Жасампаздық қиырында



бет38/43
Дата06.02.2022
өлшемі406,43 Kb.
#48042
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43
КҮШЕЙЕ ТҮСКЕН ҚОЗҒАЛЫС
Қай елдің басшысы да халықтың бәріне бірдей ұнамды болтан емес. Үлкен ғаламшардың ел басшысы да ондай қайшылық пен қарсылықты басынан кешіп-ақ келеді. Ол ешқашан да өзінің ісін бұрыс деп санамайды. Бірақ айналасындағы адамдардың бәрі де оған ылғи да дұрыс мәлімет бермесе керек. Саналы адам пенде тірішілік еткен жерде неше түрлі жағдайлар болып та жатады. Бұл өмірдегі ең саналы да, тапқыр, ақылды да - адам. Сондықтан да ол бар жерде небір оқиғалар өтіп жатады. Адамдардың қым- қуыт әрекетін бақылаған кез келген хайуанаттың басы қатар еді, егер де оған сана пайда болса. Білімі болмаған соң олар ештемені түсіне де алмақ емес. Ет комбинатына әкелініп, өткір балтаның астына тұрғызылған ірі қара мал енді бір сәтте басының қырқылып түсетінін білер ме еді? Әрине, жоқ. Маңқайып тұра береді. Ал сол өткір балтаның астында саналы адам тұрса, ол қатерден қалай дегенде де құтылып шығудың жолын іздер еді. Әрі кеткенде, қашуға еш мүмкіндігі болмағанда өзінің енді мерт болатынын ішінен сезінбек. Өлім алдында әлденелерді айтпақ.
Ал ел басшысының төңірегіндегілер ақылды адамдар. Кейде олар ел басшысын ренжіте бермеу үшін де біраз нәрселерді одан жасырып қалады Оның зардабы болса да халыққа тиіп жатады. Халық көріп жатқан сондай бір зардапты ел басшысы мынандай қиын сәтте іштей сезінген еді. Жерден келген ғалым-ғарышкерлер үлкен-үлкен темір адамдармен бірге келесі жұлдыз жүйесіне аттанып кеткеннен кейін елдегі толқу күшейе берген. Толқу алапат кеме сығылу аймағынан шыққан сәтте де болып жатқан еді. Кеме бостандық алған мезетте ол шеруді ел басшысы уақытша басып, Жерден келген ғалым-ғарышкерлерге құрмет ретінде көрсеткен. Халық та ұлы жеңіске жеткендерге кәдімгідей дуылдасып, оның алдындағы ашуларын басып, шынымен-ақ қолдағандай болған. Халық жел қалай қарай соқса, солай қарай ығысатын мың-сан адамдар. Көп жағдайда ел басшысының жарлығымен тіршілік етеді. Қарсылықтары болғанымен ол сөз жүзінде қалып та жатады. Бір отбасындағы ерлі-зайыптылардың бір-біріне деген өкпе-наздары сияқтанады.
Ел басшысы бұл жағдайдың бәрін де жақсы түсінеді. Қолынан келген жақсылықты жасауға тырысып бағады. Ал кейде сол ниетінің жүзеге асуына айналасындағылары мүмкіндік бере бермейді. Оған қоса басқа ғаламшардың тұрғындары да тыныш жатпайды. Жерден келген ғалым-ғарышкерлер бұл жүйеден ұзай бере-ақ халықтың шерулік қозғалысы етек алған. Ол бір ғана ғаламшарда болып жатса жақсы. Әр ғаламшардың ірі-ірі деген қалаларында осындай бейтолқулар байқалған. Олардың басты талаптары да Жерден келген ғалым-ғарышкерлерді кері қайтармау болатын. Енді оны қойып олар әкелінгелі жатқан аспан денесіне қарсылық білдірген. Ол істі тоқтатуды талап еткен. Ел басшысы халықтың ол үрейін жақсы түсінген. Өзі де ондай бөтен аспан денесін әкеліп мына кіші әлем жүйесіне қоса салуды жөн санамас еді. Бірақ өзі кеңескен ғалымдардың пікірлерінше, бұл жүйеге енді ондай аспан денесі қажет. Ол аспан денесі жүйедегі күллі ғаламшарға болмаса да, өздерінің үлкен ғаламшарларына пайдасын тигізбек, шайқалысты реттемек. Ал оның басқа ғаламшарларға тигізер ықпалы да аз болмақ емес. Ел басшысы осы жағын ойланыңқыраған еді.
Бірақ халық арасынан небір ақылгөйлер шығып жатады. Олар сондарына санасы тайыздарды ілестіріп, халық арасында іріткі туғызып жатады. Әрине, халықтың бәрі бірдей ғалым емес. Қоғам қаншама ілгерілеп келе жатса да, адамдардың білім дәрежелері мен көзқарастары әртүрлі. Жұлдызды әлемді түсінбейтін, бір шоқжұлдызды да танымайтын адам қаншама. Ел болған соң оның даму сатысы да әрқалай келеді. Бір жағы жұлдызды әлемге сапар шегіп жатса, екінші жағы жаңа заманға, бүгінгі уақытқа әзер ілеседі. Жаңағыдай кері көзқарастың туындап жататыны да осыдан.
Алаңға шығушылар өз талаптарын мәдениетті түрде білдірген. Олар Жер ғаламшарынан келген ғалым-ғарышкерлерден қауіптенеді. Оларға деген сенімдері де аз. Бұл олардың әбден оңашалықтан қалыптасқан ойлары еді. Сырттан қандай саналы тіршілік иелері келсе де оларды жақтырмайды. Ол келгендер бейнебір бар нәрселерін кұртып кететіндей, алып кететіндей көрінеді. Оны ел басшысы да жақсы түсінеді. Табиғат аясы тарылған сайын адам пенденің ниеті де тарыла түспек. Кіші әлемдегі соңғы кездегі есепшілдік соған әкелген. Ғаламшар сығылмай тұрған кезде жағдайлары мұнан да қиын еді. Ол кезде ірі өндіріс орындары, ірі көліктер және басқадай нәрселер көп болатын. Олардың бәрі де сығылудан кейін іс-тен шықты. Адамдардың өздері кішірейіп кеткен соң олардың қажеттері де жоқ еді. Тек кейбіреулері біршама уақытқа дейін кәдеге жарап жатты. Енді бұрынғыға қарағанда ғаламшардағы табиғи байлықтар да көбейгендей болған. Оның үстіне енді кішірейген адамдар табиғи байлықтарды бұрынғыдан аз қажет ететін де еді.
Сондай бір тыныштық пен кеңшіліктен кейін басталған қозғалыс еді бұл. Жерден келген кеме халықты дүрліктіріп-ақ жіберген. Оның соңы ел басшысына келіп тірелген. Ол жағдайды бейнебайланыс құралдары мен ақпарат құралдары арқылы талай рет түсіндіріп те көрген. Сонда да одан ештеме шығатын емес. Бүгінде халықты қарумен қорқытып басу деген де ақылға сай келмейді. Мұнда тек өзара түсінісу ғана тыныштықты сақтап қалмақ. Ел басшысы халыққа жағдайды тағы да түсіндірді. Алаңға жиналғандардың алдына барып та сөз сөйлеген. Бірақ халықты бастап, көтеріп жүргендер оған көнбеді. Өз дегендерінен қайтпады. Олар өз талаптарын да өзгертпеген. Негізгі қойған талаптары өзге жұлдыз жүйесінен бөтен ғаламшарды мұнда сүйретіп алып келмеу.
Ел басшысы да ақылы келте кісі емес. Қай кезде де өзін парасаттылық деңгейінде ұстай жүріп, қай нәрсенің де мән-жайын жөнімен түсіндіреді. Бұл жолы да әуелі ғалымдармен пікірлесіп барып жағдайды айтқан. Өзге жұлдыз жүйесінен жаңа денені алып келмейінше, бұл жүйедегі ғаламшарлардың өз қалпына түспейтінін де ашық жеткізді. Тек осыдан кейін барып қана халық алаңнан тарай берген. Олай етпеске енді амалдары да жоқ еді. Ғаламшарда жиі-жиі болып жатқан жер дүмпулері мен жанартау атқылаулары халықты күннен күнге үрейлендіре түскен. Ел басшысына, оның айналасындағы ғалымдардың пікірлеріне деген сенімдері де күшейе берген. Толқу да, қозғалыс та осылайша күшейіп барып басылған.
- Құрметті халайық! -деп бастады ел басшысы бейнехабар құралдары арқылы сөйлеген сөзін, - біз үлкен оқиға алдындамыз. Айналамыздағы ғаламшарларда тұратындардың бәрі бірдей біздің ұсыныс-әрекеттерімізді толық қолдай бермейді. Біздің ғаламшардың үлкендігі, табиғи байлығымыздың молдығы іші тарлардың көздеріне оғаш көрінеді. Сондықтан да ондайлар бастаған топ халықты соңына ертуге тырысуда. Мынаны түсініңіздерші. Жерден келген алапат кеме ғаламшарымыздың төңірегінде айналып ұшып жүргенде біз қаншама жетістікке жеттік. Егініміз бітік шығып жатты. Ауру-сырқау азайды. Мұхиттар мен теңіздеріміздегі тасу мен қайту процестері реттелді. Талай рет жуылып-шайылған аймақтарымыз қайта құрғап, тамаша аймақтарға айналды. Түн мезгілінде ешбір шамсыз-ақ ғаламшарымызға күміс сәуле түсіп тұрды. Қысқасы, Жерден келген алапат кеме ғаламшарымызға қыруар пайда келтірді. Сіздер оны толык түсініп отырған жоқсыздар. Арандатушы топтарға қосылып, өздеріңізге өздеріңіз қарсы шықтыңыздар. Енді ойланайық, ағайын. Алапат кеме алыстағаннан өздеріңіз көріп жатырсыздар, неше түрлі құбылыстар басталды. Олардың бәрін тізіп айтып жеткізу қиын. Ал мұндай қатерлерден құтылуымыз үшін бізге ғаламшарымызды тұрақты айнала қозғалып жүретін аспан денесі қажет. Оны бөтен жұлдыз жүйесінен сүйреп алып келіп, мына жүйемізге тұрақты айналатын дене етіп орналастыру да оңай іс емес. Осының бәрін де тек қана Жерден келген ғалым-ғарышкерлер алапат кемелерінің, оны басқаратын темір адамдардың көмектерімен ғана жүзеге асыра алмақ. Мен тек соларға ғана үлкен үміт артып отырмын...
Ел басшысы өз сөзін осылай аяқтады. Осыдан кейін ғана барып халық арасында мән-жайды дұрыс түсінетіндер жағы көбейді. Күшейе берген халық қозғалысы да сәл де болса саябырсыды. Ара-тұра болып қалатын жер сілкінісі де ел басшысының айтқандарын дәлелдей түскендей бір діріл қағып өтті. Енді халық табиғи қатерден қалай аман қалудың жолын ойластырды. Халықтың да әкелінетін аспан денесінен қауіптенетіндей реті бар еді. Ол қауіп — әкелінген ғаламшардың кенеттен ғаламшар үстіне құлап түсу мүмкіндігі. Ондай оқиға осы кіші әлемдегі ғаламшарлардың бірінде болған. Әлгі үлкен ғаламшардағы толқуды бастаушылар да алаңға сол мәселеге байланысты шыққан-ды. Енді мына жағдай бәрін де ойлантты. Олардың да осындай бір серіктің болғанын қалайтыны түсінікті. Ен- дігі үміт те Жерден келген ғалым-ғарышкерлерге артылған еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет