Жасампаздық қиырында



бет37/43
Дата06.02.2022
өлшемі406,43 Kb.
#48042
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   43
БАТЫЛ ШЕШІМ
Кіші әлемдегі бұл жағдай ғалым-ғарышкерлерді қатты толқытты. Әсіресе, Тәкенде дамыл жоқ. Бәрі де осыдан шамалы уақыт бұрын ғана сығылу аймағынан, дін-аман шыққандарына қатты қуанып, алапат кеме ішінде той да тойлаған еді. Енді осы кіші әлемнен ұзап кетпей жатып-ақ мынандай құбылыстың куәгерлері болды бәрі де. Сығылу аймағының өзі бейнебір сығылған жұлдыздың төңірегіндегі ғаламат тартылысты көзге елестететін тартылыс өрісі еді. Егер осындағы тіршілікті ғаламшарлар болмаса, Тәкен бастаған топ мұнда жақындамаған да болар еді. Өйткені ғалым-ғарышкердің қай-қайсысына да Ғалам кеңістігінде кездесетін қара ойдым жақсы белгілі. Қара ойдым - сөнген жұлдыздың орны. Қара ойдым өзінің тартылыс өрісіне тап болған кез келген денені де, тіпті, жарық сәулесін де қайта шығармайды. Оған тап болған нәрсенің - біткені.
Осы кіші әлем жүйесіне алғаш жақындағанда ғалым-ғарышкерлер кішкене жарық жұлдызды айнала қозғалып жүрген шай суытқыш кішкентай түрлі-түсті шарларды көріп, оған қатты қызыққан еді. Бірақ артынша осындай күйге түсеміз деп ешқайсысы да ойламаган. Адам пенде қанша білімді бола тұрса да кейде дәл осылай болмайтын жерден қателеседі. Бұлардың бұл жағдайлары да тап сондай болатын. Алдарында сығылу аймағы бар екенін кеме ішіндегі түрлі күрделі құралдар көрсетіп, шамдар лыпылдап белгі беріп тұрса да, оған ешқайсысы да аса мән бере қоймағанды. Алғашында оған өздері ересектік, саналылық көзбен қарап қызыққан да еді. Сығылу аймағына енген соң-ақ жағдайлары белгілі бола бастады. Күтпеген жерден өздерін өздері әрең таба алатындай бір күйге түсті. Ол күйден тек өздері үлкен ғаламшар деп атаған ғаламшардың ең үлкен елінің ел басшысы ғана құтқара алды.
Енді сол жақсылыққа жақсылық қайтару өздерінің азаматтық борыштары болатын. Тәкен сол борышын өтеуге бел буды. Оның бұл батыл шешімін басқалар да қолдаған. Бірақ ендігі әрекет су иіріміне қайта барып түскендей болмақ. Енді қалай болғанда да оған бас тартудың еш жөні жоқ. «Шешінген судан тайынбас» деген сөздің кері келгендей. Тәкен, сығылу аймағынан біршама жер шығып, кеңею кеңістігін өтіп, көңілін орнықтырғаннан кейін барып қана басқаның жайын ойлай бастаған. Ол үлкен ғаламшардың ел басшысы ұсынған ұсынысты жүзеге асыру еді. Ол ұсыныс бойынша, мына шайқалысқа ұшыраған кіші әлем жүйесіндегі ғаламшарларды тыныштандыру үшін, сырттан қандай да бір шағын аспан денесін алапат кеме айналып ұшып жүрген айналымжолға сүйреп әкелу керек. Сонда ғана бұл жүйеде ғаламшарлардың әуелдегідей қалыпты қозғалыстары қалыптаспақ.
Тәкен уақыт өткізбестен үлкен ғаламшардың ел басшысымен тағы да тілдесті. Оған осы жолы өзінің батыл шешімін айтты. Ғалым-ғарышкерлердің өз Жерін қаншалықты сағынғандарын, оған қалай тезірек жеткілері келетіндерін үлкен ғаламшардың ел басшысы жақсы түсінді. Ешкімді де тындамай ғалым-ғарышкерлерге қолынан келген көмегін бергені де содан еді. Енді сол көмек берген адамдарының өзіне көмек көрсетуге дайын екенін білгенде қатты толқыды да.
- Мен бұрын-сонды мұндайды көрген емес едім, - деді ол бейнебайланыс арқылы, - жақсылықты түсініп, түйсінгендеріңізге, туып-өскен Жердеріңізді қанша сағынып тұрсаңыздар да, оған тезірек жетуді аңсап жүрсеңіздер де, бізді мынандай қиын жағдайға тастап кетпей, қайта қолұшын беруге шешім қабылдағандарыңызға көп рахмет! Сіздердің мұндай жақсылыктарыңызды біз ешқашан да ұмытпақ емеспіз.
- Біз сіздерге жақсылық жасағалы тұрмыз демейміз, - деді Тәкен бейнебайланыс экранындағы ел басшысының жүзінен көзін алмай, -жақсылық деген есеппен жасалмауы тиісті. Әрине, біз алапат кемемізбен сығылу аймағынан сытылып шықсақ болды, бұл жұлдыз жүйесіндегі барлық ғаламшарлар шайқалысқа ұшырай кетеді деп ешкім де ойлаған жоқ. Енді біз оны көзімізбен көре тұрып, сіздерді қиын жағдайға тастап кетсек, онда біздің көкейімізде көп кірбің дақ болып қалады. Ондай күйде бір Жерімізге де қуанышпен бара алмаймыз. Іс тындырдық демейміз. Біз өзімізді қиын жағдайдан құтқарған абзал жандарға көмектестік деп қана айта аламыз. Бұл біздің азаматтық парызымыз. Сондықтан да енді уақыт оздырмай іске кіріселік.
- Мына кіші әлемнен басқа әлемнің бәрі де бізге ғаламат болып көрінеді, - деді ел басшысы, - көптеген жұлдызды жүйелерге біздің ғарышкерлеріміз де барып қайтқан. Ғаламның небір ғажайып бейнелерін де алғанбыз. Тек мынандай жағдайға түскеннен кейін ғана өз тіршілігімізден шектеліп, айнала-төңірегіміздегі әлемде де не болып, не қойып жатқанын біле алмай қалдық. Тек осындағы ғаламшарлар тұрғындарының арасындағы сауда-саттық, бақталастық пен бәсеке және басқадай мәселелерді шешумен өмір кешіп келеміз. Мұның бәрін біз сіздерге мұнан да бұрын айтқанбыз. Енді істің негізгісіне келсек, кіші ғаламшарды қай жерден әкеле аласыздар, оны өздеріңіз ғана шеше аласыздар. Ондай ғаламшарды мұнда сүйреп әкелуге тек сіздердің алапат кемелеріңіздің күші ғана жетпек.
- Неге олай дейсіз?-деп жымия қарады оған Тәкен экран арқылы, -кеме алапат болса, сол алапат кемені басқарып отырғандар өздеріңіз жасатып берген темір адамдар емес пе?
- Олар бірақ сіздермен бірдей ғой? - деп қойды ел басшысы да сәл жадырап.
- Иә, ол жағы рас. Оның үстіне олар тек қана біздің ми биотогымызбен басқарылады. Оған дауым жоқ. Дегенмен де, бұл кеңістік аймағы бізден гөрі өздеріңізге жақсы таныс. Бізге сол жағынан көмек көрсетсеңіздер. Ал менің нақты шешімім мынау. Біз осы жүйеге ұшып келе жатқанда бір ғаламшарға қонып, онда шамалы аялдағанбыз. Ол онша үлкен де емес. Ғаламшарды осында сүйреп әкелуге біздің шамамыз толық жетеді.
- Онда тіпті де тамаша! Мен ол ниеттеріңізді тек қуана қарсы аламын, қуана қолдаймын! Мені бір тығырықтан шығаратын болдыңыздар-ау! Сөнген үмітім де, шырағым да қайта жанатын болды! Ал енді бұл жүйеміздің толық бейнесін осы экран арқылы жақсылап керіп, бейнетаспаларыңызға жазып алыңыздар. Біздің алғашқы кемегіміз де осы. Түсініксіз деген жерлерін сұрай жатарсыздар. Кеңістіктің бұл кеңейтілген бейнесі өзіміздің үлкен кезімізде түсірілген. Қай кезде де қажет болады деп сақтап келгенбіз.
- Жақсы. Бәрі түсінікті. Іске кіріселік. Біз енді өзіміз айтқан ғаламшарға аттанамыз. Сол ғаламшарды осында сүйреп алып келеміз.
Бұл біздің азаматтық борышымыз. Кіші әлемдегілерді шайкалтып тастап өзіміз кетіп қалсақ, ол біздің қасиетімізге жат болмақ. Бүкіл халқымызға ата-бабаларымызға таңба түспек. Біз әлемнің қай түкпірінде жүрсек те қанымызға сіңген арымызды, адамгершілік пен парызымызды ешқашан да ұмытпақ емеспіз.
- Рахмет,-деді үлкен ғаламшардағы үлкен елдің ел басшысы толқып, сіздердің бұл жақсылықтарыңызды тек қана біздің ғаламшардың тұрғындары ғана емес, осы жұлдыз жүйесіндегі күллі ғаламшарлардың тұрғындары да ұмытпайды ешқашан да.
Үлкен ғаламшардың ел басшысымен екі арадағы әңгіме осымен аяқталды. Ендігі мәселе алапат кемедегі жерліктердің қолында еді. Бір жұлдыз жүйесіндегі күллі ғаламшардың тұрғындары өздеріне үміт артып отыр. Соны ақтау қажет. Ол үшін ақыл-ой мен күш-жігер мол болуы тиісті. Жерден келгендерде ол қасиет о бастан бар еді. Тәкен қай нәрсеге де бекер уәде бермейтін. Ал уәде берді екен, оны қалай дегенде де орындауға тырысады. Жұлдызаралық жолда да, мына кіші әлемде де қандай қиындық кешсе де, не мойыған, не үмітін үзген емес. Бұл жолы да батыл шешім жасап отыр. Әрине, Тәкен бар мәселені тек өзінің ақылымен ғана жүзеге асырмайды, сапарларымен кеңесіп барып жасайды. Бұл күрделі істе де солай жасап отыр. Алапат кемедегі әртүрлі мамандықтың иелері өздерінің салаларына сай өз пікірлерін ортаға салған.
Басқа бір жүйеден ғаламшарды осында сүйреп әкелу де оңай іс емес. Сондықтан да бұл арада ақыл-кеңес мол керек. Ғалым-ғарышкерлер үлкен ғаламшардың ел басшысымен бейнебайланыс арқылы тілдеспестен бұрын да бұл мәселені егжей-тегжейлі зерттеп алған еді. Оның үстіне осылай қарай ұшып келе жатқанда сол жұлдыз жүйесіндегі ғаламшарға аялдаған. Жұлдызаралық сапарда кезіккен әрбір аспан денесі кеме аялдайтын орын болып табылады. Кеңістікте басқа табан тірейтін жер жоқ. Ерте бір кездері Жер ғаламшарының жаһанкездері шалқып жатқан мұхиттың бетінде жүзіп келе жатып, шамалы уақытқа аялдайтын, демалатын, ес жинайтын орын іздесе, мұнда аспан денесін іздейді. Кеңістік те өзінше шетсіз, шексіз жатқан мұхит тәрізді. Оның аралдары — жұлдызаралдар, сол жұлдызаралдардағы жүйелердегі ғаламшарлар. Жыпырлаған ондай жұлдыздардың арасынан ғаламшар табудың өзі де бір ғажайып іс.
Енді міне, өздері көріп-білген Егіздер шоқжұлдызы жүйесінен елге қайтпақ. Оның өзінде де мына шайқалысқа ұшыраған кіші әлемді қайта қалпына келтірген соң ғана. Үлкен ғаламшардағы ел басшысының келісімін алған соң Тәкен ми биотогы арқылы, ойлау арқылы Темірбекке бұйрық ерген. Алапат кеме соның артынша қозғала түсті. Бағыты да өзгерген. Әйтпесе, біркелкі қозғалысында, кіші әлем төңірегіндегі айналымжолда ұшып жүрген кезінде ол қозғалысы білінбеген. Алапат кеменің өзі де бей- небір Жер ғаламшарының өзі сияқтанып кеткен. Ғалым-ғарышкерлердің қаншама уақыттары өтіп келеді мұнда. Жерлері де, тұрғын үйлері де осы кеме. Кеме бұрылған бетте іштегі қозғалыс та күшейген. Әрбір ғалым-ғарышкер алдарындағы өздеріне лайықты тетіктерге қарайды. Бірақ кеме онымен басқарылмайды. Кемені басқарып отырғандар темір адамдар.
Тәкен енді Темірбекке үстін-үстін бұйрық беріп, кеме бағытын өзгерткізе берді. Азамат, Сәлмен, Сәрсенбі, Жақан мен Сейдолла да жауапты іске бел шеше кірісіп кеткен. Кішірейгеннен кейін кемені басқару да оңайға түскен жоқ. Қанша дегемнен де адам кемені өз қолымен басқарғандай ләззат ала алмайды екен мұндайда. Бірақ, амал қанша. Берген уәдені орындау керек. Ер адам екі сөйлемеуге тиісті. Жерге, елге деген сағыныш қай қайсысының көкейінде тұрса да ол сағыныштарын жеңе білді.


Каталог: admin -> files
files -> Ббк 83. 3 (5 Қаз) Қ 25 Қ25 Қалдыбаев Ә. Көңіл көмбесі
files -> Баймаханбет ахмет аяулы соқПАҚ Тараз, 2008 жыл. Менің президентім
files -> Аула драмалық шығармалар әрқилы ойлар атланта жоқ, америка сапары
files -> Тақталас. Пьесалар, бірқақпайлар. Тараз, «Сенім» баспасы, 2006-256 бет
files -> Шағын хикаяттар, әңгімелер, ертегілер, мысалдар
files -> Баймаханбет ахмет жас шынар, ТӘкаппар шынар тараз – 2013 жыл
files -> Арғынбай бекбосын фәнилік драма (2500 рубаят)
files -> Тұрсынхан Жақыпқызы (Сембаевна) Бердалина Өлеңдер мен әңгімелер
files -> Елен Әлімжан бауыржанның пырағЫ
files -> Үміт битенова көҢіл күнделігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет