам баласы қандай ортаға қалыптасса, сол ортадан ешқайда кеткісі келмейді. Ол жер бәрінен де ыстық болып тұрады. Ғалым-ғарышкерлер мұнда келгелі біршама уақыт өтсе де әлгі ғаламшарға қайтып барғылары келмейді. Ал мұнда келудің реті тағы жоқ. Қалған күнде мұнда өмір сүру қиын болмақ. Оныц үстіне енді кемеде өздерінің мына денетұрықтарына лайықты ештеме де жоқ. Барлық нәрсе өздерінің әуелгі денетұрықтарына сай етіліп жасалған.
Тәкен кеме ішін әбден аралап, Жерді еске түсіріп, оны бақылап, көп нәрсені өз көзімен көріп, мауықтарын басқаннан кейін алып темір адамдарды қайтадан іске қосты. Олар арқылы кеменің барлық күрделі жүйелерін тағы бір мұқият тексеруден өткізіп алды. Алапат кеменің барлық жүйелерінің қалыпты жұмыс істеп тұрғанына әбден көз жеткізген- нен кейін демдерін алды. Осыдан кейін бәрінде де сығылу аймағын жеңіп шығуға, жұлдызаралық жолға шығып, Күн жүйесіне, Жер ғаламшарына оралуға деген үміт оты тұтанған. Бәрі де көңілді жүрді. Алып темір адамдарда да мін болған жоқ. Олардың әрбірі әрқайсысының сенімді қызметшісі әрі ұқсасы. Ойлаған ойлары мен алдарына қойған мақсаттары тек осы алыптар арқылы жүзеге аспақ. Осындай бір үміт артар шақ та келген-ді. Енді тіпті, мұндай сенімді темір адамдармен ешбір күмәнсіз Жерге қарай аттануға да болар еді. Өйткені темір адамдардың алтауы да неше рет күрделі сынақтардан өткен. Ол сынақтардан ешқайсысы да не сүрінген, не сыр берген жоқ. Оның өзі де «тұтқынға түскен» ғалым-ғарышкерлердің сығылған аймақтан сытылып шығуға деген талпыныстарының жүзеге асуына бір үлкен үміт еді.

Каталог: admin -> files
files -> Ббк 83. 3 (5 Қаз) Қ 25 Қ25 Қалдыбаев Ә. Көңіл көмбесі
files -> Баймаханбет ахмет аяулы соқПАҚ Тараз, 2008 жыл. Менің президентім
files -> Аула драмалық шығармалар әрқилы ойлар атланта жоқ, америка сапары
files -> Тақталас. Пьесалар, бірқақпайлар. Тараз, «Сенім» баспасы, 2006-256 бет
files -> Шағын хикаяттар, әңгімелер, ертегілер, мысалдар
files -> Баймаханбет ахмет жас шынар, ТӘкаппар шынар тараз – 2013 жыл
files -> Арғынбай бекбосын фәнилік драма (2500 рубаят)
files -> Тұрсынхан Жақыпқызы (Сембаевна) Бердалина Өлеңдер мен әңгімелер
files -> Елен Әлімжан бауыржанның пырағЫ
files -> Үміт битенова көҢіл күнделігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет