Жасампаздық қиырында



бет28/43
Дата06.02.2022
өлшемі406,43 Kb.
#48042
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   43
ҚАЙТУҒА ДАЙЫНДАЛҒАНДА
Алапат кемеге жасалған шабуылдар тыйылған соң Тәкен бастаған ғалым-ғарышкерлер кайтуға қарбаласа дайындалды. Енді әрбір минут қымбат еді. Кеменің ішіндегі күллі жүйелер мұқият тексеріліп, бөлімдердің бәрі бақылаудан өткізілді. Кемеге қажет жанармай жағы да шешілген. Жұлдызаралық жолдың ұзақ болатыны белгілі. Егер кеменің қосымша жинағыш жүйелері қосымша жұмыс істемесе, алынған жанармай кепке де жетпес еді. Кеме жылдамдығы жарық жылдамдығына жеткен кезде айнала дүниенің қалай өзгеріп сала берері де белгісіз. Ал кеме ішінде бәрі де кәдімгі Жердегідей. Сағат жүріп тұрады, Жер есебімен есептелетін тәулік айналғандай болып өтіп жатады.
Ал қазіргі әрекет мүлдем басқа нәрсе. Ғалым-ғарышкерлер осылай қарай ұшып келе жатқан кезде ұзақ жұлдыз аралық жолдың не екенін алғаш сезінген. Шектеулі орта, жаттанды болып қалған дәліздер, түрлі бөлімдер қалайша жалықтырмасын. Егер кеме онша жылдам ұшпайтын болса, онда ғарышкерлердің жағдайлары тіпті де қиындар еді. Жарық жылдамдығына жуық шапшаңдық талай уақытты үнем етті. Соның арқасында ғалым- ғарышкерлер көп нәрсені білмей де қалған. Енді Жерге қарай сапар шеккенде, сол аз деген мерзімнің өзінің де ұзап кетері сөзсіз. Адам баласына уақыт әрқалай әсер етеді. Бірдемеге асыққан кезде уақыт тез өткендей сезіледі. Адам жасайын деген нәрсесіне сол уақытын әзер жеткізеді. Ал керісінше, адам бейқам болғанда, кең отырғанда уақыт та қасарысып тұрып алғандай сезіледі.
Қазіргі уақыт ғалым-ғарышкерлер үшін соның біріншісіндей еді. Тәкен әлгі шабуылдан кейін дамыл таппады. Егер бәрі де сол бұрынғы үлкен қалыптарында болғанда, мұндағы іс әлдеқайда жылдам атқарылмақ еді. Ендігі күндері тек темір адамдарға қарап қалған. Олардың әрқайсысының өздерінің ми биотоктарымен тікелей байланыстылығы да істің біршама жылдамдауына ықпал етті. Жер ғаламшарында жүргенде, мұндай темір адам-ұқсас дегенді білмей тұрған кезде, адамдар түрлі қақтығыстарға душар болатын. Адамның ұқсасы кейде сол адамның өзіне қарсы шығатын. Ал мына темір адамдар әрқайсысының өз ойындағысын ғана бұлжытпай орындайды. Алақанына салып алып жүреді. Сөйтіп, ойларындағы жоспарларын жүзеге асырады.
Енді сол мүмкіндікті толық және тез пайдаланудың реті келді. Астрофизик өзінің ұқсасымен жұлдызнама бөліміне етіп, ондағы қуатты бақылау құралымен сығылу аймағынан қалай құтылып шығудың жолын қарастырды. Химик кеменің негізгі итергіш құбырын бақылауға алған. Биолог сығылу аймағынан шығар кезде адам организмінің қандай әсер алатынын арнайы құралдар арқылы зерттеп білуді мақсат етті. Қалғандар да қарап жүрген жоқ. Өздеріне тиесілі жұмыстарына кіріскен. Бірақ осы әрекеттердің бәрін де темір адамдар арқылы жүзеге асыратындары белгілі еді. Кеме ішінде алып темір адамдардың қозғалыстары басталған. Темір адамдар үшін енді өздеріне үлкен көрінетін жүйелер де ештеме емес. Өздері үстінде жүгіріп жүретін түймелерді темір адамдар темір саусақтарымен оп-оңай нұқи салады.
Дайындық мұның алдында да жүргізілген. Енді ол дайындық екі есеге жылдамдатылды. Өйтпеске шара жоқ. Уақыт кетіп барады. Үшінші ғаламшардағылар тынышталса, төртінші, бесінші ғаламшардағылар бар. Мұндағы жеті тіршілікті ғаламшардың тұрғындарының даму сатылары деңгейлес болғанымен, дүниеге деген көзқарастары, салт-дәстүрлері әртүрлі. Сондықтан да асығу да керек еді. Адам ойының секунд сайын құбылып тұратыны да өз өзінен белгілі. Бір ғаламшардың тұрғыңдарының пікірлерімен екінші ғаламшардың тұрғындарының пікірлері сәйкес келе бермейді. Адам өмір сүрген жерде ой мен пікірталастары қатар жүреді. Тәкен бастаған топ оны әлдеқашан зерттеген. Бүгінде ғарышкерлердің қай қайсысы да психолог болып алған. Адам баласының жандүниесін сыртыннан қарап, іштен түсіну үшін мұндай қабілет әрбір ғалым-ғарышкерге қажет.
Алапат кемедегі күрделі жүйелерді мұқият тексеруден өткізіп алғаннан кейін темір адамдар өздерінің әміршілерін асхана бөліміне алып барды. Осы жерде шамалы тыныс алып, әңгіме-дүкен құрудың да біршама сәті түскендей еді. Ал дастархан енді өздеріне ат шаптырымдай үлкен. Әуелгі кездерінде оның айналасына қойылған орындықтарға жайғаса отырып, емен-жарқын әңгіме айтып, дәмнен алушы еді. Енді әрбір ыдыстың өзі де орнынан қозғауға келмейтіндей бір зіл болып та қалғандай. Олар енді темір адамдар үшін ғана ештеме емес. Мұнда кейбір жемістер ғана өздерінен сәл ғана үлкен. Мейізді бұрын ауызға топтап сала салса, енді оның әрқайсысын бөлек үзіп алып, біршама уақыт жейді.
Тамақ өз алдына. Ғалым-ғарышкерлер үлкен ғаламшардан өздеріне лайықты ыдыс-аяқ, төсек-орын және басқадай заттардың бәрін алған. Осында орналастырған. Балаларға арналған сол ойыншық ыдыс-аяқтар үлкен адамға сол баланың ойыншығына айналғандай болып та көрінер еді. Ал қазір өздеріне дәл келеді. Темір адамдарға тағамның да, ыдыс-аяқтардың да керегі жоқ. Оларға қажетті нәрсе ток қана. Бойларына жиналған ток олардың асы. Олар жоғары дәрежедегі темір адамдар болғандықтан, өзіне қай кезде ток қажет болатынын да жақсы біледі. Асқазандарының орнына сол токтың не азайғанын, не көбейгенін сездіретін арнайы өлшеуіштер орнатылған. Бұл ғалым-ғарышкерлер үшін соны жаңалық емес. Тек ондай токтан абайламаса, өздерінің өмірлеріне қауіптің төнуі де мүмкін. Сол жағынан келгенде, ол жағын ойламаудың да реті жоқ. Тамақ асу барысында темір адамдар биотемір аспазшыларға көмек көрсетіп те тұрды. Егер темір адамдардың мұрыны мен тілінде тамаққа, оның жағымды иісі мен дәміне деген сезімталдық болса, тамақты қорытатын асқазаны болса, онда олар мына тамақка ортақтасар еді. Ғалым-ғарышкерлер қайта үлкейгенге дейін мұндағы тағам жетеді. Қажет болып жатса, биологтың ұқсасы оранжереядағы арнайы алаңға бидай егіп өсіріп те бере алады. Оранжереяда оған толық дерлік жағдай жасалған. Тек ерінбей еңбек ете білсе болғаны. Еңбек етеді дейтін еңбек те жоқ мұнда. Барлық іс автоматты жүйелер арқылы жүзеге асып жатады. Тірі адам мұнда тек сырттан бақылаушы, қадағалушы болып қала береді.
Ғалым-ғарышкерлер тамақ жағын реттегеннен кейін негізгі тіршілік орындары — оранжереяны, өздерінің әрқайсысының ауылының табиғатын көзге елестетін табиғат орталарында болды. Оның бәрі де жұлдыз аралық сапардағы адам баласының тіршілігін сақтап қалуға қажетті орта еді. Тіпті, кемені ұшырғыш отты құбырлары істен шыққанның өзінде де іште тіршілік жалғаса бермек. Ал іште оттегі болмаса, су мен тамақ болмаса, онда кеменің зымырап жүйткігенінен не пайда? Адам баласы қандай жағдайда да тамақсыз тіршілігін жалғастыра алмайды. Адамның мезгіл-мезгіл тамақтануы организм мен күн кестесіне сай болғандықтан үйреншікті көрінеді. Екі елдің немесе екі ғаламшардың тұрғындарының басшылары кездесіп, бір бірімен келіссөз жүргізгенде де тамақ жағы ұмытылмайды. Ондай кездесуде тамақ беру кестесі болады. Тау басына өрлеуге шыққан адам өзінің тамағын арқасындағы қолқоржынына салып алып барады. Адам, тіпті, ауыр бір жағдайға ұшыраған кезде де тамақсыз бола алмайды. Адам қаза болған кезде де тамақ мәселесі тоқтатылмайды. Ол адамға тамақ арқылы құран оқылады. Сондықтан да дана қазақ; «Ас - адамның арқауы» деген. Ғалым-ғарышкерлер енді тамақ мәселесін осы асханадағы биотемір адамдар мен темір адамдардың көмегімен реттеді. Тамақтанып алғананнан кейін тамақ ішетін, ет жейтін хайуанаттар мен жем жейтін құстардың жайын, егін алқабын тексеріп көрді. Мұндай әрекетте артық ауыз сөздің еш қажеті жоқ. Әрбір маман өзіне тиесілі жұмысын атқара береді. Оның бәрін де болса да, ғалым-ғарышкерлер ми биотоктарымен басқарып отырды. Егер осы әрекетті әлдекім сырттан бақылап-барлап тұрса, онда ол мұнда тек темір адамдардың өздік әрекеттерін көргендей бір күйде қалар еді. Адам миының құдіреті де осынысымен ерекшеленсе керек-ті.
Ғалым-ғарышкерлер алапат кемедегі күрделі жүйелерді бақылап тексеріп өткеннен кейін Жер жайлы жаңа мәліметтер алуға кірісті. Қайту алдында онда болып жатқан жаңалықтардан хабардар болуы қай қайсысына да қажет еді. Олар енді сол әрекетгі бастап кеткен.


Каталог: admin -> files
files -> Ббк 83. 3 (5 Қаз) Қ 25 Қ25 Қалдыбаев Ә. Көңіл көмбесі
files -> Баймаханбет ахмет аяулы соқПАҚ Тараз, 2008 жыл. Менің президентім
files -> Аула драмалық шығармалар әрқилы ойлар атланта жоқ, америка сапары
files -> Тақталас. Пьесалар, бірқақпайлар. Тараз, «Сенім» баспасы, 2006-256 бет
files -> Шағын хикаяттар, әңгімелер, ертегілер, мысалдар
files -> Баймаханбет ахмет жас шынар, ТӘкаппар шынар тараз – 2013 жыл
files -> Арғынбай бекбосын фәнилік драма (2500 рубаят)
files -> Тұрсынхан Жақыпқызы (Сембаевна) Бердалина Өлеңдер мен әңгімелер
files -> Елен Әлімжан бауыржанның пырағЫ
files -> Үміт битенова көҢіл күнделігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет