Жасампаздық қиырында



бет34/43
Дата06.02.2022
өлшемі406,43 Kb.
#48042
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   43
ҮЛКЕН ҒАЛАМШАРДАҒЫ ТОЛҚУ
Жер деп аталынатын ғаламшардан келген алты ғалым-ғарышкерлердің қимыл-әрекеттері, қайтпас кайсарлыкдары үлкен ғаламшар тұрғындарының арасында толқу туғызды. Туғызбай қайтсін. Алапат кеме деп аталғаны болмаса, ол өзі осы ғаламшардың табиғи серігіндей болып келген еді. Ол кәдімгі Ай сияқтанып шығыс көкжиектен шығып, батыс көкжиекке барып бататын. Аспан төріне кетеріліп шыққан кезде, түн мезгілінде үлкен ғаламшардың бетіне күлгін, күміс түсті сәуле құятын. Енді оның әдеттегісінен тыс қозғалып, әдеттегі көз үйренген айналым-жолынан ығысып шыға бастауы ғаламшар тұрғындарын шынымен-ақ қатты аландата бастады. Алапат кеме түн мезгілдерінде күміс сәулесін төккен кездері ғаламшар тұрғындарының, жануарлар мен құстардың, өсімдіктердің өсулеріне, адамдардың психологиясы мен денсаулықтарына ерекше жақсы жағынан ықпал еткен болатын. Соған үйренген тұрғындарға бүл көрініс оғаш көрінді.
Алапат кеме мына сығылу аймағындағы ғаламат тартылыс өрісін жеңіп шығып, бостандыққа шыққан соң бұл ғаламшарда үлкен өзгерістің болары да сөзсіз. Ғаламшардағы мұхиттар мен теңіздердің тасуы мен қайтуы да сол алапат кеменің тартылыс күшіне байланысты болатын. Енді ол кеткеннен кейін не жағдай болады деген ой ел басшысын да аз мазалаған жоқ. Ел басшысы ғалым-жұлдызшылармен бірге арнайы орында аса қуатты деген бақылау құралы арқылы осы алапат кеменің әрбір қимыл-қозғалысын мұқият қадағалаумен болған. Жай қырағы көзбен қараған адамға алапат кеме сол бір орнынан қозғалмағандай болып көрінсе, арнайы жақындатқыш құрал арқылы Қарағанда оның қозғалысы анық байқалады. Ел басшысы оның бірте-бірте күшейіп бара жатқан бұл қозғалысына қобалжи қарайды. Бір жағынан ғаламшардың табиғи серігіндей болып кеткен алапат кемені іштей қимайды. Енді бірде ондағы өздеріндей болып кішірей- ген, өз кемелерін өздері басқара алмайтын дәрежеге жеткен жазықсыз ғалым-ғарышкерлерді аяйды. Олар үшін өздері туып өскен Жер ғаламшарының қандай ыстық екенін де сезінеді. Өзі де алысқа кетсе, осы ғаламшарды аңсар еді. Ешқандай да басқа ғаламшарға айырбастамас еді. Тіпті, мына сығылу аймағынан, кішірейген әлемнен шығуға да асыққан емес. Бесінші ғаламшардағы үлкеюге талпынған топ жөнінде естігенде қайран болған.
Енді мына халықтың толқуы өзін еріксіз елең еткізді. Көгілдір аспанда ең жарық деген жұлдыздар кейін нұр шашқан дененің бірте-бірте өз айналымжолынан шыға бастауы расында да ерекше белек құбылыс. Ел басшысы Жерден келген алты ғалым-ғарышкерлерді босату арқылы өз халқына үрей де әкелген тәрізді. Мұны ол енді ғана сезгендей. Алапат кеменің үлкен ғаламшардан алыстай беруі күллі ел тұрғындарын аяқтарынан тік тұрғызды, Тұрғындар соңғы күндері жұмыстарын да, қызметтерін де тоқтатып, аракідік шеруге де шыққан. Тағы бір қорқыныш - алапат кеменің осы ғаламшарға кенеттен құлап түсу қауіпі еді. Өздері өмір сүріп отырған алапат кеменің олай соқтығысуы үлкен апат әкелмек. Ол құласа, ғаламшарда ақырзаман орнайды. Құрлыққа түссе үлкен қазаншұңқыр пайда болады. Мұхитқа түссе, талай жер, талай елді топан су басады. Қай қайысы да қатерлі. Ел басшысын толғандырған да осы мәселелер еді. Ол енді Ақ сарайдың алдындағы кең алаңға жиналған халықтың сұрақтарына жауап беруге де мәжбүр болған.
- Уа, құрметгі халайық! - деп бастады ол сезін биік тұғырда тұрып, - біз үлкен толқу үстіндеміз. Ана өздеріңіз күнде көріп жүрген алапат кеме өзінің айналымжолынан шығып кетіп барады. Біз Күн жүйесі деп аталатын жұлдыз жүйесіндегі жалгыз тіршілікті ғаламшар - Жерден келген ғалым-ғарышкерлерді босаттық. Кім кімнің де туып өскен жері, ортасы бар. Сондықтан да әркімнің өз туған жерінде өмір сүргені, тіршілік кешкені абзал. Алты ғалым-ғарышкердің де солай еткені дұрыс болар. Олар бізге жаман ниет, пиғылмен келген жоқ қой. Оны өздеріңіз де байқап-біліп жүрсіздер. Егер де біз оларды осы жерде біржолата алып қалар болсақ, одан біз ештеме де ұтпаймыз. Ал егер жіберсек, олар Жерге біз туралы айтып баратын болады, ол жақ та біз туралы мәлімет алып, туыстық аямыз кеңеймек. Ол бізге өте қажет нәрсе. Осы кіші әлем жүйесіндегі ғаламшарларда тұратын тұрғындардың өздерін де біліп жарытпаймыз. Біз осы кезге дейін, оңаша, оқшау өмір сүріп келдік. Бірақ сығылу аймағымыздың шекарасын осы кезге дейін ешбір ғарышкер ке- месімен кесіп еткен емес еді. Ал мына ғалым-ғарышкерлер ерен ерлік жасады. Үлкен денелерін кішірейтіп, біздің денгейімізге түсті. Енді міне, өз елдеріне қайту үшін арпалысып-ақ жатыр. Ғалымдарымыздың маган мәлімдеулеріне қарағанда, ғаламшарымызға ешқандай да қауіп-қатердің төнбеуі де мүмкін. Алапат кеме ғаламшарымыздың үстіне құлауға, яғни мұнымен соқтығысуға тиісті емес. Біз олардың алапат кемеге қаншама қосымша құбырлы қозғалтқыштар орнатуларына көмек жасадық. Өздерінің ми биотоктарының билігінен шықпайтын алты темір адам жасап табердік. Алапат кеме сол косымша қозғалтқыштардың көмегімен сығылу аймағынан шығуға бет алып отыр. Сабыр етейікші, құрметті халайық! Кім біледі, алапат кеме сығылу аймағынан дін-аман шығып, елдеріне қарай бет алған соң олар ұлғайып, бір кезде болмаса да, бір кезде бізге қолұштарын да берер? Оны да ойлауымыз керек. Менің сіздерге айтып түсіндірейін дегенім осы ғана.
-Халық өзара гулесіп кеткен. Сырттан қараған адамға бейнебір мұхит беті толқып жатқандай. Кімнің не жөнінде айтып жатқаны түсініксіз. Екеу- екеу, үшеу-үшеу болып пікір алысуда. Ел басшысы сабырлы, салдарлы да ақылды адам болғандықтан халықтың бұл толқуын басуға тырысты. Әрине, мына жағдайда бірауыз сезбен түсіндіріп, бірауыз сөзбен халық толқуын баса қою оңай емес еді. Дегенмен де, ел басшысы мұндайда батылдық пен ақылдылық танытпаса, ел не демейді. Ел ішінде түрлі мінезді адамдар бар. Тек осы толқу ғана ма? Ел басшысы соңгы кездері бой көрсетіп жүріп, ғаламшарлық келіспеушіліктерді де реттеп келеді. Бүгінде галамшар деген рым бір гана елдің үлесіндегі табнгат ортасына айналган. Сондыісган да жер арасы ғана емес, галамшараралық үлкен-үлкен мәселелер де шешіліп жатады бүгінде. Мына кеңістіктің сыгылуы да адам баласының ниетінің шектен тыс тарылуына сай ұлы Жаратушыньщ берген қатаң жазасындай керінген. Адам баласы мына кеңістікті игеріп, ғаламшарларды тіршілікгі етуге үлкен ықпал еткендерімен, дэл осындай жағдайға душар боламыз деп ешқашан да ойламаған. Соншама білімді деген адамның өзінің де болмайтын жерде қазаға ұшырайтыны бар емес пе? Бұл да бір сол көрініс сияқты. Ұлы Жаратушы үшін қай нәрсе де кез келген уақытта оп-оңай орындала салатын іс тәрізді. Солай бола тұрса да, мына кішірейген әлемде бірге кішірейген адамдар да өздерінің дегендерін жасаудан еш тайынған емес. Әлемді тану көздің құдіретінен болса керек. Адам көрген жарық дүниені титтей құмырсқа, ұлу, шыбын мен көбелек те көре алады. Жануарлар мен құстардың көру қабілеттері де өзінше бөлек. Тек олардың әрқайсыларының көру мен қабылдау қабілеттері әрқалай. Бұл о бастан түсінікті нәрсе.
— Үлкен ғаламшардың ел басшысы қаншама білімді, қаншама ақылға бай дана кісі болса да ұлы Жаратушыға тіл тигізіп, не болмаса өзінің күш- қуатына мақтанып көрген емес. Қай нәрсені де өзінің орнымен, заңымен жасағанды жен көреді. Оның жемісін де татып келеді. Жаңагы сез, жаңагы халықты тоқтатуға багытталған ақыл-кеңес те соның бір үлкен көрінісі еді.
— Ел басшысынан кейін алаңға жиналғандардан көп адам сөз алды. Әрқайсысының пікірі әртүрлі. Сөйлегендерді ел басшысы алдындағы кішкене экраннан көріп-бақылап отырған. Ол сөздердің бәріне де құлақ салып, дұрысын қабылдап, бұрыстарын, неге олай екенін түсіндіріп отырды. Халық арасында адам мен адам арасына іріткі салушылар көп. Бұл толқудың мәнін толық түсінбейтіндер де жеткілікгі. Бесінші ғаламшардағы арнайы құрылған топқа деген көп ғарышкер-жауынгерлер сияқты мұнда да белсенділер жеткілікті. Ондайларды кідіртуге тек осы ел басшысының ғана сөзі жететін. Бүгіндегі ел басшысы әрқашан да халықпен бірге. Жанына оққағарлар алып жүріп, халық арасынан өзіне қарсы шыға қалады-ау деген адамдардан да сескенбейді. Арнайы көлікке мініп, жан-жағын басқа көліктермен қоршай жүргенді де қойған. Халық саналы. Бір басшыны құртқанымен екінші басшының қажет болатынын халық жақсы біледі, оған сана-сезімі жетеді. Сондықтан да сол қажетті нәрсені ел басшысымен бірге мынандай кең алаңда шешудің мүмкіндігі де туған. Әркім өзінің ойындағысын айтуға құқылы. Ол үшін оны ешкім де сөкпейді. Қазір айтылып жатқан пікірлердің ішінде дұрысы бар-тын. Ел басшысы сол пікірлерге қарап өз ой-пікірін қосады. Ел басшысы мен халық арасындағы байланыс үзіліп қалса, онда ел тағдырын, ғаламшар тағдырын шешу де қиынға соқпақ.
— Алаңдағы жиында көп мәселе шешілді. Ал бұл кезде алапат кеме сығылу аймағындағы тартылыс күшін бірте-біте жеңіп, кеңею кеңістігіне шыққан еді. Оны ел басшысы көріп-біліп отырды. Оның іштей толқынысы бет-жүзінен де анық байқалған. Бірақ ел, жер, ғаламшар қатерден сырт қалды. Көптен күткен мақсат орындалды. Жерден келген ғалым-ғарышкерлер сығылу аймағынан құтылды. Ел басшысы осы жағдайды алаңдағы халыққа жеткізіп те отырды. Бұл бір жағынан жерліктердің бостандыққа шыққан сәтін құрметпен атап өтіп жатқандай бір көрініс те еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет