КІШІ ӘЛЕМДЕГІ ШАЙҚАЛЫС Алапат кеме сығылу аймағынан шығып, жай да болса біршама жеп ұшып өткенге дейін бәрі де тып-тыныш қалғандай еді. Бірақ артынша бұл кіші кеңістікте біршама өзгерістің де бола бастағаны байқалды Үлкен ғаламшардың тұрғындары бұл жағдайға аса мән берген жоқ. Ал өзге ғаламшардың тұрғындары бұл құбылысты осы алапат кеменің сығылу аймағынан шығуынан туындаған нәрсе деп санады. Олардың пікірінше алапат кеме осы жүйе деп кез келген ғаламшардан сәл-ақ кіші. Сондықтан да бұл жүйеде ол ұйтқу туғызып отыр. Оның үстіне алапат кеменің пішіні де тап ғаламшар сияқты дөңгелек шар. Алапат кемені жақыннан көрмеген адам оны расында да бір ғаламшар ма деп те қалады. Ғаламдағы жұлдыз жүйелер деп ғаламшарлардың бәрі де шар тәрізді. Ендеше, алапат кеме міндетті түрде ұйтқу беруге тиісті. Ал ондай шар тәрізді алапат кеме қандай да бір жұлдыз жүйесіндегі тіршілікті ғаламшарға жақындағанда тап кәдімгі жаңа пайда болған жұлдыз сияқты болып қана көзге түседі. Үлкен ғаламшар тұрғындарының ой-пікірлерінен басқа пікірлердің негізгі пікірлері осындай еді.
Өкінішке орай, мына сығылу аймағында сол алапат кеме шығып кет-кеннен кейін осындай шайқалыс орын алып отыр. Ғаламшарлардың бәрінде де жанартау атқылаулары жиіледі. Жер сілкінісі көбейген. Ғаламшар етінде өсіп тұрған жасыл атаулының бәріне қиын жағдай туды. Бұрын жақсы есетін, қалың өсетін, қалың дән салатын егін де сиреген. Бейнебір ғаламшардардың бәрі де әлденелерінен айырылған адамдардай немесе жануарлардай сезінгендей. Сырттан келген алапат кеменің бұл жұлдыз жүйесіне осыншама әсер береді деп кім ойлаған. Мұндағы ғалымдардың пікірлері де екі ұшты еді. Бірі бұл алапат кеменің кіші әлемге ешқандай да әсер етпейтінін айтса, екіншісі құбылыстың тікелей сол алапат кемеге байланысты екенін айтқан. Бұл бірінші рет емес-ті. Бір кездері осы кіші әлем жүйесіндегі ғаламшарлар бір қатарға тізілгенде де мұнда талай пікір-таластар болған. Сонда да жаман пікірлер жүзеге аспай, бәрі де ойдағыдай өткен. Ондай оқиға Күн жүйесінде де болып тұрады екен. Ол жақта да «ғаламшарлардың бір қатарға тізілісінен ештеме де болмайды» деген ғалымдар жеңіске жеткен. Бірақ мына құбылыстың орны бөлек еді. «Әлде ұл алапат кеме сырттан еніп, сығылу аймағынан қайта шыққан кезде болған құбылыс па екен?» деген де пікірлер айтылды. Енді бұл мәселені жедел шешу де керек еді.
Осы себепті де үлкен ғаламшардың ел басшысы бұл мәселеге қатты толғанды. Сығылу аймағынан бостандыққа, кеңею кеңістігіне шыққан ғалым-ғарышкерлермен жиі-жиі байланыс жасап, мән-жайды түсіндірумен болған. Бірақ ел дүрліге берген. Ғаламшардың әрбір аймағында болып жатқан жер сілкіністері мен дүмпулері ел тыныштығын бұзған. Әлбетте ең бастысы ол сілкіністерден адам шығыны болған жоқ. Ғаламшардағы үйлер де мықты тұрғызылғандықтан ол дүмпулерден дін-аман қалды. Дегенмен де, жер сілкінісі кезінде өз үйлерінен безіп, қорқып, жан сауғалап басқа жаққа кетіп жатқан адамдар да көп. Тек дүмпу ме, сол дүмпудің салдарынан құлаған жерлер, үзілген электр желілері, ағылған су, құлаған ағаштар және басқадай келеңсіз көріністер адам баласын есінен тандырды.
Дәл осындай қатерлі құбылыстар басқа ғаламшарларда да өтіп жатты. Үлкен ғаламшардың ел басшысының атына өзге ғаламшардың тұрғындарынан мың-сан жеделхаттар келумен болды. Ол жеделхаттардың бәрінде де осы үлкен ғаламшардың ел басшысының қателігі айтылады. Кіші әлем жүйесіндегі шайқалысқа себепші болған ғалым-ғарышкерлерге де реніш білдіреді. Бұл жүйедегі күллі тіршілікті ғаламшардардың тұрғындарының түсініктерінше, Жерден келген ғалым-ғарышкерлер бейнебір кеңістік ішіне еніп, оны шайқап кеткендей. Үлкен ғаламшардың ел басшысы өзін қоярға жер таппады. Өзінің артынша келіп жетіп жатқан толассыз үрейлі хабарлар қалайша маза берсін.
Ел басшысы Тәкенмен де жиі-жиі хабарласып, ақыл-кеңес алумен болды. Жер ғаламшарынан келген ғалым-ғарышкерлер де қарап қалмаған. Сығылу аймағынан кұтылып шыққанмен де онан оншалықты ұзай қоймады. Жерді, елді қаншама сағынып тұрса да мына шайқалысқа ұшыраған кіші әлемді бақылауға алған еді. Өздеріне жақсылық жасап, қиын сәттен құтқарған абзал адамдарды қалай тез ұмыта қойсын. Оның үстіне енді ол адамдар өздерінен кіші бола түспек. Ол жағы да бар. Үлкен ғаламшардағы ел басшысы ғалым-ғарышкерлерге жақсылық жасаймын деп жүріп, күллі кіші әлемге шайқалыс туғызып алғанына қатты өкінді де. Екінші жағынан сонау жұлдызды әлемнің бір шетінен, Күн деп аталатын жұлдыз төңірегіндегі Жер ғаламшарынан келген ғалым-ғарышкерлерді құтқара алғанына іштей қуанды да. Енді шайқалған кеңістікті саябырсыта алса жақсы, ал саябырсыта алмаса әрбір ғаламшардың халі мүшкіл болмақ. Ел басшысын қинаған да осы мәселе еді.
Соңғы күндері ел басшысы елдегі білімді де беделді ғалымдарды жанынан тастамады. Кеткен кеменің орнын толтыру мәселесін қарастырды. Ол үшін осы кіші әлемнен тыс жерден қандай да бір шағын ғаламшарды осында сүйреп әкеліп, шығып кеткен алапат кеменің айналым жолына түсіру қажет. Енді уақыт жоғалтпастан ел басшысы ғалымдармен біріге отырып, соның қамына кіріскен. Ал бұл жоспарларды жүзеге асыра алатын бір ғана кеме бар. Ол Жерден келген ғалым-ғарышкерлердің алапат кемесі. Сол алапат жұлдызаралық кеме ғана жақын маңнан шағын бір ғаламшарды осында сүйреп алып келе алмақ.
Үлкен ғаламшардың ел басшысы осы мәселені Тәкенге айтқан кезде ол уақыттың тарлығына қарамастан бірден келісімін берді. «Жақсылыққа — жақсылық», «Әркім — сыйлағанының құлы» деген осы болса керек. Үлкен ғаламшардың ел басшысы Тәкенге де, басқа ғалым-ғарышкерлерге де өз ризашылығын білдірумен болды. Жерден келген ғалым-ғарышкерлердің мұндай қайырымдылығы мен сабырлылығы бір жағынан ел басшысының өзін де таңдандырған еді. Сығылу кеңістігінен әрең дегенде аман-есен шығып, Жерін, елін қатты сағынған адамдардың өзінің сөзін жықпай қолұшын беруге келіскендері таңданарлық еді расында да. Бұл тек қана үлкен ғаламшар емес, күллі кіші әлем жүйесіндегі ғаламшарлар тұрғындарына да әрі таңданыс әрі қуаныш еді. Жер шары ондағы қазақ халқының осыншама парасатты екені лезде кіші әлемге жайылды. Ел басшысы да мұндай қайырымды, парасатты халықты өмірінде алғаш рет кездестіріп отыр еді. Бұл кезге дейін осы кіші әлемге қаншама бөтен ғаламшарлықтар келіп-кетіп жүрді. Солардың бәрі де тек есеппен келіп, қай кезде де өз еселерін жібермеуге тырысқан. Істерін бітіріп алған соң із-түзсіз жоғалатын. Ел басшысы солардың талайына дәл осы сияқты жақсылық жасап еді-ау. Ел басшысы кім келсе де жылы қарсы алып, көмегін беріп, парасаттылығы мен кеңдігін танытқан-ды. Сондай жақсылығына алғаш рет осы қазақ елінің өкілдері жақсылық қайтарғалы отыр. Риза болмай қайтсін.
Тек ендігі бір өкініштісі, осы жүйедегі өзге ғаламшар тұрғындарының кейбір топтары бұл мәселеге де өз қарсылықтарын білдіре бастады. Үлкен ғаламшар тұрғындарының басшысының ішкі мақсат-мүддесін ә дегеннен түсше қою да қиын еді. Күгпеген жерден осындай оқиға болды. Енді шегінуге жол жоқ. Жұлдыз жүйесіндегі күллі ғаламшар шайқалысқа ұшырады. Кеибір ғаламшарлар өзінің осінен айналуын кілт тоқтатып, кейін қарай айнала бастады. Өз осінде айналуын мүлдем баяулатып қалғандары да бар. Ондай ғаламшарлардағы ауа райының күрт өзгерістері тұрғындарын біраз әбігерге де салған. Бүгінгі заманда ғарыш кемесімен ұшу деген ештеме де емес. Оны былай қойғанда, ғаламшарларда өмір сүріп жатқан адамдардың өздері де құс сияқтанып кеткен. Қажет деп тапқан әрбір адам екі қолына арнайы жасалған қанаттарды бекітіп ала алады. Мұндағы көкейкесті мәселелер де ғаламшардан тыс кеңістікке көшкен. Адамдар белгілі бір ғаламшардағы анау-мынау мәселелерді ғана қозғап қоймайды. Осы жұлдыз жүйесіндегі барлық ғаламшарлардың тағдырларын шешеді. Бұл адам күші құдіретінің нағыз алаулап тұрған кезеңі.
Ғаламшар мен ғаламшар арасындағы радиотелебайланыс та өз дәрежесінде. Ол жайлы көкейкесті мәселе де айтылмайды. Сондықтан да ондай нәрсенің бәрі де майда-шүйде іске саналған-ды. Мұндағы ең басты нәрсе — ғаламшарлардың орны. Ғаламшардардың тағдырлары да өзі айнала қозғалатын жұлдызына Жерден келген ғалым-ғарышкерлердің атауынша өз Күніне қаншалықты жақын-қашық орналасуына байланысты. Бір нәрсеге талас басталса, осы жүйедегі әрбір ғаламшардың орнына байланысты әңгіме туындайды. Жалпы, мұндағы әңгіменің кез келгені жеке ғаламшар емес, жүйе шеңберінде қозғалады. Егер мұнда дамудың осындай дәрежесі болмаса, Жерден келген ғалым-ғарышкерлер бір сәтке де қалмақ емес. Дамудың жоғары сатысы деген де осы болса керек. Ендігі көкейкесті мәселе де қай ғаламшарды қай айналым жолға орналастыруда еді. Кеңістіктегі орынға таласу ойдан шығарылған таласу емес. Жалпы, жерге таласу әрекеті сонау Жер ғаламшарында да, адам адам болып жаңа-жаңа қалыптаса бастағанда орын алған болатын. Енді міне, орынға таласу деген осындай кеңістіктік масштабқа жетіп отыр. Өйткені шайқалыстан кейін бір ғаламшар өзінің орнынан тайқып Жұлдызға қарай жақындап, ал екініш бірі керісінше Жұлдыздан алыстап кеткен еді. Соның салдарынан ол ғаламшарлардағы ауа райы да көп өзгеріске ұшыраған. Ыстық жағдайға үйренгендер тоңып, суық жағдайға үйренгендері ыстықтап ауыра бастаған.
Бұл тұрғыдан келгенде ғаламшар тұрғындарын түсінуге де болар еді. Тұтастай бір ғаламшар түгілі бір ғана аймақтағы ауа райы күрт өзгергенде адам баласы қандай әбігерге түседі. Онымен салыстырғанда ғаламшар тұрғындарының ендігі тағдырлары тіпті де қиын еді. Үлкен ғаламшардың өзінде де аз өзгеріс болған жоқ. Жер сілкінісі, жанартау атқылаулары мен су тасулары соңғы кездері жиілеп кеткен. Соның бәрі де ел басшысына жеңіл тимеген. Онсыз да бар кінәні өзіне аударып жатқан көрші ғаламшардың ел басшылары мен тұрғындары сөздерін жиілетіп кеткен. Бүкіл кіші әлем ғаламшарларына тарап жатқан бейнехабарлардың тілге тиек еткен нәрселері де осы еді. Сондықтан да үлкен ғаламшардағы ең ірі елдің ел басшысы бұл мәселеге шындап кіріскен. Негізгі үміт те, күш те Жерден келген ғалым-ғарышкерлерде еді. Жағдай соған келіп тірелген. «Дүние-дөңгелек» деген қазақ мақалының орындалар сәті де келген сияқты. Тек қана үлкен ғаламшардың тұрғындары ғана емес, осы кіші әлемдегі күллі ғаламшарлардың тұрғындары елеңдескен. Өйтпей қайтсін, соңғы кездері табиғаттың дүмпуі жиілеп бара жатса. Күтпеген жерден бола кететін осындай оқиғалар халықтардың тып-тыныш, бейбіт жүріп жатқан тіршіліктегі әрекеттерін өзгертті. Қандай жұлдыз жүйесінде болса да ондағы аспан денелерінің қозғалыстары белгілі бір заңдылыққа бағынады. Ол денелер бірін бірі сол зандылықтарға сай айнала қозғалады. Ал оған қандай да бір кедергі жасалса, онда көп нәрсе өзгеріске ұшырамақ, шырқы бұзылмақ. Ал былайша қарағанда, ол жай бір тып-тыныш жатқан кең кеңістік қана. Ал оған еніп, қайта шыққан алапат кеменің жасағаны мынау. Енді қалай айтса да, бәрі де кеш, болар іс болған. Сондықтан да бұл жүйедегілерге тек әрекет жасау ғана қалған. Сол әрекеттің негізгі күші де үлкен ғаламшардың ел басшысының жағында еді..