Жасампаздық қиырында


КІШІ ӘЛЕМДЕГІ ҚОС ЖҰЛДЬІЗ



бет40/43
Дата06.02.2022
өлшемі406,43 Kb.
#48042
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43
КІШІ ӘЛЕМДЕГІ ҚОС ЖҰЛДЬІЗ
Бұл күндері кіші әлемдегі қозғалыс басыла қойған жоқ еді. Жерден келген ғалым-ғарышкерлер сығылу аймағынан сытылып шығып, өзге жұлдыз жүйесіне қарай бағыт алғаннан кейін де толқулар жалғасып жатты. Көптеген елдердегі қуатты бейнеқабылдағыш құралдар халыққа Жер ғалым-ғарышкерлерінің өзге жұлдыз жүйесінен шағын ғаламшарды қалай сүйреп алып шыққанын ап-анық көрсетті. Бір кездері өздері де алып адамдар болып, кеңею кеңістігіне сапар шеккен де еді. Енді өздерінің майдалықтарын мойындағылары келмегендей бұл әрекеттерді оғаш көруде.
Осы күндердің бірінде жүлдызды аспанда жеңіл көліктердің қос шамындай екі жұлдыз пайда болды. Егер жұлдызды әлемнен хабары жоқ адам болса, оны шынымен-ақ қос жұлдыз ба деп те қалар еді. Бірақ бүгінде жұлдызды әлемді танымайтын адам баласы кездесе қоймайды. Мектеп жасындағы оқушының өзі де жүлдыздардың не екенін, ғаламшар мен жұлдызаралық кемелердің не екенін анық ажырата алады. Сондықтан да қолдары тірліктен босаған кездерінде көшеде, далада, демалыс орындарында уақыттарын өткізетін жастар бөтен жарықты бірден аңғарған. Ол қос жұлдыз әуелде көмескі ғана болып көрініп тұрып, уақыт өте келе жарқырай түскен. Әншейінде қала алаңдарында, caп түзеп, топ құрып жүретін бейберекет жастардың аяқтары да енді күрт тыйылған. Мына қос жұлдыздай жарқыраған екі дене өздеріне келе жатқан бақыттың үлкен үміті еді. Бір заманда Жер адамдары жұлдызды аспанда пайда болған құйрықты жұлдызды көргенде «Жамандық болады» деп үрейленген. Енді әбден дамып жетілген заманда ғаламшарларына қандай аспан денесі жақындап келсе де қорықпайтын.
Бірақ мынаның жайы бөлек еді. Бұл жай ғаламшар да емес, құйрықты жұлдыз да емес, ғалым-ғарышкерлердің ұқсастары — темір адамдар басқарып келе жатқан алапат кемеге тіркелген шағын ғаламшар. Бірақ жұлдызды аспанның өзі де айналатындықтан ол екеуі бір жерде қозғалмай тұрғандай да болады. Күн шығады, қайта батады. Түн болады. Сол кезде жыпырлаған әсем жұлдыздардың арасынан әлгі екеу дараланып көрінеді. Бүгінде оған қызығып қарамайтын адам жоқ. Ол бері жақындап, қажетті қашықтыққа жеткенде ғаламшардың бетіне күміс сәулесін төгетіні де белгілі. Халық бір жағынан соны көруге де асықты.
Ал ел басшысында дегбір жоқ еді. Ол Жерден келген ғалым-ғарышкерлермен телебайланыс арқылы жиі-жиі жүздесіп отырды. Байланысты бір сәтке де үзбеген. Халық та ел басшысының ұлы жоспарының орындалуын асыға күтуде. Бір жағынан қорқынышты да. Енді-енді ғана тыныштала бастаған ғаламшар қайтадан қозғалыс пен сілкініске ұшырамақ. Осыншама еңбек етіп, тер төккенде ол ғаламшар мұндя кіріге қойса жақсы. Ал кірікпесе, ғаламшарға қатер тонбек. Аспан денесі қанша дегенмен де алапат кеме емес, қуатты қозғалтқыштарымен белгілі бір айналым жолмен айнала ұшып жүретін. Ал мына аспан денесінде ондай қосымша итергіш күш жоқ. Бұл тек өзінің бір қозғалған қозғалысының инерциясымен мәңгілік айналысқа көшпек. Сондықтан да ғаламшарға сену қиын. Ел басшысы осындай қиын іске басын тігіп отыр. Қос жарық жұлдыз уақыт өткен сайын ұлғая берген. Олар әуелі кіші әлем кеңістігіне енген-ді. Одан кейін орталық жұлдызға ең жақын осы үлкен ғаламшардың табиғи серігіне айналмақ. Ел басшысының да, бүкіл халықтың да көптен күткені де осы сәт. Ғаламшар бетіндегі жер сілкінісі, жанартау атқылаулары, мұхит-теңіздердегі тасу мен қайту мұнда тіршілік ететін кім кімді де жалықтырған. Тек ол ма, ғаламшардағы ауа райының өзгерістері де адам баласына жайлы тимеген.
Ел басшысы соңғы кездері ұйқыны да қойған. Санаулы сағат аралығында ғана ұйықтап, қалған кезде кеңістікте келе жатқан қос жұлдыздың қимыл-қозғалысын зерттеуге, мұқият қадағалауға арнаған. Елдегі ғалымдар да ғарышкерлер де қарбаласуда. Қос жұлдыз ғаламшарға жақындағанда оларға қарай алдын ала дайындалған бірнеше ғарыш кемелері аттандырылды. Олар алапат кемеге көмек көрсеткен. Дұрыс бағыт-бағдар берген. Жерден келген ғарышкерлер осылайша кіші әлемге екінші рет енді. Бұл жолы олар мұндағы елге көмек көрсету үшін оралды. Өздерінің құтылғандарына мәз болып, мұндағы халықтың жайын ойламаған болса, онда әлдеқашан жұлдызаралық жолда ағып ұшып бара жатпақ-ты. Азаматтық, адамгершілік ар ешкайсысын да ондай жағдайға жібермеді. Ел басшысы да мұны сол дәрежеде түсінген. Соған сеніп, соған үміт артып жақсылығын аямаған еді. Жерліктер ол сенімін ақтап отыр. Сөздерінде тұрды.
Қос жұлдыз ғаламшарға мейлінше таяғанда қалған ғаламшардың тұрғындары да тыныш қала алмаған. Олардағы кейбір топтар енді «Үлкен ғаламшардың ел басшысы тек өзіне ғана жағдай жасауды ойлап отыр» деген сөздерді телебайланыс арналары арқылы тынымсыз тарата бастаған. Ел басшысы қандай әрекеттер жасаса да, көрші ғаламшарлардың тұрғындарының арасынан шыққан топтарға еш ұнамады. Бірақ қолдаусыз да қалған жоқ. Қолдайтындар кіші әлемдік дәрежедегі теледидар арқылы өздерінің пікірлерін айтып жатты. Ел басшысы үшін халықтың жылы лебізі арқасынан қаққанмен бірдей еді. Оның үстіне халық арасында айтылған оң пікірлер ел басшысын қашан да жігерлендіре түседі де.
Алапат кеме мен шағын ғаламшар қажетті деген қашықтық аралығына жеткен кезде ол жайлы хабарлар да күшейе түскен. Оның анық бейнесі енді кіші әлемдегі барлық ғаламшарлардың тұрғындарына бейнехабарлар тарататын орталық жүйелер арқылы берілді. Ел елеңдесіп, үлкен істің жақсы басталып, жақсы аяқталуын күтті. Алапат кеменің соңындағы жуан арқанға байланған аспан тасы ғаламшарға әбден жақындап болған кезде жай қырағы көздің өзіне оның бетінің бедері жобамен көрінетіндей дәрежеге жетті. Бұл кіші әлемдегі тұңғыш ғажайып құбылыстың басталғанының дәлелі еді. Ел басшысында дегбір қалмаған. Ол енді үлкен қаладағы ғарыш кемелерімен байланыс ұстайтын орталыққа келіп, өтіп жатқан құбылысты арнайы экран арқылы мұқият қарап-бақылап отырды. Әзірге бәрі де ойдағыдай өтіп жатты. Ел басшысы Тәкенмен де, басқа ғарышкерлермен де жиі-жиі сөйлесіп отырды. Кіші әлемдегі тарихи іс толығымен орындалуға жақын еді. Мұндайда уақыт та зымырап ала жөнелгендей болады. Кіші әлемдегі күллі ғаламшарлардың тұрғындары бұрын-соңды жүзеге асырыльш көрмеген істің бітуін асыға күтіп, арнайы бейнехабар тарату құралдары арқылы мұқият бақылап-көріп отырды.
- Енді аспан денесін арқаннан босатуға болады, — деді енді бір сәтте басқару орталығындағы ел басшысы.
- Түсіндік, - деп Тәкен Темірбекке қараған, - аспан денесін алапат кемеден босатамын.
Тәкеннің бұл сөзі күшейтіліп, үлкен қаланың барлық бейне- көрсеткіштері мен дыбыс күшейткіштері арқылы сарнап шығып жатты. Ел басшысы енді одан арғы жағдайды мұқият бақылауға кіріскен. Көрініс көз алдарында өтіп жатты. Біресе алапат кеменің іші, біресе аспан денесі көрінеді. Онан кейін ол екеуінің араларын жалғап тұрған жуан-сым арқан байқалады. Бір кезде аспан денесінің алапат кемеге қараған бүйірінен бұрқ еткен шаң-тозаң көтерілді. Ол көрініс бейнебір сол ғаламшардан қандай да бір ғарыш кемесінің ұшып шыққанындай көрініспен бірдей еді. Бақылаушылар да қатты елеңдескен. Жуан арқан-сым алапат кемеге қарай тартылып-қысқарып барады. Жаңағы бұрқ еткен шаң-тозаңның сол үлкен қадалғышты суырып алғанда шыққан шаң-тозаң екені белгілі еді. Жерден келген ғалым-ғарышкерлер жуан арқан-сымды да, үлкен қадалғышты да лезде алапат кемеге арнайы құрылғы жүйелері арқылы тез жинап алды.
Артынша аспан денесі үлкен ғаламшардың төңірегіндегі тұрақты айналымжолға шықты. Енді алапат кеме мен аспан денесінің екі арасы уақыт өткен сайын, алшақтай берген. Бар қызық та, бар қауіп те енді ғана басталғандай еді. Ел жым-жырт. Ел басшысы да үнсіз күйде бұдан әрі қарай не болатынын мұқият бақылап отыр. Жанындағы ғалымдар болса да аспан денесінің қозғалу жылдамдығы мен өз осінен айналу жылдамдығын тез- детіп есептеуге кіріскен. Алған мәліметтері арнайы экрандарда жазылып, таспаларға жазылып жатты. Алапат кемедегілер аспан денесі өзінің тұрақты айналымжолына түскеннен кейін-ақ уақыт жоғалтпастан сығылу аймағынан тездетіп қайта шығуға әрекеттенді. Енді алғашқыдай емес, тәжірибелері бар. Сондықтан да олар уақыт жоғалтқан жоқ бұл жолы. Ел басшысымен жиі-жиі сөйлесе, кеңесе отырып, сығылу аймағынан сыртқа шыға берді.

Каталог: admin -> files
files -> Ббк 83. 3 (5 Қаз) Қ 25 Қ25 Қалдыбаев Ә. Көңіл көмбесі
files -> Баймаханбет ахмет аяулы соқПАҚ Тараз, 2008 жыл. Менің президентім
files -> Аула драмалық шығармалар әрқилы ойлар атланта жоқ, америка сапары
files -> Тақталас. Пьесалар, бірқақпайлар. Тараз, «Сенім» баспасы, 2006-256 бет
files -> Шағын хикаяттар, әңгімелер, ертегілер, мысалдар
files -> Баймаханбет ахмет жас шынар, ТӘкаппар шынар тараз – 2013 жыл
files -> Арғынбай бекбосын фәнилік драма (2500 рубаят)
files -> Тұрсынхан Жақыпқызы (Сембаевна) Бердалина Өлеңдер мен әңгімелер
files -> Елен Әлімжан бауыржанның пырағЫ
files -> Үміт битенова көҢіл күнделігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет