Жасампаздық қиырында



бет20/43
Дата06.02.2022
өлшемі406,43 Kb.
#48042
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   43
Үшінші бөлім
Ғаламшардағы ғаламаттар

Өмір ескерткіштері
Ғаламшар табиғатқа, қара топырағын кешіп, шөбі мен гүлінен ләззат алып, бұлақ-өзенінен сусындарын қандырғаннан кейін жергілікті тұрғындар ғалым-ғарышкерлерді елді-мекендеріне алып келіп, халқымен таныстырды. Жергілікті халық мұның алдында ғана кеңістікте сенбей де қалды. Бәрі де өздеріндей адам. Ел басшысы ғарышкерлерге көптеген нәрселерді түсіндірді. Жерден келген ғарышкерлер үшін мұндағы саналы тіршілік әрекеті қанша дегенмен де өзгешелеу еді. «Әр елдің салты басқа, иті қарақасқа» дегендей, бәрі де бұл дүние әлеміндегі ғажайып ұқсастық пен айырмашылықты таныта түсетін бір факторлардай еді. Ел басшысының ұсынысымен қазақ ғарышкерлері ең жақсы деген мейрамханаға орналастырылды. Ғаламшардағы қозғалыс тынымсыз еді. Ұшып-қонып жатқан ғарыш кемелері қаншама.Кейде олармен бірге құстар да қабаттасады. Олардың қайсысының шын құс, қайсысының жасанды құс екенін ажырату да қиынға соғады кейде. Ғарышкерлерге барлық жағдай жасалды. Сонда да алғашында оларға бұл ортада ғұмыр кешу қиын сияқтанып та кеткендей еді. Бірақ басқа түскен соң, осылай болған соң амалдары қанша, бәріне үйренулеріне тура келген. Үлкеннен осылайша кішірейген соң амалдары қанша.
Үлкен болып қай нәрсенің де үстінен қарау кім кімге де дәреже. Осы ғарышкерлердің бәрі де Жерде жүрген кездерінде тіп-титіндей жәндіктерге таңдана қарайтын. Олардың қабыры да адам баласының іші пысатын баяу қабыр еді. Егер қажет десе, оларды соғып та, саусақпен езіп те тастай салатын.Олардың сол қабыр-қабыр қозғалысы мен ұшып жүргендегі әрекеттері де өздеріне бөлек бір көрініс беретін. Ал кейде сол жәндіктерді байқаусызда басып кетіп, немесе бірдемемен соғып алып мерт ететін. Бірақ солай бола тұрса да жәндік екеш жәндіктерде де қорғаныс пен тітіркеніс бар. Олардың да мына жарық та жылы дүниеде өмір сүргілері келеді. Олар да сол өмірі үшін әрекеттерін жасайды. Соншама кішкентай болса да қарақұрт пен ара, маса адамды шаққанда адамның өміріне қатер де төндіреді. Өмірдегі тіршілік әрекеттері осылай жүріп жатады. Бірақ жәндік екеш жәндіктер де адамға бекерден бекер тиіспейді. Адам оларға кедергі кедергі жасағанда, кесекөлденең келіп қалғанда, соқтығысып қалғанда шағады. Омартадағы бал аралары өзінің иесін ешқашан да шақпайды. Басқа жәндіктер де солай. Рас, аш кезінде азық ету үшін айдалада жалғыз келе жатқан адамға шабуыл жасайтын қасқыр сияқты жыртқыштар да бар.
Өмірдің өзі бір бірімен күресіп, қай жеңгені билікке шығып, жеңілген жағы оның қарауында қалып жататын күрделі құбылыс. Адам да жыртқыш. Ол тек саналы жыртқыш. Адамның жейтін жануары көп. Бірақ соның бәрі де күнделікті үйреншікті көрініс болып қана қабылданады.
Ғалым-ғарышкерлер енді кіші әлем тұрғындарының қатарына енген соң өздерінің өткендерін ойлай бастады. Өткен жағдайларын көз алдарынан өткізді. Адам баласы Адам пенде билік басында отырғанда дені сау жүргенде жаман нәрсені еш ойламайды. Ал сол билігі мен байлығынан айырыла бастаған кезде бәрін де көз алдынан өткізіп, бәрін де ойлай бастайды. Тәкен, Азамат, Сәлмен, Сәрсенбі, Жақан мен Сейдолла сондай біп күйге түскен еді.
Осы күдердің бірінде ғарышкерлер арнайы ғарыш кемесіне отырып, ғаламшарды айнала ұшып барлауды ұйғарды. Көп уақыт өтпей ол армандарын да орындады. Ғаламшардағы ең үлкен елдің ел басшысы ғарышкерлерге жағдай жасап отырды. Айтқан өтініштерін жерге тастаған жоқ. Жерден келген меймандар қашан қайта аттанып кеткенше мұндай қамқорлық керек те еді. Ғалым-ғарышкерлер бұл ғаламшарда қанша уақыт болса да Жерді, елді бір сәтке де ұмытқан емес. Бұл ғаламшар, бұл қаладан не нәрсені көрсе де; «Жердегі ана бір қалаға, Жердегі ана бір далаға ұқсас екен» деп бастайды сөздерін. Ғарышкерлердің осындай-осындай сөздерінен-ақ олардың Жерше, еліне деген сағыныштарының қаншалықғы екені анық байқауға болатын да еді.
Ендігі басты армандары да мына сығылу аймағын жеңіп шығу. Ал бірақ ол арман-ойлары жүзеге аса ма, жоқ па, ол жағын ешқайсысы да анық біле алмайды. Мұнда өздеріне қаншалықты жағдай жасалып, шексіз құрмет көрсетіп жатса да сол өздері туып-өскен Жер ғаламшарын бір сәтке ұмыта алмайды. Адам бөтен бір үйге барғанда одан қалай тезірек үйіне қайтуды ойласа, бұлар да осы кіші әлемнен қалай аман-есен шығып кетуді ойлайды да жүреді. Әсіресе, өздері емін-еркін басқарып келген алапат кемеңің осы ғаламшардың төңірегіндегі кеңістікте иесіз, басқарусыз қалғанын жиі ойлайды. Ол да көңілдерін жәбірлеткен. Бірақ кейде осы айып ғаламшардағы, үлкен қаладағы келеңсіз жағдайлар да ойларын бөліп, кейде сонымен де болып кетеді.
Осы күндердің бірінде ғалым-ғарышкерлер өздерінің жоспарларын жүзеге өте жайлы еді. Егер өздерінің көзқарастарымен қараса, бұл кіп-кішкентай қоңызды көзге елестетер еді. Ал ішіндегілері ұлудай ғана адамдар болмақ,. Енді сол қоңыздай деген кемеге өздері де емін –еркін сыйып кекен. Кемені басқарушы осы ғаламшардың кемедегі сызбада да бәрін айқын көрсететін. Ғалым- ғарышкерлер соған қарап отырған. Ғаламшарды шарлай ұшудағы негізгі мақсат – оның аймағындағы ежелден қалған ескерткіштерді зерттеу болатын. Оларды көру мен зерттеу өздерінің өткендерін көрумен барабар нәрсе-тін. Жер ғаламшарында да тап осы сияқты ескерткіштер көп-ақ. «Солардың бәрін кімдер тұрғызған?» деген сұрақ о заманнан қойылып келеді ғаламшарға.Өздері Жерден ұшып шыққанға де ол есеркіштердің құпиялары толығымен ашылмаған-ды. Енді ғарышкерлер оның нақты жауабын іздемей-ақ тапқандай. Көз алдарынан алып адамдар тастан қашап қалдырған небір ескерткіштер, құрылыстар кейіндеп қалып жатыр. Тау-тасқа айналып келетіні де бар.Бір кездегі осы ғаламшар тұрғындарының ірі ата-бабалары қашан жасаған тас мүсіндері мен тас ескеркіштері, сол кездегі ғарыш кемелеріне арналып салынған ғарышайлақтар да ғарышкерлердің көз алдарынан өтіп жатты. Кіп-кішкентай деп есептелген ғаламшар да енді тарих, өмір музейіне айналып та кеткендей.
Ғалым-ғарышкерлер осында болтан күндерін тек күнелту емес, мұндағының бәрін де зерттеп білуге арнаған. Сол ықылас-ниеттерінің бастамасы еді бұл. Ғарыш кемесі мейлінше үлкен еді. Оның ішінде бәрі бар. Былайша айтқанда кішігірім бір үй секілді. Ғалым-ғарышкерлер оның ішінде өздерінің кемелеріндегі сияқты емін-еркін жүріп-тұрады, демалады, жұмыстарын жасайды. Кемеге жанармай қажет болғанда, арнайы кемелер келіп жанармай құйып кетеді. Ұшу жалғаса береді. Сол ұшу барысында ғарышкерлердің көз алдарынан талай-талай тарихи көріністер өтіп жатты. Ғаламшардың бет-әлпеті түсінген адамға талай-талай қасіреттің болып өткенін айқын байқататын да еді. Одан бері қаншама уақыт өтті. Қаншама тіршілік иелері, оның ішінде саналы адам баласы дүниеге келіп, олардың ұрпақтары жалғасып жатты. Олар құраған небір ауыл, елді-мекендер мен қалалар сол уақыт талабына сай өзгерісгерге ұшырап та отырды. Адам баласы тарихты ұмытпау үшін жылнама жазып, оны сақтап отырды. Соның нәтижесінде кейінгі ұрпақ өткен заманның тарихын өз кезімен көргендей әсер алып та келеді. Енді міне, алапат жұлдызаралық кеменің арқасында ғарышкерлер талай-талай қызықты көз алдарынан өткізіп отыр. Кіп-кішкентай деп есептеген ғаламшар да енді бейнебір тарих, өмір музейіне айналып кеткендей.
Ғалым-ғарышкерлер осында болған күндерін тек күнелтумен өткізбей, біле түсу, зерттеу істеріне де арнаған. Бұл сол ықылас-ниеттерінің бастамасы да еді. Ғарыш кемесі болса да мейлінше үлкен. Оның ішінде бәрі бар. Былайша айтқанда, кішігірім үй секілді. Ғалым-ғарышкерлер оның ішінде өздерінің кемелеріндегі сияқты емін-еркін жүріп-тұра алады, демалады, жұмыстарын жасайды. Кемеге жанармай кажет болғанда арнайы кемелер ұшып келш, құйып беріп кетеді. Ал ұшу одан әрі қарай жалғаса береді. Сол ұшу барысында көз алдарынан талай-талай тарихи ескерткіштер жылжып өтіп жатты. Ғаламшардың бет-әлпеті болып өткен талай-талай қасіретті де танытатын еді. Ғаламшар жаралғалы қаншама уақыт өтті. Қаншама тіршілік иелері, оның ішінде қаншама саналы адамдардың ұрпақтары жалғасып жатты. Олар құраған небір ауыл, елді-мекен, қалалар уақыт талабына сай көптеген өзгерістерге ұшырады. Адам баласы жылнама арқылы болып өткен небір тарихи оқиғаларды қағазға түсіріп отырды. Соның нәтижесінде ғаламшардың күллі тарихы, жақсы-жаманы адам баласының көз алдынан қайта бір болып өткендей әсер қалдырады. Енді міне, ғарыш кемесінің арқасында ғарышкерлер тобы көп нәрсені көз алдарынан өткізіп келеді.
Кеме бірде жоғарылай, бірде төмендей ұшады. Алдын ала жасалған бағыт-бағдар бойынша қажетті бағытқа дер кезінде жеңіл бұрылады. Сол мәнер арқылы бәрі де ғаламшардың күллі бет-бейнесін анықтап көре түседі.Жер бетіндегі сияқты, мұнда да қазаншұңқырлар жеткілікті. Жыралар мен аңғарлар да мол. Егер осы ғаламшардың ғарыштан анық етіп түсірген суретіне қарар болса, ол алақандағыдай ап-анық болмақ. Ғаламшардың бетінде ұзына бойы созылып жатқан ғаламат үлкен әрі қалың тас қабырғаларға да кезігіп жатты. Олардың бәрі де алып адамдардың қолынан жасалғанга тән, тек солар ғана жасай алатын ескерткіштер еді Тәкен де өзге ғарышкерлер де көргендерінің бәрін Жердегі тас құрылыстармен тас ескерткіштермен ойша салыстыра қарап отырды. Ескерткіштердің бәрі де Жерден құрылыстарды еске түсіретіндей еді. Ғаламшарлардың бәрі де бір біріне ұқсас болып келеді. Біреуінде тіршілік сақталады, ал екіншісінде ол жойылып кетеді. Күн жүйесіндегі ғаламшарлардың ішінде тек Жерде ғана саналы, санасыз тіршішк иелері бар. О баста, ғаламшарлар жаралған кезде, олардың даму дәрежелері бір біріне ете ұқсас болған. Келе-келе әрбір ғаламшар өз тағдырын басынан кешкен. Бәрі бірдей өз атмосферасы мен гидросферасын ұстап қала алмаған, тек кейбірі ғана өз келбетін сақтаған.
Тіршіліктігін сақтай алмаған ғаламшар жалаңашталған. Кей ғаламшар бір заманда үстінде тіршілік етіп, саналы, жоғары мәдени даму дәрежесіне жеткен аса білімді адамдардың қуатты жарылыстарынан жойылған.
Тәкен кеме ішінде отырып, жан-жағына қарап, осындай ойларды да толғады. Ол ойларын жанындағыларымен бөліседі. Олар да ара-тұра ақыл-кеңес қосады.Кемені басқарушы да қазір тек ғарышкерлердің өтініштерін орындайды. Тәкен ұлудай адамның жанында отыр. Ол енді осындағы басшы. Жер мен осы ғаламшар арасындағы жұлдызаралық жолда, кішіреймей тұған кезде алақандарында ғана жүргене титтей адам енді өздеріне басшы болады.Өмірдің адам баласы біліп болмас осындай қызықтары көп-ақ. Кімнің ертең кім болып кетерін ешкім де білмейді. Енді бір заманда жағдай қалай өзгерер екен.Тәкен енді ұлудай адам болған басшыға бір қарап алған.Кеме сыртындағы арнайы дыбыс күшейткіш арқылы ғаламшардың бар тарихы жан-жақты түсіндіріліп жатсада ешкім ештемедей қойған жоқ. Тек анда-санда ғана бір-біріне қарап қойып, көз алдарындағы тамаша көріністі қызықтап отыр. Иә,бір заманда талай оқиға, талай тағдыр өткен аймақ енді тек қызықтау үшін қажет сияқты. Өздері де бүгінде қиындық пен қызықтың дәл ортасында жүр. Көргендері қызық, бастан кешкендері ауыртпашылық. Сөйтіп алмасып открі кете бермек. Ғалмшарды айналып өткен уақытта ғалым-ғарышкерлер оның бетінің де әжімге толы екеніне көздерін жеткізді.Оны осылайша шарлап, барлап көрмеген адам білмейді. Адамның жеке тағдыр да осыған ұқсас. Сырттай үнсіз жүреді. Басынан ештеме өтпегендей. Тыңдаған адам оның талай-талай нәрсені басынан кешкенін біледі. Кей адамның басынан кешкен ауыртпалығы мен уәйімі бетіндегі әжімінен айқын көрініп тұрады. Табиғаттағы бар тіршілік иесінің бойынан өзіне тән ауыртпалық тағдыры өтіп жатады. Төзгендері тірі қалып, төзбегендері мерт болады. Олардың тіршілік үшін күресі осылайша жалғаса береді.
Ғалым-ғарышкерлер бірнеше тәуліктің ұшу барысында осындай ойларды ойлады. Оларды Жермен салыстыра қараған. Көптеген ұксастықты да тапты. Жердегі әйгілі пирамидаларға ұқсас алапат үлкен тас құрылыстар да кезіккен.Күрделі құралдарды қолданудың нәтижесінде тек ғаламшардың бетіндегі емес, топырағының астында жатқан неше түрлі жануарлар мен саналы адамдардың қаңқа сүйектерін де алдарындағы арнайы экрандардан мұқият көріп-біліп отырды. Мұндай сапар, мұндай зерттеу ғарышкерлерге аса қажет те еді. Осылар арқылы олар Жердің де өткені мен болашағын көргендей бір күй кешті. Сапар аяқталғаннан кейін олар өздерінің жер- аймақтарына қайтып оралды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет