Жасампаздық қиырында



бет27/43
Дата06.02.2022
өлшемі406,43 Kb.
#48042
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   43
ҮШІНШІДЕГІ ТОЛҚУ
- Көрші ғаламшардың шабуылшы ғарыш кемелері кейін қайтып кеткен соң кеме іші де, сырт та тынышталғандай болып еді. Бірақ, арада шамалы уақыт өтпей жатып-ақ осы жүйедегі үшінші ғаламшардың тұрғындарының әлгі шабуылшылардың ымыраға келгеніне наразылық білдірген толқуларының бейнехабары жетті кемедегі телебейне қабылдайтын жүйесіне. Олар көрші, екінші ғаламшардың әскери басшыларының қайтып кеткендерінің дұрыс емес екендігі жөнінде айта бастады. Шерушілер Жерден келген ғалым-ғарышкерлердің алапат кемесін қалай дегенде де жою керек екенін талап етіп, үлкен қаланың орталық кең алаңына шыққан. Мұнда да ғарышқа ұшу көп заманнан бері қарай дамып-жетіліп келе жатқандықтан мұндай қарсылықты қажет десе, әркім езінің жеке ғарыш кемесіне мініп алып, ғаламшар төңірегінде айналып ұшып жүріп, сол тұстан радиостансалар арқылы, телебайланыс жүйелері арқылы өз талаптарын халыққа білдіре алады. Ал бұл жолы онан да үлкен толқу басталған. Қаптаған кіп-кішкентай ғарыш кемелері өздеріне Күндай жарқырап көрінетін жұлдыз жарығына шағылысып, ғаламшарды айнала ұша берген.
- Бұл көрініс ғаламшардың бетінде жаяу жүрген қала халқын да қозғады. Тек бір ғана қала емес, дала емес, ғаламшар да емес, күллі кіші әлемге қауіп төніп тұрса қайтсін. Бұл замандағы байланыс та екі кішкене баланың екі бөлмеде отырып алып бір-бірімен ап-анық дауыстарымен сөйлескені сияқты құбылыс. Телебайланыс қиындығы деген нәрсе атымен жоқ. Ондай әңгіме қозғалмайды да. Осы кідіріссіз байланыстың арқасында бұл жөнінде күлкі ғаламшар тұрғындары бұл мәселеден толық хабардар болған. Екінші ғаламшардағылардың не себепті алған бағыттарынан, мақсаттарынан айнығаны тағы да түсініксіз. Жалпы, елдегі байланыс саласының мамандары бұл жайлы әбден зерттеген. Екі ғаламшардағы елдердің басшылары арасында болып жатқан пікірталасты да, келіссөзді де халық жақсы біледі.
- Ендігі іс қарсылық білдіру еді. Ғаламшардағы өмір еркін болғандықтан кім не туралы айтамын десе де, ұсыныс жасаймын десе де өз еркі. Бірақ бұл жолғы іс үкімет басшылары жөнінде емес, күллі кіші әлем жүйесіндегі ғаламшарларда өмір сүріп отырған адамдардың болашақ тағдырлары жайлы еді. Сондықтан үкімет басшыларының өздері де бұл мәселеге ой жібере қараған. Осы екі аралықта екі басшының үлкені ғаламшарға, яғни, екінші ғаламшарға барып та қайтты. Олардан көп мәселені біліп те келді. Қалай сұраса да, қалай білсе де, қазіргі жағдай екі ұшты еді. Үлкен кеме сығылу аймағынан шығып кеткеннен кейін не болып кетерін де ешкім болжап-білген жоқ. Алапат кеме бүгінде осы кіші әлем жүйесінің бір мүшесі, аспан денесінің бірі сияқтанып та кеткендей. Бір қызығы, осындағы тіршілікті ғаламшарлардағы ауа-райына, теңіз бен мұхиттың тасуы мен қайтуына, өсімдіктер мен жануарлардың, адамның өзінің денсаулығына да оның әсері бар сияқты. Үлкен ғаламшардағы ғалымдар оған осы тұрғыдан қараған. Шабуыл жасамай, өздерінше тып-тыныш қалғандарының бір себебі де сол еді. Көрші ғаламшардағылар да алғашында түсініңкіремей барып, шабуыл жасап барып тоқтаған. Ал үшіншідегілер оны бұл кіші әлем жүйесінен біржолата аластауды немесе сол орнында жойып жіберуді жөн санады.
- Ғарыш кеңістігіне, қаланың көше-көшелеріндегі алаңдарына шеруге шыққандарының басты себебі де сол еді. Мұндай толқу тек осы ғаламшардың басшыларын ғана емес, қайта тынышталған екінші мен ғалым-ғарышкерлердің Жерге қайтуларына мүмкіндік тудырған бірінші, үлкен ғаламшардың ел басшыларын да қайта оятқандай болды. Үшіншідегілер толқуларының себептерін дәлелдеп түсіндіріп те шықты. Бірақ оған екінші ғаламшардағылар құлақ та аспады. Ал біріншідегілер бақылаушы ретінде шеттеп қалған. Сөйтіп толқу күшейе-күшейе келе айтысқа, оның соңы айқасқа ұласты. Алапат кеменің тағыдыры үшін осылайша екі елдің тұрғындары бір бірімен қақтығысқа түсті. Бәрі де ғарыш кемесімен ғарышта болатындықтан ғаламшар бетінде ештеме жоқтай күй орнайтын. Оның есесіне Жердің төңірегіндегі қарақұрым ғарыш кемелері кім кімнің де ойына еткенін түсіреді. Ол екі ғаламшардағы ғарыш кемесіне мінетіндердің делебесін де қоздырады. Сөйтіп, бұл кеңістікте жұлдыз соғысы басталып кетуге де таяған.
- Үлкен кемедегі ғалым-ғарышкерлер бұл жағдайды байқамай отырып, оларды тоқтатудың, сабырлылыққа шақырудың әрекетін жасады. Өздерімен бірге жүрген ұлудай адамды байланысқа шақырды. Ол тәжірибелі, беделді кісі еді. Әрі оның денетұрқы да мұндағыларға қарағанда өсіңкіреп қалған. Оның сығылу кеңістігінен шығып, кеңею кеңістігінде біршама уақыт болғаны да белгілі. Егер ол шыны шар ішіндегі арнайы ортада, қатты ұйқыда болмағанда, бәлкім, онда мұнан да ұлғайған болар ма еді. Тәкен бастаған топ оның мұндағылардан әжептәуір үлкен екеніне ол кейін ездерінен де денелі болып шыға келгендеріне қайран еді. Ендігі күш те, айла да сонда сияқты. Ол өздерінен ірілеу болып тұрса да езінің сол бұрынғы ұлудай адам деген атынан арыла қоймады. Бірақ оған назар аударып жатқан ол жоқ. Сол баяғысынша емін-еркін жүр. Оның алдарынан шыққаны ғалым-ғарышкерлерге өзінше бір үлкен бақыт еді. Өйткені, ғалым-ғарышкерлер арқылы көптеген нәрсені біліп те келеді. Әлі де көптеген нәрсе сол арқылы шешілмек. Ал кемедегі күрделі жүйелерді бақылауға келгенде, болса да, Тәкен бастаған топ алдарына жан салмайды. Күштері жетпесе, милары жұмыс істейді, күштері сол милары арқылы үлкен темір адамның миларына жетіп, дегендерін жасатады. Ұлудай адамның ондай үлкен ұқсасы жоқ. Осы алты алып темір адамды жасаудың өзіне де аз күші кетпеген. Оның үстіне темір адамдар негізінен, жұлдызаралық сапарда кеменің күрделі жүйелерін қадағалауға арналған.
- Екінші ғаламшар мен үшінші ғаламшардың арасындағы кеңістікте топ-топ ғарыш кемелері ұшып жүрді. Оны Тәкен алапат кеменің телебайланыс жүйесі арқылы өзінің ұқсасы Темірбекке қостырьш барып көрген. Қалғандар да экранға жақын отырып, өтіп жатқан құбылысты мұқият бақылауға кіріскен. Экран мейлінше үлкен болғандықтан ондағы кіп- кішкентай кемелер онан сайын кішірейіп кеткендей болған. Өздері үлкен кездерінде осы экран да шағын болып көрінуші еді. Көрінетін емес-ау, дәл солайтын. Енді өздері сол экранный теменгі жағына әзер көтеріледі. Бейнебір ғаламат құбылыс өтіп жатқан көкжиек аймағын көріп тұрғандай болады.
— Қалай дегенде де енді бәрі де екі ғаламшардың арасында басталған келіспеушілікті тоқтатуға кірісті. Егер шындаса, мына алапат кемемен коп нәрсені жасауға болады. Бірақ бұл арада ондағы қаруларды қолданудың реті жоқ. Адам баласы ғаламат нәрсені жасайды. Небір қатерлі қару-жарақтар да жеткілікті. Тек адам саналы, білімді болған соң оларды абайлап қолданады. Мына жағдайда да дәл сондай сақтық пен абайлау қажет еді. Кемеде кеп нәрсе бар. Ол қарулармен майда кемелер түгілі ғаламшарлардың өзін де екіге қақ бөліп жіберуге болады. Тек оған адам санасы мен білімі, парасаты рұқсат етпейді. Адамға қарсы құдіретті қаруды жұмсаудың ешбір реті жоқ. Олай етсе, ол Жер адамдарының қатыгездігін, санасыздығын танытпақ! Осындай ақ ниеттерін түсіндіру мақсатында Тәкен ұлудай адамды екі арадағы келіссезге қатыстырмақ еді. Ол мақсатын да кешікпей орындады. Ұлудай адам тек Тәкен айтқанды орындап отырды. Ол Тәкен айтқан сездерді әуелі өз тіліне, содан соң үшінші ғаламшардағылардың тіліне қолма-қол аударып тұрды.
- Құрметті үшінші ғаламшар тұрғындары, - деп бастады сөзін Тәкен,- біз сонау алыс Күн жүйесіндегі Жер деп аталатын ғаламшардан келген ғалым-ғарышкерлер қатгы ыңғайсыз жағдайда тұрмыз. Біз мұндай түсінбеушілік туады деп ойламаған едік. Жер ғаламшарынан ұшып шыққандағы негізгі мақсатымыз да өздеріңіз сияқты өркениетті адамдарды іздеп табу, осылайша бір жүздесіп, тілдесу еді. Басқа жаман ойымыз болған жоқты. Мұнда алғаш жақындағанымызда, бүл әлемнің кіп-кішкентай болып керінгені де рас. Бірақ соның әзінде де біздің бұл әлемге бір зиян келтіру деген ойымыздың болмағаны анық. Сол аңқау-абзалдығымызбен сығылу аймағының шекарасын да қиып өтіп кеткенімізді байқамаппыз. Сөйтіп, әне-міне дегенше, кішірейіп үлгердік, қайта шығып кете алмадық. Оның соңы бізді осындай әрекеттер жасауымызға мәжбүр етті. Сіздер біз үшін, біздің мына алапат кемеміз үшін өзара жұлдызды соғыс ашпаңыздар. Біз бұл аймақтан кетеміз. Алапат кемеміздің бұл сығылу аймағынан босап шығуы ешқандай да қатер туғызбауы тиісті. Соған сеніңіздер.
- Бұл сөздерді темір адамдар да, сапарластары да ұйып тыңдады. Ал ұлудай адам бұл сөздерді өзгертпей, қоспаламай бір біріне жұлдызды соғыс ашпақ болғандарға тез аударып, олардың тілдерінде байланыс арқылы жеткізумен болды. Шамалы кідірістен кейін үшінші ғаламшардан ұшып шыққан топ-топ әскери ғарыш кемелерінің әскери басшысы былай деп жауап қайтарды.
- Сіздерді түсіндік! Жаман ниеттеріңіздің жоқ екені де енді бізге белгілі. Біз не үшін көтерілдік? Түсіндірейін. Бүгінде бәріміз де дамудың жоғары сатысына көтерілдік. Табиғаттың мол байлығын игердік. Ғаламшардың бетінде жасыл шөп өсетін жер де азайған. Оны өздеріңіз де көрдіңіздер. Сіздердің келгендеріңізден бізге зиян болған жоқ. Қайта алапат кемелеріңізден тараған сәуле адамдарымыздың денсаулықтарына, өсімдіктердің жақсы өсуіне, жануарлардың көбеюіне жақсы ықпал етті. Ол жағын бүкіл халқымыз да біліп отыр. Тек енді, біздің сіздерге айтатын бір мәселеміз бар. Ол біздің кіші әлемнің сығылу аймағы болып табылатыны. Содан да болар, бір кездері ғарыш кеңістігіне ұшырылып шығарылған ғарыш кемелеріміз бірінен соң бірі ғаламшарымыздың бетіне құлап түсіп жатты. Біз ол қатерлі құбылысты сол кемелеріміздің ғаламшарымызды ай- нала ұшқандағы жылдамдықтарының арта түскенінен білдік. Кемелердің ғаламшар бетіне құлап түсе беруі халқымызды қатты толқытты. Ендігі қорқыныш та сондай еді. Кемелеріңізді жойсақ деген ойымыз да осыдан келіп туған еді.
- Тәкен ойланып қалды. Астрофизик Сәрсенбі де ойына келе қоймаған мына жағдайға қайран. Расында да ондай қатердің төнетіні анық. Жер тарихын ойлап, көз алдына елестетіп қараса, оның Күн төңірегіндегі айналым жолымен айналым жолы қиылысатын көптеген кіші ғаламшарлар болтан екен. Ол кіші ғаламшарлардың, кейбірлері Жерге әркез қауіп те тендіріп отырған. Мыналардың айтып тұрғандары да дәл соған ұқсас тарих. Бірақ мүмкіндігі болса, мұнан ғалым-ғарышкерлер қазір-ақ кетіп қалар еді. Сөйтіп бұл кіші әлемнен қауіп-қатер дегенді мүлдем аластатпақ. Тәкеннің айтар жауабын енді астрофизик мойнына алды.
Біз жағдайларыңызды түсіндік, - деді ол ұлудай адамға қарап,мен жұлдыз намашы ретінде көп нәрсені есіме түсірдім. Айтқан ескертпелеріңіз өте орынды. Мұндай айналым жолдық қиылысу қаупі Күн жүйемізде де болған. Бірақ ондағы Жерімізге қауіп төндірген аспан тастары ғаламшарымыздан әлдеқайда кіші еді. Соның өзінде де Жер халқы қатты әбіржитін. Ал мына жағдайда сіздердің котерілетін жағдайларыңыз тіпті де бар. Біз оған еш қарсы емеспіз. Тек менің түсіндірейін дегенім, мүлдем басқа нәрсе еді. Біз кемені бірден суырып әкетпейміз. Сығылу аймағынан шығу өте баяу жүзеге асатын болады. Алапат кеменің кеңею кеңістігіне бірден өте алмайтыны да белгілі. Сондықтан да ол жағынан еш қам жемеңіздер...
Бұл жолы екі жақсы радиотелебайланыстағы әңгіме осылай аяқталды. Үшінші ғаламшардан келген топ-топ кеме қайта бұрылып, ғаламшарларына қарай тартты.

Каталог: admin -> files
files -> Ббк 83. 3 (5 Қаз) Қ 25 Қ25 Қалдыбаев Ә. Көңіл көмбесі
files -> Баймаханбет ахмет аяулы соқПАҚ Тараз, 2008 жыл. Менің президентім
files -> Аула драмалық шығармалар әрқилы ойлар атланта жоқ, америка сапары
files -> Тақталас. Пьесалар, бірқақпайлар. Тараз, «Сенім» баспасы, 2006-256 бет
files -> Шағын хикаяттар, әңгімелер, ертегілер, мысалдар
files -> Баймаханбет ахмет жас шынар, ТӘкаппар шынар тараз – 2013 жыл
files -> Арғынбай бекбосын фәнилік драма (2500 рубаят)
files -> Тұрсынхан Жақыпқызы (Сембаевна) Бердалина Өлеңдер мен әңгімелер
files -> Елен Әлімжан бауыржанның пырағЫ
files -> Үміт битенова көҢіл күнделігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет